Elc5431 электротехниканың теориялық негіздері 2 ПӘні бойынша дәрістер жинағЫ



бет1/40
Дата13.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#168565
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ELC5431 Теоретические основы электротехники II


ELC5431 ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 2 ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

1 Дәріс. Синусоидалы токтың сызықты емес тізбектері. Оларды талдау тәсілдері.


Айнымалы ток тізбегінің құрамына кіретін бір немесе бірнеше сызықты емес кедергілер болса, онда оны айнымалы токтың сызықты емес тізбегі дейміз.


Айнымалы ток үшін сызықты емес кедергілер үш топқа бөлінеді:
1) сызықты емес активті кедергілер;
2) сызықты емес индуктивті кедергілер;
3) сызықты емес сыйымдылық кедергілер.
Сызықты емес активті кедергілердің жалпы сипаттамасы. Басқарылмалы сызықты емес активті кедергі ретінде ең көп таралған үш және одан да көп электродты электрондық шамдар және жартылай өткізгішті триодтар, тиристорлар алынады. Басқарылмайтың сызықты емес активті кедергілерге жататындар: электр доғалар, мыстын шала тотығы және селенді түзеткіштер, тиритті және вилитті кедергілер, термисторлар, бареттер, қыздырғышты шамдары.
Айнымалы ток тізбектеріне тән бір қатар ерекшеліктер оның элементтерінің парметрлерінің жиілікке тәуелділігімен байланысты. Көптеген сызықты емес элементтер айтарлықтай кең жиілік диапозоныңда инерциялы емес болып саналады. Егер осындай сызықты емес элементке синусоидалы кернеуді қоссақ, онда сипаттаманың қисық болу салдарынан ток синусоидалы емес болады. Егер өз кезегінде сызықты емес элемент арқылы синусоидалы ток өтсе, онда ондағы кернеу синусоидалы емес болады.
Демек, сызықты элементке әсер етуші тербелістің жиіліктік спектрі түрлендіру қабілеттілігіне ие болады.
Айнымалы ток тізбегіндегі сызықты емес сипаттамасы бар L және C элементтерінде кейде феррорезонанс кұбылыс тууы мүмкін.
Сызықты емес индуктивтік кедергілерінің жалпы сипаттамасы. Сызықты емес индуктивті кедергілер немесе сызықты емес индуктивтіктер- ферромагнит материалынан тұратын, тұйықталған өзекшеге оралған орауыш. Олар үшін өзекшедегі магнит ағынының орауышпен ағатын токқа тәуелділігі Ф(i) сызықты емес деп білеміз. Айнымалы токты өткізетін осындай орауштардын индуктивті кедергілері тұрақты емес. Ол айнымалы ток шамасына тәуелді. Кейде болат өзекшесі бар индуктивтік орауышты, болат өзекшелі дроссель дейміз. Электр сұлбаларында сызықты емес индуктивтік орамасы бар тұйықталған өзекше түрінде, не балама сұлбада жанына сызығы бар индуктивті орама түрінде бейнелейді. Есептеу жұмысын жүргізген кезде сызықты емес индуктивтілікті 67 а-суреттегі сұлба түрінде көрсетуге болады. Онда идеал сызықты емес индуктивтікке параллель Rш кедергісі қосылған, ондағы шығын өзекшедегі гистерезис пен құйынды токқа деген энергия шығынын елестетеді, ал ораманың өзінін активті кедергісі Rор тізбектей жалғанған. - сызықты емес индуктивтіліктегі кернеу.
Гистерезис және құйынды токқа шыққан энергия шығыны ферромагниттік материалдан және өзекше табақшаларының қалыңдығынан тәуелді екендіктері айтылған болатын. Ораманың активті кедергісін Rор соншалықты аз деп алады, сондықтан ондағы кернеу түсуін есепке алмауға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет