Электр аппараттары



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата15.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#181193
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ЭА и ИТ лаб.раб

r
I

жылу ағытқышының номиналды тогының ажыратқыштың 
номиналды тогына еселігі; 
r
t
- жылу ағытқышының іске қосу уақытын кідірту; 
sd
I

электромагнитті ағытқыштың іске қосу тогының жылу 
ағытқышының номиналды тогына еселігі; 
sd
t
– электромагнитті ағытқыштың іске қосу уақытын кідірту; 
i
I
– лезде әрекет ететін электромагнитті ағытқыштың іске қосу тогының 
жылу ағытқышының номиналды тогына еселігі. 
Жұмыс жөніндегі есепті рәсімдеу. 
Есеп келесілерден тұруы тиіс: 
 
1) Жұмысты орындау мақсаты мен тәртібі. 
2) Алынған эксперименттік деректері бар кестелер. 
3) Графиктер: 
- ажыратқыштың іске қосылу уақытының тізбек тогының еселігіне 
тәуелділігі; 
- кабель температурасының автоматтың жылу ағытқышының түрлі 
номиналды токтары және қоршаған орта температурасы кезіндегі токқа 
тәуелділігі; 
4) алынған деректерді талдау және жасалған жұмыстардың нәтижелері 
бойынша қорытындылар. 
Е с к е р т п е - Қорғаныс сипаттамасын жасау кезінде ажыратқыш іске 
қосу уақытының мәні бір тәртіп шегінде тұратындай етіп, жүктеме тогының 
еселігі бойынша учаскелерге бөлген жөн, яғни шектен тыс жүктеу токтары 
үшін уақыт бойынша масштаб ҚТ токтары үшін уақыт масштабынан 
ерекшеленуі тиіс. 
Теориялық бөлімі. 
Автоматты ажыратқыш (автомат) төмен вольтты электрлі тізбектерді 
асқын токтан (шектен тыс жүктеу тогынан және ҚТ тогынан) қорғауға және 
коммутациялауға арналған.
Автоматтардың күйіне байланысты электрмен қамту және номиналды 
ток жүйелерінде олар үш топқа бөлінеді: 
1) Модульді автоматтар. 
2) Құюлы корпустағы автоматтар.
3) Үлкен ток автоматтары. 
Модульді автоматтар 0,5 - 125А аралығындағы токтарға шығарылады. 
Коммутациялауға және соңғы тұтынушыны қорғауға арналған. Үлкен ток 
автоматтары 630-6300 А токтарға шығарылады және қосалқы станцияларда
сонымен қатар өте қуатты тұтынушылардың қорек тізбектерінде енгізу және 
секциялық ажыратқыш ретінде. 


67 
Құюлы корпустағы автоматтар аралық күйді алады және 16 А - 1600А 
аралығындағы токтарға шығарылады. Бұл ажыратқыштар жекелеген 
қабылдағыштардың тізбектерінде орнатуға, сондай-ақ аралық тарату 
шкафтарында енгізу автоматы ретінде қолдануға арналған. 
Электрмен қамту жүйесіндегі автоматтар күйіне және электрмен қамту 
сенімділігі бойынша оларға қойылатын талаптарға байланысты автоматтар 2 
категорияға бөлінеді: «А» және «В» . 
«А» категориясына негізгі мақсаты ҚТ туындаған кезде тізбекті жылдам 
ажырату болып табылатын автоматтар жатады.
«В» категориясына негізгі мақсаттарының бірі электрмен қамтудың 
сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылатын автоматтар 
жатады. Бұл автоматтар электрмен қамту жүйесінің жоғарғы деңгейіне 
орнатылуы және электрмен қамту жүйелерінің төменгі сатыларында орын 
алатын ҚТ токтары кезінде қорғанысты іріктелуін қамтамасыз етуі тиіс.
Мұндай автоматтар төмен тұрған автоматтардың қорғанысын іске қосу 
және тізбектердің бұзылған жерлерін ажырату үшін қажетті кейбір уақыт 
ішінде ТҚ тогын өткізуі тиіс. Сәйкесінше, мұндай автоматтар ҚТ токтарына 
термиялық төзімді болуы тиіс. 
Автоматтардың маңызды сипаттамасы болып қорғаныс сипаттамасы 
табылады. Құюлы корпустағы автоматтың стандартты уақыт-ток сипаттамасы 
(қорғаныс сипаттамасы) 12.3 суретте берілген. 
Құюлы корпустағы автоматты ажыратқыштар 200А дейінгі токтарға 
термомагнитті ағытқышқа, ал 200А жоғары ток кезінде электронды ағытқышқа 
ие болады. Бұл автоматтар, модульді автоматтар сияқты шектен тыс жүктеу 
токтарынан және ҚТ токтарынан қорғанысқа ие. Дегенмен, соңғыларына 
қарағанда қорғаныс қондырғыларын пайдаланушы өзгерте алады. 
Бірақ, қорғаныс қондырғыларын реттеуді орындау мүмкіндігін құюлы 
корпустағы автоматтары өндірушілердің барлығы бірдей қамтамасыз етпеген 
және өндіруші фирмасына және автоматтың номиналды тогына байланысты 
болады. 
Төменде, мысал үшін, Schneider Electric фирмасы шығаратын Compact NS 
типті құюлы корпустағы автоматты ажыратқыштарға орнатылатын 
термомагнитті ағытқыштардың типтері берілген, ал 12.4 суретте осы 
ажыратқыштың термомагнитті ағытқышының панелі көрсетілген. 
Суреттен көріп тұрғанымыздай, бұл автоматта шектен тыс жүктеу 
тогының қондырмасын 
𝐼
𝑟
және ток айырымының қондырмасын 
𝐼
𝑚
реттеу 
мүмкіндігі бар. 
Compact 
NS 
автоматты 
ажыратқыштың 
термомагнитті 
ағытқыштарының түрлері
TM-D 63 А дейінгі токтарға қолданылады: шектен тыс жүктеуден қорғау 
реттелетін қондырмаға ие; ҚТ қорғау реттелмейтін қондырмаға ие. 
TM-DC 80 - 250 А аралығындағы токтарға қолданылады: шектен тыс 


68 
жүктеуден қорғау реттелетін қондырмаға ие; қысқаша тұйықталудан қорғау 
реттелмейтін қондырмаға ие (реттелетін қондырма 200 А және 250 А кезінде). 
TM-G 63 А дейінгі токтарға қолданылады: шектен тыс жүктеуден қорғау 
реттелетін қондырмаға ие; қысқаша тұйықталудан қорғау ұзын кабель 
желілерін қорғау үшін еселігі аз реттелмейтін қондырмаға ие. 
 
12.3 сурет – ВА-57 типті құюлы корпустағы автоматты ажыратқыштың 
қорғаныс сипаттамасы 
12.4 сурет - CompactNS автоматты ажыратқыштың термомагнитті 
ағытқышының панелі 
Бақылау сұрақтары. 
1. Автоматты ажыратқыштарға анықтама беріңіз.
 


69 
2. Автоматтар іске қосылу уақыты бойынша қалай ерекшеленеді? 
3. Іріктелген қорғаныс дегеніміз не? 
4. Автоматтар қандай негізгі элементтерден тұрады? 
5. Еркін ағыту механизмі қалай аталады? 
6. Автомат жетегі не үшін қолданылады? 
7. Электромагнитті ағытқыштың мақсаты мен құрылымы қандай? 
8. Жылу ағытқышының мақсаты мен құрылымы қандай? 
9. «С» қолдану категориясына және «Д» қолдану категориясына қандай 
ажыратқыштар жатады? 
10. Заманауи каталогтарда берілетін автоматты ажыратқыштардың 
негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз? 
11. Білікті қызметкерлер қызмет көрсететін және біліктілігі жеткіліксіз 
қызметкерлер қызмет көрсететін ғимараттарға орнатылатын ажыратқыштар 
үшін жылу және электромагнитті ағытқыш сипаттамаларын беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет