Елекен гульнур кабдыгалымовна


Ғылыми зерттеу жҧмысының мақсаты



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата21.12.2022
өлшемі3,82 Mb.
#163529
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ЕЛЕКЕН-ГУЛЬНУР-КАБДЫГАЛЫМОВНА
Силлабус ББ 3 курс каз, Математика 1 сынып Г.Ш. Жақыпова, Н.Е. Орехова, Н.В. Лебедева, С.И.Уақбаева, Ә.О
Ғылыми зерттеу жҧмысының мақсаты 
Ауыз қуысында дисперстелетін лоратадин минитаблеткаларының 
технологиялық және биофармацевтикалық зерттеулерінің негіздемесін жасау. 
Ғылыми зерттеу жҧмысының міндеттері 
1.
ҚР нарығындағы антигистаминдікк препараттарға маркетингтік талдау 
жасау;
2.
Лоратадин субстанциясы қосылған минитаблеткалардың құрамы мен 
оңтайлы технологиясын таңдау және физика-химиялық, технологиялық, 
биофармацевтикалық қасиеттерін зерттеу;
3.
Минитаблеткалардың сапалық спецификациясын құрастыру және 
стандартизациясын жүргізу; 
4.
Алынған 
таблеткалардың 
сақтау 
жағдайларын 
анықтау 
мен 
тұрақтылыққа сынау;
5.
Алынған минитаблеткалардың қауіпсіздігін анықтау;
6.
«Лорамин» шартты атауымен алынған таблеткаларын ӛндіруді техника-
экономикалық негіздеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы 
Алғаш рет:
Балалар, қарт адамдар, жұту қабілеті нашар науқастар тәжірибесінде
қолданылатын, дәстүрлі таблеткалардан ерекшеленетін, ауыз қуысында еритін 
лоратадин минитаблеткаларының оңтайлы құрамы мен ұтымды технологиясы 
жасалды. 
Алынған минитаблеткаларға биофармацевтикалық зерттеулер, сапасын 
бағалау, жарамдылық мерзімін анықтау сияқты кешенді зерттеулер жүргізілді. 
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы 
- Ауыз қуысында еритін лоратадин минитаблеткалары жасалынды;
- Минитаблеткаларға технологиялық регламент және аналитикалық 
нормативтік құжат жобасы құрастырылды;
- Лоратадин минитаблеткаларының стандартизациясы жасалынып, сапа 
кӛрсеткіштерінің негізгі кӛрсеткіштері анықталды; 
- Зерттеудің ғылыми жаңалығын растайтын № 2351 ҚР пайдалы үлгі 
патенті алынды.
Қорғауға шығарылатын мәселелер 
Жаңа дәрілік қалып түріндегі ауыз қуысында еритін минитаблеткалардың
құрамы мен технологиясы алудағы зерттеу нәтижелері;
Минитаблеткалардың стандартизациясы, сақтау жағдайларын анықтау 
мен тұрақтылыққа сынау жүргізуде алынған нәтижелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет