«Экожүйе және құқық» пәнінен практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2021 Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі коммерциялық


Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi



бет14/32
Дата20.09.2023
өлшемі225,67 Kb.
#181684
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Экож. ПСАӘН

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi
Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс күштерінің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;
4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;
6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзу;
7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;
8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.
Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері
Заманауи өмірдің шарттары, өндірістегі және тұрмыстағы жоғары механизация, стихиялық апаттар адам ағзасының зақымдануына, жарақаттануына жиі әкеліп соғуда.
Стихиялық апаттар кезінде, соғыс уақыттарында, өндірістек, түрмыстық жағдайларда, оқу орындарында, тіпті автокөлік апаттарында жарақат алу жағдайлары жиі орын алып отырады.
Егер алғашқы медициналық көмекті арнайы медициналық білімі жоқ адамдар көрсетсе, зардап шегушінің жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан да, халықты алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне үйрету қажеттілігі туындайды. Алғашқы медициналық көмек қаншалықты жылдам әрі дұрыс көрсетілсе, зақымданушының өмірін сақтау мүмкіншілігі соншалықты жоғары болады.
Көмек көрсетуші:
- адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;
- алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;
- зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.
- зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;
- жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;
- «ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;
- қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;
- жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;
- сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;
- жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;
- зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;
- зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;
- алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет