Электрофильді қосып алу реакциялары. В. В. Марковников ережесі


Қанықпаған көмірсутектер (Алкендер, олефиндер)



бет2/12
Дата27.01.2020
өлшемі471,61 Kb.
#56597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
тапсырма 1
методические пособия по библиотечному делу для библиотек системы образования, 6.2 Силлабус, Ғылыми зерттеу жұмысының жоспары, макала дюсш, План заниятия, макала дюсш, Матем 2 тапсырма, презентация 2, саба0 жоспарлары, Доклад, тест2, Табель учета часов ПД 2 А 9, 1-urok, 173979-1

Қанықпаған көмірсутектер (Алкендер, олефиндер).

Қанықпаған көмірсутектер деп молекулаларында өзімен жалғас көміртек атомымен байланысуға екі валенттіктен жұмсаған көміртек атомдары бар көміртексутектерді, яғни қос байланыс түзетін көмірсутектерді атайды.

Этилендік көмірсутектер гомологтық қатарының жалпы формуласы СnH2n, бұлардың ең бастапқы негізі этилен, СН2=СН2 болады.

Изомерия. Номенклатура.



Осы қатардың структуралық изомериясы қаныққан көмірсутектер катарындағыдай қатардың төртінші мүшесінен басталады, алайда изомерлердің саны анағұрлым көп болады. Көміртек тізбегінің құрылысына байланысты изомерлермен қатар, олефиндер қатарында тізбектегі қос байланыстың орнына байланысты структура изомериясы да болады. Бұдан басқа, олефиндер қатарында кеңістік (геометриялық) изомериясы цис-транс-изомерия деп аталатын изомерия да болады. Цис-изомерлерде қос байланысты көміртектегі белгілі атомдар (жеке жағдайда бір түрлі) немесе атомдар топтары осы қос байланыстың бір жағында болады, ал транс-изомерлер әр жақта болады:

олефиндер қатарындағы геометриялық цис-транс-изомериясының болуы екі көміртек атомдары арасындағы байланыс осі бойынша бос айналуға σ-байланыстың мүмкіндік бермеуіне байланысты. Геометриялық изомердің бір түрінің басқа түрге көшуі тек жоғары температурада, жылылық энергия σ-байланысты нашарлатуға жеткілікті болғанда ғана мүмкін болады, жарық түсіп сәуле энергиясын сіңіргенде немесе σ-байланыстары катализаторлардың әсерінен нашарлағанда болады.

Алу тәсілдері.

Олефиндер кейбір мұнайларда кездеседі. Бұлар әсіресе Канада мұнайында көп. Мұнайдан таза күйінде С6Н2-ден С3Н2 б-ға дейін көмірсутектер бөлініп алынған.

1. Олефиндер қатарынық алғашқы төрт мүшелері таза күйінде техникада мұнай дистилляттарының крекинг өнімдерінін, газ түріндегі бөліктерінен қысыммен немесе төменгі температурада айдау арқылы және кокстау газдарынан (этилен, пропилен) бөлініп алынады.

Кейбір олефиндер техникалық мақсат үшін крекинг газдары және басқа өнеркәсіптік көздерден бөлініп алынарлық мөлшерден анағұрлым көп мөлшерде керек, сондықтан бұларды техникада қаныққан көмірсутектерді сутексіздендіру әдісімен алу кеңірек тарап келеді. Бұл процестің катализаторы ретінде әдетте әдейі арналып дайындалған хром тотығы қолданылады:



2. Лабораториялық жағдайларда олефиндерді алудың ең көбірек қолданылатын тәсілі спирттерді сусыздандыру (суды бөліп алу):



Осы сияқты үзіп алу реакциялары Еи Е2 символдарымен көрсетіледі (бірінші немесе екінші реттік элиминирлеу реакциялары)

Сусыздандыру катализаторлары ретінде әр түрлі қышқылдар (күкірт, фосфор қышқылдары), қышқыл тұздар (КНSО4) қышқылдар ангидридтері (Р2О5), алюминий тотығы, алюминий тұздары және басқалар пайдаланылады.

Спирттің тегіне байланысты сусыздандырудың әр түрлі жағдайларын қолдануды қажет етеді. Әсіресе үшіншілік спирттер онай сусызданады: олар қайта айдау кезінде суды жиі үзіп алады.



Судың үзіліп алыну реті көпшілік жағдайда Зайцевтің қағидасы бойыңша жүреді: су түзілгенде сутек жалғасып тұрған ең аз сутектенген (гидрогенденген) көміртектің атомынан үзіліп алынады. Бұл сутек көбінесе қозғалмалы келеді.

Сусыздандыру процесінде қос байланыстың орын ауыстыруы жиі болады және алынған көмірсутектің құрылысы бұны алуға жұмсалған бастапқы спирттің құрылысына сәйкес келмейді. Мысалы, изоамил спиртін сусыздандырғанда әдетте үш көмірсутектер алынады:



Қышқылмен әсер еткенде судың үзіліп алыну реакциясының жүруін мынадай түрде түсінуге болады. Қышқылдың протоны спиртпен әрекеттесіп оксондық қосылыс береді, ол суды бөледі де, аралық карбоний ионын береді, ол протонын жоғалта отырып, олефин түзіп барып тұрақтайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет