Әлеуметтік жасырын сауалнама



Дата08.02.2022
өлшемі47,5 Kb.
#124808
Байланысты:
С-мектеп.құқық-1-15
С-мектеп.наш-1-12 (1), жеке сабак, жеке сабак, жеке сабак

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАСЫРЫН САУАЛНАМА




Құрметті жасөспірім!
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оған қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеуге бағытталған сауалнаманы ұсынамыз.

Әр сұрақты мұқият оқыңыз. Жауап нұсқаларымен танысқан соң, дұрысын белгілеу қажет. Егер де берілген жауаптардың бірде-біреуі қанағаттандырмаса, өз жауабыңыздың нұсқасын жазуыңызға болады.Сіздің жеке пікіріңіздің құпиялылығы сақталады.





  1. Жасыңыз нешеде, қай сыныпта оқисыз?

А) 13-14 жаста 7-8 сыныпта


Б) 15-16 жаста 9-10 сыныпта
В) 17-18 жаста 10-11 сыныпта



  1. Жынысыңызды көрсетіңіз?

А) Ұл
Б) Қыз





  1. Сіз жасөспірімдердің топтарының (район) қатарында болдыңыз ба?

А) ия, бірақ қазір топта емеспін


Б) жоқ, болған жоқпын
В) әрине, солардың қатарындамын

Г) шақырған, барған емеспін





  1. Жасөспірімдердің топтарында болған болсаңыз, олардың аттарын атап көрсетсеңіз?

____________________________________________________________




5. Сыныптастар, жоғары сыныпта оқитындар немесе бөтен адамдар тарапынан Сіздің мектептен ақша жинау фактілері кездесе ме?

А) ия
Б) жоқ


В) білмеймін


Г) жауап беруге қиналамын




6. Егер ондай фактілер бар болса, онда олар бұл жағдайды қалай түсіндіреді?

А) жолдастарға көмек беру


Б) кенеттен пайда болған мәселені шешу үшін
В) «общакқа» ақша жинауға
Г) сабаққа келмегені үшін
Д) ешқандай түсіндірмейді


7. Сіздің мектептің үстінен қараушы (смотрящий) бар ма?
А) ия
Б) жоқ


8. Мектепте немесе сіз оқитын білім беру мекемесінде кімнен қорқасыз? Аты-жөні және сыныбын, кім екенін жазып көрсетсеңіз?

____________________________________________________________


____________________________________________________________




9. Сіз өзіңіз сыныптастарыңыз, жоғары сыныпта оқитындар немесе мектепке сырттан келетін бөгде адамдар тарапынан ақша бопсалау (немесе басқа да құнды заттар), күштеу (ұрып-соғу, келеке ету, т.б.)


жағдайына кездестіңіз бе?

А) ия
Б) жоқ




10. Сіздің мектепте төменгі сыныптарда оқитын оқушыларға қатысты


күштеу, қысым көрсету, қорқыту (буллинг) фактілері кездесе ме, естідіңіз бе?

А) ия
Б) жоқ


11. Оқушылардан «общакқа» деген сылтаумен ақша бопсалайтын қылмысқа бағытталған топтар туралы білесіз бе?

А) ия
Б) жоқ




12. Оқушылар мектепте пышақ, кастет немесе басқа да суық қару алып жүреді ме?

(мысалы, балалардың мектеп аумағында және мектеп аумағынан тыс жерде


қару алып жүруі, мектеп аумағында қару алып жүрген балаларды білуі)


А) ия
Б) жоқ


13. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану немесе бөтеннің мүлкін бопсалаудың куәсі (мектепте және мектепке жақын маңда) болдыңыз ба?

А) иә
Б) жоқ




14. Күш көрсету жағдайлары негізінен қай жерде болады?
А) мектеп ауласында
Б) мектеп дәретханасында
В) асханада
Г) киім ілгіш жанында
Д) аулада
Е) басқа жауап ___________


15. Егер берілген сауалдарға алып-қосарыңыз бар болса, онда жазсаңыз_________________________________________________________
_________________________________________________________
Тағы да еске саларымыз: сауалнама жасырын болғандықтан, сіздің жауабыңыз туралы ата-анаңыз, педагогтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директор, сондай-ақ, құрбы-құрдастарыңыз да білмейтін болады.


Оқушының аты-жөні және қолы қажет емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет