Electronics Workbench бағдарламасымен танысу. Electronics Workbench



бет3/3
Дата01.06.2020
өлшемі129,09 Kb.
#71941
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.

Electronics Workbench бағдарламасы P-SPICE, PCB, бағдарламаларынан алынған қорытындыларды қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ Electronics Workbench алынған қорытындыларды осы бағдарламаларға жіберуге мүмкіндік береді. Сұлбаны немесе оның бөлігін мәтіндік редакторға енгізіп түсініктеме немесе комментарий жазуға болады.


Схема құрудың негізгі принциптері.
EWB модельдеудің электронды жүйесімен жұмыс істеу 3 негізгі қадамнан тұрады: схема құру, өлшеуші құрылғыларды қосу, таңдау және процесстерді есептеу.
Жалпы жағдайда схеманы құру оның жұмыс үстелінде компоненттерді орналастырумен басталады. EWB-те 14 кітапхана бөлімі бар. Қажетті компоненттерді жұмыс үстеліне орнатып жұмыс істеуге болады.

Негізгі элементтерді сипаттау
Favorites – бұл бөлімде ішкі схемалар орналасқан. EWB-те үлкен схемалардың аумағы ішкі схемаларға айналуы мүмкін. Ішкі схемаларды құру үшін, схеманың аумағын белгілеп аламыз. Содан кейін ішкі схема құратын диалогтық терезені шақырамыз:
— Copy from Circuit — белгіленген атымен ішкі схема Favorites бөліміне көшіріледі.
— Move from Circuit — жалпы схемадан белгіленген бөлім қиылады және қойылған атымен Favorites бөліміне көшіріледі.
— Replace from Circuit — бастапты схемада белгіленген бөлік ішкі схемамен алмастырылады.
Ішкі схеманы көру немесе өзгерту үшін белгішесінен тышқанның батырмасымен 2 рет шертеміз.

Sources – сигналдар көзі. Сигналдар көзі ретінде тоқ көздері ғана емес, сонымен қатар басқарылатын көздерде жатады.
 — Батарея(қуат). Ұзын сызық оң клеммаға сәйкес келеді.
 — Электр тізбегінің бір ұшын жерге қосу
 — Айнымалылы синусоидты қуаттың көзі(қуаттың тиімді мәні, жиілік, фаза)
 — Тоқпен немесе қуатпен басқарылатын қуат көзі
 — +5В пен +15В-қа сәйкес белгіленген қуат көзі
 — амплитудо-модельденетін тербеліс генераторы
 — қуатпен басқарылатын синусоидалы формалы қуат көзі
 — қуатпен басқарылатын төртбұрышты формалы қуат көзі
 — Тұрақты ток көзі
 — Айнымалылы синусоидты тоқтың көзі(қуаттың тиімді мәні, жиілік, фаза)
 — Тоқпен немесе қуатпен басқарылатын тоқ көзі
 — Бірполярлы төртбұрышты импульстер генераторы
 — Фазо-модельденетін тербелістер генераторы
 — қуатпен басқарылатын үшбұрышты формалы қуат көзі
 — Күтуші мультивибратор
 — Қуатпен басқарылатын сызықтық қуат көзі

Basic – пассивті элементтер, сонымен қатар коммуникациялық құрылғылар жиналған кітапхана.
 — Қосылу нүктесі. Оған кем дегенді 4 өткізгіш қосылуы мүмкін.
 — Конденсатор
 — Трансформатор
 — берілген батырманы басумен басқарылатын ауыстырушы
 — қосуға және сөндіруге берілген уақыт арқылы автоматты түрде орындалатын ауыстырушылар
 — Айырушылар
 — резистормен тізбектей қосылған тұрақты қуат көзі
 — Реостат
 — Резистор
-Индуктивтілік катушкасы
 — Реле

Diodes – диодтар
-Жартылайөткізгішті диод
-Шокли диоды
-Стабилитрон
-Светодиод
-Тиристор немесе динистор
-Симметриялық динистор
-Симметриялық тринистор
-Тегістеу мосты

Бақылау тапсырмалары.



  1. Electronics Workbench 5.12с. схемотехникалық бағдарламаның жалпылай сипаттамасын келтіріңіз.

  2. Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында тоқтың қандай түрлерін модельдеуге болады? Сұлбалардың жұмыс істеу өтпелі режимін  талдауға болады ма?

  3. Айнымалы тоқта жұмыс істейтін сұлбалардың талдауын қандай аймақта өткізуге болады? Өтпелі режимдердің талдауында кіріс әсерлерінің түрін өзгертуге бола ма?

  4. Electronics Workbench 5.12с модельденген сұлба нәтижелерін қандай түрде көрсетуге болады және оларды өңдеу үшін басқа бағдарламаларға жіберу мүмкіндіктері бар ма?

  5. Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында сұлбалардың қандай қүрделі дәрежелерін құруға болады. Қандай операциялар арқылы?

  6. Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында тек қана батырма арқылы басқаруға бола ма?

  7. Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында схеманы құру неден басталады?

  8. Сигналдар көзін не үшін пайдаланады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет