Экономикалық теория пәні және әдістері



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі52,46 Kb.
#94930
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.тақырып. Экономика теориясының пәні мен әдістері

2.Экономиканың зерттеу пәні ретінде.
«Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда, олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармаларпайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.» [9]
«Экономистердің барлығынан – ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғылымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады: олардың көздеген мақсаттары – қоғам байлығын өсу жолдарын зерттеу. Мәселен, меркантилистер экономика ғылымының зерттеу объектісі ретінде елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) қорлануы және сыртқы саудамен байланысты тауар мен ақша айналыс процесстерін қарастыру. Классикалық мектептің өкілдері экономикалық теорияны байлық туралы ғылым ретінде және сол байлықты көбейту жолдарын қарастырды, ал марксизмнің классиктері әр түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы материалдық игіліктерді иемдену, айырбастау және бөлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған.
Қазірде кейбір теориялық нарықтық экономика жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану әдістерін зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның пәні ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру процессіндегі адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады. Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адамдардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас, және тұтыну процестерінде пада болатын экономикалық қатынастарды зерттейді.»[10]
«Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.» [11]
«Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.» [12]
«Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады.
К. Марксың пайымдауынша, саяси экономика заттарды, материалдық игіліктерді емес (оны ғылымдыр шешеді), адамдар арасындағы өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К. Маркстың «Саяси экономикаға сын» (1859ж.) еңбегіне Ф. Энгельс комментарий жасап, былай деген: «Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-әрекетін қарастырады», бірақ «бұл қатынастар затпен байланыстары және заттар арқылы байқалады».
П. Самуэльсон: «экономикалық теория пәнінің ешқандай анықтамасы дәл болуы мүмкін емес, тіпті олай болудың қажеті де жоқ» — дейді. Оған қарамастан П. Самуэльсон өзінің пәнге деген қорытынды анықтамасын берді.
«Экономикалық теория қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым». Сонымен , экономикалық теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс фазаларында (өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну) қалыптасады.» [13]
«Экономикалық теорияның пәнін анықтаудағы екінші көзқарас батыстық экономикалық ойларға тән болады, оның қазіргі заманғы бейнесі экономикс болып саналады. «Экономикс» терминін ғылым айналымына енгізген және сипаттаған А.Маршалл. Ол «экономиксті» — экономиканы қолданбалы түрде оқып – зерттеп, соның негізінде экономикалық саясатта қолданылатын тәжірибелік ұсыныстарды құрастыратын экономикалық ғылым деп түсінеді.
Экономикс пәнінің мазмұнын келесі тұжымдамалармен ашып көрсетуге болады:
1.Экономикстің пәні болып шаруашылық қатынастары, яғни шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру барысындағы қатынастар саналады. Ал, бұлар адамдардың өздеріне байланысты болғандықтан, экономикс шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеттерінің, марапаттарын ынталандырушы мотивтерін оқып зерттейді
2.Экономикстің негізгі болжамды принциптері болып 2 фактор саналады.
а) Адамдардың материалдық қажеттіктерін шексіз және қанағатсыз;
ә) Игіліктерді өңдіруге қажетті экономикалық ресурстар сирек және шектеулі.
Бұдан, экономиксті «адамның іс-әрекетін, оның мақсаттары мен балама пайдалану мүмкіндігі бар шектеулі қаражаттар арасындағы қатынастар тұрғысынан зерттейтін ғылым» ретінде (Л.Роббинсон), немесе «адамның материалдық қажеттіліктерін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыру мақсатында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым» (К.Р.Макконнелл, С.Л.Брю) ғылым деп анықтайды.
3.Экономикс екі бөлімнен тұрады: микро- және макроэкономика.
Микроэкономика – жеке шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттейді, олардың шешім қабылдау кезіндегі іс-әрекетін, тәртібін талдайды.
Макроэкономика – экономиканы біртұтас шаруашылық жүйесі түрінде оқып зерттейді. Бірақ бұл бөлімдердің арасында кедергілер жоқ: экономикстің көпшілік тақырыптары осы екеуінің де шеңберіне кіреді.
4.Экономиксті партиядан, класстан тыс ғылым деп көрсетеді, бірақ экономикстің көптеген оқулықтарының авторларының өздері экономикалық құбылыстарды сипаттау мен талдауда және экономикалық саясат үшін ұсыныстар жасауда әлеуметтік мәселелерді көңілден тыс қалдыруға болмайтындығын мойындайды. Қазіргі кезде экономикалық теорияның пәнін анықтау екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, маркстік көзқарас, оның мағынасын төмендегідей түрде түсіндіруге болады. Адамзат қоғамы өмірінің негізі болып материалдық игіліктер өндірісінің процессі саналады. Өндіріс қоғамдық және ұтымды мақсаттық сипатта болады және оның құрамына, бір жағынан адам мен табиғаттың өзара іс-әрекеті, ал екінші жағынан – адамдардың бір-бірімен өзара іс-әрекеті кіреді.
Адамдардың табиғатқа қатынасын қоғамның өндіргіш күштері сипаттайды. Олар адамның табиғат күштерінен үстемдігін, оның деңгейін көрсетеді және саяси экономияның пәні болып есептелмейді. Оларды жаратылыстану және техникалық ғылымдар зерттейді.» [14]
«Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.» [15]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет