Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектеп директоры Кром Д. 2013ж «pr-технологиялар»



бет5/6
Дата24.02.2020
өлшемі439 Kb.
#58963
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PR-технологиялар
6. Дәріс кешені, 1С Бухгалтерия каз

Қорытынды

Нарық жүйесі меншіктің формаларының шарттарында, басқарушы субъектілер іс-әрекеттерінің еркіндігіне және өз іс-әрекеттерінің жауап беру нәтижесінде еркін баға беру, сәйкес экономикалық рычагтар көмегімен нарық процестерін басқаруда мемлекеттік қатысуын құрайды. Ішкі нарықта ұлттық экономика интеграциясы нәтижесінде гипермакроэкономиканың мазмұнын анықтаған микро шаруашылық қатынастарының жүйесі әсер етеді. Нарық құрылымы шарттарынан тәуелді нарық құралады.

Нарықты сегменттеу мақсаты үшін, бір уақытта талданатын белгілер кешені бойынша жүзеге асатын екі сатылы тәсіл немесе АІD (өзара әрекеттестікті автоматты түрде анықтау) иерархиялық сипатқа ие. Нарық анықталған сегменттеу белгілеріне орай екі бөлікке және бірнеше топтарға бөлінеді. Ең алдымен нәтижелі өзгермеліге неғұрлым көп ықпал жасайтын жағдай анықталады. Көптеген компания үшін бұл – табыс. Енді табыс мөлшеріне бәрінен де күшті әсер ететін өзгермеліні анықтаған жөн.
6- дәріске әдістемелік нұсқау

Бұл тақырып паблик рилейшнз және брендинг теориялық негіздерінің қағидаларына арналған. Толықтай анықтама беріліп, зерттелген. Тақырыпты оқығаннан кейін студент паблик рилейшнз, брендинг туралы негізгі ақпарат ала отырып, қағидаларын жеке зерттеуге маңыздылығын түсіне білуі керек.


Әдебиеттер:

1.Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.

2.Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.

3.Зерттеу және сегменттеу предприятия. О.И. Волков. М. Инфра – М 1998г



4.Камаев В.Д. и др. Основы экономики .-М.: 1992.
Бақылау сұрақтары:

  1. Нарық түсінігі?

  2. Нарықтың түрлері және жалпы сипаттамасы?

  3. Нарықты сегменттеу терминіне жалпы сипаттама?

  4. Нарықты сегменттеу кезеңдері?


Аналитикалық дәріс 7.

ТАУАР ЖӘНЕ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ


  1. Тауардың мәні және оның айналымы

  2. Тауардың өмірлік циклі және оның кезеңдері


Дәрістің мақсаты: паблик рилейшнз және брендинг теориялық негіздері туралы айту. Дәріс сабағын оқытудың белсенді әдістерінің бірі – дәріс-конференция жүргізу арқылы студенттердің дәріс тақырыбна қызығушылығын артыру, белсенділігін көтеру.

Негізгі ұғымдар: Аукционлық тауар, биржалық тауар, ақшалай тауар, тұтынушылық тауар, қолда бар тауар, көпшілік қолды тауар, арзанқол тауар, төменқол тауар өтімді тауар, еркін айналыстағы тауар, стандартталған тауар.
1. Тауар түсінігі: 1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі 2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны. Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, Тауарб. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар, қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол Тауарөтімді Тауар, еркін айналыстағы Тауар, стандартталған Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар, шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін; 3) кеден құқығында – мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық Тауар болып бөлінеді.

2. Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жок,

Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейікті циклі бес кезенңге бөлінеді. Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ тауар жөніндегі идея дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады. Міне, тап осы сынақтан сүрінбей өткен тауар ғана оған деген мұқтаждықты тудыра алады. Сөйтіп, оның тауарлық бәсекеге төзімділігіне сенім оянады да, ақырында сол тауарды ендіру процесі басталатын болады.

Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар сатыла бастайды. Бірақ бұдан бастапқы кезде бәлендей пайда, табыс түсе қоймағанымен, тауар өндіру жалғаса береді яғни ол өзінің келесі кезеңіне көшеді деген сөз.

Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының ушінші кезеңіне бет алғанының нышаны.

Тауар бұл кезеңде өзініқ жоғары деңгейіне жетіп сандық және сапалық жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер тап осы кезеңде өз тауарын одан әрмен жарнамалау жолдарын қарастыра отырып, оны өткізуді ынталандыруға күш салады. Нарық конъюнктурасының өзгерістерін де үнемі қадағалаудан қол үзбейді. Өйткені бәсеке жағдайындағы тауар өткізу процесі қашанда "қауіп-қатерге" толы және онық жалғасуына күтпеген оқиғалар кедергі келтіріп, тауардың нарықтан тыс қалуы да мүмкін.

Әйтсе де объективтік зандылық бойынша, көп ретте жақа оқиға — ескі тәртіптің қойнауында пайда болады. Сол себепті "тауар өлеміндегі" өзгерістің көрініс беруі кездейсоқ оқиғаның нәтижесі емес, оның да әлдебір нышандарын алдына ала ақғару шындыққа жуықтайды. Міне, осындай кезде кәсіпкердің тапқырлығы мен болжампаздығы ауадай қажет. Сол үшін де ол конъюнктураның кернеу көзге өзгеруі өз тауарын ығыстырмай қоймайтынына көзі жеткен тұста-ақ өндірістегі тауар жаңартудың бұрынғы тәртіптерін қайта қарастыра бастайды.
Қорытынды

Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Әйтсе де объективтік зандылық бойынша, көп ретте жақа оқиға — ескі тәртіптің қойнауында пайда болады. Сол себепті "тауар өлеміндегі" өзгерістің көрініс беруі кездейсоқ оқиғаның нәтижесі емес, оның да әлдебір нышандарын алдына ала ақғару шындыққа жуықтайды. Міне, осындай кезде кәсіпкердің тапқырлығы мен болжампаздығы ауадай қажет. Сол үшін де ол конъюнктураның кернеу көзге өзгеруі өз тауарын ығыстырмай қоймайтынына көзі жеткен тұста-ақ өндірістегі тауар жаңартудың бұрынғы тәртіптерін қайта қарастыра бастайды.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Бұл тақырып паблик рилейшнз және брендинг теориялық негіздерінің қағидаларына арналған. Толықтай анықтама беріліп, зерттелген. Тақырыпты оқығаннан кейін студент паблик рилейшнз, брендинг туралы негізгі ақпарат ала отырып, қағидаларын жеке зерттеуге маңыздылығын түсіне білуі керек.


Әдебиеттер:

1.Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.

2.Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.

3.Зерттеу және сегменттеу предприятия. О.И. Волков. М. Инфра – М 1998г

4.Камаев В.Д. и др. Основы экономики .-М.: 1992.
Бақылау сұрақтары:


  1. Тауардың мәні және оның айналымы

  2. Тауардың өмірлік циклі және оның кезеңдері


Ақпараттық дәріс 8.

БАҒА САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ БАҒА СТРАТЕГИЯСЫ
Дәріс сұрақтары:


  1. Баға саясатының мақсаттары

  2. Баға стратегиясы және оның түрлері


Дәрістің мақсаты: баға саясаты және олардың негізгі мақсаттарымен танысу; баға қалыптастыру шарттары мен ережелерін, баға стратегиясы ерекшеліктерін анықтау. Дәріс сабағын оқытудың белсенді әдістерінің бірі – дәріс-конференция жүргізу арқылы студенттердің дәріс тақырыбна қызығушылығын артыру, белсенділігін көтеру
Негізгі ұғымдар: Баға саясатының мақсаттарын анықтау; баға құрайтын факторлар; баға құрайтын тәсіл; баға стратегиясын таңдау, соңғы бағаны бекіту; операциялық мақсаттар; тактикалық мақсаттар; стратегиялық мақсаттар



  1. Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің бағасын белгілеуде соңғы шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейін және т.б.

Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру 1-ші кестеде ұсынылған кезеңдер тізбегіне негізделген:
1 кесте. Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының кезеңдері



Кезең атаулары

Іске асыру нұсқалары

1

Баға саясатының мақсаттарын анықтау

1.1. нарықта аман қалу стратегиясы;

1.2. пайданы максимизациялау шарттарын орындау ;

1.3. нарықтағы үлес көрсеткіштері бойынша көшбасшылық және нарық үлесін арттыру;

1.4. нарықта баға бегілеуде көшбасшылық;

1.5. жаңалықтар енгізуде көшбасшылық.


2

Баға құрайтын факторларды талдау

2.1. сұранысты талдау (бағалық және бағалық емес құрамдар);

2.2. сұраныс икемділігін талдау;

2.3. ұсынысты талдау ( бағалық және бағалық емес құрамдар);

2.4. ұсыныс икемділігін талдау;

2.5. өндіріс шығындарын бағалау;

2.6. бәсекелестер шығаратын өнімдер мен олардың бағасын талдау.



3

Баға құрайтын тәсілді таңдау

3.1. өнімнің өзіндік құнына үстеме баға;

3.2. шығынсыздық қағидаты;

3.3. тұтынушылар сұранысының төлеу қабілеттілігіне бейімделу;

3.4. нарықтағы бағалар қарқынына бейімделу;

3.5. бәсекелестердің баға ұсынысын күтуіне бейімделу.


4

Баға стратегиясын таңдау, соңғы бағаны бекіту

4.1. жаңа нарыққа ену —бағаны құрайтын психологиялық факторларды ескеру;

4.2. нарықтағы позициялардың тұрақталуы — тілекке сәйкес баға бейнесін жасау;

4.3. нарықты және оның сегментациясын дамыту — баға диверсификациясы.

Кәсіпорынның баға саясатының мақсаттарын анықтаудың мәнін толығырақ қарастырайық.



Ұйым (кәсіпорын) мақсаттарының бірнеше деңгейде жүзеге асырылатын құрамдас бөліктері:

Стратегиялық мақсаттар —ғаламдық мәселе қоюға бағытталады және ұзақ мерзімге бейімделеді;

Тактикалық мақсаттар — орта мерзімдік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, шешімдер көлемі стратегиялық мақсаттарға сәйкес шектеулі болады;

Операциялық мақсаттар — жергілікті сипатқа ие, қысқа мерзімді шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған (тактикалық және стратегиялық мақсаттарға сай болуы тиіс).

  1. Баға стратегиясының негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:

Жоғарғы баға стратегиясы. Бұл стратегияның басты мақсаты - өндіріліп, шығарылып отырған жаңа тауар өте құнды болғандықтан, ол үшін бірқалыпты нарықтық бағадан жоғары төлеуге дайын сатып алушылардан «қаймағын сүзіп алу» жолымен үстеме пайда табу.

Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Тауардың өмірлік циклының құлдырау фазасынан басқа барлық кезеңінде қолданылады, пайданы ұзақ мерзімді перспектива ретінде ұстанатын фирмаларға тән.

Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы) тауардың өмірлік циклының кез келген фазасында қолданыла алады. Бұл стратегия баға бойынша сұраныс икемділігі өте жоғары болғанда тиімді болып табылады.

Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер) тауар бірлігін сатуда қолданбай, бір тұтастай сатқанда қолданылады. Сатудың шығындық лидері – фирма өзінің басқа да тауарларын өткізу мақсатында сатып алушыларды тарту бойынша фирманың минималды пайдамен өткізілетін тауары.

Қосымша тауарлар стратегиясы сатып алушылардың көңілін аудару үшін жарнамалық іс-шара болып табылады. Бұл жағдайда фирма негізгі тауарға қосымша бұйымдар жинағын ұсынады, тұтынушы «қаныққан» тауарды сатып алуға тоқтам жасайды. Бұл стратегияның қиындығы, баға құрамына стандарттық жинақталым ретінде нені қосу керек, ал қосымша ретінде не ұсыну керек екендңгңнде.

«Лидер соңынан еру» стратегиясы. Олигополиялық нарықта жиі қолданылады. Бұл жағдайда нарықтағы үлесі ауқымды болып табылатын фирмалардың бірі жабдықтаушылармен жариялы емес түрде негізгі лидер болып табылады.

Мәртебелі баға стратегиясы өте жоғары бағамен сатылатын тауарларды және тауар маркасы мен тауар сапасына ерекше көңіл аударатын нарық сегменттерін қарастырады. Бұл стратегия фирма және оның тауарларының жоғарғы мәртебелілігі болған жағдайда және минималды бәсекелестік шартында мүмкін болады.

Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар бағасының статегиясы. Тауарлардың өндірілуі шығындық көзқараста қарастырылады, егерде тауар бірлігінің өндірілу көлемінің өзгеруі басқаларының өндірісінің өзгеруімен қатар болса. Бұл негізгі өнім өндірісі үдерісіндегі жолай өндірілетін қосалқы тауарларға байланысты.

Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Тауарлар өзарабайланысты болады, егерде олардың біреуінің бағасы екіншіге әсер етсе. Бұл бір тауар екінші тауарды алмастыратын дәрежеде болған шартта мүмкін болады.

Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Ол екі жағдайда пайда болады: баға бойынша шешімдерді қабылдаужәнен қатарлас баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерде баға бойынша мәлімелерді жасасу заңмен тиым салынған, сондықтанда фирмалар екінші жағдайға ұмтылады.

Бағалық дискриминация стратегиясы. Фирма тауар мен қызметтерді оларды өндірудегі шығындарына қарамай әр түрлі бағамен сатады.

«Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». Бұл стратегияны қолдану кезінде тауар бағасы мен оның шығындары тең болатындай соммадағы тұтыну бағасына бағдарланып бекітіледі.

«Өзгермейтін баға» стратегиясы. Фирма ұзақ мерзім бойында өзгермейтін бағаны сақтау мен бекітуге ұмтылады, өйткені өндіріс шығындары өзгеретін жағдайда фирма, баға саясатын қайта қарастыру орнына, тауар құрамы мен қорапталыну мөлшерін, сыртқы бейнесін өзгертуге тырысады.

Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы – нольмен аяқталған соммаға қарсы бағаның қандайда бір төмендеуі. Тұтынушыларда фирма өз бағасын терең талдап, оларды минималды түрде орнатуға тырысады деген пікір қалыптасады.

Бағалық жолақ стратегиясы бір атаудағы тауардың әр бағасы сапаның белгілі бір деңгейін анықтайтын баға диапазонын айқындайды.

Қорытынды

Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.

Ұйымның(кәсіпорынның) баға саясаты көбіне оның өз қызметін жүзеге асыратын нарықтың типіне байланысты (жетілген бәсекелестік, монополиялық бәсекелестік, олигополия және таза монополия нарығы).

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Бұл тақырып кәсіпорындағы баға саясатын құру, оның негізгі мақсатттары мен кезеңдерін анықтап, ұйымның баға стратегиясын дұрыс қалыптасуын талдауға арналған.

Тақырыпты оқығаннан кейін студент кәсіпорынның баға саясты мен стратегиясы туралы жалпы және олардың негізгі ерекшеліктеріне сипаттама бере алады.

Әдебиеттер:


  1. Лапуста М. Г. Предпринимательство: Учеб. Пособие. – 2-е изд.- М.:ИНФРА – М. 2003.

  2. Аникин Ю. П. Организация и управление малым бизнесом: Учеб. Пособие. - М.:Финаансы и статистика, 2003.


Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіпорындағы баға саясатының маңызы неде?

  2. Кәсіпорындағы баға саясатының негізгі мақсаттары қандай?

  3. Кәсіпорындағы баға саясатының негізгі кезеңдеріне сипаттама бер.

  4. Баға стратегиясының қандай түрлері бар?



Кіріспе дәріс 9.

ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАУАРЛАРЫ МЕН

ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дәріс сұрақтары:

  1. Туристік қызмет қызмет көрсету саласының түрі ретінде

  2. Туристік өнім ерекшеліктері


Дәрістің мақсаты: туристік индустрияның тауарлары мен қызметтерінің негізгі сипататмаларын анықтау, оның басқа тауар түрлерінен ерекшеліктерін талдау. Дәріс-конференция жүргізу арқылы студенттердің дәріс тақырыбна қызығушылығын артыру, белсенділігін көтеруге бағытталған.
Негізгі ұғымдар: бағытталуына сәйкестігі; орындауыдың орындылығы мен уақыттылығы; кешенділік; қызмет көрсетуші персоналдың этикаға сай қызмет көрсетуі; жайлылық; эстетикалылық; эргономикалылық.


  1. Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей қарастырамыз:

1 кезенде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.

2 кезенде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды : Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.

3 кезенде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.

Ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлердің тұтынушыларға көрсететін туристік қызметтер:

- ішкі туризмді ұйымдастыру бойынша туроператор қызметінен;

- шығу туризмін ұйымдастыру бойынша туроператор қызметінен;

- кірутуризмін ұйымдастыру бойынша туроператор қызметінен;

- турагент қызметерінен;

-турператор мен турагенттің жекелеген қызмтетерден;

- өзіндік туризм кезіндегі қызметтерден;

- экскурсиялық қызметтерден тұрады.


  1. Материалды игілікте қызметтерді ажырататын белгілер:

1. Бөлшекке ұстауға, өлшеуге, химиялық қасиетін білуге болмайды.

2. Қызмет өзінің қайнар көзімен бөлінбейді.

3. Сапаның тұрақсыздығы.

4. Қызметтің сақталмауы.

5. Қызметті көрсетуде меншік құқығын берудің болмауы.

Қызмет бұл - меншікпен байланыссыз тұтынушының сатып алатын, көзге көрінбейтін игілігі. Бұл анықтамаларының авторы Ассэль Г. Қызмет бұл- іс әрекет немесе жұмыстың орындалуы олар көзге көрінбейді. Қызметтер экономикалық іс әрекет түрінде анықталуы мүмкін.Қызмет іс әрекет немесе пайда болуы мүмкін оны сатып алушы, қандай да бір материалдық обьектіге меншік құқығын алмайды.

Ағылшын тілінен аударғанда, сервис бірнеше мағына береді: қызмет, қызмет көрсету,міндетті болуы. Сервис түсінігі кең мағынада қызмет және қызмет көрсетуді білдіреді. Қызмет көрсету – тұтынушылардың күрделі бұйымдарды: машина, құрал жабдық, тұрмыстық техника, көлік құралдары, өткізу және пайдаланумен байланысты қызметтердің кешені. Қызмет көрсету- негізгі қызметтерді жүзеге асырудың құралы ретінде: қонақ үй кешенде қызмет көрсету, мейрамхана бизнесте қызмет көрсету, және ақпарат бизнес көрсету.

Сервистің қызмет көрсету ретінде қазіргі уақытта дамуы 3 себеппен байланысты:

1. Материалды өндіріс өнімінің күрделінуімен.

2. Бәсекелестік орта.

3. Фирманың өз пайдасын арттыру.

Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?

Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.

Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.

Туристік қызметтерге және қызметкөрсетуге қойылатын талаптар:

- бағытталуына сәйкестігі;

- орындауыдың орындылығы мен уақыттылығы;

- кешенділік;

- қызмет көрсетуші персоналдың этикаға сай қызмет көрсетуі;

- жайлылық;

- эстетикалылық;

- эргономикалылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет