Әл-Фараби атындағы Қазақ



Дата25.12.2016
өлшемі133,75 Kb.
#4451
Әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық

факультетінің аға оқытушысы

Наралиева Рахила Турсыновна

Қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің қолдану аясы мен прагмастилистикалық қызметі


Қазақ респондентіне шығыстың сөйлеу мәдениетінің мәнері – теңеп сөйлеу тән болып келеді. Паремия шығыс мәдениетінің өзіндік (феноменін) ерекшелігін түсіндіреді, ашық айтпай, мегзеп айту, осы шығыс мәдениеті, сөйлеу әдебі қазақ жастарының сөйленіміне де тән. Қазақ тілінің әдеби, лексика – фразеологиялық, терминдік, синонимдік, аймақтық тілдік нормалары жан-жақты әрі бай [1, 5]. Тілімізде ойымызды бейнелі, сөзімізді айшықты, сұлу да әсерлі жеткізудің жолы көп, сан түрлі. Теңеу де – ойды көркемдеп, жеткізу амал-тәсілдерінің бірі. Теңеу бір затты екінші затқа былай отыра бейнелілік, көркемдік тудыратын стильдік тәсіл, лебізде стильдік қызметі де ерекше. Жігіт сөзі - тек жас ер адам ғана қатысты атау емес, сонымен қатар ержүректілікті білдіреді. Жігіт сөзі ержүрек, нағыз азамат мағынасында тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде «джигит, жигит» сөздері осы ұғымда ер адамдарға қатысты қаратпаның функциясын атқарады. Сонымен қатар сөйлеу тілінде гендерлік стереотипте мәдени мұра ретінде танылады. «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығарушыға жарағанымен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз,» - деп А.Байтұрсынов атап көрсеткендей, теңеу бір нәрсені екінші затқа ұқсату, оларды өзара салыстыру нәтижесінде тілдік қолданыста жасалып, сипатталып тұрған заттың бейнелілігін, көркемдік сапасын, эмотивті-экспрессивті қасиетін, стильдік мәнін арттыра түседі. Теңеу екі түрлі: 1. Әншейін теңеу, 2. Әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер – әдейі теңеу [2,157]. Әкемдей қамқоршы болған ағашым, әкесіне ұқсаған құлыным, әкесінен аумай қалған құлыншағым-ау, әкесінің аузынан түскендей деген теңеулер қаратпа арналған адам мен лебіз иесінің арасындағы қарым-қатынасын, туытық жақындығын көрсетеді.

Керілген кер маралдай кербез сұлу,

Қиын ғой сұлулықтың сырын білу. (И.Байзақов). «Қанатым едің, арыстандай арысым едің, не жазығым бар еді?»,- деп, өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл қалды. (М.Әуезов).Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылысу түрлері аз емес. Олардан теңеудің айырмасы – мұнда салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырғаны анық болады. Мұны сөйлеу тілінде қолданылатын қарапайым теңеулерден аңғаруға болады. Мысалы, басы қазандай (болып), жүрегім аттай тулап, т.б. поэзиядағы теңеудің айырмасы, онда тек белгісіз нәрсені белгілі, қарапайым нәрсемен салыстыру арқылы түсіндіру мақсаты қойылмайды. Айтылып отырған нәрсені көркемдеп сипаттау, ұқсастықты көре білу арқылы ойды өткір, әсерлі етіп жеткізу жағы басым болады. Әдетте, теңеу туралы сөз болғанда, салыстыру үшін не нәрсе алынады, қандай нәрсемен салыстырылады, соған көп мән береді [2, 323].

Сиырға теңеу – жағымсыз мәнде қолданады.

Өгізге – жағымды қара күш иесі дегенді білдіреді.

Доңызға – жағымсыз мәнде жұмсалады.

Жылқыға теңеу көбінесе жағымды мағынады қолданады. Жылқының төлі – құлынға теңеп қазақ баласын айналып-толғанған кезде «құлыным», «құлыншағым», «құлдыраңдаған құлыным менің» деп айтады. Алайда жағымсыз мәнде қолдану жағдайы да ұшырасады, азбан айғырға, арық жылқыға теңеп айту лебіз иесінің адресатты менсінбеуін, кемсітуін, жақтырмағанын білдіреді. Мысалы,

Жылқының арығындай арғын кедей,

Тойған соң, мас боласың ішіп–жемей (Айтыс).

Теңеуде сипатталушы нәрсенің ерекше белгі емес, суреттелетін нәрсенің айрықша белгісі көрсетіліп салыстырылады да, заттардың, нәрселердің өзара қатыстық деңгейін айқандап көрсету арқылы сипатталушының қасиеті танылады. Осы жыр жолдарындағы қаратпа сөзге қарап, лебіздің арғынға, жайға ғана емес кедей арғынға, жылқының арығындай болған тұрмысы төмен, күйі жоқ арғынға арналғанын сонымен қатар жыр иесі адресаттың кедейлігін жылқының арғынға теңеу арқылы айтыста қарсыласын мұқатып, әу дегенде–ақ қаратпа сөз арқылы тұқыртып алмақшы мақсатын аңғарамыз.

«Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды–экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы.» [3,7].

Қаратпа сөз ретінде жұмсалатын теңеулер де халқымыздың поэтикалық ұлттық ерекшелігін, ұлттық дүниетанымын бейнелеп көрсетеді,

Құлпырған қызғалдақтай жасөспірім,

Қарашы Отанымның ұл мен қызына (Айтыс).

Лебіз иесі сөз арналған жанды қырдың қызыл гүлі қызғалдаққа теңеу арқылы жыр жолдарын айшықтай түскен. Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан. Ерте көктемде гүл ашып, жайқала өсіп жасыл дала көрік беретін қызғалдақ гүлін халқымыз ерекше бағалайды. Дала сұлулығының символы – қызғалдаққа теңеу тек жас адамдарға қатысты қолданылады, әсіресе қыз баласын «қонақ», «жат жұрттық» айрықша қастерлеген халқымыз «қызғалдақтай құлпырған», «қызғалдақтай жайнаған», «қыз–ғұмыр – қызғалдақ» деп әспеттей атайды. Бір затты екінші затқа теңеудің өзіндік ассоциациялық заңдылығы бар.

«Ассоциация бір нәрсені, бір құбылысты басқа нәрсемен, құбылыспен жақындастыру, байланыстыру, табиғи түрде адамның өмір құбылыстарын сезіну, зейінге алу, көркем ойлау процесінде жарық етіп елес беріп, бір сәтте көрініп қалатын сезім–әсерлер жалғастығы арқылы жасалады.» [72,57].

Бір затты екінші затқа теңеп айту адам санасында қорытылған ұқсастық негізінде жасалады, семантикалық айырмашылығы теңеуде, өзге троп түрлеріне қарағанда, ақиқат ұғымға сай болып келеді. Теңеу тура мағынасында қолданылып, сипатталушы нәрсенің образдылық, көркемдік қасиетін, эмоционалды–экспрессивтік сапасын күшейтіп бейнелеп көрсетеді.

Гүлдей еркем, күндей көркем

Келбетің тұр алдымда. (С.Мәуленов)

Бұршақ соққан жас егіндей құрдастар,

Бұрынғыдан сирек қапты–ау санымыз. (М.Әлім)

Теңеу – сипатталатын және оған салыстырылып суреттелетін заттардың ортақ қасиеттерінің негізінде жасалатын танымдық көріктеуіш тілдік құрал.

Бір затты екінші затпен салыстыра отырып, адам өзін қоршаған әлемді танып білумен қатар, ол туралы ой қорытады: олардың өзара ұқсас жақтары мен айырымдылық белгілері барын пайымдайды. Ғалымдар теңеулерді тұрақты және еркін (жеке авторлық) теңеулер деп қарастырып жүр. Ал сияқты, секілді, тәрізді, ғұрлы/құрлы септеулік шылаулардың көмегімен жасалған теңеулерді тұрақты теңеулерді қатарына жатқызып жүр.

Секілді жас жайлау жас құрбылар,

Шырқаңдар, шыққанша күн, тоқтамастан. (Б.Тәжібаев)

Теңеу басқа лингвистикалық категориялар мен единицалардан өзінің логикалық құрылымы, компаративтік семантикасы, стильдік функциясы және танымдық мүмкіндігі арқылы өзгешеленіп тұрады. Сонымен қатар теңеу тілдің барлық деңгейлерімен – фразеологиясымен де, сөз тудыру жүйесімен де, синтаксисімен де – тікелей қарым–қатынаста өмір сүреді,

Дүлдүлдей қызыл тілім, сөйлер шағың

Парықтай тауып сөйлер сөздің табын. (Айтыс).

Жалпы теңеу тілдің барлық лексикалық қабаттарымен тығыз қарым–қатынаста болатыны секілді қаратпа теңеулер де тілдің барлық деңгейлік қабаттарымен тығыз байланыста болады да, өзінің компаративтік мағынасы мен компаративтік функциясын, прагматикалық мақсатын, стильдік мәні мен қызметін тілдік қабаттардың септігімен сөйленімдік қолданысқа тілдік қатысымға түсіріп жүзеге асыратын көп деңгейлі күрделі тілдік құбылыс болып табылады, ежелден келе жатқан рудимент (жәдігер) болып табылатын көне түркі тіліндегі тіркестер «зат есім+сын есім» типті теңеулер болған антропонимдік атаулар да кездеседі: Алтынсары, Айсұлу, Таңжарық секілді теңеулер кісі есімдері ретінде қолданса, ал Шойқара, Шойынқара, Жалақсары, т.б. тіркестер жағымсыз лақап ат ретінде қолданылып, қаратпа қызметін атқарады. Көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда эллипсистік тәсіл арқылы ықшамдалған жасырын теңеулер: орақ тұмсық, оймақ ауыз, күлім көз, ай қабақ сияқты қаратпалар – адресанттың адресатқа көзқарасын, ішкі сезім иірімін білдіруде айрықша рөл атқаратын көркемдік тәсіл, тілдік құрал.

Мысалы:

Оймақ ауыз, күлім көз,

Қайдан болдым саған кез (Халық әні). Сөйлеуші біреуді қомсынғанда, кеміте сөйлегенде, қор тұту мәнінде қолданатын зат есім реңк мәнін тудыратын -сымақ жұрнағы түбірлер жалғану арқылы жасалатын бір элементті теңеулер де қаратпаның функциясын атқарып, қаратпа сөздердің қандай прагматикалық мақсатта жұмсалып тұрғанын аңғартады:

– Білгішсымақ, айта қойшы, жер бетінде қанша тіл бар?

Сонымен қатар тілдік қолданыста неме сөзі тіркестіре айтылған теңеу қаратпалар да лебіз иесінің адресатты менсінбейтінін білдіреді.



Жынынан айырылған бақсыдай болған неме. «Теңеу–метафора сияқты ойлау формаларының бірі, дүниені тану көзі. Теңеуге бейне болып қызмет атқаратын заттар мен құбылыстар өте көп. Олардың кейбіреулері теңеулер құрамында жиі кездессе, енді біреулері сирек ұшырасады. Бұл – заттар мен құбылыстардың халықтың материалдық және рухани өмірінде алатын» [69, 52-53]. Тілдік қатысым, тілдік тұлға тіліміздің қай саласында қолданыста болса да, қоғамдық өмірден, онда қалыптасқан нормадан, ұлттық дүниетанымымыздан тыс қызмет етпейді. Қаратпа сөздерде бұл коммуникативтік әрекеттің тілдік элементі ретінде бұл үдерістен тыс қалмайды. Тілдік қолданыстағы қаратпа сөздердің қай-қайсысы болмасын біздің қазақ халқының ұлттық мінезін, ұлттық дүниетанымын танытатын тілдік бірлік. Мысалы, кейде адамдардың бет-бейнесіне, түсіне қарай аппақ қыз, ақ жігіт немесе қара бала, еркелетіп алтынға, гауһарға балап айту да жиі кездеседі. Біздің қазақ халқының дүниетанымында заттың түрін, бояуыін білдіретін түстердің тілдік қолданыста алатын орны ерекше. Ақ түс – тазалық пен пәктің белгісі, ал қара түс тек қаралы жайттың, азалы күйдің символы ғана емес, ол ертеректе көшпенді тұрмыста адамның әлеуметтік мәртебесінің жоғары екендігін, яғни адамның қоғамдағы орнын, дәрежесін білдірген, көк пен қаракөк түстер де халқымыздың дүниетанымында ерекше маңызға ие болған бұл түстерді халқымыз қасиетті түс деп ардақтаған. Адамның асылын «қаракөк» деп әспеттейтін болған. Қаракөк түстің қазақ өмірінде үлкен мәнге ие болуының тамыры тарихтың терең қойнауында жатыр.көк Тәңіріге табынған көк түркінің бір ұрпағы қазақ халқы көк түсті асыл түске балаған. Оның уәжділігі, себебі тарихтың тереңінен тамыр алған ұлттық тотемдік түсінігімізде жатыр. 18 мың ғаламның бір бөлшегі болып табылатын адамның жан мен тәні қайдан келеді, адам әсілінде, затында неден жаралған, дүние қалай пайда болған шешімі жұмбақ мәселелерге жауап табудан туындаған түсінік. Жасаған ием жер бетіндегі жұмыр басты пенденің жаратқанда, оның игілігіне пайдалануға жер бетіндегі бар нәрсені берген., ал ізгілік пен жақсылықты адам бойына өзінің пиғылына қарай дарытады. Адалдық, әділеттілік, шындық, жеңімпаздық, ержүректік, асқақ өр мінезділік, батырлық, сұлу кербезділік, бір ауыздылық, адамгершілік, кіршіксіз пәк сезім – бәрі де көк сәулелі нұрдан бастау алады. Көк тәңіріге табынған бабаларымыздың пайымы бойынша, көк түркі тіршілігінің негізгі нышаны көк бөрі. Қазақты ұйытқы еткен түркі халықтарында жаңа туылған нәрестенің сол жақ жамбасында Көк Тәңірінің нұрынан тамған көк мөрдің табы бар. Жаңа туылған нәрестенің ит жейдесі жаға салынбай көк шүберектен тігіледі. Нәресте денесі қызып ауырғанда көк шүберекке орап ыстығын қайтарады. Жолаушы мен ұлықтың алдына бұйымтаймен барған кісі де жаңағы итжейдені қойындарына салып ала жүрсе, жолы болады, дейді. Қазақ егер тума нәрестесі ұл болса, оны қасқыр немесе бөрі дейді. Бүгінде қуыс үйге кірген нәрестені құр қол шығармай сыйлық беріп марапаттайды. Себебі: баланың бойындағы қасиет арқылы Көк Тәңірін сыйлағаны, шамынан сақтағаны, қаһарынан қорыққаны, текті нұрдан жаралған ғұн тәңірі қуатының перизаттары қаңлы атты және бір бауырын басқа бас қосылсын деп Көк тәңірден тілеп алған. Балаларына «күнім» деп аймалайтын қазақ сені мен туып едім деп бейберекет айтпайды [60, 37-38]. «Тәңірберген», «Құдайберген» деп есімдер береді, жас баланы «құдай бере салған» «тәңірім берген» деп еркелетіп аялайды, әрі жаратушы иеге алғысын білдіреді. Көк Тәңіріге табынған, көк бөріні кие тұтқан көк түркінің бір ұрпағы тәңірісін ұмытпаған қазақ халқы киелі бөрісін әлі пір тұтады. Ерекше көзге түскен ер азаматын «бөрі» деп атап қолпаштайды.

«Асына тайпасы мен үйсіндерді тым ертедегі қандастықты жаңғыртып, бір-біріне кісінестірген де көк бөрі сенімі» [60, 40]. Қазіргі кезде де қазақ өмірінде көк бөріні пір тұту, көк түсті, қаракөк түсті киелі түс санау үрдісі өз маңызын жоғалтпаған. Осы заманда да Ұлы Жүздің негізін құрайтын үйсіндерде көк түсті киелі түске балау дәстүрі сақталған. Ерекше қадір тұтқан адамын – ер азаматты ол адамның қаракөгі деп атайды. Мысалы, Ұлы жүз үйсінде - Дулаттың төрт баласы ішінен жаны жайсаң деп Жаныс руын ерекше дәріптейді. Атақты Төле би шыққан жаныс руын өзге руластары ерекше дәріптеп «Қаракөк Жаныс» деп құрметтейді. Қаракөк, көк түсі әлемдік мәдени-танымдық болмыста да айрықша мәнге ие. Мысалы ерекше зейінді балаларды әлемдік ғылымда «индиго» балалар, яғни «көк» балалар деп атайды. Сонымен қатар Ежелгі Мысыр дәуірде қаракөк түсті киімді ел билеген елбасылары киген. Қаракөк түс парасаттылық пен абырой-беделдің белгісі ретінде қабылданған. Ал өздерін Көк Тәңірі көктен жіберген деп санаған көк түркі халқы үшін, түркі тілдес халықтардың қыпшақ тармағынан тарайтын қазақ үшін көк, қаракөк түс киелі түс болып саналады.

«Түркі ру-тайпалары тізе қосып құрған көк түрік хандығы дәуірінде патшалықтың тұғырнамасында бөрі басы түсірілген көк жалауды мемлекет байрағы етіп белгілеуі, орданы қорғайтын қарауылшыларды «бөрі» деп атауы, әскери жаттығуда «дербес бөрі жасақтан» өтуді міндетті түрде белгілеуі, міне, соның бәрі де жай әңгіме емес екендігін аңғартады» [3, 40].

Халқымызда ертеректе елін қорғаған батырларын «бөрі» деп атаса, қазіргі кезде де жүректі ер азаматты «бөріге» балау үрдісі кездеседі. Батыл ер кісіге «бөрі» атауын қаратпа ретінде пайдалану дәстүрі әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған үрдіс. Ер кісілер бір-біріне риза болғанда «Жарайсың, бөрім» деп айтып жатады. Алайда осы бөрі сөзін осы күндері орыстың «молодец» сөзі ығыстыра бастады. Тілдік қолданыста, әсіресе, жастар бір-біріне «бөрі» сөзінен гөрі мадақтап, қаратпа ретінде «молодец» сөзін жиі қолданады.

Халқымыздың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық болмысының, ұлттық мінезінің, тірлік тынысының, дүниетанымының айнасы. Ұлттық дүниетанымымыз мәдениетіміздің қай саласында болмасын айшықталып айқын көрінеді. Мысалы, біздің халықта бір адамды жақсы көріп айналып толғанғанда алтынға балап жатады. Алтын сөзінің тәуелденген тұлғасы қаратпа сөз ретінде де жұмсалабереді. Алтыным, жан балам, біз сенің тілеушіңбіз (ауызекі сөйлеу стилі). Алтын – реальді шындық болмыста бар қымбат, түсті металл. Тіліміздегі алтын тақ, алтын жаға, алтын белбеу, алтынды ер тіркестеріне қарасақ, алтын – байлықтың, биліктің белгісі екенін байқаймыз, яғни алтын тілдік қолданыста тек қымбат металдың атауы ғана емес, қоғамда маңызы зор, сондай-ақ адамдар қатынасында белгілі бір әлеуметтік мәртебені танытатын сөз-символ. [4, 148].

Тілімізде жақсы көрген адамын алтынға балап айтумен қатар, алтын балам, алтын қызым деп зат есіммен зат есім тіркесіп айтылатын изафетті тіркес түрінде келіп, қаратпаның қызметін атқара береді. Алтын бала, алтын қыз секілді изафетті тіркес түрінде келетін тұрақты метафоралық эпитеттерді қаратпа сөздердің орнына қолдану – қалыпты тілдік құбылыс. Метафоралық эпитет тіркескен сыңарының айрықша белгісін айқындау мақсатында жұмсалады да, өзі тіркескен сөздің негізгі қасиетін, белгісін айқындап көрсетуі арқылы қатысымдық лексикада, көркем әдебиетте кейіпкер бейнесін сомдауда ерекше қызмет атқарады. Заттың айқын белгісін, сынын суреттеу арқылы оған бағалауыштық мән беріледі. Алтын балам деген тіркестегі алтын сөзі оның сары түсті асыл металл ретіндегі негізгі қасиетін сипаттайтын тілдік код емес, қымбат металл ретінде бағалап, оны тұтынатын әлеуметтік топтың өзге қазба байлықтардан: күмістен, темірден, қалайыдан гөрі оны жарқылдақ асыл металл ретінде жоғары мәртебеге ие екендігіне байланысты туындайтын әлеуметтік кодтық мәні ескеріліп, алтын сөзі атауыштық емес, рәміздік, бейнелілік мәніне қатысты жұмсалып тұр.қоғамдық ортада алтын – байлық, қымбат қазына деген әлеуметтік тілдік код қалыптасқан. Себебі оған екінің бірі қол жеткізе алмайды, сондықтан тіпдікқатысымда коммуниканттар өзіне аяулы жанды ең асыл металдардың біріне балап «алтыным» деп жатуы – заңды құбылыс.

Халқымызда жақсы көріп қастерлеген жандарын «періштем» деп аялай еркелете айту үрдісі де күнделікті тілдік қатысымда жиі ұшырасатын жайт. Періште сөзі - діни түсінікке қатысты атау. Дегенмен де сүйікті адамын періште деп айту халқымыздың діни ұғымына қатысты қолданбайды. Бұл сөз періштедей, пәк ары-жаны таза адам деген мағынада қолданылады, періште сөзінің нақты стильдік мәні сөйлеушінің сөзді қолдану мәнері тікелей қатысты болады. Себебі періште сөзі көбінесе пәктің рәмізі, нышаны ретінде қолданғанмен, кейде «періште, періштесымақ» сөздерін сөйлеуші кекесінмен айтуы да мүмкін. Сондықтанда періште сөзінің қаратпа қызметінде жұмсалғанда, тілдік қатысымдағы оның прагмастилистикалық функциясы коммуниканттық актіге қатысты, лебіз иесінің интенциясына қатысты анықталып, прагматикалық мәні айқындала түседі Қазақтың ислами танымында Періште – Жаратушы мен оның құлы – адам арасын байланыстырушы, Алланың адал қызметшілері. Алланың ақ жолынан ешқашан таймайтын, күнәлі іс істемейтін, керісінше Алланың құлы адамдарды күнәдан сақтандырушы. Періште - көзге көрінбейтін мифтік кейіпкер, оның орны – жоғарғы әлем. «Адам – Тіл – Әлем» үштаған аралық байланыста періште тіл иесінің діни-мифтік танымына қарай жетелейтін космологиялық код қызметін атқарушы тілдік тетік [5, 110].

Сөз өнерінде, әсіресе жазба тілде әрбір орынды қолдана білу, сөзге жан беріп ойната білу - бұл жазушы шеберлігіне байланысты. Орынды қолданылған әрбір сөз шығарманың көркемдігін арттыра түсумен қатар, суреттеліп отырған ақиқаттың болмысын да, шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін сан қырынан айқындап, ашып көрсетеді.

«...Жазушы осылай, оғаштау айтылған сөздерге белгілі мән береді. Қазақ сүйгенін шұнағым дейді ғой, сол әдетке лайық Артықбай Сәдір батырды бар пейіл-ықыласымен қуана қарсы ала отырып:

- Батырым-ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де көретін күн бар екен-ау! Сен ит он бес жыл бойы ат ізін бір салмай кеттің! – дейді. Тағы бірде:

- «Ит-ау, қайда жүрдің, қайда жоғалып кеттің? – дейді.

...Осындайлар да жазушының өзіндік сөз қолданысы болып көрінеді. [6, 120].

Тілдің практикалық қолданыстағы ауызекі сөйлеу стилінен гөрі әдеби көркем стильде тіліміздің эстетикалық, поэтикалық нақышы басым болады. «Общая образность и художественная неповторимость литературного произведения воспринимаются через призму поэтического языка» [7, 356]. Себебі ауызекі сөйлеу тілінің негізгі қызметі – коммуникативтік функция болса, ал көркем стиль тілдің айшықты көркемдік құралдарын: тілдің құрылымдық, фонетикалық лексика-семантикалық, бейнелі-семантикалық қабаттарын) пайдалану арқылы ақиқат шындықты, көркем болмысты көркем тілмен жеткізеді. нықталып, прагматикалық мәні айқындала түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Сағидоллақызы Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны. Алматы, 2003. 148-б.

2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: Ғылым, 1984. 62, 63-б.

3. Е.Қажыбек Тіл мәйегі-сөздікте. Тұрақты теңеулер сөздігі, 5-бет.

4. Новиков Л.А. Поэтический язык//Русский язык. Энциклопедия/гл.ред. Караулов Ю.Н. – Москва: Большая Российская энциклопедия, Дрофа, 1998. – 356-с.

5.Исаева Ж.И. Паремиялар бойындағы кодтар тоғысы. «Тіл және жаһандану: бүгін мен болашағы» конференция материалдары. - Алматы, - 2008. 110-б.



6. Есинбаева Ж.У. Ғылыми-көпшілік стиль және оның дискурспен арақатынасы.// «Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы». – Алматы, 2008, 90-б.

7. Рамазанұлы Т. «Жат сөздер тілдің шырқын бұзады...» //Ана тілі, 2010 – 4-б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет