«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы


 Қарапайм және күрделі бұйымның өндірістік циклдің ұзақтығы



бет35/77
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#80159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
умк хто-17-1
ВМС каз
4. Қарапайм және күрделі бұйымның өндірістік циклдің ұзақтығы
Өндірістік цикл ұзақтығы жеке бөлшектер, тораптар, бұйымдар үшін, сондай-ақ олардың партиялары үшін анықталуы мүмкін. Жалпы түрде өндірістік цикл ұзақтығы формула бойынша ментелінеді.

Кейбір жағдайларда бақылаудың, тасымалдау жұмыстарының орындалу уақыты жартылай немесе толығымен үзілістер уақытымен дәл келуі мүмкін. Өндірістік циклдің жеке элементтерінің асқан уақытта оның ұзақтығы кірмейді, сондықтан циклдің ұзақтығы әдетте оның құрамаларының қосындысынан аз. Әр түрлі обьектілер үшін Тц шамасы бірнеше минуттардан (қарапайым бөлшектер) бірнеше айлараға дейін, тіпті жылға (бірегей жабдық) созылуы мүмкін, сондықтан ол минуттармен. Сағаттармен, ауысымдармен жұмысқа және күнтізбелік күндермен есептелінеді. Тц  күнтізбелік күндермен есептелгенде оған барлық көрсетілген барлық құраушылары кіреді, элементтердің асқан уақытыен қоспағанда. Егер Тц  жұмыс күндерімен анықталса, онда демалыс пен мереке күндері ментелінбейді. Тц сағатпен есептелгенде сондай-ақ жұмыс ауысымдар арасындағы үзілістер ескеріленбейді.
Операциялық циклдің негізі болып технологиялық уақыт саналады, өйткені ол партиялық үзілістермен бірге операциялық цикл құрайды.
Бөлшектер партиясын өңдегенде бір партияның операциялық циклінің ұзақтығы тең:

мұндағы, n – партиядағы бөлшектер саны;
t – бір бөлшекті өңдеу уақыты, мин;
с – берілген операция орындалатын жұмыс орындарының саны.
Бірнеше операцияларда өңделетін бөлшектер партиясы үшін Т0 ұзақтығы тек қана көрсетілген шамаларға байланысты емес, сонымен қатар бөлшектер қандай жағдаймен операциядан – операцияға данамен, партиямен, бөлшектермен беріледі. Технологиялық үрдістердің операциялары (тізбекті, параллелді және параллелді-тізбекті) бойынша бөлшектер партиясының қозғалысының үш түрі бар.
Бірнеше бөлшектерден, тораптардан, агрегаттардан (мысалы, автомобиль, станок, қозғағыш) параллелді түрде жасалынатын көптеген бұйымдар жағдайында, мұнда ондай бұйым үшін жекеленген тораптардың жиынтығы немесе бұйым толығымен көрсетілген құралатын жүйе жасалынады. Құралдық жүйенің негізінде таспа түрінде немесе тармақты диаграммадай бұйым жасаудың циклді кестесі тұрғызылады. Циклді кестеде орындалуға қажетті барлық жұмыстардың (бөлшектерді даярлау, тораптарды құрастыру жалпы құрастыру) орындалуы мен олардың ұзақтығы көрсетіледі. Күрделі бұйымның өндірістік циклі өзара байланыстағы тізбекті орындалатын жұмыстардың (партиялылығы есептелінген көбірек еңбек ауқымды бөлшекті, көбірек еңбек ауқымды торапты, агрегатты жасау ұзақтығы және бұйымның жалпы құрастыру ұзақтығы) көптен-көп ұзақ тізбегіне тең. Былайша айтқанда күрделі бұйымның өндірістік циклі өзара тізбекті байланысқан қарапайым үрдістердің циклі мен цикл аралық үрдістердің ең жоғарғы қосындысымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет