Экономикалық теория пәні және әдістері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі52,46 Kb.
#94930
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.тақырып. Экономика теориясының пәні мен әдістері

Экономикалық заңдары және категориялары.

«Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеңес Одағында Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту.
Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану.»[21]
«Экономикасы тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес, ХХІ ғасырдың қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау максаты жүзеге асырылуда. Рынок экономикасына кешу бір дүркін қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендеген дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден- басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.
Әрине, біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай, алға қойған мақсатымыз қандай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ?- деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.
Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылығы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро- және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда, қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбек дегеніміз қүштің ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың міндеті.
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауга көмектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категория – коғамның экономикалық өмірінің неғұрлым ортақ және мәнді қырларын көрсететін логикалық түсініктер.» [22]
«Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.» [23]
«Экономикалық заңдар:

  1. Арнаулы

  2. Ерекше

  3. Жалпы болып бөлінеді.

Арнаулы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты, анықталған нысандарының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар – барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар.
Ерекше экономикалық заңдар – олардық қолданылу жағдайлары сақталатын тарихи дәуірлерге тән заңдар.» [24]
«Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды катынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар табиғат зандарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды
Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдың, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — өндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.»[25]
«Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін – өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген еңбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы материалданғанмен) материалдық игіліктерді, иемденудің тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар:
а) иемдену, иелік ету;
ә) материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;
б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, «меншік» иесіне табыс әкеледі деген сөз).
Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістің заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның өзі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организмін, яғни бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.
Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктық қатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады. Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көрнекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да біз жоғарыда атап өткен меншіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды. Бұл туралы алдағы тақырыптарда кеңірек тоқталатын боламыз.»[26]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет