Экология пәнінің міндеті



Дата25.12.2021
өлшемі18,69 Kb.
#105346
Байланысты:
экология


Экология ғылымының мақсаттары мен міндеттері.

Экология- тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым- қатынасын тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын ағзалардың бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология ұғымын ғылымда алғаш рет неміс ғалымы Э. Гекель(1966ж) қолданды.



Экология пәнінің міндеті - популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустрализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып түсініп басқару

Басты мақсаты: - ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам- қоғам- табиғат» арасындағы қарым- қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу объектісі жеке особьтар топтары - популяциялар түрлер, қауымдастықтар экожүйелер, яғни биологиялық микро және микрожүйелер.

Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік әр түрлі кешенді зерттеу әдістері бар.Негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық лабраториялық) әдістері болып табылады.

Эколог маман үшін ең маңыздысы далалық зерттеулер, яғни түрлер популяциялары мен олардың қауымдастықтарын табиғат жағдайында зерттеу. Өсімдіктер қауымдастығын зерттеуде олардың сандық және сапалық сипаттамасы жасалады. Барлық өсімдіктер топтарының систематикасы тіршілік формалары, ярустылығы, фонологиясы, түрлердің көптігі, биомассасы, тіршілік ортасының сипаты (рельеф, топырақ) жөнінде мәлімет таралынады. Жануарларға экологиялық зерттеулер жүргізгенде олардың қоректенуі, көбеюі, мінез- құлқы, популяцияның орналасу, миграциясы, ортаның абиотикалық жағдайлары (t-а, ылғалдылық, жарық) сондай- ақ қауымдастықтағы биотикалық байланыстарда ескеріледі.

Экологияның ғылым ретінде анықтамасы.



Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде. Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ, өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

Экология ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері.



Экология ғылымының даму кезеңдері:

І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;

ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;

ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді. «Экология» гректің oicos - үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым.

«Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.

Экологияның зерттеу әдістері:

1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

Қазіргі заманда экологияда математикалық әдістер, ақпарат теориясы мен кибернетика әдістері қолданылады. Кең қолданылатын ЭВМ көмегімен іске асырылатын модельдеу әдісі. Мониторинг ұғымы 20 ж. пайда болды, ғылымға 70 ж. енгізілді. Мониторинг – қоршаған орта жағдайларына бақылау жасау, ол 3 іс-әрекет жиынтығынан тұрады:

1. Бақылау - қоршаған орта жағдайларына систематикалық бақылау;

2. Болжау - табиғат және антропогендік факторлар әсерінен қоршаған ортаның өзгеру күйін болжау;



3. Басқару – қоршаған орта жағдайларын реттеу іс-шаралары.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет