Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар



бет2/17
Дата16.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#101880
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Кіріспе

Методикалық нұсқау жалпы физика курсының «Электр» бөлімі бойынша ЖОО-ң физика-математика, инженерлі-техникалық және жаратылыстану-ғылымдары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге зертханалық сабақтарды дайындауы үшін арналған. Методикалық нұсқау студенттерді физикалық аспаптармен тереңірек танысуы, сонымен қатар нақты өлшеулердің негізгі әдістерін игеруіне көмектеседі. Бұл оқулыққа 5 зертханалық жұмыс енгізілген, олардың әрқайсысы қысқаша теориялық кіріспеден, зертханалық қондырғылардың схемаларынан, өлшеулерді жүргізу әдістерінен тұрады. Зертханалық жұмыстардың сипаттамасынан кейін қажет әдебиеттер тізімі келтірілген.

Осы оқу құралын пайдалану студенттердің «Физика» пәні бойынша білім деңгейін, сонымен қоса әдістемелік жабдықтау мен зертханалық сабақтарды жақсартуда көп көмегін тигізеді.

30 зертханалық жұмыс.Электрөлшеуіш құралдар


Кіріспе
Әрбір зертханалық жұмысты орындау үшін элеткр тізбегін құру қажет. Электр тізбегін өткізгіш сымдар, R сыртқы жүктеме немесе тұтынушы, ток көзі және электр өлшеуіш құралдар құрайды. 30.1 суретті қараңыз.



E – ішкі кедергісі r-ге тең ток көзі;

R – сыртқы кедергі;

СА – ауыстырып-қосқыш;

PA – амперметр;

PV – вольтметр.

30.1 сурет


Зертханалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтаған дұрыс:

  1. рубильниктер мен ашаларды (вилканы) оқытушының немесе лаборанттың тексеруінсіз іске қоспаңыз

  2. ток жүріп тұрған тізбекте қайта жалғауларды жүргізбеңіз

  3. тізбектің оқшауланбаған (изоляцияланбаған) бөліктерін ұстамаңыз

  4. тогы бар электр тізбегін бақылаусыз қалдырмаңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет