Электрондық кестелер



Дата22.09.2022
өлшемі0,73 Mb.
#150304
Байланысты:
9a73ba79bc762ea35bbfe23b0d6e2e174ee516c0

Microsoft Excel-де абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелермен жұмыс

Информатика және есептеуіш

техника негіздері

8 сынып

Microsoft Excel-дегі ұяшықтарға сілтемелер

Ұяшықтарға сілтемелер. 

Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Сілтемені енгізу әдістері

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • Ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • Қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.

Сілтемелер түрлері

Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмеленгенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің орналасуына сәйкес автоматты түрде өзгереді.


салыстырмалы
сілтеме
Аралас
сілтеме

Салыстырмалы сілтеме

Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Бастапқыда ұяшықтардағы сілтеме салыстырмалы болып табылады. Формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді . Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды.


Салыстырмалы
Сілтеме (Е3)
  • Мысалы, А4 ұяшығына = А1+ А2 формуласын енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және одан төменгі ұяшықтағы мәндерді қосу керек» деп қабылдайды. Егер А4 ұяшығын, яғни = А1+ А2 формуласын С4 ұяшығына көшірсек. С4 ұяшығына = С1+С2 формуласы, ал D5 ұяшығына = D2+ D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.
  • А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолютті сілтеме


 Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Белгілі бір ұяшыққа сілтеме жасау қажет болса қолданылады. Формулаларды өңдеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек.
Абсолютті
Сілтеме ($D$3)

Абсолютті сілтеме


Мысалы, $С$15 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшығындағы мән пайдаланылады.

Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, Мысалы $С15 немесе С$15. Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($С15), бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (С$15) түріне жазылады.

  • Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, Мысалы $С15 немесе С$15. Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($С15), бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (С$15) түріне жазылады.

Аралас сілтеме
Аралас
Сілтеме (С$5)

Сілтемелер


Бастапқы ұяшықтардағы сілтеме

Келесі ұяшықтағы сілтеме

Оңға толтыру кезінде

Төмен толтыру кезінде

А1 (салыстырмалы)

В1

А2

$А1 (бағана бойынша абсоллют)

$А1

$А2

А$1 (жол бойынша абсолют)

В$1

А$1

$А$1 (абсолют)

$А$1

$А$1

Скачано с www.znanio.ru



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет