Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар



бет14/17
Дата16.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#101880
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жұмысты орындау тәртібі:


  1. құрылғымен танысу;

  2. кедергіні («а»«в» клеммаларын) көпірдің П1 П2 қысқыштарына жалғау;

  3. көпірді жұмысқа дайындау: «ПП» қорек қосқышын «36» қалыпына; сүлбінің «ПС» қосқышын «ГВ» қалыпына (орнатылған гальванометр); құралды ~220В ток желісіне қосып «СЕТЬ» қосқышын «ВКЛ» қалыпына қоямыз, сигнал шамы жану керек;

  4. қатынастар иығының тумблерлерінде «№=1» көбейткішін қосу;

  5. «ГРУБО» пернесі басылып тұрғанда декадалық тумблерлерді бұрау арқылы гальванометр тілшесін нөлге келтіреміз; дәл осыны «ТОЧНО» пернесі басылып тұрғанда орындаймыз;

  6. «ТОЧНО» және «ГРУБО» пернелерін жіберу;

  7. тумблерлердің көрсеткіштері бойынша R шамасын жазып алу; мысалы, R=2х1+3х0,1+8х0,01+8х0,001=2,388;

  8. белгісіз Rx кедергінің шамасын формуласымен есептеп кестеге еңгізу;

  9. көбейткішті №=1:4 қойып 4.5- 4.8 өлшеулерін өткізу;

  10. дәл соны №=10 үшін орындау;

  11. екінші кедергіні («в» «с» клеммалары) П1 және П2 қысқыштарына қосып өлшеу нәтижелерін кестеге еңгізу;

  12. кедергілерді тізбектей («а» «с» клеммалары) жалғап, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу;

  13. кедергілерді параллель («ас» «в» клеммалары) қосып, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу;

  14. қателігін Стьюдент коэффициентін ескеріп өлшеп жатқан шаманың орташа мәнінің жеке өлшеулерден ауытқуы бойынша есептеу;

  15. жұмыстың нәтижесін 4 жағдай үшін түрінде жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет