Экология жєне адам денсаулыѓы



бет2/8
Дата30.09.2022
өлшемі345,5 Kb.
#151319
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ýêîëîãèÿ æºíå àäàì äåíñàóëû û
Рабочая программа для дисциплины Офисная техника , Кунсулу К диплом ж, БЖБ 9с 23.09.2021 (копия), ҚА математика 4 нұсқа
Радиоактивті қалдықтар.
Радиоэкология-Radius-сәуле деген латынның бір сөзі,oikos-үй, айналаны қоршаған сыртқы орта және logos –ілім деген гректің екі сөзінен алынған биология ғылымдарының ғылыми терминдерінің бірі.
Радионуклеидтер дегеніміз-атом ядросының зарядтарының өзгерген түрі. Өте қауіпті құбылыс. Радиоэкологияның бірінші кезеңінде атом туралы адамзат баласы білімімен тәжірибесі жинақталды. Радиациялық экология негіздерін 20-ғасырдың 30-жылдарында радиоактивті заттардың биохимиясы туралы еңбегінде В.И. Верднаский салған. 20-ғасырдың 50-жылдарында атом өндірісінің дамуы, атом бомбаларын эксперименттік жару барысында стронций, цезий, плутоний радионуклидтерінің ауаға тарап, биосфераны ластануына байланысты радиациялық экология дами түскен. Көптеген өсімдіктердің, жануарлардың ағза мүшелері мен ұлпаларында радионуклидтер жиналып, ағзаның ішкі мүшелері сәуле ауруына ұшырайды. Радионуклид мөлшері көп болса, жасушаның генетикалық аппаратына, ағзаның өсуіне, дамып, таралуына зиянды әсер етеді, ал шамадан тыс көп болса, түрдің жойылуына әкеп соғады. Бұл құбылыстың заңдылықтарын ашу халық шаруашылығында зор пайда келтіретіні айқындалды.
Атом –заттың химиялық қасиеттері толық сақталынатын кіші бөлігі.
Радиоактивті элементтердің изотоптары альфа-, бетта-және гамма сәулелерін тараталды да,басқа элементтерге айналады.Бұл радиоактивтілік құбылыс. Радиактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады.Радиактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиактивті қалдықтарды сақтайтын бірде бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уран көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен- химия өнеркәсіп кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.
Қазақстан Республикасы экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 225 млн тонна радиактивтілігі аз қалдықтар сақталуда. Олардың жалпы радиактивтік күші 57,6 мың км. Сонымен бірге түрлі жағдайларға пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиактиті заттар өндіретін орындар бар. Семей полигонының территориясында 5.8 млн тоннаға жететін радиактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың Ки. Ресейде де көптеген радиоактивті қалдықтар сақталынады. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталынады. Ресейдің Селябі қаласында радиактивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің мөлшері аз. Радиррактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы- жазы жауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға таралып жататыны сөзсіз.
Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар биосфераға қаншама қауіп төндіретінін бір құдайдың өзі ғана біледі. Өйткені оны есептеп шығу мүмкін емес. Қазақстан Республикасы территориясындағы радиоактивті қалдықтардың толық картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске аса ма жоқ болмаса қағаз түрінде қалама, ол жағын болжап айту қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет