Экология және өмір қауіпсіздігі


Үйді радиациядан қорғауға бейімдеу



Pdf көрінісі
бет88/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Үйді радиациядан қорғауға бейімдеу 
 
Қорғаныс ғимараттары әрине ЖҚЖҚ-дың барлық зиянды әсерлерінен қорғайды, 
алайда олар жеткіліксіз болса, онда тек радиациядан қорғайтын орын дайындау керек. 
Оның себебі – радиация ұзақ әсер етеді, жіті сәуле ауруына соқтырады және тек жарылыс 
болған жерде тұрмай, радиобелсенді бұлт желдің бағытымен жылжу арқылы ауыл-
аймақтарға да жетеді. Радиациядан қорғайтын баспана ядролық жарылыстың артық 
қысымынан қорғамауы мүмкін. 
Радиациядан 
қорғану 
үшін 
өнеркәсіптік, 
көліктік, 
мәдени-тұрмыстық, 
шаруашылық-тұрмыстық объектілер, жерасты бөлмелері, жай тұрғын үйлер, ауылды жерде 
шөп сүрлейтін орлар, көкөніс сақтайтын қоймалар, сондай-ақ тас үйлер де пайдаланылады. 
Осы құрылыстарды радиациядан қорғану ғимараттарына бейімдеу мақсатында төбелеріне 
қосымша тіреулер, белағаш салып, 20 сантиметрдей қалыңдықта топырақ жабылады, 
терезелері қыш немесе басқа материалмен толық бекітіледі, барлық саңлаулар мұқият 


115 
бекітіледі, үй есіктерін тығыз қымдап жабылатын етеді. Ішке кірер алдында тұрғындар 
киімдерінен шаңды әбден қағуы керек, аяқ-киімін жуып немесе сүртіп қояды. Үй асты 
бөлмелерінде радиация деңгейін азайту үшін үйдің жан-жағына 1-1,5 метрдей топырақты 
үйіп немесе қапталған түрде жиып қояды. Әрине радиациядан қорғайтын ғимараттарды 
қолдан келсе барлық керек заттармен қамтамасыз ету қажет, әсіресе ауа ауысу жағдайын; 
азық-түлікті және суды сақтау, тамақ-ауқат ішу тәртібін қатты қадағалауға тура келеді. 
Ауылды жерде мұндай паналау орындары тек қана ауыл тұрғындарына ғана лайықталып 
салынбай, көшіп келген халықты да орналастыруға сай етіп салынуы керек. Сондықтан бұл 
жұмыстарға барлық еңбекке жарамды адамдар, сонымен бірге ірі қалалардан келген халық 
да тартылады. 
Паналау орындарының қорғану қасиеттері радиация мөлшерін әлсірету 
коэффициентімен анықталады. Ашық жерде әлсірету коэффициенті К=1 болса, бір қабатты 
тас үйдің астындағы подвалында К=40; ағаш үй радиацияны екі есе кемітсе, оның 
подвалында К=7; бес қабатты тас үйдің астындағы подвалда К=400, яғни бұл жерде 
радиация 400 есе кемітіледі. 
Ядролық жарылыс өткеннен алғашқы 3-5 сағат үй есіктері мен желдеткіш арналары 
жабық болуы керек; бұл уақыт аралығында радиация деңгейі едәуір төмендейді, ал 
радиобелсенді тозаңның басымы жерге шөгіп үлгереді. 4-6 сағат өткенде қорғаныс 
орындарының ауасын, арналарды 15-20 минутқа ашу тәртібімен, ауыстыру керек. Сол 
мерзімде адамдар жеке қорғау құралдарын киіп далаға шығып тұрса болады. Егер сыртта 
радиация деңгейі әлі де биік болса, тұрғындардың іште қалғаны жөн. Бөлменің едені және 
басқа заттардың беттері ылғал шүберекпен қайта-қайта сүртіліп тұруға тиісті. 
Шабуыл қауіпі туған кезде паналау ғимараттары мен радиациядан қорғайтын 
орындар жеткіліксіз болған жағдайда жыралар жасау жұмыстары орын алуы керек. 
Халықты радиациядан, жарық сәуледен, қираған үйлердің басып қалуынан сақтайтын 
жыралар аз уақыт мерзімде арзанға түсіп дайындалуы мүмкін, сондықтан олардың маңызы 
зор. Мұндай паналау орындары кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, вокзалдардың, 
аэропорттардың, фермалар мен дала қостарының және басқа да адамдар көп шоғырланған 
орындардың жанынан салынады. 
Ор-жыралар жерден қазылады, оның тереңдігі 2 метрдей, жоғарғы ені 1,2 м, табан 
ені 0,8 м болады, ал ұзындығы адам санына қарай есептеледі. Мысалы 10 адамды қорғауға 
арналған ор-жыраның ұзындығы 10 метрдей болса жеткілікті. Осындай әдіспен жасалған, 
төбесі (үсті) ашық жыра радиацияны 2-3 есе азайтады, ал зарарсыздандыру жұмыстары 
өткізілсе (ішіндегі және шетіндегі топырақ беті алынса) 20 есе кемітеді. Ор-жыраның 
қорғағыштығын арттыру үшін, оның үстін жабады. Үсті жабылған жыраның радиацияны 
әлсірету коэффициенті К=40-50. Жыраның үстін жабу үшін әр-түрлі бекем материалдар 


116 
қолданылады – ағаш бөренелері, темір-бетон плиталары және т.б. олардың бетіне су 
өткізбейтін қара-қағаз (рубероид), полиэтилен қабықшасы төселеді немесе балшық 
салынады, сонан соң қалыңдығы 0,6 м етіп топырақ жабады да оның үстін шыммен 
бастырады. Қамысты да пайдалануға болады. Жыраға түсетін баспалдақ жасалынады және 
есік, ауа мұржалары қойылады. 40-50 адамға арналған жыра бір-біріне 90
0
бұрыштықпен 
жалғасқан ұзындығы 10 метрлік 4-5 жыралардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет