Елдос көл жағасында отырып Руслан әріптесіне звонок соғады



Дата22.11.2023
өлшемі16,91 Kb.
#192964
Байланысты:
5 минуттык сценка


  1. Елдос көл жағасында отырып Руслан әріптесіне звонок соғады.

  • Алло!

  • Руслан, досым, қалайсың?

  • Жақсы, шүкір, өзің қалайсың?

  • Жақсы, бәрі орынша.

  • Не болды, тыныштық па? Даусың шаршаңқы көрінеді ғой.

  • Иә, досым, біршама ойлар мазамды алып жүргені рас.

  • Әй, не, ғашық болып қалдың ба?

  • Жоға, осындай қалжыңыңды қашан қоясың сен?

  • Жарайды, ренжіме, біз сенің отбасың мен туған еліңе ғана ғашық екеніңді жақсы білеміз ғой. Одан басқа қандай ойлар сені мазалап жүрген?

  • Мені ұстаздық жолдан басқа жолға қарай бұрылсам ба деген ойлар мазалап отыр.

  • Не дейді? Сен өзің қайдасың қазір?

  • Көл жағасында отырмын.

  • Қазір келемін.

  1. Вацап.

  2. Көл жағасында

Барлығы бір-бірімен амандасады.
Руслан:

  • Елдос, досым, ренжімеші. Ұжымдағы жігіттерімізді ертіп әкелдім. Бір-бірімізге осындай сәтте қолдау көрсетпесек , қай кезде көрсетеміз?

Хамит ағай:

  • Елдос, балам, сені мазалап жүрген ойлар, жәй мәселе емес. Оқушыларға заманауи білім беріп жүргенің өз алдына бір төбе. Бос уақытыңда да ұрпаққа көрсетер азаматтық қасиеттерің де жетерлік. Мысалға, Бектауата шатқалындағы Рухани жаңғыру аясында жасаған еңбегімізді есіңе түсірші. (1 Ролик Бектауата)

(Елдос сөзі)
Руслан :

  • Соны айтамын. Білеміз, түсінеміз, ұстаздық жол оңай емес, оны бірі түсінсе, бірі түсінбейді. Десек те,мектептің қызықты өмірін қиып қалай кетейін деп отырсың? Одан бөлек, өзің мобилогрфиямен айналысасың. ( 2 Ролик, мобил)

Ержан ағай:

  • Руслан дұрыс айтады. Өткенде ғана облыстық семинарда ..... қорғап келдің.

Еліміздің дамуына өз үлесін қосатын сен сияқты азаматтар білім саласына өте қажет екенін өзің де білесің.
(Елдос сөзі)
Нұржан:

  • Елдос, досым, сен спорттан да қаражаяу емес едің ғой?! Баскетбол, волейбол, теннис, футбол дейсің бе? Әскери жаттығулар болсын, командадағы орның ерекше ғой?! Сен сияқты жан –жақты тұлға мектеп қабырғасында білім берсе, саған қарап жас буындар бой түземей ме? (3 ролик, спорт)

Елдостың қорытынды сөзі.
Дұрыс айтасыздар, достар! Мен сіздердің сөздеріңіз ден шашыраңқы ойымнан түйін түйдім. Біз кейде өзімізді өзіміз бағаламай жатамыз. Ойлап отырсам, расында неге мен бойымдағы осыншама адами құндылықтарды тұншықтыруым керек? Олай болмайды екен. Сондықтан да мен әуелдегі алға қойған мақсатымнан таймай,
бойымдағы адами ұлттық құндылықтарды шәкірттерімнің бойына дарытып, еліміздің болашағы үшін, жас буынды заманауи тұрғыда тәрбиелеуге өз үлеісміді қосамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет