Элективті пәндер каталогы 5В060800



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#33489
1   2

Таңдау бойынша курс 3
Басқару психологиясы

Пререквизиттер: әлеуметтану, дінтану, адамзат дамуы.

Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент.

Мақсаты: Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Адам, жеке адам, даралық, индивид. Қабілет. Зейін, түйсік. Ойлау, сөйлеу. Басқару психологиясының теориялық негіздері. Басқару процесiнiң мазмұны және негiзгi сипаттамалар. Сыртқы ортаны бағалау және талдау. Мақсатты анықтау процесi және басқару процесiнiн типтерi. Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Психологиялық менеджменттің психология саласы

болып қалыптасуының теориялық негіздері.



Оқытудың нәтижесі: - Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

- Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.
Қақтығыстану

Пререквизиттер: Әлеуметтану, Экология және тұрақты даму.

Постреквизиттер: Саясаттану,

Мақсаты: «Қақтығыстану» психология, педагогика, тарих, математика, саясаттану, құқық, әлеуметтану және философия білімдерінің қақтығысты зерттеудегі негізіне сүйенетін ғылыми білімнің ерекше саласы болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері. Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы. Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы. Қақтығыстарды басқару. Қақтығыстардың пайда болу себептері. Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы. Тұлғааралық қақтығыс. Отбасындағы қақтығыстар. Жалпы білім беретін мектептегі қақтығыс. Инновациялық қақтығыстар. Топ аралық қақтығыстар. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қақтығыстар. Қақтығыстардағы зорлық. Қақтығыстарды алдын алу. Қақтығыстарды шешу.

Оқытудың нәтижесі: - Пәнді оқыту кезінде студенттер қақтығыстардың адам, қоғам, ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгеру;.

- Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша қақтығыстану ойларының даму тарихын дұрыс қолдана білуге дағдылану;

- Қақтығыстың түсінік-анықтамалық аппарат пен бағдарламалардың қызметін рөлдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Коммуникацияның вербальді құралдары, жазбаша тіл мен даму алғышарттарына анализ жасау, осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет;

- Қақтығыстың мәні мен қақтығыс алдындағы және қақтығыс жағдайындағы психологиялық реттеу әдістерін, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады;



- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
Таңдау бойынша курс 4
Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас

Пререквизиттер: қазақ тілі

Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент

Мақсаты: озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін (интенсив, компьютерлік оқыту) пайдалана отырып, мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру, мамандық тілінің термин лексикасын үйрету, кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері, құжат деректемелері. Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар: түйін, өмірбаян, өтініш, мінездеме, хабарлама, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы бұйрық, шарттар мен міндеттемелер. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар: хаттар, актілер, баяндаухат, түсініктеме, факстер, сенімхат, кепілхат, телефонхат, анықтамалар, шағым, талап-арыз. Ұйымдық-басқару құжаттамасының жалпы сипаты, оның түрлері: құрылым, штат саны, штаттық кесте, лауазымдық нұсқаулар, қызметкерлер туралы ереже, құрылтай құжаттар. Басқару құжаттары: бұйрықтар, өкімдер, нұсқау, шешім. Құжаттаманы басқару: келіп түскен (кіріс) және жіберілетіп (шығыс) хат-хабарды өңдеу, істер номенклатурасы, іске құжаттарды қалыптасыру, мұрағатқа немесе жоюға істерді дайындау және тапсыру. Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттар. Мөр соғылатын құжаттар мен бекітуге жататын құжаттар.

Оқыту нәтижесі: Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

  • ауызша және жазбаша кәсіби сферасында сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтереді;

  • кәсіби қызмет саласында қажетті стильдік, әлеуметтік кәсіби білім қалыптасады;

  • кәсіби коммуникацияның әртүрлі формалары, түрлері бойынша сөйлеу тәртібінің стратегиясы, тактикасы саласында шеберлік икемі болады;

  • курс практикалық бағытта барлық мамандықтар бойынша студенттің кәсіби сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.

Кәсіби қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін қажет:

  • кәсіби салалар қызметінің жағдайларындағы өзара қатынасты орнықтыруға;

  • ресми-іскери қызметінде кәсібилік шеберлік мәдениетін танытуда;

«Кәсіби қазақ тілі» пәні барлық мамандық бойынша оқып жүрген студенттерге базалық пән ретінде оқытылады. Кәсіби қазақ тілінің ерекшелігін зерттей отыра, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет. Жоғары оқу орындарының түлектері кәсіби қазақ тілінен алған білімдерін өздерінің кәсіби мамандықтары бойынша қолдана алады. Студент кәсіби қазақ тілі бойынша меңгерген білімін заң қызметкерлеріне, коммерциялық серіктестерге, компанияның басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына, есепші-аудиторларға қалайда мәлімет бере алуы керек.
Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету

Пререквизиттер: қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент

Мақсаты: қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде кызмет етуінің алғышарттарының бірі - оның коғамдык өмірдің әр алуан саласында кызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жургізілуі табылады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құкықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, кала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: -Іс кағаздары туралы тұтас білімдер жүйесі, іс кағаздары қалыптастыру мен дамытудың аспектілері, іс кағаздары іскерлік байланыс жасауын жетілдірудегі басқарушы кадрлардың орны мен ролін ескере отырып қызметтік қатынастар этикасының теориялық аспектілері, іс қағаздарын нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу, ұсыныстарды өңдеу.

Оқытудың нәтижесі: - Ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарган түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағазынан айқын көрінеді, пәннің тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік басқарудың құжаттық қамтамасыз ету» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу.

- Теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік және жергілікті басқару формаларының түрлі іс қағаздарын жүргізу маңыздылығын түсіну.

- Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу.

- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін кұжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген кұжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау; кұжаттарды қолдануға дайындау сияқты толып жатқан жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту.

- Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, құжаттау және қүжаттаманы басқару саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.
Таңдау бойынша курс 5
Адамзат дамуы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Саясаттану, Экологиялық менеджмент

Мақсаты: Барлық деңгейдегі саяси және әкімшілік мемлекет қызметкерлері, эксперттер мен ғалымдар АД тұжырымдамасын түсіне отырып және де методологиялық және методикалық есеп көрсеткіштерін игеру, жағдайларды бағалай білу, еліміздегі адамзат потенциал жағдайын жақсарту үшін адамзат дамуының көріністері мен тенденцияларын анықтау керек.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Барлық деңгейдегі саяси және әкімшілік мемлекет қызметкерлері, эксперттер мен ғалымдар АД тұжырымдамасын түсіне отырып және де методологиялық және методикалық есеп көрсеткіштерін игеру, жағдайларды бағалай білу, еліміздегі адамзат потенциал жағдайын жақсарту үшін адамзат дамуының көріністері мен тенденцияларын анықтау.

Оқытудың нәтижесі: - Адамзат даму меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Адамзат даму жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.

- Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында Адамзат даму сабағында талқылайтын сұрақтар болады.

- Адамзат дамуың жақсы меңгерудің негізі - алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау.

- Адамзат даму оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
Дінтану

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Саясаттану, Экологиялық менеджмент.

Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлументтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеуметтік жұмыс деген не? Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Діни тұжырымдамалар барлық діни ғұламалық және діни философиялық әдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мәні діннің кұдірет күшінен туындайды, олар; құдай, абсалюттілік, әлемдік рух, абсалюттік идея делінеді. Мұндай көзқарас теологтарға тән. Қалай аталса да, діннің табиғаттан тыскары күштен іздестіріледі. Діннің шығуы осылай түсіндіріледі. Мұндай қағидаға сүйену кұдайды негіздеуге келіп соғады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Дінтану» пәні - Қазақстан Республикасының жанадан шыққан заңына сүйене отырып, негізгі әдістері анықталады.

Оқытудың нәтижесі: - Басқа да әлеуметтік - гуманитарлық пәндер мен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.

-Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарлауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.

- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі заманғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.

- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
Таңдау бойынша курс 6
Әлеуметтік экология және тұрақты даму

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, биология, табиғатты пайдалану экономикасы

Постреквизиттер: жартылыстанудың экологиялық аспектілері, геоэкология, экологиялық менеджмент

Мақсаты: адам - қоғам-табиғат өзараәрекеттесуі туралы мәселелерін жас маманда түсінік қалыптастыру, қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік-экологиялық құбылыстар мен процестерді шынайы бағлауға қабілетті, экологиялық сауатты және әлеуметтік-белсенді маманды қалыптастыру үшін ғылыми-ақпараттық негізді қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік экология қалыптасуының тарихы, пәні мен міндеттері. Әлеуметтік экологияның заңдары. Әлеуметтік экологиядағы қоршғана орта түсінігі. Табиғи ортаның қазігі заманғы жағдайы. Тұрақты даму мәселелері. Тұрақты даму саласындағы негізгі міндеттері. Тұрақты даму саласындағы ғаламдық ұсыныстар. Тұрақты дамудың әртүрлі модельдерінің қалыптасуындағы басқару рөлі. Қоғамның тұрақты өсуінің индикаторлары. Тұрақты даму жолындағы Қазақстан.



Оқытудың нәтижесі: - адамның қоршаған мекен ортасымен және табиғи-әлеуметтік экожүйелердің тұрақты даму заңдылықтары туралы білімдерді кеңейту;

- әлеуметтік-экологиялық жағдайларды зерттеу, бағалау және жақсарту бойынша зияткерлік және тәжірибелік біліктерді қалыптастыру;

- экологиялық мәселелерді мүмкіндік шешу сенімдерін және экологиялық ахуалдарды мақсатты, себептік және мүмкіндік деген қабілеттерін дамыту.

- биосфераның генофондын және адамзат денсаулығын сақтаудың мүмкіндік жолдарын болжау қабілеттерін дамыту; қазіргі биосфераның экологиялық жағдайын оқып білу, қоршаған ортадағы ғаламдық антропогендік өзгерістерге талдау жасау.



Ғаламдық экология

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, биология

Постреквизиттер: биосфераның шығу тегі және эволюциясы, жартылыстанудың экологиялық аспектілері

Мақсаты: Биосфераның антропогендік өзгерістерінің жылдамдығы және ғаламдық экологиялық үдерістер туралы қазіргі заманғы түсініктер негізінде қоршаған табиғи орта үшін адамзаттың жауапкершілік білімдерді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ғаламдық экологияның зерттеу пәні, міндеттері және әдістері. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық дамудағы қоғам мен табиғаттың өзара әсерлері. Ғаламдық экологиялық қорының (ГЭФ) міндеттері. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық дамудағы қоғам мен табиғаттың өзара әсерлері. Ғаламдық экологиялық мәселелердің пайда болуының себептері. Өркениеттің ерте кезеңі дамуындағы экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаның ғаламдық ластануы. Редуценттердің дағдарысы. Өркениеттің тіршілігін сақтап қалудың жолы – адамгершіліктік ұстаным. Қоғамдық дамудың экономикалық және экологиялық мақсаттарының өзара қарым-қатынасында тарихи ауысуы. Адамзаттың ғаламдық табиғи ортамен байланысы. Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе. Биоалуантүрліліктің адамзат өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі. Көпжақты Экологиялық Келісімнің биоалуантүрлілік бойынша жүзеге асыру ұсыныстар. «Денсаулық» туралы ұғым, денсаулыққа әсер ететін факторлар. Ғаламдық денсаулық. Әлемдегі денсаулық дағдарысының сипаттық белгілері. Әлемдегі денсаулық дағдарысының негізгі аспектілері. Дамыған елдер және ғаламдық экологиялық мәселелер. Дамыған елдермен экологиялық мәселелерді шешудің негізгі бағыттары. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ауылшаруашылық мақсатта пайдаланатын жерлердің экологиялық мәселелері. Амазонияның табиғи кешендерінің антропогендік өзгерістері.

Оқытудың нәтижесі: - табиғи және табиғи-әлеуметтік экожүйелердің тұрақты даму заңдылықтары туралы білімдерді кеңейту;

- қоршаған орта жағдайын зерттеу, бағалау және жақсарту бойынша зияткерлік және тәжірибелік біліктерді қалыптастыру;

- экологиялық мәселелерді мүмкіндік шешу сенімдерін және экологиялық ахуалдарды мақсатты, себептік және мүмкіндік деген қабілеттерін дамыту.

- биосфераның генофондын және адамзат денсаулығын сақтаудың мүмкіндік жолдарын болжау қабілеттерін дамыту; қазіргі биосфераның экологиялық жағдайын оқып білу, қоршаған ортадағы ғаламдық антропогендік өзгерістерге талдау жасау.



Таңдау бойынша курс 7
Қоршаған орта туралы ілім

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, химия, биология

Постреквизиттер: биосфераның шығу тегі және эволюциясы, жартылыстанудың экологиялық аспектілері, геоэкология

Мақсаты: Студенттердің қазіргі қоршаған орта туралы, оның өзгеру динамикасы мен биосфераға әсерінің осы кездегі көзқарастарымен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері. Жер – тірі материяның мекені. Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы. Биосфера – адамдардың тіршілік әрекетінің сферасы. Ноосфера-техносфера – қоршаған орта күйінің объективті эволюциялық дамуы. Жер атмосферасы .Атмосфераның ластануы. Гидросфера. Литосфера. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің экологиялық мәселелері. Қоршаған ортаның осы күнгі экологиялық мәселелері Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты халықаралық ұйымдар мен бағдарламалар. Табиғатты қорғаудың аймақтық мәселелері. Қоршаған орта мәселелерін шешу жолдары

Оқытудың нәтижесі: -атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера ластану заңдылықтарын оқып меңгеру; қоршаған орта мен оның құраушыларының экологиялық жағдайларын зерттеу бойынша негізгі білімдерді оқып білу, сонымен бірге экомониторинг саласындағы негізгі әдістемелерді, әдістерді меңгеру және мониторинг түрлерін ажыратып, ұйымдастыра білу;

-қоршаған ортаның ластануы бойынша статистикалық мәліметтерімен жұмыс жасай білу, анықтамалар, карта-схемалар тб әдебиет көздерімен жұмыс жасап, талдауға үйрену;



-алған білімді адам және оны қоршаған тірі ағзалар мен өлі табиғаттың арасындағы қарым-қатынастарды үйлесімді дамытуда, өз мамандығына сәйкес қолдану, жергілікті, аймақтық деңгейдегі экологиялық мәселелердің дұрыс шешімдерін таңдай және қабылдау; оқушылардың табиғатқа және табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне ынталарын оятып, дамыту
Өзін-өзі тану

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, әлеуметтану

Постреквизиттер: басқару психологиясы, қақтығыстану.

Мақсаты: Әлеуметтік көрсеткіштерге жету бойынша қызметке жауап беруші және Өзін-өзі дамыту жайлы қоғам мен тұлға көріністерінің жиынтығы, Өзін-өзі танудың талдауы және сипаттамасы ретінде беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның Өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде. Өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасының процесі ретінде. Адамның ішкі дүниенің өзгешелігі. Позитивті ойлау және ішкі гармония. Адамның ішкі ресурстары. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінушіліктің құралы ретінде. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінушіліктің құралы ретінде. Адам өміріндегі отбасы ролі және туыстық қатынастар. Қазіргі заман жастардың рухтық идеалы. Қазіргі заман жастардың рухтық идеалы. Әлемнің біртұтастығы, адам мен қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі. Педагогтың кәсіби Өзін-өзі тануы және өздігінен дамуы. Рефлексия педагогтың Өзін-өзі тану механизмі ретінде. Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың Өзін-өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде. Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың Өзін-өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде. Педагогтың гуманистік ұстанымы оқушылардың Өзін-өзі тануы мен дамуының табысты педагогикалық қолдауы негізінде.

Оқытудың нәтижесі: пәнді оқыту барысында студенттер тұлға қалыптасуының негізгі принциптерін, оның адамгершіліктік-рухани мәселелік мәнділігін түсінігін қалыптастыру.

  • кәсіби қызметте теориялық білімді қалыптастыру, Өзін-өзі танудың рөлін түсіну, адамгершілік мәселесінде бағдарлануға үйрену, адам өміріндегі, рухани шынайылық және оның мәнін түсіну.

  • ақпараттық-ізденушілік және талдау-синтетикалық қызмет әдістерін пәндік міндеттерді шешуде қолдану, әлеуметтік, ғылыми және этикалық мәселелер бойынша ойларын айта алу.

  • аудитория ерекшеліктерін есепке ала отырып, әртүрлі хабарламалар жайлы ақпарат алу.

  • өз бетінше жұмыс жасау дағдысын жоғарлату және тұлға қажеттіліктерін дамыту, кәсіби өзін-өзі жетілдіру, тәжірибе алу, өз қызметінің перспективасын көру.


Таңдау бойынша курс 8
Қазақстан экологиясы

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, табиғатпайдалану экономикасы Постреквизиттер: экологиялық мониторинг, геоэкология

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі кездегі жағдайының динамикасын талдап, студенттердің экологиялық білімдерін кеңейту, қоршаған ортаға деген жауапты сезімдерін тәрбиелеу, жан-жақты экологиялық сауатты және экологиялық қауіпсіздігі орныққан жеке адамды қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: ҚР табиғатын қорғау мәселесінің өзектілігі. Қазақстанның атмосфералық мәселелері. Қазақстан қалалары ауа бассейнінің ластануы. ҚР су ресурстарын қорғаудың өзекті мәселелері. ҚР топырағының экологиялық мәселелері. ҚР жер қойнауының экологиялық мәселелері. Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай. Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау. Қазақстанның биоалуандылығының экологиялық мәселелері. ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтары (ЕҚТА). Орталық Қазақстанның экологиялық мәселелері. ҚР экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығы. Қазақстанның экологиялық құқығы. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясат және басымдылықтар. ҚР Жасыл экономикаға көшуі. ҚР тұрақты даму Тұжырымдамасы. Жасыл даму

Оқытудың нәтижесі: - Қазақстанның қоршаған ортасы мен оның құраушыларының экологиялық жағдайларын зерттеу бойынша негізгі білімдерді оқып білу, сонымен бірге экология саласындағы негізгі әдістемелерді, әдістерді меңгеру және мониторинг түрлерін ажыратып, ұйымдастыра білу.

- алған білімді экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін, сонымен қатар биосфераға антропогенді әрекеттің кері әсерін азайту және тоқтату үшін болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдану.

- ҚР биоалуандылық генофондын және халық денсаулығын сақтаудың мүмкіндік жолдарын болжау қабілеттерін дамыту;

- қазіргі биосфераның экологиялық жағдайын оқып білу, ҚР қоршаған табиғи ортасының антропогендік өзгерістеріне талдау жасау.


Аймақтық экология

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, табиғатпайдалану экономикасы Постреквизиттер: геоэкология, экологиялық қортану

Мақсаты: аймақтың табиғи қоршаған ортасын қорғаудың қазіргі кездегі жағдайының динамикасын талдап, студенттердің экологиялық білімдерін кеңейту, қоршаған ортаға деген жауапты сезімдерін тәрбиелеу, жан-жақты экологиялық сауатты және экологиялық қауіпсіздігі орныққан жеке адамды қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Аймақтық экология» пәніне кіріспе. Экологиялық зерттеулердің әдістері. Техногенездің экологиялық мәселелері. Современное состояние Әуә бассейнінің ластануы. Су ресурстарының қазіргі жағдайы. Жер ресурстарының қазіргі жағдайы. Аймақтың урбоэкологиясы. Ққыстардың жинақталуы, утилизациясы және қайта өңдеу мәселелері. Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму аспектілері. Қарағанды облысының табиғатын қорғау. Тұрақты даму Тұжырымдамасы.

Оқытудың нәтижесі: - аймақтың негізгі экологиялық мәселелер, сондай-ақ жергілікті сипаттағы экологиялық және әлеуметтік-экологиялық мәселелерін оқытып меңгерту.

-Қарағанды облысының табиғатының негіздерін ашып көрсету, табиғат қорғаудың жолдары мен құрамдас бөліктерін ғылыми тұрғыда таныстыру. Қоршаған ортаның экологиялық факторларынң құрылымын, техногенездің экологиялық мәселелерін, геожүйелерді шараушылықта игерудің геоэкологиялық принциптерін және адамның бұзылған геожүйелер аясына бейімделу жағдайларын есептеуді, антропогенездің геожүйелерге әсерінің экологиялық салдарын алдын ала болжауды істей білу керек.




Пәндер

циклі


Пән

коды


Пәндер атауы

Несие

саны


Семестр







3 курс













Таңдау бойынша компонент 26 несие













Таңдау бойынша курс 1







БП

EPRK 3217

ҚР экологиялық құқығы

2

5

БП

PPRK 3217

ҚР кәсіпкерлік құқығы

2

5







Таңдау бойынша курс 2







БП

EP 3215

Кәсіпорын экономикасы

2

5

БП

EЕ 3215

Экологиялық экономика

2

5







Таңдау бойынша курс 3







БП

Sta 3306

Статистика

3

5

БП

SS 3306

Әлеуметтік статистика

3

5







Таңдау бойынша курс 4







КП

EM 3303

Экологиялық менеджмент

3(к/ж)

5

КП

OM 3303

Операциялық менеджмент

3

5







Таңдау бойынша курс 5







КП

OSOS 3308

Қоршаған орта жағдайын бағалау

3

6

КП

OPR 3216

Табиғи ресурстарды бағалау

3

6







Таңдау бойынша курс 6







КП

EEA 3223

Экологиялық-экономикалық талдау

3

6

КП

ЕА 3223

Экономикалық талдау

3

6







Таңдау бойынша курс 7







БП

ЕР 3222

Экологиялық кәсіпкерлік

3

6

БП

Pre 3305

Кәсіпкерлік

3

6







Таңдау бойынша курс 8







КП

Pv 3307

Топырақтану

3

5

КП

EOM 3216

Экологиялық білім беру және дүниетаным

3

5







Таңдау бойынша курс 9







БП

Gid 3221

Гидрология

2

6

БП

UVR 3221

Су ресурстарын басқару

2

6







Таңдау бойынша курс 10







БП

Zem 3222

Қоныстандырушылық

2

6

БП

UZR 3222

Жер ресурстарын басқару

2

6


Таңдау бойынша курс 1
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы

Пререквизиттар: Мемлекет және құқық теориясы, Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық

Постреквизиттер: менеджмент және маркетингтегі экологиялық құқықтың негіздері

Мақсаты: ҚР Экологиялық құқығы жеткілікті қарқынмен дамып келеді. Қашанда болсын адам экология ұғымы мен тығыз байланысты болған. Тіптен адам атаулына экология іспеттес үлкен ұғымның мызғымас бөлшегі деп те айтуға боларлық. Осы санада пайда болған құқықтық қатынастарды және де адамның экологиялық құқықтары мен мемлекеттік мүдделерін қорғау үшін осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін экологиялық құқық тек біздің құқықтық өмірімізде сана маңызды орын алмай, барша Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде айрықша орын алады. Неліктен десек? Әрине экологиялық құқық осы санадағы қатынастарды реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар, ол құқықтық экологияның проблемаларына тигізетін әсеріне және экологиялық күйзеліс болған немесе осы шекте тұрған зоналарда қоршаған ортаға қатынасын оған деген міндеті мен құқықтарын тағыда басқа сондай-ақ құқықтық жағдайды дұрыс орнату үшін аса қажет және маңызы зор болып табылады.

Экологиялық құқық ауқымды құқық саласының маңызды бұтағы ретінде кез-келген азамат өмірінде елеулі роль атқарады. Сонымен қатар, осы сияқты келесі жаңа ұғымдар танылады: экологиялық құқық объектісі; экологиялық құқық субъектісі; экологиялық қатынастар табиғатты пайдалану құқығы; экологиялық құқықтық заңдылықтар; ерекше қорғалатын территориялар; экологиялық бақылау.

Біз Қазақстан азаматтары, Семей полигоны, Арал маңы, Балхаш, Каспий теңізі тәріздес нашар халге душар болған аймақтарды ескергенде экологиялық құқықты тіптен жоғары деңгейге қоюымыз шарт.

Оқытудың нәтижесі: - Пәнді оқу барысында студенттер ҚР Экологиялық құқығының негізгі институттары туралы теоретикалық жағдайларды; өкілді органдар туралы, заңдық актілерді; әрекеттегі заңдылықты және қолдану тәжірибесін жүзеге асыру тәртібін білуі қажет. Студент, Экологиялық нормативтік актілердің жағдайларын ғана білу емес, сонымен қатар Үкімет пен Парламент ведомосттарында жарияланатын жаңа нормативтік актілердің шығуын бақылап отыруы қажет.

- Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешуді жәрдемдеседі.

- ҚР экологиялық құқық пен өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен әртүрлі құқық салалары нормаларының өзара әрекет ету, жанасуы және интеграция процестері жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының ғалымдарының түпкілікті зерттеулері бар, сондықтан студенттер іздену барысында баспасөз және заң журналдарында үнемі басылып шығарылатын мақалалармен танысуға міндетті.

- Экологиялық құқықты оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім. Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау, халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысудағы ролі жайында мәселелерін қарастыратын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.

«Экологиялық құқық» әдістемесі оның ерекшеліктерімен және оқыту мақсатымен анықталады. Осыған байланысты, арнайы білімдерді, бағыттарды, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқытудың әдістерін пайдалану мақсатты болып табылады: ситуациялық тапсырмалар (есептер), топтық жобалар әдісі, салыстырмалы анализ әдісі, кейстік әдіс.


Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Постреквизиттері: менеджмент және маркетингтегі экологиялық құқықтың негіздері

Мақсаты: кәсіпкерлік іс әрекет субъектілерінің арасындағы тауар-ақшалық (мүліктік) қатынастарды оқыту және оларды құқықтық реттеу.

Осы пәнді оқытудың негізгі міндеттері ретінде келесілерді айтуға болады:

- Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша кәсіпкердің құқықтық статусын зерттеу;

- Кәсіпкерлік іс-әрекеттің түрлері;

- Кәсіпкерлік мекемелердің ұйымдастық құқықтық формалары;

- Тауарлық айналымындағы кәсіпкерлік әрекетті құқықтық реттеу;

- Кәсіпкерлік әрекет субъектілерінің шарттардық міндеттерін орындамаудың салдары;

- Кәсіпкерлік іс-әрекеттің кез-келген түрін жүзеге асыру үшін ұйымдастыру құжаттарын құруға Семинарлық дағдылану;

- Заңдылық мүдделерін және бұзылған құқықтарын қорғау үшін кәсіпкердің сотқа жүгінуі талап арызын құруға Семинарлық дағдылану

Оқытудың нәтижесі: -Пәнді оқу барысында студент, Қазақстан Республикасының кезеңдердегі кәсіпкерлік-құқықтық дамуын, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаларды, Бюджет кодексін, бағдарламаларды, Елбасының жолдауын, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік құқықтық қатынастарын және кәсіпкерлік жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекеттік кәсіпкерлік органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет.

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану. ҚР кәсіпкерлік құқығын оқу заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың кәсіпкерлік-құқықтық дәрежелермен ойлануға, мемлекеттік кәсіпкерлік, заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі, кәсіпкерлік ұйымдары қызметінде және азаматтардың кәсіпкерлігінің заңдылық тәртібін орнатқызуға жәрдемдеседі.

-Кәсіпкерлік қызмет туралы және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Cтуденттер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарға қатысты жаңадан қабылданған және өзгерістер енгізілген ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, ҚР Парламентінің заңдарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын үнемі қарап отыру қажет. Нормативтік құқықтық актілерді студенттер Университеттің заң базасынан, интернеттен қарап табуына болады.

- Кәсіпкерлік құқығын оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде кәсіпкерлік құқығын оқу барысында студенттер кәсіпкерлік құқықбұзушылықтармен танысып, оны шешу жолдарын қарастыру қажет. Суденттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру керек.

- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
Таңдау бойынша курс 2
Кәсіпорын экономикасы

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: Статистика, экологиялық аудит

Мақсаты: Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.

Оқытудың нәтижесі: Кәсіпорынның мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде танысу.

- Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;

- Кәсіпорынның ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

- Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін оқып білу.

- Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің басқарушылық сонымен қатар, орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешім ойлап табу үшін және кәсіпорынның шаруашылық міндеттемелерін ең жақсы шешу тәсілін таңдауға қажетті шығармашылық ой-өрісін дамыту керек..

Кәсіпорынның мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде танысу.

- Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;

- Кәсіпорынның ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

- Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін оқып білу.

- Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің басқарушылық сонымен қатар, орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешім ойлап табу үшін және кәсіпорынның шаруашылық міндеттемелерін ең жақсы шешу тәсілін таңдауға қажетті шығармашылық ой-өрісін дамыту керек..


Экологиялық экономика

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздері, Экология және тұрақты даму.

Постреквизиттер: Экологиялық кәсіпкерлік, Жасыл бизнестің қазіргі технологиясы, Экологиялық менеджмент, Экономикалық талдау, Экологиялық-экономикалық талдау

Мақсаты: Теориялық білімді және практикалық дағдыларды негізде зерттеу мен экологиялық - экономикалық мәселелерді шешу, экологиялық - экономикалық көріністің және үдерістің практикалық модельдеуінің қағидасының негіздерін қабылдап, қамсыздандыру, экологиялық - экономикалық танымының шаруашылық субъектілерін басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық ("жасыл") экономика пәні ғылым-экономика - өндіріс (кәсіби қызмет) теориялық пәндердің жүйесіне жатады. Оқылатын пән экономикалық және арнаулы, ғылыми, экономиканың кәсіби саласында біртұтас үдерісінің құрамдас негізгі бөлігі болып табылады.

Оқытудың нәтижесі: - экологиялық - экономикалық заңдарды білу;

- қоршаған ортадағы экологиялық - экономикалық білім ұстанымдары туралы, заңдарда және экологиялық экономиканың заңдылықтарында, экономикалық - экологиялық оқу-жаттығуларында, қоршаған ортада, табиғи капиталда пайдалана білу.


Таңдау бойынша курс 3
Статистика

Пререквизиттер: Микро/макроэкономика, экономистерге арналған математика, ЭЕМ.

Постреквизиттер: экологиялық аудит

Мақсаты: Экономикалық білімнің ажырамас бөлігі болып әртүрлі статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін статистикилық сауаттылық, статистикалық зерттеу әдістерін қолдана білу табылады. Сондықтан да экономикалық білімді жақсарту дегеніміз білімнің әртүрлі салаларындағы мамандардың статистикалық сауаттылығын міндетті түрде жоғарлатуды көздейді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы Шығын және аралық тұтыну статистикасы Өндіріс нәтижесінің статистикасы.Ұлттық есеп жүйесі Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

Оқытудың нәтижесі: - «Статистика» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.

- кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.

- қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.

- ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.

- ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену
Әлеуметтік статистика

Пререквизиттер: экономикалық теория негіздері, философия, математика

Постреквизиттер: экологиялық аудит

Мақсаты: Әлеуметтік статистика статистикалық әдістердің аса маңызды бөлігі болып табылады. Ол қоғам құрылымы және адамдардың өмірі мен әрекеті туралы кең турде сандық сипаттама береді, сонымен бірге адамдардың мемлекет пен құқық арасындағы өзара байланысын көрсетеді, адамдардың іс қимылының заңдылықтары айқындауға және өлшеуге үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазіргі кезеңде әлеуметтік статистиканың пәні, әдісі және міндеттері. Ұлттық есеп жүйесінде үй шаруашылық әрекетін зерттеудің негізгі бағыттары. Тұрғындар статистикасы. Еңбек нарығы және еңбек ресурстары статистикасы. Тұрғындар табысын статистикалық зерттеу жасау Тұрғындар шығыны мен тұтынымын зерттеудің негізгі бағыттары. Тұрғындардың білімі статистикасы Тұрғындардың денсаулығы мен денсаулықты сақтау статистикасы. Тұрғындардың тұрғын үй нарығы және жағдайы статистикасы. Тұрғындардың өмір деңгейі мен адамдық дамуы.

Оқытудың нәтижесі: - статистикалық әдістертердің маңызын біліп әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды зерттеу барысында қолдану ерекшеліктерін білу.

- мәлеметтерді жинақтау және топтастыру әдістерді, сандық мәлеметтерді қалпына келтіруді білу

- статистикалық жиынтыққа талдау жасау, әлеуметтік салада болып жаткан құбылыстар арасындағы байланысты анықтау

- статистикалық әдістерменбілімдерді тәжірибе де қодануын дәделдеу

- кәсіптік даму қажеттілікті іске асыру.
Таңдау бойынша курс 4
Экологиялық менеджмент

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, табиғат пайдалану экономикасы

Постреквизиттер: экологиялық мониторинг

Мақсаты: Экологиялық басқару, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ресурстық - және энергияны үнемдейтін табиғат қорғау технологияларын қолдану үшін студенттердің ақпараттық, құқықтық және әдістемелік негіздерге ие болуы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық менеджмент пәні мен міндеттері. Экологиялық менеджмент жүйелерінің саласындағы стандарттар мен халықаралық ұсынымдар. Экологиялық менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Экологиялық басқару және экологиялық менеджмент негіздері. Өндірісті экологиялық Экологиялық маркетинг менеджменті. Экологиялық менеджмент саласындағы мемлекеттік саясаттың шетелдік тәжірибесі. Қазақстандағы экологиялық менеджмент Экологиялық менеджмент және қалдықтарды басқару. Экологиялық менеджмент-тің экономикалық тұтқалары.

Оқытудың нәтижесі: - экологиялық менеджменттің түрлері мен қағидаттарын білуі;


  • экологиялық менеджмент жүйелері саласындағы стандарттар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі;

  • экологиялық менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізу тәртібін, экология саласындағы маркетингтік тәсілдемелерді білуі;

  • экологиялық басқару құралдарына ие болуы;

  • тиімді экологиялық басқару жұмыстарын ұйымдастыра білуі;

  • экологиялық менеджменттің экономикалық тұтқаларын білуі;

  • алынған білімді өзінің практикалық қызметіне қолдана білуі тиіс.


Операциялық менеджмент

Пререквизиттер: математика, табиғатты пайдалану экономикасы

Постреквизиттер: экологиялық мониторинг

Мақсаты: бизнес - стратегияны таңдау және өнімді жобалаудың немесе қызмет көрсетудің мүлдем жойылуына болашақта толық жаңару өнімдік, өндірістік және шаруашылық деректерінің теориялық және практикалық зерттеулердің сұрақтарын зерттейді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Операциялық менеджменттің даму тарихы. Операциялық стратегия және бәсекегеқабілеттілік. Операциялық технологиялар. Кезекті басқару. Сапаны басқару. Өндірістік және қызмет көрсету объектілерін орналастыру. Еңбекті нормалау және еңбек үрдісін жоспарлау. Сатып алуды басқару.

Тәуелді сұраныс кезіндегі тауарлы – материалды қорлармен басқару жүйесі. Тәуелсіз сұраныс кезіндегі қорларды басқару. MRP-жүйелер. Күнтізбелік жоспарлау. Операциялық консалтинг. Бизнес - үрдістің жаңаруы. Біркелкі өндіріс және шектеу теориясы



Оқытудың нәтижесі: Операциялық менеджмент пәнінің әдістемелік және пәндік әдісін білу, ықпал ететін басқару саласындағы болашақ мамандардың білімінен, оқылатын пәндердің нақты санаттарын білу, теориялық білімді практикада қолдана білу және оларды кәсіби міндеттерді шешудегі ролі мен мәнін түсіну, дәлелдер әзірлеу және шешім қабылдау, іздеу арқылы жинақтау, талдау және жүйелеуді қалыптастыру. Әртүрлі нысандағы ақпараттарды беру, топпен бірлесіп жұмыс істеу, өз пікірінде тұру және талқылай білу, шешім қабылдау. Басқару жүйесіне кіретін іс шаралар кешенін іске асыру барысында дағдылану.
Таңдау бойынша курс 5
Қоршаған орта жағдайын бағалау

Пререквизиттер: «Экология және тұрақты даму», «Өндірістік экология»

Постреквизиттер: «Қоршаған орта туралы ілім, «Геоэкология, «Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемінің биоәралуандылығы».

Мақсаты: Қоршаған орта жағдайын бағасын нақты бағалау, елімізге инвестрлар көлемін арттыру, әрине үлкен мән беруге тура келеді, дегенімен мемлекетіміздің көп орманды және басқа жерлеріндегі табиғи ресурстар өзінің нақты нарықтық бағасымен пайдалану бойынша білімдер беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоршаған орта жағдайын бағалау пәні, оның мақсаты, міндеттері. Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және оның ресурстарын тиімді пайдалану. Қоршаған ортаны экономикалық бағалау. Қоршаған ортада жер ресурстарын рационалды пайдаланудың эконмикалық проблемасы. Қоршаған ортада жер су ресурстарын тиімді, рационалды пайдалануды бағалау. Қоршаған ортада қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды бағалау.Әуе бассейнінің әлеуметтік – экологиялық жағдайын бағалау. Қоршаған ортадағы табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер және төлем түрлері. Орман ресурстары, оларды қорғаудың маңызы мен проблемалары, ұдайы өндіріс және оны тиімді пайдалану. Жануарлар әлемі ресурстарын пайдалану, қорғау және өсіру проблемасы. Халықаралық және глобальдық жағдайларды бағалау Қоршаған ортаның ластануын талдау және олардың түрлері. Қоршаған ортада табиғи ресурстарды пайдалануда ғылыми - техникалық прогресс. Қоршаған ортадағы табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық жаһандық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық бағдарламалар.

Оқытудың нәтижесі: - қоршаған ортаның жағдайына мән беріу оларды тиімді пайдалау керек екеніне көз жеткізу.

- қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігінен тұратыны туралы білім беру,ұғындыру.

- табиғи ресурстар түрі болсада оның белгілі бір уақытта сарқылатынына көңіл бөлу С. Қоршаған ортаға әртүрлі әсерлерге байланысты шаралар ұйымдастыру

- жалпы тірі қоршаған дүниеге тосикалық қалдықтар әсері туралы білімдерді бекіту.


Табиғи ресурстарды бағалау

Пререквизиттер: «Экология және тұрақты даму», «Өндірістік экология». Постреквизиттер: «Өсімдіктер мен жануарлардың әралуандылығы», «Аумақтық экология».

Мақсаты: студенттер табиғи ресурстардың бағалануы және нарықтық бағасы туралы түсінік алады және олардың пайдалану бағасына қарап қоршаған ортадағы табиғи ресурстардың алар орнынмен оны пайдаланудың маңызы зор екеніне көңіл бөледі. Нарықтың дамуына байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикасы дамыған елдер қатарына еніп, дүние жүзінің нарық жүйесінде біздің қазба - байлықтарымыз оның ішінде табиғи ресурстарымызды бағалау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның табиғи ресурстарның өңірі және қор көзі. Кен өндіру өндірістерінің пайда табысы. Кен өндіруші өндірістердің кен өндіру және оны өткізудегі жеке өндіріс пайдасы. Кен өндіруші өндірістің капиталдық шығыны және оны есептеу жолдары. Кен өндірісінің айналымдағы шығындары және инфляцияға байланысты шығын индексациясының шығын көлемі. Кен өндіріс проектілерін қаржылындыру әдістері(акционерлік капитал,проектілік қаржыландыру,банктік және қарыз қаржылыр түрімен қаржылындыру әдістері.) Табиғи ресурстарды падалану үшін алынатын салықтар. Мұнай өндіру саласындағы фискальдық жүйе, оның түрлері( экономикалық рента, үстеме пайда) шарттар түрлері : концессия, контрактілер. Дисконттық шынайы ақша ағымының анализі( уақытша ақша бағасы және қарапайым жәй ақша ағымының анализі).Таза дисконттық баға. Инвестицияны бағалау әдісі.Кен көздерін инвестициялау және оны өндіруде және пайдалануда сақталатын нормалары. Дисконт, дисконт туралы түсінік оны пайдалану мөлшері. Қазақстан су ресурстары оны пайдалануда мемлекеттік заңдамалар негізі. Қазақстан су ресурстарын пайдалануда мемлекеттік кадастры ( төлем тәртібі және оны есептеу жолдары). Орман ресурстарын пайдаланудың мемлекеттік заңдамалар негізі ( орман ресурстарын пайдаланудағы оның таксациясы негізі бағасы мен көлем мөлшері).

Оқытудың нәтижесі: - бұл курста табиғи ресурстарды бағалаудан басқа геология әдістерімен қатар қазба – байлықтарды өндірудің бағалау параметрлері және жер асты суларының көлем деңгейін бағалау қарастырылады.

- пән арқылы орман ресурстарымен қатар жер ресурстары және оның рекреациондық фукциялары туралы білім алады.



- табиғи ресурстарды бағалау курсында су ресурстарын жалпы қажеттілікке пайдаланумен қатар суда өмір сүретін және дамитын бағалы балықтардан басқа сүда өсетін өсіп өсімдіктер, жәндіктер, пайдалы бактериялар олардың өндірісте пайдалану деңгейі мен бағалану айырмашылығы туралы білім алады.
Таңдау бойынша курс 6
Экологиялық - экономикалық талдау

Пререквизиттер: «Экологоия және тұрақты даму», «Қоршаған орта туралы ілім».

Постреквизиттер: «Экологиялық аудит».

Мақсаты: Экологиялық-экономикалық талдау студенттердің ғылыми ойлау ой өрісін кеңейтіп және дамытуға, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға білікті қалыптастырады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық –экономикалық талдаудың пәні, мазмұны және объектісі. Кәсіпорындағы экологиялық талдаудің қалыптасу ерекшелігі және оның түрлері. Экологиялық-экономикалық талдаудің көрсеткіштер жүйесі және ұлттық есеп жүргізушілік. Экологиялық есептің моделі және оның мәні. Пайдалы қазбаларды және табиғи активтерді бағалау, есепке алу және талдау. Табиғат пайдалануда шығындарды үйымдастыру және есепке алу Сақтандыру экологиялық қорларды есепке алу және талдау Жер- экологиялық-экономикалық есептің және талдаудың объекті ретінде.

Оқытудың нәтижесі: - экологиялық-экономикалық тәуекелдерді болжамдауың және тиімді табиғат пайдалануының талдау әдістемесін менгеру

- тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау ішін ағымдағы ортаны қорғау бойынша шығындардың тиімділігін, ресурс қорғау технологияларды талдауды білу

- экологиялық-экономикалық тәуекелдер туралы ақпараттарды жинақтау және экономикалық мәселелерді шешу үшін дәлелдер шағару

- қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану тиімділігінің нәтижелеріне талдау жасау

- экологиялық-экономикалық жүйедегі көрсеткіштерге талдау жасаған кезде өз бетімен жұмыс істеу дағдылары болу керек
Экономикалық талдау

Пререквизиттер: «Статистика», «Экономикалық талдаудың теориясы».

Постреквизиттер: «Каржылық есеп», «Қаржылық менеджмент».

Мақсаты: аталмыш курсты иегеру, аналитикалық ойларды жинақтай отырып, студенттерге нақты іс жағдайын кәсіби тұрғыдан бағалауға және оның негізінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасы бойынша дұрыс шешім қабылдау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Факторлық талдау Қаржы коэффициенттері әдістері. Басқарушылық талдаудың әдістері. Компанияның маретингтік әрекетін талдау. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемін талдау. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Қаржылық талдау негіздері. Компанияның қаржы жағдайына жалпы баға беру. Баланс өтімділігін талдау. Қаржы тұрақтылығын талдау. Ақша ағысын талдау. Ұйымның пайдалылығын талдау.

Оқытудың нәтижесі: - «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.

- Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.

- Қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.

- Ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.

- Ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену
Таңдау бойынша курс 7
Экологиялық кәсіпкерлік

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Экология және тұрақты даму, Аймақтық экология, Әлеуметтік экология және тұрақты даму, Экологиялық жаратылыстану аспектілері, Экологиялық экономика, Кәсіпкерлік құқық , Экономикалық талдау

Постреквизиттер: Жасыл бизнестегі жаңа технологиялар, Экологиялық аудит, Экологиялық менеджмент

Мақсаты: Курстың мазмұнына экологиялық кәсіпкерліктің теориялық аспектілері, экологиялық кәсіпкерлік жүйесі саласындағы стандарттар мен халықаралық ұсынымдар, кәсіпорынның экология - экономикалық кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың шет елдік тәжірибесі, Қазақстандағы экологиялық кәсіпкерліктің жай-күйі кіреді.

Міндеттері: - экологиялық кәсіпкерліктің экономикалық тұтқаларын білуі;

- алынған білімді өзінің практикалық қызметіне қолдана білуі тиіс;

- экологиялық кәсіпкерлік жүйелерін әзірлеу мен енгізу тәртібін, экология саласындағы өзіндік тәсілдемелерді білуі;



Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық кәсіпкерлік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ресурстық және энергияны үнемдейтін табиғат қорғау технологияларын қолдану үшін студенттердің ақпараттық, құқықтық және әдістемелік негіздерге ие болуы.

Оқытудың нәтижесі: - экологиялық кәсіпкерліктің түрлері мен қағидаттарын білуі;

- экологиялық кәсіпкерлік жүйелері саласындағы стандарттар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі;

- экологиялық кәсіпкерлік жүйелерін әзірлеу мен енгізу тәртібін, экология саласындағы өзіндік тәсілдемелерді білуі;

- экологиялық кәсіпкерліктің басқару құралдарына ие болуы;

- тиімді экологиялық кәсіпкерлік жұмыстарын ұйымдастыра білуі.

Кәсіпкерлік

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері, кәсіпорын экономикасы

Постреквизиттер: экологиялық мониторинг, өндірістік экология

Мақсаты: студенттерге бәсекелестік ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын меңгеруді оқыту болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттігін арттыру үдерісінде кәсіпорын мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі ерекше рөл атқарады. Кәсіпкерлердің ынтасы, тәуекелі, білімі мен қабілеті максималды тиімділікпен ұлттық экономикалық жүйені ұйымдастыруға, кәсіпорындардың (фирмалардың) әлеуметтік - экономикалық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондықтан да кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін терең меңгерген, жоғары білікті мамандарды даярлау ерекше өзектілікке ие болады.



Оқытудың нәтижесі: - Студенттер оқу үрдісінде кәсіпкерлік қызмет туралы білімдерін нақты түрде қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық формаларымен танысады, олардың ерекшеліктерін зерттейді.

- Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту тәртібін, мәдениетін, кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді үйренеді.

- Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттігін арттыру жолдарының стратегиялық бағыттарын анықтауды үйренеді.

- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері бойынша білімдері болу керек; кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен қызмет етуі бойынша дұрыс, нақты шешімдерді қабылдай алу керек;

- Бизнесті басқарудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануды меңгеру керек. Кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау аспектілерімен таныстыру.
Таңдау бойынша курс 8
Топырақтану

Пререквизиттер: Экология және тұрақты даму, Өмір - тіршілік қауіпсіздік негіздері.

Постреквизиттер: Статистика, Қоршаған ортаны бағалау

Мақсаты: топырақтың биологиялық факторларын, органикалық бөлігін қарастыру түсінікте-мелерінің мағынасын түсіну және олардың қолдану механизмін осы қоғамда пайдалану;

-адам қоғамының жер ресурстарына дұрыс қарамауы; әртүрлі қосылыстар топтарының бір-бірімен генетикалық байланысын білу;

-теориялық және практика жүзінде өз білімдерін, ойлау қабілетін, мәдениет дәрежесін дамыту және де болашақ мамандардың толғауларын дамыту

- қазіргі кездегі топырақтанудағы қиындықтар механизмін түсіну, жерді пайдалану процесіндегі адамның дұрыс әрекеттенбеуі «Топырақтану» пәнінің әдістемелік қолданушылығы оның ерекшеліктерімен анықталады . Қазіргі кездегі топырақтанудағы қиындықтар механизмін түсіну, Жерді пайдалану процесіндегі адамның дұрыс әрекеттенбеуі. Бұл жалпы анықтамаларды алу специфика арқылы басқа циклдік пәндермен байлаеысы және курстын құрылымдық дамуының басты схемасы.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Топырақтану студенттерге топырақ туралы түсінік беретін, топырақтын бүкіл биосфераның басты экологиялық қуысы ретінде, табиғаты мен касиеттері, оның коршаған ортамен байланысын көрсететін, іргелі теориялық ғылыми пәндердің бірі.Топырақ ерекше биокосты табиғи дене.

Оқытудың нәтижесі: - табиғи-өңдірістік жүйелерін және жаратылыстанудын дамуы және функцияландыру заң негізін, олардың бір біріне байланусуының білімін алу. Адам әсер етуінең жер ресурстарының нашарлану мүмкіндігін бағалауын жүргізіп прогноз жасау. алынған білімді оқу процесінде творчествалық қолдану

- маман бойынша жұмыс істегенде осы алынған білімді дұрыс қолдану; табиғи және қарапайым жүйелердің даму заңдары-мен байланыс;«жердің жұтарлық қасиеті», «қайраттылық», «топырақтағы сұйық ауа», «топырақ түрлері, классификафиясы немесе қасиеттері» деген ұғымдардың негізін түсіну; қоршаған ортаның сапасынын механизімін және неден пайда болғанына талдау жасау.

- топырақтың минералдық құрамының маңызы. Топырақтың биологиялық факторларын, органикалық бөлігін қарастыру түсінікте-мелерінің мағанасын түсіну және олардың қолдану механизімін осы қоғамда пайдалану; адам қоғамының жер ресурстарына дұрыс қарамауы;әр-түрлі қосылыстар топтарының бір-бірімен генетикалық байланысын білу;

- адам мен қоғамның табиғатқа тигізетін зардаптары; адам мен басқа да тірі ағзалардың өмір сүретін ортасы, олардың құрамы, жердің сапа көрсеткішінің өзге-руінің жер шаруашылығына әсері.

- елестету: адамның және басқа да тірі организмдердің өмірсурген жерін, олардың орталыңының сапасының көрсеткіштерінің бір қалыптылығын, құррамын; жер ресурстарын рационалды қолдану мен қайтадан дамуын қарастыру.
Экологиялық білім беру және дүниетаным

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, биология, химия

Постреквизиттер: экологиялық мониторинг, экологиялық-экономикалық талдау

Мақсаты: Экологиялық сана сезімді және жаңа дүниетанымды тұрақты дамудың ұзақ мерзімдік дамуын қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен үйлесімді қатынасы бойынша іс - әрекеттердің ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыруға бағытталған қазіргі кездегі ойлау деңгейін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Экологиялық білім беру және дүниетаным» пәні, оның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары. Қазақстандағы экологиялық білім беру бағдарламасы. Экологиялық білім беру мазмұны. ЭББ әдістемелік негіздері. Экологиялық білім қазір және ертеңгі жағдайы. Экологиялық болмыс ережелері. ЭББ жүйесіндегі тәрбие мәселелері. Экологиялық мәдениет негізі. Экологиялық тәртіп пен жауапкершілік Бұқаралық ақпарақ құралдарының ролі және ағарту ісі. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі. Халықаралық байланыстар. Динамикалық дүние концепциясы, коэволюция, орыс космизмі. Экологиялық сана-сезім негізі. Экологиялық білім берудегі дүниетаным көзқарастары

Оқытудың нәтижесі: - экологияның негізгі мәселелерін, табиғат қорғау және табиғатты тиімді пайдалануды ұғыну. Экологиялық білімдерді ағартушылық шараларын қолдануда білік пен дағдының негізгі қағидаралын қалыптастыру;

- ҚР білім беру негіздерінің тұжырымдарын білу;



- экологияның негізгі тіректік түсініктерін талдай алу біліктілігі.
Таңдау бойынша курс 9
Гидрология

Пререквизиттер: Экология және тұрақты даму, Өндірістік экология

Постреквизиттер: Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің әралуандылығы, Аймақтық экология

Мақсаты: Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер туралы білім беру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Гидрология пәні, мақсаты, даму тарихы. Гидрологияның зерттеу нысандары мен оның бөліну түрлері. Табиғи сулардың гидрологиясы,құбылыстар мен процестері. Мұхиттар мен құрылықтар гидрологиясы. Жер асты суларының климат тығыздығына байланысты химиялық – физикалық гидрологиясы. Қазақстан көл қазаншұңқырлары пайда болуы. Қазақстан аумақтарында жер асты кен - қазба байлықтарын ашық өндіруден пайда болған су аңғарлары. Жер қыртысындағы және қабатындағы сулардың өзара байланысы Қазақстан аумағындағы су қорларын қорғау. Жер қыртысы мен жер мантиясының қозғалысы. Мұздықтар, қар сызығы, су тасқыны оның зардаптары. Дүние жүзілік мұхиттардың гидрогеологиялық құрылысы мен континентальдық платформалары. Қазақстан бойынша сулы-батпақтар, мекен жерлер, ұлттық табиғи және жасанды су қорықтар гидрологиясы. Өзеннің гидрологиялық режимі мен қоректену типтері. Қазақстан жер асты және жер үсті су қорын пайдалану мен қорғаудың заңдамалары.

Оқытудың нәтижесі: - Бұл пән бойынша қоршаған ортада Гидрология ғылымының зерттеу нысандары туралы түсінік беру

- мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларының физика-химия қасиеттері мен жалпы гидрология мұхиттар Гидрологиясы (мұхиттану немесе океанология), құрлық гидрологиясына жіктелуі туралы ақпарат беру

- өзендер, көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология) туралы түсінік беру

- батпақтар гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының Гидрологиясы (гидрогеология);



- мұздықтар гидрологиясы (гляциология) болып жіктелуін және дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестері туралы білуге тиіс
Су ресурстарын басқару

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму

Постреквизиттер: жүйелік экология негіздері, өндірістік экология

Мақсаты: студенттерді су ресурстарын басқару әдістері мен негізгі ғылыми білімдерінің жүйесімен таныстыру, су ресурстарын қолданудың экономикалық механизмін жетілдіру, көрші мемлекеттермен әділетті және ақылға сыйымды пайдалануы негізінде су ресурстарын пайдалану туралы сұрақтары, екі жақты сенім мен пайда негізінде барлық шиеленіскен сұрақтарды шешу жолдары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Су ресурстары, Жердегі судың таралуы, ҚР су ресурстары және олардың ХХІ ғасырдағы маңызы, ҚР - дағы адами даму үшін су пайдаланудың тұрақты стратегиясы, дамудың ұлттық басымдықтары және олардың жүзеге асырудағы су факторының ролі, су ресурстарын басқару аясындағы ұлттық саясаты, су қорғау мен қолдану аясындағы мемлекеттік басқару, су ресурстарын қолданудың негізгі принциптері және мемлекеттік есеп, суды пайдаланудың құқықтың негіздері, сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі жергілікті өзін өзі басқарудың ролі және қоғамға қатысуы, су ресурстарын қолданудың трансшекаралық мәселелері, СРБИ - на көшу, экономикадағы су секторының тиімділігін арттыру үшін негіз болып табылады, суды қорғау іс - шаралары және экологиялық заңнамаларды іске асырудың принциптері, су ресурстарына антропогендік қызметтің әсері, су ресурстарына шекті антропогендік жүктеме, су шаруашылығы саласындағы экологиялық заңнамалар және оның тиімділігі, суды қорғау іс шараларын есепке ала отырып, су ресурстарының жағдайын бақылау және қорғауды ұйымдастыру, су ресурстарын қорғау, су объектілерінің мониторингі, су сапасын бақылаудың ұйымдастырушылық нысандары.

Оқытудың нәтижесі: Су әрқашан жаңғыратын ресурс болып, табылмайтынын, уақыт пен кпеңістікте біркелкі таралмағанын, қолданудағы белгілі бір артықшылығы, табиғи айналымдардың бұзылуы, биологиялық айналымдары мен экожүйелер тепе - теңдіктерінің бұзылуларын жер тұрғындарының денсаулықтарына қауіп туғызуды мүмкін екені туралы ерекшеліктерін көрсету.
Таңдау бойынша курс 10
Қоныстандырушылық

Пререквизитер: «Биология», «Экология», «ОБЖ».

Постреквизитер: «Статистика», «Биологиялык экология», «Қоршаған ортаны бағалау».

Мақсаты: Қоныстандырушылық - жер бойынша салу заттары туралы тар мағынадағы кітап (тізім) - жерге әртүрлі меншік формалар жағдайында белгілі бір шараны есепке алу жүйесін, мемлекетпен жүргізілетін жерді бағалау және бейнелеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жер ресурстарын қолданатын ұйым. Барлық түсініктер және жер телімінің құрамы. Жер-телімінің түрлері, формалары, мақсаттары. Жер телімінің жүйесі. Жер телімінің шығарылатын нақты. Жер құрылысының жобалауда нақты бөлімі. Жер құрылысының жұмыстары қалаларда және басқа халықтандырылған пунктерде. Жер құрылысының есептері мен құрамы. Жер пайдаланудың ауыл шаруашылығына бағытталмаған бөлімі. Шаруашылық аралық жер құрылысы. Территорияны пайдаланудын ұйымы. Көп қаптамалы бөлімнің қалыптасуы, ауылшаруашылық жер меншігі мен жер пайдалану. Ауылшарушылық кәсіпорынның жер пайдаланудың құрылуының негізгі құқықтық ұйымы. Жер пайдаланудың экономикалық талқылауы ауылшаруашылық кәсіпорындар. Жер мен коршаған ортаны күзету.

Оқытудың нәтижесі: - табиғи-өңдірістік жүйелерді және жаратылыстанудын дамуы және атқару заң негізін, олардың бір бірімен байланысы туралы білім беру. Адам әсер етуінен жер ресурстарының нашарлану мүмкіндігін бағалауын жүргізіп болжау жасау. алынған білімді оқу үрдісінде шығармашылықпен қолдану

- мамандық бойынша жұмыс істегенде осы алынған білімді дұрыс қолдану; жер бағалау және жер кадастрі бойынша заң және нормативтік актілерді әдістемелік материалдарды білу; топырақтын құндылығын кетірмеу мақсатымен онда болып жатқан процестерді зерттеу; қоршаған ортаның сапасынын механизімін және неден пайда болғанына талдау жасау.



- «экономикалық құндылық» түсініктемелерінің мағынасын түсіну және олардың қолдану механизмін осы қоғамда пайдалану; адам қоғамының жер ресурстарына дұрыс қарамауы; әр-түрлі қосылыстар топтарының бір-бірімен генетикалық байланысын білу; ҚР жер қоғамының қазір болып жатқан проблемаларының механизмін түсіну; адамның топырақты жоюының механизмін және оны қайтадан қалыптастыру процессін білу.

- ақпаратты әр-түрлі формада келтіру: жер ресурстарын тиімді қорғау және дұрыс пайдалану соған сәйкес шаралар өткізу алынған білімді оқу процесінде шығармашылық түрде қолдану

- адамның және басқа да тірі организмдердің өмір сүрген жерін, олардың орталыңының сапасының көрсеткіштерінің бір қалыптылығын, құрамын; жер ресурстарын тиімді қолдану мен қайтадан дамуын қарастыру.
Жер ресурстарын басқару

Пререквизиттер: Экология және тұрақты даму, топырақтану

Постреквизиттер: Жүйелік экологияның негіздері, өндірістік экология

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер реформасын жүргізу аясында қазіргі заманғы қоныстандырушылықтың мазмұны және негізгі міндеттері. Студенттерге табиғи, экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайларды ескере отырып, қолданыстағы жер заңнамаларының негізінде жер ресурстарын басқарудың шешу жолдарын үйрету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекттік деңгейде жер ресурстарын басқару түсінігі. Пән, әдіс, міндеттер мен функцияларды болжауда жер ресурстарын қолдану. Уақыт пен сапаның болжау факторы. Болжаудың жіктелуі. Болжауды ойлап табудың принциптері мен кезеңдері. Жер ресурстарын басқаруда болжау әдістері. Жер айналымын мемлекеттік реттеу. ҚР - да жер нарығын қалыптастыруда жерді тіркеу құқығы. Топырақты ластағыш көздер. Ғылыми - техникалық революция және топырақты қорғау мәселелері. Жер ресурстарын басқарудағы техногенез, технотартқыштық. Жер ресурстарын бағалауда ортақ принциптер мен қабылданатын шешімдер. Жер ресурстарын бағалауда әдіс жіктелуінің құны мен оларды қолдану. Елді мекендерде жерді экономикалық бағалаудың нәтижелері. Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруда органдар жүйесі. Жер ресурсы жер құрылымының басқару механизмі ретінде. Жер аумағын мемлекеттік және жеке меншікке шектеу. Жер ресурстарын басқаруға функционалды көзқарас.

Оқытудың нәтижесі: Жер құрылымының өндірістік үрдісте орны мен ролін түсіндіру, объектінің сипаттамалары, қалаған нәтижелерге жету үшін қолданылатын әдістер мен қабылданатын шешімдер, міндеттері мен мазмұны.

- Жер ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі мәселері туралы білім беру,

- жер құқығын қамтамасыз ету бойынша қызмет жүйесін көрсету,

- жер құқығының жаңа формасын құру бойынша идея беру, оларды экономикалық, техникалық, құқықтық негіздеу.





Пәндер

циклі


Пән

коды


Пәндер атауы

Несие

саны


Семестр







4 курс













Таңдау бойынша компонент 15 несие













Таңдау бойынша курс 1







БП

FM 4224

Қаржылық менеджмент

3

7

БП

KF 4224

Корпоративтік қаржы

3

7







Таңдау бойынша курс 2







КП

PE 4307

Өндірістік экология

3

7

КП

TRSND 4307

Стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды жасау технологиясы

3

7







Таңдау бойынша курс 3







КП

OENE 4309

Экологиялық нормалау және сараптама негіздері

3

7

КП

MS 4309

Халықаралық стандарттау

3

7






















Таңдау бойынша курс 4







КП

ORE 4310

Радиациялық экология негіздері

3

7

КП

ОЕРММ 4310

Менеджмент және маркетингтегі экологиялық құқық негіздері

3

7







Таңдау бойынша курс 5







КП

EA 4311

Экологиялық аудит

3

7

КП

BUPS 4311

Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп

3

7



Таңдау бойынша курс 1
Қаржылық менеджмент

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері, кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: студентермен қаржылық менеджментті ғылым, тәжірибе, және мекемеде қаржыны басқару туралы білімді беру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Қаржылық менеджмент» кәсіпорынды басқарудың жаңа бағыттарын игеруде, басқару ойларын қалыптастыруда өзінін алатын орны ерекше. Осы пәнді студенттермен оқу, нарық кезеңінде шетел тәжірибесін ескере отырып түрлі меншік формаларындағы кәсіпорын қаржысын басқарудағы және кәсіпкерлік қызмет басқарудың орнын толтырады. Сонымен қатар, қаржы саласындағы теориялық ізденістердін нәтижелерін қаржылық басқаруда қолдануды қарастыру. Негізгі көніл жобаларды басқаруда, девиденттік саясатты қолдануда, несиелік және қорлық нарықтардан қаражаттарды тарту негізінде капиталдын рационалды құрылымын құруда,, қаржылық активтерді басқаруда, және тәуекелдерді төмендетуде қаржылық шешімдерді қабылдауға бөлінеді. Курстын арнайы бөлімдері қаржылық менеджменттің халықаралық аспектілеріне және болашағы бар формаларға және қаржыландыру әдістеріне арналған.

Оқытудың нәтижесі: Пәнді оқу процессінде, студенттер:

- Қаржылық менеджменттің қазіргі теориясының даму кезеңдері, экономикалық ғылымдар жүйесіндегі қаржы менеджментінің орнын, және фирманың ұйымдық құрылымындағы қаржы службаларын білуі қажет.

- Қаржылық менеджмент теориясы мен практикасында қолданылатын негізгі көрсеткіштерді, қаржы активтерін бағалау модельдерін қолдана білуі керек.

- Ғылыми басылымдарда, статистикалық жинақтарда ұсынылған мәліметтерді зерттеу негізінде қорытындылар жасап және дәлелді пікірлер шығару, өз ойларын жеткізу.

- Экономикалық зерттеулермен, бағалау модельдерін салыстыра құнның мағынасын, оларды пайдаланудың базалық кезеңдерімен танысып, стандарттау, құнды келістіру туралы мәліметтер ұсыну.

- Қаржылық зерттеулер әдістемелерін қолданып компания құнын есептей білуді меңгеріп, бағалау модельдерімен танысып, оларды салыстырып шешімдер қабылдай алу. Кәсіби білімдерін тұрақты түрде жаңарту қажеттілігін түсініп, өзіндік жұмысқа деген дағдысы болуы керек.


Корпоративтік қаржы

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері, кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: корпорациялардың қаржысын теориялық және практикалық ұйымдастыру мен оларды қаржылық тұрақтылыққа жету мақсатында тиімді басқару, компанияның нарықтық құнын оптимизациялауды үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны. Қаржы-несиелік шешімдер қабылдауда қаржы- экономикалық есептеудің математикалық негіздері. Корпорацияның ұзақ мерзімді активтері. Корпорацияның айналым капиталы. Өнімді өндіруге және өткізуге кететін корпорацияның шығындары және оларды қаржыландыру. Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі және тиімді пайдалануы. Корпорацияның меншік капиталы. Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру. Корпорация капиталының құны мен құрылымы. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары. Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы. Корпорацияларды қаржылық жоспарлау.

Оқытудың нәтижесі: Корпорацияның қаржылық механизмінің теориясы мен практикасын игеру (қаржы ресурстары, ақша құралдарының қорын қалыптастыру, бөлу мен пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарды басқару әдістері, түрлері мен формалары);

- Қаржы ресурстары, ақша ағымдары, корпорацияның активтері және оның қалыптасу көздерінің тиімді құрамын, құрылымын, қалыптасуын, тиімді бөлуі мен пайдалануының мәнін ашу;

- Экономикалық тұрақсыздық жағдайында әртүрлі салаларда қызмет ететін корпорацияларға дұрыс қаржылық шешім қабылдау қабілеттілігіне ие болу;

- Әр түрлі меншіктегі және шаруашылықтағы қаржылық кәсіпорындарды ұйымдастыру ерекшеліктерін білу мен корпорацияның қаржылық жағдайын, банкроттық және қаржылық тұрақтылыққа жетуін әдістемесінде біліктіліктің болуы;

- Нарықтық экономиканың қарқынды өсу және қаржылық дағдарыс кезінде қаржылық есептеу және тиімді қаржылық шешімдерді қабылдауда тәжірибелік біліктіліктің болуы.
Таңдау бойынша курс 2

Өндірістік экология

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, Қазақстан экологиясы, ғаламдық экология, әлеуметтік экология, қоршған орта туралы ілім, химия, физика, биология, өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздері.

Постреквизиттер: Өсімдіктер мен жануарлардың әралуандылығы, қоршаған орта мониторингі, радиациялық экология негіздері, экологиялық мониторинг, геоэкология.

Мақсаты: студенттерді адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайьын қарама-қайшылықтар мен табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта мен оның ресурстарын пайдаланудағы өндірістік көздерден ластануы және оның алдын алу шаралары туралы білімдермен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Адам және табиғат. Биосфераның түрлі компоненттерінде жүріп жатқан процестер, өндіріс көздерінен бөлініп шығатын зиянды заттардың кері әсері, өндіріс көздерінің технологиялық үдерістерін экологизациялаудың әдіс-амалдары, оқу барысында алған білімін өзінің тәжірбиелік, шаруашылық қызметтерінде пайдалану.

Оқытудың нәтижесі: - Студенттерді адам мен табиғат арасындағы байланысты негізгі жолдарын түсіндіріу

- Өндіріс көздерінің биосфераның басты компоненттеріне әсер ету бағыттарымен жолдарын және одан туындайтын зардаптарымен таныстыру

- Өндіріске қажетті ресурстар классификациясымен таныстыру

- Іске қосқаннан кейін шығатын ластаушы заттардың топтамасымен таныстыру

- Өндірісті менеджментінде экологияның алар орны
Стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды жасау технологиясы

Пререквизиттер: экологиялық мониторинг, экологиялық менеджмент

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: «Стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды жасау технологиясы» пәнін оқып білу мынадай мақсаттарды көздейді: стандарттар мен нормативтік құжаттар туралы және оларды жасау принциптері туралы теориялық білім алу; стандарттаудың әдістемелік негіздерін игеру; шығармашылық ойлауды дамыту, жалпы және техникалық мәдениет деңгейін көтеру; стандарттар мен нормативтік құжаттар жасаудың практикалық дағдыларына төселу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі, нормативтік құжаттарды жіктеу және оларға қойылатын талаптар, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, өнімді, қызмет көрсетуді және технологиялық процесстерді стандарттау конструкторлық, технологиялық және техника-экономикалық жіктеудің құру принциптері, нормативтік құжаттамаларды жасау принциптері кіреді.

Оқытудың нәтижесі: - Пәнді оқу процессінде, студенттер негізгі ұғымдар мен стандарттар мен нормативтік құжаттар жасауға байланысты анықтамаларды меңгеру, стандарттар мен нормативтік құжаттарды құрастыру принциптерін және олардың мазмұнын игеру, нормативтік құжаттар түрлері мен категорияларын оқып білу, стандарттар мен нормативтік құжаттар жасау тәртібін игеру қажет.

- Стандарттар мен нормативтік құжаттар жасау принциптерін, оларды қолдану ережелерін практикада пайдаланып, кәсіби міндеттерді шешудегі маңызын түсіну керек.

- Стандарттар мен нормативтік құжаттарды құрастыру, баяндау, дайындау және олардың мазмұнына қойылатын жалпы талаптар негізінде аргументтер мен дәлелдеу құру.

- Стандарттар мен нормативтік құжаттар жасау технологиясы туралы аудиторияның ерекшелігін ескере отырып, ақпарат беру.

- Стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау және бекітуді, нормативтік-техникалық құжаттамаларға нормалық бақылауды өз бетімен жүргізуді білу.
Таңдау бойынша курс 3
Экологиялық нормалау және сараптама негіздері

Пререквизиттер: «Биология», «Экология және тұрақты даму», «Әлеуметтік экология және тұрақты даму», «Аймақтық экология», «Топырақтану», «Экологиялық қортану», «Экологиялық мониторинг», «Табиғи ресурстарды бағалау».

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: студенттерді экологиялық қызмет түрлерімен, жобалау бойынша нормативтік құжаттардың ережелер мен нормалар жүйесімен, қоршаған ортаны қорғаумен, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен, экологиялық қауіпсіздікпен, сонымен қатар экологиялық сараптамамен, аудитпен және ҚОӘБ таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық нормалау негіздері. Қоршаған ортаға әсерін басқару. Экологиялық нормалау. ҚОӘБ – қоршаған ортаға әсерін бағалау. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит. ҚР табиғат пайдалануды нормалау.

Оқытудың нәтижесі: экологиялық қызмет түрлерін;

- қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары мен ережелерін;

- қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік құжаттарды;

- қоршаған ортаның сапа нормативтерін;

- экологиялық сараптаманы және экологиялық аудитті өткізу қағидаларын;

- шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды өткізу ерекшеліктерін;

- жобаларды жүзеге асырудың жағымсыз экологиялық салдарының алдын алудың ең ұтымды жолдарын және негізгі қағидаларын;

- экологиялық сараптама және қоршаған ортаны қорғау бойынша ҚР Заңдарын;

- қоршаған ортаның сапасын бақылау құралдары.

- Білуі тиіс:- қоршаған ортаға түрлі қызмет түрлерінің әсерін бағалауды өткізу;

- қоршаған ортаның сапасын бағалауды инструменталдық бақылау құралдары арқылы өткізу.



- Игеруі тиіс: - қоршаған ортанын сапасын бақылау бойынша нормалар мен ережелерді, нормативтік құжаттарды, қоршаған орта сапасының нормативтерін, инструменталдық бақылау құралдарын пайдаланып теориялық және практикалық дағдыларын игеру.
Халықаралық стандарттау

Пререквизиттер: Стандартизация, метрология, сертификация.

Постреквизиттер: Сапа менеджмент жүйесі

Мақсаты: Халықаралық деңгейде стандарттау бойынша іскерлікті ұйымдастырудың ретін оқып үйрену,өндірістің және өнім сапасын меңгеру, іскерлікті бағдарлау және ақпараттармен қамтамасыз ету және ұлттық стандарттар мен өнімдер сертификациясын үндестіру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық ынтымақтастықтың кез келген бағыты бойынша және кез келген деңгейде халықаралық және ұлттық нормалардың үйлесімділік ережесін талап етеді.

Халықаралық стандарттау ғылыми техникалық және экономикалық дамуларды біруақыттылы меңгеру құралы болып табылады. Ол халықаралық еңбек бөлінісі, сондай-ақ осының негізінде мамандандыру және өндірісті кооперациялау негізінде құрылды.



Оқытудың нәтижесі:

- Болашақ мамандардың халықаралық және ұлттық нормалар тәртібін ғылыми тануын аықпалын тидіретін «Халықаралық стандарттау» пәні методологиясы мен әдістемесін меңгеру.

- Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу және оның өндіріс пен өнім сапасын басқарудағы кәсіби мәселелерді шешудегі ролін түсіну.

- Ұлттық стандарттар мен өнім сертификациясының үйлесімін ескеретін ақпараттар анлизі негізінде тұжырымдамаларды қалыптастыру.

- Аудиторияның спецификасын ескере отырып «Халықаралық стандарттау» бойынша ақпаратты әр – түрлі формадағы хаттамаларды жеткізу.

- Халықаралық стандарттау бойынша білімді үнемі жаңарту керектігін түсіну, өз бетінше жұмыс жасауды игере білу және ары қарай жетілуге деген сұраныс.
Таңдау бойынша курс 4
Радиациялық экология негіздері

Пререквизиттер: Экология және тұрақты даму, топырақтану, химия, физика

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: радиациялық әсерлердің көздері мен құрылымы және экожүйелердегі негізгі радионуклидтердің метаболизмі туралы түсініктерді студенттерде қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Радиациялық экологияның қалыптасу тарихы, пәні, мақсаты мен міндеттері. Жердің табиғи радиациялық фоны. Жердің антропогенді радиациялық фоны. Атом және оның құрылысы. Радионуклидтер Радиациялық сәулеленудің дозалары. Экожүйедегі шығу тегі ядролық-энергетикалық, ұзақ өмір сүретін радионуклидтердің әрекет сипаты. Азық-түлік өнімдеріндегі радионуклидтер.Организмнің радиосезімталдығы және радиорезистенттілігі. Ортаның техногенді радиоактивтілігі және халық денсаулығы. Сәулелік ауру. Организмнің сәулелік зақымдану патогенезі. Иондаушы сәулелену әсеріне биологиялық жүйелердің сол уақыттағы жауап қайтаруы және кейінгі салдары. Популяция деңгейіндегі сәулеленудің сол уақыттағы реакциясы және кейінгі салдары. ҚР радиоэкологиялық жағдайы Иондаушы сәулеленудің гигиеналық регламентациясы.

Оқытудың нәтижесі: - Жердің табиғи және антропогенді радиациялық фоны туралы, радиациялық экожүйедегі көпжылдық даму үдерісіндегі созылмалы иондаушы сәулену және олардың биологиялық жүйелерге әсерлері туралы білімдерді қалыптастыру.

-Қазақстан аумағы бойынша экологиялық аудандастыру жасау, экологиялық жағдайға баға беру және болжам жасау;

- Жергілікті, аймақтық деңгейдегі экологиялық мәселелердің дұрыс шешімдерін таңдай және қабылдау; оқушылардың табиғатқа және табиғатты қорғау іс-әрекеттерін дамыту;

- Алған білімді экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін, сонымен қатар биосфераға антропогенді әрекеттің кері әсерін азайту және тоқтату үшін болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдану;

- ҚР аумағындағы қазіргі экологиялық ахуалды оқып білу, қоршаған ортадағы жергілікті және ғаламдық антропогендік өзгерістерге талдау жасау.
Менеджмент және маркетингтегі экологиялық құқық негіздері

Пререквизиттер: Құқық негіздері, ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР еңбек құқығы

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: ҚР Экологиялық құқығы жеткілікті қарқынмен дамып келеді. Қашанда болсын адам экология ұғымы мен тығыз байланысты болған. Тіптен адам атаулына экология іспеттес үлкен ұғымның мызғымас бөлшегі деп те айтуға боларлық. Осы санада пайда болған құқықтық қатынастарды және де адамның экологиялық құқықтары мен мемлекеттік мүдделерін қорғау үшін осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін экологиялық құқық тек біздің құқықтық өмірімізде сана маңызды орын алмай, барша Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде айрықша орын алады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экология құқығының түсінігі мен пәні. Экология құқығының тарихы және қайнар көздері. Табиғи объектілерге меншік құқығы. Табиғатты пайдалану құқығы.

Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық – құқықтық нысандары. Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны

қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Жердің құқықтық режимі. Жер қойнауының құқықтық режимі және оларды қорғау. Сулардың құқықтық режимі. Ормандардың құқықтық режимі Жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі.

Оқытудың нәтижесі: Пәнді оқу барысында студенттер ҚР Экологиялық құқығының негізгі институттары туралы теоретикалық жағдайларды; өкілді органдар туралы, заңдық актілерді; әрекеттегі заңдылықты және қолдану тәжірибесін жүзеге асыру тәртібін білуі қажет. Студент, Экологиялық нормативтік актілердің жағдайларын ғана білу емес, сонымен қатар Үкімет пен Парламент ведомосттарында жарияланатын жаңа нормативтік актілердің шығуын бақылап отыруы қажет.

- Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешуді жәрдемдеседі.

- ҚР экологиялық құқық пен өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен әртүрлі құқық салалары нормаларының өзара әрекет ету, жанасуы және интеграция процестері жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының ғалымдарының түпкілікті зерттеулері бар, сондықтан студенттер іздену барысында баспасөз және заң журналдарында үнемі басылып шығарылатын мақалалармен танысуға міндетті.

- Экологиялық құқықты оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім. Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау, халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысудағы ролі жайында мәселелерін қарастыратын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.


Таңдау бойынша курс 5
Экологиялық аудит

Пререквизиттер: Экологиялық менеджмент, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму, аймақтық экология, әлеуметтік экология және тұрақты даму, табиғи ғылым экологиялық аспектілері, жаһандық экология.

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: өндірістік нысандарды инвестициялық жобалау, салу, пайдалану және тарату түрлі сатыларында, экологиялық және экономикалық мәселелерді қарау, сондай-ақ, экономикалық, құқықтық, нормативтік және процедуралық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, экономикалық және математикалық аспектілері және оларды шешу әдістері.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық аудит стандарттарын теориялық аспектілері және экологиялық аудит саласындағы халықаралық ұсынымдар, экологиялық аудит саласындағы мемлекеттік саясатты шетелдік тәжірибені, Қазақстан мемлекет экологиялық аудит жүргізу кіреді.

Зерттеу пәні болжау, ресурстарды пайдалану экологиялық және экономикалық пайданың жоспарлау және талдау, түрлі өндірістік объектілердің пайдалануға, аз қалдықты технологияларды енгізу, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын іске асыру қазіргі заманғы әдістері болып табылады.

Пәннің негізгі міндеттері теориялық білімді және болашақ мамандар үшін қажетті практикалық дағдыларды сатып алу қамтуы тиіс - экологиялық және экономикалық жағынан шешімдер қабылдау үшін геоэкология және экология:

- Ғылыми-зерттеу жаңа шығарындылармен жабдықтар, таза және аз қалдықты технологияларды, нысандар мен өндірістік кешендерді түрлі қоршаған ортаны қорғау және ресурс үнемдейтін іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыруға байланысты;

 - Фирмалардың деңгейінде, өнеркәсіп, Облыс, ұлттық экономиканың кезінде қоршаған ортаны қорғау іс-(экологиялық менеджмент) саласында; - Өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы үшін инвестициялық жобаларды дамыту, жеке кәсіпорындар, өнеркәсіптік кешендер мен өзге де объектiлердi дамыту ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны сапасының деңгейін қозғайтын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» учаскелерін дайындау;

- Кәсіпорынның инвестициялық имиджін жақсарту өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тауарлар мен қызметтердің отандық және әлемдік нарықта оны ықпал ететін шараларды әзірлеу;

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, парниктік газдардың, соның ішінде разрядты және антропогендік заттардың шығарындыларын азайту кәсіпкерлік даму стратегияларын әзірлеу

Оқытудың нәтижесі: - Студент Экологиялық аудит теориялық негіздерін, ұйымдастыру, тәжірибелік колданылуын, әр түрлі айқындамалар тұрғысынан қарастыру керек.

- Экологиялық аудит категория ретінде қарастырып, оның ұдайы өндіріс үдерістеріндегі және қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызын игеріп студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

- Экологиялық аудит, қызметтері, қаржының басқа экономикалық категориялар мен өзара байланысын, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктерін қарастырып меңгеруі қажет.

- Экологиялық аудит маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларын, жүйелерін, ұғымдарын, олардың қаржы және басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі іс-қимылының қағидаттары мен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптауын. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш, сақтандыру, резервтер, функциялык жүйелер, қаржылық жоспарлау мен болжау, бақылау, қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету, қаржы нарығын, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарын және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы каржының іс-қимылының өзіндік ерекшеліктері жайлы мәлімет бере алуы керек.

- Нақты экологиялық аудит қаржы механизмінің құралдарын қолдану мүмкіндігін талдауды, оны қолдана білу және ойлау жағын дамыту. Сонымен қатар елдің әртүрлі қаржылық өзгерістерін ескере отырып оларды талдай отырып мақалалар жаза білу.
Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері, кәсіпорын экономикасы, экологиялық- экономиялық талдау, статистика

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмыс

Мақсаты: студенттерді қорлар (запастар) есебін ұйымдастырумен, еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысумен, Қазақстан Республикасының өндірістік саласындағы әртүрлі кәсіпорындардағы дайын өнімдермен (жұмыстармен, қызметтер көрсетумен), өндірістік шығындармен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Құрылыс өндірісін ұйымдастыру формалары. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қаматмасыз етуді ұйымдастыру. Құрылыс объектілеріндегі және бухгалтериядағы матералдық қорлар (запастар) есебінің ерекшеліктері. Титульды есем ғимараттар мен құрылғылар есебі. Құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану бойынша шығындар есебі. Негізгі және қосалқы өндіріс шығындарының есебі. Жанама (қосымша) шығындарды бөлу есебі. №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік шарттары» БЕС-ке сәйкес дайын өнім үшін есеп айырысулардың құрылыс өндірісі шығындарының есебі. Мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыру (тапсыру) мен субмердігерлік ұйымдардың тапсырыс берушілерімен есеп айырысулар есебі. Құрылыстағы инвестициялар есебі.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің есеп және салық саясаты. Ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі салаларында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Шаруа (фермерлік) шаруашылықтарындағы есепті ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығындағы амортизацияланатын активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың есебі. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс есебі.



Оқытудың нәтижесі: Пәнді оқып үйрену үдерісінде студенттер:

- өндірістік кәсіпорындар шығыстарының ұғымы мен жіктеуін;



- өндірістегі шығындар есебі әдістерінің түрі мен мазмұнын және өнімдердің (жұмыстардың қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялауды;

- өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын калькуляциялауды білуі тиіс.
Каталог: attachments -> article -> 4070
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В030400 "Кеден ісі"
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет