Әлеуметтік ғылымдар факультеті Құқықтану кафедрасы


Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту



бет9/11
Дата24.12.2021
өлшемі72,34 Kb.
#104788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚІЖҚ 12 БӨЖ Даниярова
0мжжж, 2 сыныптың ктж сы, 1513524906, 1513524906, 1513524906, Чек-лист Основы по геометрии, Оразбаев Олжас, Суммативное оценивание за раздел «Сила искусства» 8 класс
Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту

      Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі.

      Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның уәжді қаулысы бойынша жүргізіледі.

      Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурордың келісуі немесе нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісуімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін.

      Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 100-106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі.

      Кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының күшін жою туралы қаулыға шағым жасау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет