Әлеуметтік ғылымдар факультеті Құқықтану кафедрасы


Қамқоршылыққа және мүлкінің қаралуына құқық



бет10/11
Дата24.12.2021
өлшемі72,34 Kb.
#104788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚІЖҚ 12 БӨЖ Даниярова
0мжжж, 2 сыныптың ктж сы, 1513524906, 1513524906, 1513524906, Чек-лист Основы по геометрии, Оразбаев Олжас, Суммативное оценивание за раздел «Сила искусства» 8 класс
Қамқоршылыққа және мүлкінің қаралуына құқық

      Ата-анасының немесе асыраушысының күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізетін органның басқа да әрекеттерiнiң нәтижесiнде қараусыз, күтусiз және күнкөріс қаражатынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ еңбекке қабiлетсiз адамдардың өздеріне қамқоршылық жасалуына құқығы бар, оны көрсетілген орган бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін органның еңбекке қабiлетсiз адамдарды қарау, күту және мемлекеттiк әлеуметтiк көмек органдарына немесе медициналық ұйымға уақытша орналастыру жөнiндегi тапсырмасы қорғаншы және қамқоршы орган, сондай-ақ аталған ұйымдардың басшылары үшiн мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін орган кәмелетке толмаған және еңбекке қабiлетсiз адамдарға қамқоршылық жасауды осы адамдардың келiсiмiмен олардың туыстарына сенiп тапсыруға құқылы.

      Күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процестi жүргізетін органның басқа да әрекеттерiнiң нәтижесiнде мүлкi қараусыз қалған адамның өз мүлкiнің және өзіне тиесiлi жануарлардың қарауда болуына құқығы бар, оны көрсетілген лауазымды адам осы адамға оның өтiнуi бойынша және оның есебiнен қамтамасыз етуге мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін органның адамның мүлкi мен оған тиесiлi жануарларға қарауды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасы тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн мiндеттi.

      Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған адамға немесе басқа да мүдделi адамға осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы дереу хабарлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет