«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Бизнес-жоспардың қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарттары



бет73/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Бизнес-жоспардың қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарттары

Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.

Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады.

Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге қажет болатын барлық кезеңдер мен ресурстарды қамтиды.

Төменде бизнес-жоспардың пайдасына бірнеше дәлелдер келтіріледі:

  1. Сіздің бизнес-жоспарды жасау кезінде жұмсаған ой-пікіріңіз сізге немен айналысуды қаласаңыз соны тұтастай көруге және жекелеген аспектілерге назар салмауға мүмкіндік береді. Егер ұшқыш өз ұшағында жанар-жағар майдың бар-жоғын тексермей ұшса, онда айтарлықтай қайғылы салдар күтуге болады. Сондықтан ол әрбір ұшудың алдында нені тексеру керек екендігі белгіленген «тізімді» пайдаланады.

  2. Ұқсас түрде «бизнес әлеміне ұшуға» аттанар алдында, ешқандай жағдайда көзден таса қалмауы тиісті күдікті жерлердің тексерілуі қажет.

  3. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік ойды немесе дамып келе жатқан істің табысқа жету мүмкіндіктерін жақсырақ бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар жақсы орындалған болса, онда ол сіздің осы ойдың жүзеге асу мүмкіндігіне жасаған зерттеуіңіздің көрінісін береді.

  4. Бизнес-жоспар сондай-ақ, істің өзін дұрыс жүргізуге
    көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз
    басқару, машинаны бір отвертканың көмегімен ғана жөндеуді
    қалаумен бірдей. Жоспардың өзі осы машинаны жөндеуге
    көмектесетін қосымша құрал болып табылады.

  5. Қандай болса да бизнес-жоспарға ие болу, жоқтан жақсы.

  6. Сіздің бизнес-жоспарыңыз бизнес-ойларыңызды фирма-дан тыс тұлғаларға беруге, қажет болғанда қаржы алуға немесе бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.

Банкирлер, инвесторлар және потенциалды серіктестер мыналарды білуді қалайды:

  • сізге қанша ақша қажет;

  • сізге олар қай уақытта қажет болады;

  • сізге олар не үшін қажет;

  • сіздің оларды қайтарып беруге жағдайыңыз болады ма
    және қашан.

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап беруі қажет.

  1. Болып жатқан оқиғаларға әсерлену қағидасы бойынша жүзеге асырылатын істерге қарағанда, бизнес-
    жоспар негізінде жүзеге асырылатын істердің табыстылыққа
    жету мүмкіншілігі молырақ.

  2. Сіз жаңа іс бастасаңыз немесе қазіргі бизнесті дамытатын болсаңыз, бизнес-жоспар сізге негізгі бағытты ұстануға көмектеседі және жеңіл-желпі, әрі алаңдататын детальдарға салынудан сақтайды.

Бір ойға ерекше көңіл аударғымыз келеді: табысты бизнес-жоспар жасау аса қиын емес.

Біріншіден, сіз қай деңгейде тұрсыз және айталық, 5 жылдан кейін қай деңгейге жетуді қалайтындығыңызды анықтап алу керек. Осыдан кейін барып оған жету үшін бизнес-жоспар жасаңыз.

Бизнес-жоспар картаға ұқсас. Егер сіз, мысалыға, Алматы қаласында болсаңыз және Астана қаласына дейін барғыңыз келсе, сіз бағытты таңдауыңыз, сапар детальдарын анықтауыңыз, өзіңізбен бірге сапар үшін барлық қажеттілерді және де сізде уақыт, ақша жеткіліктілігін және көлігіңіздің жағдайының дұрыс екендігін тексеруіңіз қажет. Жолда қандай да болмасын кедергілер пайда болған жағдайда сізге осы карта көмектеседі.

Бизнес-жоспарды жасау кезінде екі кезең бар:

А. Ақпараттар жинау.

Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу қажет.

Сіз мыналарды білуіңіз қажет:

  • Қызмет – сіз не істеп жатырсыз немесе не істегіңіз
    келеді, соны нақты анықтау қажет.

  • Нарық – сіздің тұтынушыларыңыз кімдер, олар қай
    жерде және нені қалайды, сіздің бәсекелестеріңіз кімдер және т.б.

  • Қаржы – сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттілік-терін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?

Қолыңызда жеткілікті мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы мәліметтердің және т.б. жоқ болуынан қорықпаңыз.

Сіз өзіңізге қатысты қызметтің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып табыласыз. Сіздің кез келген қосымша ақпаратты қарапайым жолмен табуыңыз өте маңызды.

В. Ақпараттарды жөнге келтіру.

Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Сіз серіктеріңізге, оларды көндіру үшін өз білетініңізді қалай жеткізетіндігіңіз аса маңызды болып табылады. Жоспар бәрін тегіс қамти алатын және қысқа болуы керек.

  • Қарапайым және түсінікті тілді пайдаланып көріңіз.

  • Өзіңіздің ойыңызды белгілі мәселелерді баяндайтын
    нақты бөлімдермен ретке келтіріңіз.

  • Негізгі текстің оқырмандардың оқуына жеңіл болуы
    үшін техникалық бөлшектер мен қосымша материалдарды қосымшада көрсетіңіз.

Сіздің жоспарыңыз жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы, ол жасалған мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер сіз шағын дүкен ашқыңыз келсе, онда сіздің жоспарыңыз компьютер өндіріп және оларды халықаралық нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші жағдай бойынша айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын.

Сондай-ақ, егер сіз банкіден несие алу үшін өз жоспарыңызды пайдалансаңыз, онда сіз оған фирма жөнінде, басшылық және т.б. жөнінде мәліметтер беруіңіз керек. Егер сіз өз жоспарыңызды фирманы басқарудың ішкі құралы ретінде пайдалансаңыз, бұл мәліметтер сіз үшін аса тиімді емес. Сондықтан бизнес-жоспарды дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ.

Бизнес-жоспарының құрылымы:

  • Титулдық бет

  • Мазмұны

  • Қысқаша баяндама

  • Бизнес сипаттамасы

  • Нарық

  • Ұйымдастыру және басқару

  • Қаржылық жоспарлар

  • Қосымша.

Концентрациялық қажеттілігіне ерекше көңіл аударғымыз келеді. Істі жақсы жүргізу үшін мәні бар, нақты мақсаттарға ие болу керек және оларға жету үшін барлық күштерді топтау қажет.

Айтылғанның пайдасына қарапайым бір мысал: егер далада күн шығып тұрса және сіздің қолыңызда үлкейткіш шыны болса, онда сіз оның көмегімен кішкене қағазды оңай жандыра аласыз. Күн сіз туралы және сіздің ойыңыз туралы ештеңе білмейді және оның сәулелері сіздікі емес. Бұған қарамастан, сіз оның энергиясын пайдалана отырып, өз мақсаттарыңызға жетесіз. Айналып келгенде, бәрі сіздің айналаңызда, сізге пайдалы не бар, соған назар салуға келіп тіреледі. Сол сияқты істе де ешкім белгілі бір кезеңде барлық қажетті ресурстарға ие бола алмайды. Істе табысқа жетудің сыры, барлық мүмкін ресурстар мен күштерді қол жеткізейін деп отырған нысанаға жұмылдыруда. Күштерді өз бизнесіңіздің ең маңызды жақтарына топтау үшін келесі түрдегі іс-әрекеттерді жасау керек:

  • Өз жоспарыңызды 12-15 бетке + қосымша жазып, оны 20 минуттан аз уақыт ішінде айтып жеткізуге тырысып көріңіз.

  • Сіз оны жазып болғаннан кейін, мүмкіндігінше қысқа және де 3-5 беттен аспайтын, 5 минут ішінде жеткізуге болатын жоспардың негізгі мәселесі бойынша қысқаша мазмұн түріндегі аннотациясын жазыңыз.

Бұдан кейін өзіңіздің көңіліңізді ұсынып отырған бизнестің мәніне, келесідей түрде басты мақсат етіп алып көңіл аударыңыз: сіздің осы бизнеспен не үшін айналысайын деп жатқаныңызды білдіретін бір немесе бірнеше сөйлем ретінде. Дәл осы негізгі мақсат сізге орталық нүкте ретінде қызмет етеді.

Негізгі мақсат сіз үшін айтарлықтай маңызға айналады, егер сізді түнгі сағат 3-те оятып, сізден аталмыш бизнес бойынша негізгі мотивтеріңізді сұраса, сіз бірден жауап бере алатын жағдайда болуыңыз керек.

Бизнес-жоспардың жасалуы өз алдына бір мақсат емес екендігін айта кету маңызды деп есептейміз. Оны жасағаннан кейін іс жүзінде жүзеге асыру анағұрлым маңыздырақ. Сонда барып жоспар тек жай қағаз емес, ал кәсіпкерлік қызметті басқаруға болатын құжат болады. Тағы бір маңызды нәрсе бизнес-жоспар алдын ала болжамдалған және әлдеқашан пайда болған өзгерістермен тұрақты сәйкестендіріліп отырылуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін атқарылған жұмыстарды бағалаңыз және күтілген нәтижемен салыстырыңыз, ауытқулардың себептерін анықтаңыз, орындалмаған жұмыстарды жеңілдету жолдарын табуға тырысыңыз және сіз өзіңіздің басты әрі негізгі мақсаттарыңызға жету үшін жоспарды пайда болған өзгерістерге сәйкес келетіндей етіп қайта түзетіңіз. Сөйтіп, жоспарды пайдалану логикасы келесідей көріністе болуы керек:

Бизнес-жоспар нені қамтуы қажет және оны қалай жасау керек деген мәселелер осы бөлімнің талқыланатын пәні болып табылады. Біз атап өткендей, бизнес-жоспарды жасаудың бірыңғай ережесі жоқ, әрбір жоспар ол өзі дайындалған мақсаттарға және өзі сипаттап отырған бизнес-жоспарға сәйкес келуі керек. Кез келген бизнес-жоспар оның авторының жеке белгілерін қамтиды. Төменде біз бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс негізгі бөлімдерге тоқталамыз:

-Бизнес (фирма, қызмет ету саласы, мақсаттары)

-Нарық (тұтынушылар, тауар/қызмет, нарық сегменті, бәсекелестер)

-Басшылық (құрылымы, басшылық, қызметтер) 

-Қаржылар (кірістер, шығыстар, қайнар көздер және қорларды пайдалану, қаржылық болжамдар).

Бірнеше сұраққа жауап беру бизнес-жоспарды жасаудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бизнес-жоспардың әрбір бөлімі қамтуы тиіс және жауабы табылуы қажет детальдардың анықтап алайық.

Бизнес-жоспардың маңызды элементтері:

- Бизнестің қысқаша сипаттамасы;

- Өнімнің/қызмет көрсетудің және олардың ерекшелік-терінің қысқаша сипаттамасы;

- Сіздің сегментіңіздің қысқаша сипаттамасы;

- Басқарушы команданың қысқаша көрінісі;

- Болашақ кезеңдердегі болжанған қаржылық нәтижелердің мазмұны;

- Сіздің бизнесіңіздің негізгі және ерекше мақсаттары.

Жоспардың қысқаша мазмұны осы жоспардың жай резюмесі болып табылмайтынын атап өткіміз келеді. Ол жоспардың аса маңызды және шешуші элементтерінен тұрады.

Сіз бизнес-жоспарыңызды танысуға берген адамыңыз, көлемді құжатты оқып, уақытын жоғалтуға бейім емес. Егер сіз өз материалдарыңызды түсінікті және қызықты түрде көрсете алсаңыз, онда сіз олардың уақытын үнемдеуге және өз жобаңызға олардың назарын аударуға мүмкіндігіңіз мол болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет