«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет65/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Серіктестік — бұл пайда табу мақсатында 2 не одан да көп қатынасушылардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі, сонымен қатар қатысушы ретінде тек жекелеген тұлғалар ғана емес, ұйымдар да бола алады. Серіктестік — жауапкершілігі шектеулі, сондай-ақ жауапкершілігі шектелмеген болып құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектелмеген серіктестіктің жеке кәсіпкерліктен негізгі айырмашылығы - бірден көп қатысушының болуы. Бұл серіктестіктердің арасында келісім-шартқа отыру қажеттілігін білдіреді, ол жерде мыналар көрсетіледі: серіктестіктің атауы, негізгі қызмет түрі, серіктестіктің жұмыс істеуінің өміршеңдігі, әрбір серіктестіктің құқықтары мен міндеттері, пайданы бөлу тәртібі, серіктестіктің ескі мүшелерін шығарып, жаңаларын қабылдау жолдары. Барлық қалған жағдайларда жауапкершілігі шектелмеген серіктестік жеке кәсіпкерлікпен бірдей дерлік. Демек барлық серіктестердің кәсіпорынның берешектері мен міндеттемелері үшін жауапкершіліктері бірдей, ал пайда мен шығындар жеке-жеке әрбір серіктестің салық салынатын кірістерінің құрамына қосылады. Бұдан басқа серіктестер серіктестіктің кез келгеи қатысушысының берешектері мен міндеттемелеріне жауап береді және кейде несие берушілер өз шығындарын серіктестіктің барлық қатысушыларынан алатын жағдайлар да болады.

Келісім-шарт дайындау қажеттілігі мен осы мақсатта кеңес беруші заңгерлер тартуды есептемегенде серіктестік құру да айтарлықтай оңай. Серіктестікте сабақтастық деген нәрсе жоқ, яғни бір серіктестің кетуімен немесе өлуімен серіктестік өз жұмысын тоқтатады. Әрбір серіктес басқаларының келісім берулерімен өз меншігінің бір бөлігін үшінші біреуге беруге құқығы бар. Бұған қоса серіктестің басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан өз атына несие алу құқығы бар. Жауапкершіліктері шектелмеген серіктестіктерден басқа жауапкершіліктері шектелген серіктестіктер де бар, біріккен кәсіпорындар да соның ішінде. Жауапкершшіктері шектеулі серіктестіктерде, (оларды генералды серіктестіктер деп те атайды), бір немесе бірнеше генералды серіктестер (ГС) кәсіпорынның міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершіліктеріне ие болады және кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады. Қалған шектеулі серіктестердің (ШС) жауапкершіліктері салған капитал мөлшерімен шектеледі және олар кәсіпорынды басқаруға қатыспайды. Кейде серіктестіктің қатысушыларының құрамында жұмыстан тыс уақытта кәсіпорын жұмысына кеңес беруші ретінде қатысатын заңды емес мүшелер де болуы мүмкін. Әдетте олардың есімдері қоғам алдында кең жарияланбайды. Дегенмен де, арнайы құжаттарда бұл мүшелердің жауапкершіліктері мен олардың алатын пайда мөлшері көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет