Экотуризм дамуындағы экономикалық фактор



Дата26.05.2020
өлшемі0,98 Mb.
#71167
Байланысты:
инабат презентация

Экотуризм дамуындағы экономикалық фактор

Орындаған: Жақсылық Инабат

Тексерген: Әкімбек жанаргүл

Экологиялық туризм дегеніміз не?

  • Экологиялық туризм (фр. tourisme, фр. tour— сейілдеу, сапар) — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажетсінулер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажетсінулерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы. Экологиялық тұрғыдағы корнекті орындарды ұлттық саябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау проблемалары неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, "жасылдар" қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу, аралап қору қоса жоспарланған саяхат болып табылады. Оған экологиялық білім беру және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.

Экологиялық фактор - экологиялық өсу

  • Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың  көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
  • Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Өлшеу тәсілдері

  • Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
  • 1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  • 2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Әлеуметтік – экономикалық көзқарас

  • Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы Экологиялық туризмнің Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы – тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады. 

Экономикалық көзқарас

  • Экологиялық туризмге экономикалық көзқараспен қарасақ, экологиялық бағыттарға жақын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар экологиялық туризмнен күн көретіндей пацда табуы мүмкін, жекелеген туристер мен туристік топтарды күзету арқылы, туристерді қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы, сонымен бірге үйлерді жалға беру арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризмді экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады, шетелдік туристерді, шетелдік ақшаның белгілі бір мөлшерін елге кіргізу арқылы мемлекетке үлкен кіріс кіргізуге болады. 

Қорытындыласақ

  • Қорытындылай келсек, экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен бірге, экологиялық туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың сақталуымен тығыз байланысты болуы шарт. Сонымен қатар ынталы түрде табиғатты қорғау үшін бұл пайда белгілі мөлшерде бөлініп және пайдаланып отыруы тиіс. Егер табыс шағын ортада дұрыс бөлінбесе, тұрғылықты тұрғындарда қорғалатын аумақтың ресурсын рациональды түрде қолдану ынтасы болмайды. Сол себепті экологиялық уризмнің мүмкіншілігі толық табиғи ортаның жағдайына байланысты.  Көптеген мемлекеттерде туристерді қызықтыратын ерекше табиғи аумақтар ауылшаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуда. Әр жыл сайын ..........

Суреттер сөйлейді

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет