Екінші кіші топ Қуыршақтарға қонаққа



бет4/23
Дата07.02.2022
өлшемі192,16 Kb.
#92370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ҚИМЫЛДЫ ОИЫН КАРТОТЕКА 2кіші топ

5.Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға:
мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см)
салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың
бір- біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып,
тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар
тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

6.Поезд
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер
кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап
колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап,
оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта
жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс»
(«Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд
қайтадан жолға аттанады.




7.Жел көбік
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге
қосылып олар мына өлеңді айтады.
Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші:
«Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп,
бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік
үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын
қайта басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет