Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет13/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Су режимін басқару


154. Гидроэлектр станцияларын пайдалану кезінде су ресурстарының және жүктеме кестесін жабуға гидроэлектр станциясының оңтайлы қатысуы кезінде белгіленген қуаты бар гидроагрегаттардың толығымен пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.
Бір уақытта экономиканың энергетикалық емес салаларының (су көлігі, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) қажеттіліктері және табиғатты қорғау шарттары есепке алынады.
Су ағынын реттеуші су қоймасы бар электр станциялары үшін су қоймасының су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен құрылуы және бекітілуі тиіс.
155. Кешенді пайдалануда су қоймасы бар гидроэлектр станциялары үшін түрлі суды пайдаланушылардың суды пайдалануының ай сайынғы көлемін белгілеуші жылдық су шаруашылығының жоспары құрылады. Су шаруашылығының жоспары метеорологияның аймақтық қызметтерінің су ағызу болжамын ескере отырып, әрбір тоқсанға және айға анықталады.
Энергетикалық жүйеде бірнеше гидроэлектр станциялары немесе каскадалар бар болған кезде сарқынды суды реттеу басқа су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, оң жоғарғы жиынтық энергетикалық (отын, қуат) нәтиже алу үшін жүргізіледі.
156. Су тасқыны алдында және оның әрі қарай толтырылуы кезінде су қоймасының жарамсыздық режимі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) су қоймасын су тасқыны кезінде тірек деңгейіне дейін толтыру; осы қағидалардан ауытқу тек су шаруашылығы кешенінің ерекше талаптарымен және көпжылдық реттеу су қоймалары үшін ғана жол берілетінді;
2) жобада су қалдықтарын, қоқыстарды, сондай-ақ мұзды құрылыс арқылы шығаруға арналған қолайлы жағдайлар көзделген болса;
3) қалыпты кеме қатынасы, балық шаруашылығы, суару мен сумен жабдықтауға арналған келісілген қажетті жағдайларды;
4) энергетикалық емес су пайдаланушылармен келісілген шектеулерді сақтаған кезде энергетикалық жүйедегі жоғары энергетикалық (отын, қуат) тиімділікті;
5) гидротехникалық құрылыстардың жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігінің және су тасқынымен күресу талаптарын ескере отырып шығындарды реттеуді.
Су қоймасының жұмыс істеу және толтырылу режимдерін шектейтін энергетикалық емес су пайдаланушылардың өзара келісілген талаптары су қоймасындағы су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдаланудың қағидаларына қосылуы тиіс.
157. Су өткізу құрылыстары арқылы суды ағызу өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады және құрылыстардың зақымдануына әкелмеуі, сондай-ақ құрылыстың орнықтылығына әсер етуі мүмкін түптерінің шайылуына әкелмеуі тиіс.
158. Су ағызу құрылыстары арқылы су шығынын азайту бьефтерде үлкен толқындардың пайда болуын бірте-бірте болдырмау үшін жүргізіледі. Су шығынын азайту жылдамдығы гидротораптың төменгі бъефіндегі тұрғындардың және шаруашылықтың қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, арнайы талаптар бойынша анықталады. Су шығынының кенет өзгеруі туралы 3-күн бұрын энергетикалық кәсіпорын метрология қызметінің аумақтық органдарына және әкімшілікке алдын ала хабарлайды.
Гидротурбиналар арқылы өтетін су шығынының өзгеру жылдамдығы регламенттелмейді және егер су электр станцияларын пайдалану шарттарында қарастырылмаса, шығын өзгерісі туралы ескерту хабарланбайды.
159. Жоба бойынша судың есептелген жоғарғы шығынын өткізу үшін басқа мекеменің (мысалы, кеме жүретін шлюз) иелігіндегі су ағызу құрылыстарын қолдану қарастырылатын гидроэлектр станцияларында осы мекемемен келісілген, осы құрылыстың іске қосу шарттары мен тәртібін анықтайтын нұсқаулық әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет