Орындаған : Тілеужан Ж. Т. Қабылдаған: Байбосынов Д. М. Жоспар



Дата01.03.2020
өлшемі84,81 Kb.
#59326
Байланысты:
Жанс эпид

КеАҚ "Астана Медицина Университеті"

Жұқпалы аурулар кафедрасы



СӨЖ

Тақырыбы: МБҰ алдын алу және эпидемияға қарсы жұмыстар

Орындаған :Тілеужан Ж.Т.

Қабылдаған:Байбосынов Д.М.

Жоспар:

І.Кіріспе

Эпидемияға қарсы жұмыстардың маңыздылығы



ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Жалпы ережелер

  2. Орындалу шарттары

  3. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Эпидемияға қарсы шаралар — бөлімдер мен бөлімшелер жеке құрамынын денсаулыты мен ұрысқа қабілеттігін сактауға бағытталған шаралар жиынтығы. Эпидемияға қарсы шаралар әскердің жеке құрамы арасында қарсыластар бактериялық құралдар қолданған жағдайда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Оған ұрыс қимылдары ауданы мен әскер орналасқан жердегі санитариялық-эпидемиялық жағдайды бақылау мен барлау жүргізу, жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтау мен госпитальға салу, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларын жүргізу, дезинфекциядезинъекция мен эпидемия ошағында дератизация жүргізу, жұқпалы ауруларға қарсы жеке құрамда егу жұмыстарын жүргізу және т.б. қамтылады. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).

  • Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.

  • Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.


Негізгі бөлім.

1. Жалпы ережелер

1. "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) бактерия тасымалдаушылық – аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық үдерістің нысаны;

2) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары;

3) іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, су, тағам және тұрмыстық жолдармен таралатын, споралық таралумен қатар ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын бактериялы инфекциялық ауру;

4) ауруханаішілік инфекция – науқастың ауруханаға түсуі немесе онда емдік көмекке жүгінуі нәтижесінде оны зақымдайтын кез келген инфекциялық ауру немесе медициналық ұйымда болған кезінде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубациялық кезеңде аурудың пайда болу мерзіміне қарамастан, медициналық ұйым қызметкерінің осы мекемедегі жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру;

5) декреттелген контингент – айналасындағылар үшін инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға барынша қауіп төндіретін, халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

6) дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;

7) дисбактериоз – ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;

8) иерсиниоз – интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;

9) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

10) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микробактериясының (бұдан әрі – ТМБ) популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі;

11) байланыс – туберкулезбен ауыратын науқас пен әңгімелесу үшін жеткілікті жақын аралықта немесе жабық кеңістікте болатын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас;

12) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыста болатын және (немесе) байланыста болған адам;

13) сырқаттанушылықты бақылау деңгейі – алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасына қарай әрбір уақыт аралығына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін есептеледі. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты білдіреді;

14) қақырықтың микроскоппен қарағанда белгілі болған (бактерия бөлуші) оң нәтижелі өкпе туберкулезі – емдеу жүргізуге дейін қақырық жағындысын микроскоп арқылы қараған кездегі ТМБ-ның тіпті бір рет анықталу кезінде болуы;

15) микроскопиялық зерттеу – ТМБ-ны бактериоскопиялық анықтау әдісі;

16) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру – белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген инфекциялық немесе паразиттік аурулар туралы алынған ақпараттың негізінде және инфекциялық немесе паразиттік аурулардың жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу үшін) тексеру;

17) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;

18) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының бұзылуымен сипатталатын патогендік және шартты-патогендік бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар;

19) бас тарту – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;

20) инфекциялық немесе паразиттік аурулар ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

21) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлетін науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқу, жұмыс, демалыс орны;

22) қылаулар - аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабатында жара пайда болатын, қоздырғыш қанмен араласатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, әсіресе су және тағам жолдарымен таралатын, ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушы болуға бейім сальмонелла бактериясынан (Salmonella paratyphi) туындайтын бактериялы жіті инфекциялық ауру. Патогенезі және клиникалық белгілері бойынша іш сүзегіне ұқсас келеді, тез басталу және ұзақ жүретін, катаральды құбылыс кезеңімен сипатталады;

23) парентералдық механизм – инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;

24) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез үдерісінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;

25) Манту сынамасы – ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі – 2 ТБ-мен Манту);

26) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам;

27) ремиссия – ауру көріністерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;

28) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында уақыттың алдағы ұзақ аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың динамикасын және құрылымын, деңгейін талдау;

29) ротавирустық инфекция – асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру;

30) сальмонеллез – сальмонелла (Salmonella) тобына жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін бактериятасымалдаушылықтан бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын клиникалық пайда болуының көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;

31) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу;

32) субөнімдер – мал сою және ет қақтау кезінде алынатын тамақ азық-түлігінің өндірістік атауы (кесек еттен басқа бауыр, тіл, бүйрек, ми және тағы басқалар);

33) тауар көршілестігі – шикізаттар мен дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, тауардың сапасында көрсетілетін, олардың ластануын және бөгде иістердің енуін болдырмайтын жағдай;

34) туберкулез – патологиялық үдеріске өкпеден басқа барлық ағзалар мен организмнің тіндері қатысуы мүмкін кездегі өкпелік таратпаушылығы басым ауру;

35) туберкулинодиагностика – 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу;

36) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез – бұл штамдары изониазид пен рифампицинге төзімді ТМБ-дан болған туберкулез;

37) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез – бұл штамдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне көнбейтін ТМБ-дан болған туберкулез;

38) емделуден жалтару – өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ медициналық құжатта белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау;

39) фаготип – типтік бактериофактар құрамына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;

40) флюоорографиялық, рентгенологиялық тексеру – флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу;

41) энтералдық механизм – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі. Вирус организмге ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, лас қолдар арқылы енеді;

42) anti-HCV – С вирустық гепатитіне антидене;

43) HBsAg – инфекцияның жіті немесе созылмалы түрін көрсететін беткейлік антиген;

44) жіті респираторлық вирустық инфекция (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальдық және басқа да вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы;

45) тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА) – дене қызуының 3800С-қа көтерілуімен және ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын жөтелмен қоса жүретін жіті респираторлық вирустық ауру жағдайлары;

46) ауыр жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – АЖРИ) – пациентті дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін және анамнезінде ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын 3800С жоғары температурамен немесе қызумен, жөтелмен, ентігумен немесе тыныс алудың қиындауымен сипатталатын ауру;

47) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды) әдеттегі эпидемиологиялық қадағалау – халықтың жіті респираторлық тұмау тәрізді аурудың және/немесе пневмонияның клиникалық белгілерімен жүгінуі бойынша республиканың барлық аумағында тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларынан (пневмониялар) болған өлім-жітімнің деңгейі мен динамикасын мониторингілеу;

48) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ШЭҚ) – еліміздегі тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлемнің басқа елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, стандартты ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалы үлгілерін жүйелі жинау;

49) шолғыншы өңірлер – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар;

50) шолғыншы орталықтар – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар;

51) тұмауды ШЭҚ бойынша аймақтық вирусологиялық зертхана (аймақтық вирусологиялық зертхана) – ТТА, АЖРИ және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді, сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді растауды (қайта тестілеуді) жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана;

52) репрезентативті іріктеу – бас жиынтықтың негізгі белгілері сақталған және деректер көрсетілген белгі осы бас жиынтықта көрінетін пропорцияда немесе сондай жиілікте ұсынылатын іріктеу;

53) индикаторлық көрсеткіштер – ТТА, АЖРИ және тұмауды ШЭҚ жүйесін ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері;

54) вирустық көлік ортасы (бұдан әрі – ВКО) – клиникалық материал үлгілерінде вирустарды зертханаға дейін тасымалдау үдерісінде сақтауға арналған дайын сұйық орта;
Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Мына ошақтарда эпидемиологиялық тексерулер жүргізіледі:

1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау объектілерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азық-түліктерді өндіру мен сақтау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекцияларымен ауырған кезде;

2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға баратын балалар ауырған кезде;

3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері ауырған кезде;

4) бір аурудың дамуының жасырын кезеңінде бір инфекция ошағында үш және одан да көп адамның сырқаттану жағдайы тіркелген кезде.

9. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлері артқан кезде пәтерлік ошақтарды тексерудің қажеттілігін эпидемиологиялық жағдайды, алдын ала жасалынған талдау материалдарын ескере отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айқындайды.

10. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде зертханалық тексеру үшін тамақ өнімдерінің, судың, жуындылардың сынамаларын жинау жүргізіледі.

Халықтың іш сүзегі және қылау ауруларымен сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:

1) елді мекендердің, әсіресе халықтың тифопаратифоздық инфекциялармен сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елді мекендердің санитариялық жағдайы туралы ақпаратты талдау;

2) халық арасында тәуекел топтарды айқындау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

3) науқастардан және бактерия тасымалдаушылардан бөлінетін өсінділердің фаготиптерін айқындау;

4) бактерия тасымалдаушыларды, әсіресе тамақ кәсіпорындарының қызметкерлері мен басқа да декреттелген контингенттер арасын айқындау мен санациялау мақсатында іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдарды есепке алу және диспансерлік бақылау;

5) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау.

Сүзек, қылау инфекцияларының профилактикалық іс-шаралары қоздырғыштардың су, тамақ арқылы берілуін ескертетін санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге бағытталады. Мына объектілердің санитариялық-техникалық жағдайына:

1) сумен жабдықтау жүйелеріне, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне, басты су шығару құрылыстарына, су көздерін санитариялық қорғау аймақтарына;

2) тамақ өнімдерін шығару өнеркәсіптеріне, азық-түлік саудасына, қоғамдық тамақтануға;

3) кәріз жүйелеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.

32. Дәрігерлік қараудан соң декреттелген контингенттің ішіндегі адамдар жұмысқа қабылданар алдында қан сарысуын тікелей гемагглютинация әсеріне қою жолымен серологиялық тексеруге және бір реттік бактериялогиялық зерттеуге жатқызылды. Бұл адамдар серологиялық және бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болып, басқа қарсы айғақтар болмаса жұмысқа жіберіледі.

Тіке гемагглютинацияның әсері оң нәтиже берген жағдайда 1-2 күн сайын дәретін бес рет бактериологиялық тексеру қосымша жүргізіледі. Бұл тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда өтке бір реттік бактериялық зерттеу жүргізіледі. Дәреті мен өтін бактериялогиялық тексерудің нәтижесі теріс болған адамдар жұмысқа жіберіледі.

Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған адамдар бактериятасымалдаушы ретінде қарастырылады. Оларға емдеу жүргізу, есепке алу жүргізіледі, медициналық бақылау орнатылады. Осындай жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бұл адамдарды эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан шеттетеді.

Іш сүзегі мен қылаудың бактерия тасымалдаушылары мынадай санаттарға бөлінеді:

1) транзиттік бактерия тасымалдаушылар – іш сүзегімен және қылаумен ауырмаған, бірақ іш сүзегінің немесе қылаудың қоздырғыштарын бөлетін адамдар;

2) жіті бактерия тасымалдаушылар – ауруханадан шыққан соң үш ай бойы бактерия тасымалдаушылық байқалатын іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдар;

3) созылмалы бактерия тасымалдаушылар – ауруханадан шыққан соң үш ай немесе одан да көп ай бойы бактерия тасымалдаушылық байқалатын іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдар.бактерияларын тасымалдаушылар арасында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:Транзиторлық бактерия тасымалдаушыларында үш ай бойы бес рет нәжісі мен зәрін бактериялогиялық зерттеу қажет. Қорытындысы теріс болған кезде өті бір рет зерттеледі. Бақылаудың соңында бір рет цистеинмен тіке гемагглютинация әсеріне қанның сарысуы зерттеледі. Барлық зерттеудің қорытындысы теріс болса, бақылаудың үшінші айының соңында олар есептен шығарылады. Бактериологиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесі оң болса, олар жіті бактерия тасымалдаушы болып саналады.

Іш сүзегі мен қылау ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар міндетті түрде жүргізіледі:

1) ағымдық дезинфекция науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқанға дейінгі кезеңде, реконвалесценттерде ауруханадан шыққаннан кейін үш ай бойына жүргізіледі;

2) ағымдық дезинфекцияны емдеуді денсаулық сақтау ұйымының қызметкері ұйымдастырады, ал оны науқасты күтуші адам, реконвалесценттің өзі немесе бактерия тасымалдаушы жүргізеді;

3) қорытынды дезинфекцияны дезинфекция станциялары немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялау станциялары немесе бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – ауылдық дәрігерлік ауруханалар, амбулаториялар жүргізеді;

4) қорытынды дезинфекцияны қалалық елді мекендерде науқасты емге жатқызғаннан кейін алты сағаттан, ал ауылдық жерде – он екі сағаттан асырмай жүргізеді;

5) денсаулық сақтау ұйымында іш сүзегімен немесе қылаумен ауыратын науқас анықталған жағдайда, науқас болған үй-жайларда оны оқшаулағаннан кейін аталған ұйым қызметкерлерінің күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.



Қорытынды:

1.Іш сүзегімен және қылаумен ауыратын науқастарды, бактерия тасымалдаушыларды уақтылы анықтауды, оқшаулауды және емдеуді меншік нысанына қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері клиникалық және зертханалық деректердің негізінде жүзеге асырады.

2.Ауруды диагностикалағанда ең бастысы гемокультураның бөлінуі болып табылады. Гемокультураны бөлу үшін қан алу аурудың барлық кезеңінде жүргізіледі. Қанның бірінші егілуі антибактериялық терапия басталғанға дейін жүргізіледі. Ауруды диагностикалау үшін нәжіс өсірінділерін, зәр өсірінділерін, өтті зерттеу, серологиялық диагностика жүргізіледі (Видаль әсері, тіке гемагглютинация әсері).Диагнозы қойылмаған, үш және одан да көп күн бойы қызбасы бар науқастар іш сүзегіне тексеріледі.

3.Іш сүзегімен және қылаудың А мен В түрімен ауыратын барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына емдеуге жатқызылады.Науқастарды ауруханадан шығару нәжісі мен зәрін үш рет бактериялогиялық зерттегеннен кейін дене қызуы толық жиырма бір күн қалыпты болғанда жүзеге асырылады. Нәжісі мен зәрін бактериялогиялық зерттеу антибиотикті тоқтатқаннан кейін бес күннен кейін және содан соң бес күн аралықпен жүргізіледі. Одан басқа, ауруханадан шығардан жеті-он күн бұрын дуоденальды құрамды себу жүргізіледі.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. https://kaz.tengrinews.kz/zakon/kazakstan_respublikasyinyin_parlament

2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000033

3.В.Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии М.2001



4.Власов В.В. Эпидемиология. Учебное пособие 2-е издание –М.2006

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет