Electronics Workbench бағдарламасымен танысу. Electronics Workbench



бет2/3
Дата01.06.2020
өлшемі129,09 Kb.
#71941
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.

Electronics Workbench бағдарламасы Windows-тың стандартты интерфейсін қолданады, бұл оның қолданылуын жеңілдетеді.

Electronics Workbench 5.12 бағдарламасы әр түрлі дәрежедегі күрделі сұлбаларды келесі операциялар көмегімен құруға мүмкіндік береді:

-      кітапханалардан элементтерді және аспаптарды таңдау;

-      элементтерді жұмыс өрісінің кез келген жеріне жылжыту;

-      элементтерді және элементтер тобын 90 градусқа бұру;

-      элементтерді және элементтер тобын, сұлбалардың фрагменттерін және тұтас сұлбаларды көшіру, қою немесе өшіру;

-      өткізгіштердің түсін өзгерту;

-      сұлбалардың контурын көрнекті қылу үшін түспен белгілеу;

-      бірнеше өлшеуіш аспаптарды бір уақытта қосу және олардың өзгерістерін монитор экранында бақылау;

-      элементке шартты белгілеу енгізу;

-      элементтер параметрлерін кең диапазонда өзгерту;

-      бөлек элементтерге немесе бүкіл тұтас сұлбаға температуралық режимдерді беру және т.б.

Бүкіл операциялар тышқан мен пернетақта (клавиатура) көмегімен жүргізіледі. Тек пернетақтада ғана басқару мүмкін емес

Аспаптардын параметрлерін өзгерту арқылы келесі амалдарды орындауға болады:

-      аспаптардың шкалаларын өлшеу диапазонына байланысты өзгерту;

-      аспаптардың жұмыс режимін енгізу;

-      сұлбаға кірістік әсерлердің түрлерін енгізу (тұрақты және гармоникалық тоқтар және кернеулер, үшбұрышты және тік бұрышты импульстер).

Бағдарламаның графикалық мүмкіншіліктері:

-      графикте бірнеше қисықты бір уақытта бақылау;

-      графиктердегі қисықтарды әр түрлі түстермен белгілеу;

-      графикте нүктелердің координаталарын өлшеу;



-   мәліметтерді графикалық редакторға импорттау, сол суретті түрлендіруге және принтерге шығаруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет