Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет1/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 1352 Қаулысы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 қарашадағы
№ 1352 қаулысымен
бекітілген

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер


1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда энергетикалық кешеннің барлық буынының үнемді және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін энергетикалық объектілерге қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар жазылған.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу және электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
2) электр желісі – кіші станциялардың, бөлу құрылғыларының және олардың электр энергиясын жеткізу үшін бағытталған электрді беру жүйесін біріктірудің жиынтығы;
3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы;
4) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
5) су электрстанциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
6) жергiлiктi нұсқау – кәсiпорын аясында пайдалану үшiн әзірленген және энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет