«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибелік сабаққа және білім алушының өздік жұмыстарға арналған



бет3/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#122394
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Экология и БЖД 2019 му каз Айжан

КӨЛІК КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Нақты өндіріс кәсіпорынның ШРТ нормативтерінің жобасы тастандылардың қайнар көздерін алдынала инвентаризациялауды, зертханалық зерттеулерді, арнайы жасалған бағдарламалар бойынша ЭВМ-дағы көлемді есептеулерді және т.б. талап ететің, өзі бір ғылыми-зерттеу жұмысы болып келеді. Сондықтан, осы жұмыста кез келген көлік кәсіпорынына тәң тек қана минималды өндіріс жабдықтары беріледі, бұл студенттерді атмосфераның көптеген ластануын, ШРТ жобасын жасауға арналған қажетті есептеулермен және өндіріс кәсіпорынында экологиялық жұмыс әдістерін ескертетің технологиялық пароцестермен таныстыруға мүмкіншілік береді.


Берілген құрылғыда төмендегідей қасиеттер бар:

  1. Ыстық қалдықтардың қайнар көзі – темір жол көлігі кәсіпорнына арналған қазандықтар немесе автомобиль көлігі кәсіпорындарына арналған ұстахана.

  2. Желдеткіш қалдықтардың үш қайнар көзі – аккумуляторлық бөлім , дәнекерлеу учаскесі және токарлы-механикалық цех.

Ыстық қалдық көздерін эксплуатациялау кезінде атмосфераға келесідей зиянды заттар бөлінеді:

  • көмір өндіру кезінде – қатты қалдықтар (жанбаған көмір, күл), CO, NOx және SO2;

  • мазутпен жұмыс жасағанда– күл, CO, NOx, V2O5, және SO2;

  • табиғи газбен жұмыс жасағанда– CO, NOx.

Көлік кәсіпорнының аймағында ауаны ластайтын төрт көз бар. Бір көз ыстық қалдық қазандық және үш көз желдеткіш қалдықтар: олар аккумулятор бөлімі, дәнекерлеу бөлім және токарлы-механикалық бөлім. Көлік кәсіпорны орналасқан аймақта экологиялық жағдайды бағалау қажет және де табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру керек.
Аккумулятор бөлімі жұмыс жасаған кезде атмосфераға H2SO4 булары бөлінеді.
Дәнекерлеу бөлімі жұмыс жасаған кезде электрдәнекерлеу құралын қолданған кезде атмосфераға дәнекерлеу аэрозолі бөлінеді, жәнеде қолданатын электродтардың маркасына байланысты түрлі зиянды заттар бөлінеді (1 - кесте).
Токарлы-механикалық бөлімінде жұмыс кезінде атмосфераға абразивті және металл шаңы бөлінеді. Тапсырма бойынша осы цехте үш станок жұмыс жасайды: токарлы, бұрғылау және қайрау. Жергілікті сорғыш жүйелер көмегімен, барлық станоктар жұмыс жасаған кездегі бөлінетін шаң, атмосфераға бір вентиляция құбыры арқылы өтеді.
Өндіріс жабдықтарды эксплуатациялау кезінде жылдық және максималды тастандыларды есептеу үшін берілгендер 2 - кестесінде келтірілген.
1-тәжірибелік сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет