Әл-фарабидің педагогикалық-психологиялық КӨЗҚарастары мазмұны кіріспе



бет3/21
Дата07.02.2022
өлшемі459 Kb.
#87347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
К І Р І С П Е


Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған./1/  Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
Қоғамды гуманитарландыру жиырма бірінші ғасыр бастамасындағы өркениетті дамудың талабы.Гуманитарландырудың талабы, басты міндеті- тәрбие,білім беру,оқу-ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады. Сондықтан Әл-Фарабидің мұрасындағы гуманизмді зерттеу қазіргі заман талабындағы көкейкесті мәселе.
Әбунасыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алады.Одан соң Хорасанға барады.Кейінірек білімін толықтыру мақсатымен сол кездегі мәдени орталық Бағдатқа кетеді.Ғылым- білімге құмартқан зерек шәкірт мұсылман бола- тұра «кәпірлерден» де сабақ алудан тайсалмайды.Мәселен, тәуіптік өнер мен логиканы христиан оқымыстысынан , жаратылыстану ғылымы мен грек тілін атақты аудармашыдан үйренеді.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқып игерген.Ол әсіресе , грек ғалымы мен философиясына , Аристотельдің бай мұрасына зер қойған.Осы жолда Әбунасыр шыдамдылық пен ыждағаттылық үлгісін көрсетеді.
Ол алғашқы кезде Бағдатта жұмыс істейді, кейіннен Дамаскіде, содан соң Аллеппода әмір Сайф әд-Дауланың қарамағында болды. Осы уақыттары да ол өз бетінше ғылыммен шұғылдануын тастамаған. Мәселен, бір әңгіме бойынша, ол Дамаскіде жүрген кезінде қала шетіндегі бау - бақшада қарауылдық қызмет атқарып, түнімен күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырағын жағып, ғылыми еңбектерін жазады екен. Фараби өте қарапайым, қанағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, жаман әдеттерден барынша аулақ жүруге тырысқан.
Ол өмірінің соңғы жылдарында Египетке барып қайтқан. Одан бұрынырақ өз Отаны — Түркістанға да ат ізін салған секілді. Кейбір мағлұмат бойынша, сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша «екінші тәлім» (Ат - талим ас - сани) атты шығарма жазған. Фараби хиджра есебі бойынша 339 ж. раджаб айында (бізше 950 ж. декабрдің аяғы немесе 951 ж. январдың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, оның денесі Дамаскінің «Баб ассағир» (Кіші дарбаза) зиратына қойылған. /1,75/.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
1) орта ғасырлардағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Бейақи, ибн Сайид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус, т.б.);
2) Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л.Козегартен, Г.Зутер, Ф.Дитереци, К.Брокель, т.б.);
3) 20 ғ., әсіресе, Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.);
4) Қазақстан мен Орта Азия оқымысталары арқылы (Ә.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев, т.б.). /3/.
Бабамыз Фараби мирасы біртіндеп игеріліп келеді. «Ештен кеш жақсы» дегендей, түрлі себептермен кешеуілдеп болса да, ұлы ғалымның мұрасы қазіргі қауымға, ұрпаққа жетіп, олардың рухани игілігіне айналуда.
Қоғамды гуманитарландыру XXI ғасыр бастамасындағы өркениетті дамудың талабы. Гуманитарландырудың талабы, міндеті – тәрбие, білім беру, оқу, ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.
Гуманизм идеясының өзіндік тарихи даму жолы бар. Ол ертедегі Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Әл - Беруни, ибн - Сина, Ж. Баласағұн және т.б. еңбектерінен орын алып, гуманистік педагогиканың қалыптасып, дамуына негіз болды. Гуманистік педагогиканың негізін қалаушылар алыс және жақын шетел ғалымдары (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоции, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), қазақ зиялылары (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т.б.) болды. Олар балалар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудың бастау көзі отбасы екендігін ерекше атап көрсетті. /4/.
Бүгінгі таңда гуманизм проблемалары педагогикалық процестің әр қырынан зерттелуде. Мәселен, ТМД ғалымдары Е. Е. Акопжанованың, Н. Ф. Бугаеваның, А. А. Сизыйдың және т.б. еңбектерінде оқушыларды оқу процесінде гумандыққа тәрбиелеу, Л. К. Бабаеваның, П. С. Дементьевтің және т.б. мектептегі тәрбие жұмысы арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру, А. А. Даниловтың зерттеуінде гумандылықтың өнер бағыты, А. А. Гордееваның зерттеуінде гумандылықтың эстетикалық бағыты, И. В. Гребенниковтың, А. О. Пинттің, Ю. П. Азаровтың және т.б. отбасы тәрбиесінде гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселері қарастырылады.
Жоғары оқу орнындағы білім берудің гуманистік бағыты С. Е. Құрбанбаевтің, көп балалы отбасындағы гуманизм мәселелері М. О. Сангинованың еңбектерінде зерттеледі.
Қазақстан Республикасында отбасы тәрбиесіндегі гуманизм мәселері көптеген ғалымдар мектебінің зерттеу объектісі болып отыр. Атап айтсақ: А. А. Бисенбаева (оқу процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы гумандықты қалыптастыру мәселелері), С. А. Ұзақбаева (халықтық педагогика негізінде оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Т. С. Сабыров (мұғалімдердің оқу процесіндегі дидактикалық даярлығын қалыптастыру арқылы), Г. К. Нұрғалиева (гумандылықтың құндылық бағдар негізі), Н. Д. Хмель (тұтас педагогикалық процестегі гумандылық), Г. А. Уманов (қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Г. К. Байгелдинова, В. И. Лысенко, Б. Р. Айтмамбетова (отбасы тәрбиесіндегі гуманизм мәселері) және т.б. мектептері. /4,2/.
Гумандық қасиеттер көрінісі психологиялық тұрғыда да бірқатар ғалымдардың (Л. И. Божович, Н. Айғабулов, Қ. Жарықбаев т.б.) еңбектерінде қарастырылады.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру қазақ педагогтарының бүгінгі таңдағы негізгі мәселесі. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңында гумандық мәселелерді оқушы бойына дарытуға көптеген педагогтар ат салысуда. Солардың қатарында Қалыбекова А. А., Елубаев Р. С, Марченко О. И., Атемова Қ. Т т.б. еңбектерінде көрініс табуда.
Әл - Фарабидің гуманитарлық - педагогикалық мұрасы педагогика саласы бойынша әр - түрлі қырынан қаралып жүрген мәселелердің бірі. Оның сан -салалы шығармалары жайында жазылған еңбектері де, ол туралы айтылып келе жатқан пікірлер де баршылық.
Фараби мұрасын зерттеуші өзбек ғалымы М. М. Хайруллаевтың айтуынша, ойшыл бабамыздың шығармаларын барынша толық тізімін, яки 160 еңбектің атауын түрік ғалымы А. Атештің еңбектерінен табасыз. Әл - Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамшық, Бейрут, Ыстамбұл, Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью — Йорк және басқа да қалалардың кітапханаларынан кездестіруге болады./5/.
Бұлардың арасында «Әріп кітабы», «Субстанция туралы сөз», «Заңдар жайлы кітап», «Логиканың қысқартылған үлкен кітабы», «Филосифияны меңгеруге дайындық», «Физика негіздері», «Птоломейдің «Алмагеске» түсіндірмелер», «Ғылымдардың классификациясы жайлы сөз», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету
жайлы» секілді еңбектері бар. Әл - Фараби мұрасын зерттеумен шұғылданатын арнайы шығармашылық топ 1991 жылы философия және саясаттану институты фарабитану бөлімі болып аталса, қазір бұл бөлім фарабитану және Шығыс философиясы деп аталады./6/.
Қазақстанда, алыс-жақын шетелдерде Әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасын игеру барысында философия және саясаттану институтының қызметкерлері іске асырған жарияланымдардан бөлек тағы да бірқатар монографиялар дүниеге келді. Олардың қатарында А. Көбесовтің «Әл -Фарабидің математикалық мұрасы» (1974), С. Қ. Сатыбековтің «Әл -Фарабидің гуманизімі», Әл - Машанидің «Әл - Фараби мен Абай» (1990), Қ. Жарықбаевтің «Әл - Фарабидің психологиялық көзқарастары» (1998) секілді еңбектері бар./7/.
Сонымен біз зерттеп отырған объектіміз Әл — Фараби мұрасына қатысты болғандықтан, оның (870 - 950) IX ғасырда мұсылман дәуірінде өмір сүруінің өзінен, Әл - Фарабидің мұрасы қазақ педагогикасы тарихына да ортақ педагогикалық мұра деп тану мүмкіндігі бар. Оның мұрасының қазақ педагогикасы тарихына қатысты өзіндік ортақ тарихи - ғылыми негіздерін атап көрсетуге болады.
Ол белгілер: біріншіден, ол қазақ жерінде, Оңтүстік өңірінде Отырарда түркілік отбасында дүниеге келген. Сондықтанда оның есіміне ат- түркі деген үғым қосыла айтылады. Екіншіден, өз еңбектерін мұсылман дәуіріндегі ғылыми (араб) тілде жазды. Өйткені Әл - Фараби өзінің мұрасын, яғни ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдиниеттерінің жемістерін бойына дарытып, соны әрі қарай дамытып, бүкіл адамзаттың игілігіне айналдырды. Үшіншіден, оның мұрасын, педагогикасын, болмаса, бұрын - соңды гуманитарлық мұрасы өз алдына зерттеліп көрген емес және қазіргі педагогика тарихында немесе педагогика оқулықтарында сонау грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотельдердің педагогикаға қосқан үлесі жазыла келіп, гуманизмнің атасы Т.Мор деп өткен.Ал, Әл-Фарабидің ұлы гуманист, ұлы педагог екенін таныту, оның әлем педагогикасы тарихынан орын алып, өзіміздің төл тарихымызға еңгізу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты.
Сонымен бірге біз зерттеп отырған оның мұрасы әр жерде әр түрлі айтылып, әр қилы танылып келеді. Осыдан барып оның педагогикалық гуманитарлық мәселесі жеткілікті түрде өз шешімін таба алмай отыр.
Жоғарыдағы проблема негізінде оқу құралдарын жасауда олардың педагогикалық тиімділігін анықтау қажеттілігі туындайды.
Аталған проблемалар менің дипломдық жұмысыма арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет