Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы


Үйірме сабақтарын ұйымдастыру



бет8/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53
Дүниежүзі тарихы 72сағ, 73639, 1617256426, 1617256426
Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, пәнге қызығушылығы бар оқушыларды бөліп алу керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, содан соң үйірме мүшелеріне тапсрмаларды дұрыс бөліп беруін мүмкіндік береді.
Үйірме мүшелерінің саны 12 – 15-тен артық болмауы тиіс.[20]
Үйірме жұмыстарының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына және басқада бірқатар факторларға байланысты.
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен творчествоны қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі керек. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.
Үйірме жұмысының жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты. Сол себептен әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтижесін үйірме жұмысында жан – жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір –екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн.
Негізінде теория мен практиканың тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйрме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен практиканың байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы,үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйрме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалалармен үйірме мшелерін таныстырып отыру пайдалы. [12]
Теориялық бағыттағы үйрмелерде теория мен практиканың байланысы баяндамаға қоса көрнекті құралдар демнстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушылар өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге қолдана алса, онда оның физикаға және творчестволық жұмысқа деген қызығушылығы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет