Екінші кітап



бет1/31
Дата06.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#37858
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Қырықбай Аллаберген

ТАРИХ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР


(XX ғасырдағы қазақ ақын,жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары)
ЕКІНШІ КІТАП
УДК 070(574) (09) (075.8)
ББК 76.01(5каз)я73
А-44
Пікір жазған: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР
ҰҒА-ның академигі Қырықбай Аллаберген
Тарих тудырған тұлғалар (XX ғасырдағы қазақ ақын,жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары).Павлодар: «Кереку» баспа орталығы, 2009 ж...бет./SBN-

Бұл «Тарих тудырған тұлғалар» (XX ғасырдағы қазақ ақын,жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары) атты еңбектің екінші кітабында автор XX ғасырдың белгілі қалам шеберлері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Қ.Тайшықов, Ғ.Мүсірепов, А.Лекеров, Ә.Нұршайықов, Ұ.Бағаев, Ш.Шаймерденов, Ғ.Қайырбеков, Ж.Алтайбаев, С.Әшімбаев, Ф.Оңғарсынова сияқты т.с.с. бір топ ақын, жазушы, публицистерінің творчестволық лабораторияларына бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты талдау жасайды. Кітап жоғары оқу орындарының тарих, филология және журналистика факультеттерінің оқытушыларына, студенттері мен магистрларына арналып жазылған


Аллаберген.Қ


АЛҒЫСӨЗ

XX ғасыр тарихта, әсіресе баспасөз тарихында өзіндік ерекшеліктерімен, түрлі қиыншылықтарымен белгілі. XX ғасырдың басында Ресейде патшалық самодержавиенің құлап, орнына большевиктердің Кеңес үкіметінің келуі бұрынғы шет аймақ болып саналатын Қазақстанның саяси өміріне күтпеген өзгерістер әкелді деп айтуға болады.


Бұған дейін басынан қос үкіметті өткізген (патша және Алашорда) қазақ мерзімді баспасөзі енді жаңа жүйе, кеңестік жүйеге көшуге тиісті болды. Бұған дейін Алашорда үкіметінің органы болып саналған «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран», «Жас азамат» және т.б. басылымдардың орнына енді кейіннен партия – совет баспасөзі атанған алғашқы большевиктік «Тіршілік», «Қазақ мұңы», «Көмек», «Ұшқын», «Қызыл Қазақстан» сияқты газет-журналдар келе бастады.
Одан кейінгі өнеркәсіпті индустрияландыру, ауылшаруашылығын ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда салалық «Жұмысшы», «Ауыл тілі» және т.б. көптеген мәдени, әдеби, ағартушылық бағыттағы газет-журналдарды шығару қолға алынды. Олардың маңында халық жанашырлары С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Қ.Тайшықов, Ғ.Мүсірепов, Н.Манаев сынды қаламы қарымды қайраткерлер топтасты. Олар баспасөзді майдан алаңына айналдырып, ғасырлар бойы патшалық самодержавиенің боданында болып артта қалған елін, жерін, жұртын жаңа, бейбіт өмірге бастауды өздеріне мақсұт тұтып алды. Соның нәтижесінде қазақ халқының санасы оянып, оңы мен солын тану дәрежесіне жетті.
Әрине, қазақ баспасөзі де, қазақ интеллегенциясы сияқты қуғын-сүргін, пәле-жаланы көп көрді. Әйтсе де, тағдырдың талқысына бас имей, болашақ ұрпақ қамы үшін күресіп, көппен бірге тәуелсіздік таңына да қол жеткізді.
Бұл ұзақ жолда тарихпен бірге тұғырлы тұлғаға айналған сара сөздің сардарлары: З.Шашкин, З.Ақышев, Ә.Нұршайықов, Ұ.Бағаев, С.Бақбергенов, Б.Сахариев, Қ.Исабаев, Ж.Алтайбаев, К.Смайылов, С.Әшімбаев сынды көптегн көсемсөзші, ақын, жазушылар от пен оқтың арасынан пісіп, жетіліп ел қамқоршыларына айналғандығы шындық.
Міне, бұл Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырылған «Тарих тудырған тұлғалар» атты еңбектің екінші кітабында осындай сөз зергерлерінің жеке творчестволық лабораторияларының әр қырлары туралы әңгіме қозғалады.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет