Сабақ жоспары
Пәні: Математика
Сынып: 1 «в»
Тақырыбы: «Тура және тура емес теңдіктер»
Мақсаты: Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс.
Көрнекілігі:карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Теңдік, теңдеу,теңсіздіктің ережелерін сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
Бүгінгі сабақта балалар біз тура және тура емес теңдіктермен
танысамыз.
Ереже:
Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік түрінде жазуға болады.
Тура және тура емес теңдіктер болады. Мысалы,
5 – 3 = 4 – 2 – бұл тура теңдік; 6 + 4 = 2 + 7 – бұл тура емес теңдік.
Тура және тура емес теңдіктердің айырмашылығын түсіндіру.
-
Тапсырма. Суреттерге қарап теңдіктерді салыстыру.
Саябақта
Әр топта неше бала бар? Санды өрнектерді салыстыр.
Тура және тура емес теңдіктерді ата.
а) 1+4<3+4
ә) 5-2<7-3
б) 5-3=7-5
Шығарып көр
Балалардың жұмысын тексер. Сен неше тура емес теңдік таптың?
Қателерін түзе.
19-11=18-10
90-30=80-20
15-3=16-4
10+4=18-4
Орындап көр
Сары түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр. Көк түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр. Жолдардың ұзындығын салыстыр. Не шықты: теңдік пе? Әлде теңсіздік пе?
20+20+20+20 < 30+30+30 – теңсіздік.
Ойлан
Есептемей-ақ салыстыр.
Берілген санды өрнектерді қандай тәсілмен салыстыруға болады?
1+2+3 < 1+2+4 10+20+40 < 10+20+50
IV.Сергіту сәті. «Бала, бала, балақан»
V. Топтық жұмыс.Карточкалар
VI.Дәптермен жұмыс.
VII.Қорытынды.
-
Тура теңдік дегеніміз не?
-
Тура емес теңдік дегеніміз не?
VIII.Үйге тапсырма. Дәптермен жұмыс 26-жұмыс парағы.
Достарыңызбен бөлісу: |