«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік үрдістер» пәні дәрістері Тақырып Әлеуметтік құрылым


Тақырып 7. Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу



бет8/17
Дата21.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#144423
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
лекция әлеумет құрылым
МФ ЛЕК ПОЛНЫЙ 123456789, 572
Тақырып 7. Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу
Қоғам әлеуметтік жүйе, себебі адамдардың жиынтығы., олардың біргуі. бір- біріне қарым-қатынасы. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет:УМКД 042-14-5-08.01.20.03/03- 2011 № 1 басылым 02.09.2009 25 беттің 12-сі 1.Өмір сүру ұшін адамдардың тұрғылықты жер территориясының ортақтығы,ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді. 2.Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы 3.Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару. 4.Халықтың дамуына қажетті мәдени деңгейдің болуы. Сонымен қоғам дегеніміз-өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына байланысты қажетті мәдениет деңгейіне жеткен адамдар жиынтығы. Қоғамның негізінде: материалдық өндірі (К.Маркс), ұжымдық сана (Э.Дюркгейм), адамдар әрекеті (М.Вебер) жатыр деген пікірлер бар. Яғни қоғам біртұтас құрылым. Адамдардың әрекеттері-әлеуметтік әрекеттер болып табылады да, адамдар мен топтардың тәуелсіздігі, сиысушылығы-әлеуметтік байланыстар деп аталады.
Әлеуметтік байланыстың элементтері субьект (әрекет етуші жан, тұлға) байланыстың жүзеге асуы оның реттеу механизмі. Әрекет ету-әлеуметтік қатынастарға әкеледі, олар дербес және тәуелсіз байланыстар болады. Социолог П.Сорокин әлеуметтік байланыстарды алты түрге бөлген: 1.субьектінің санынан қарай (екі немесе бірнеше адам) 2.айырмашылығына қарай ( біржақты, екі немесе келісімді) 3.ұзақтығына байланысты (қысқа немесе ұзақ) 4.ұйымдасуына қарай (ұйымдасқан немесе қйымдаспаған) 5.саналы-санасыз 6.интеллектуалдығына қарай (идеялық, эмоционалды, жігерлі т.б.) Қоғамның әлеуметтік құрылымы өте кұрделі. Онда әлеуметтік жалпылық бар. Ол жеке адамдардың өмір сүретін жиынтығы. Белгілеріне қарай демографиялық, этникалық, мәдени, экологиялық т.б. болады. Әлеуметтік топтар осы жалпылықтың бір түрі. Олар тұрақты әрекеттестігімен, топтасқандығымен, тектестілігімен ерекшеленеді. Олар үлкен және кіші немесе бірінші және екінші. Топтасулар белгілі мақсаттағы жағдайда пайда болады.
Қоғам –бүкіл қоғамдық жүйенің тұрақтылығын, орнықтылығын анықтайтын әлеуметтік құрылымға ие, яғни ол әлеуметтік организм. Әлеуметтік құрылымның дамуы, қалыптасуы - түрлі мәртебе мен артықшылықтарда. Онда әлеуметтік ниститтуттар бар, ол дегеніміз адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формасы. (Мысалы: отбасы, білі, ғылым, саясат, құқық т.б. инститтуттар). «Әлеуметтік институт» - ол формализациялау, стандартизациялау, қо,амдық байланыстарды тәртіпке келтіру сипаты мен байланысты. Инститтутар ұйымдасқан әлеуметтік жүйе. Қоғамда түрлі өзгерістер болады, ол бір күйден екінші күйге ауысу, өту. Социологтар өзгерістер мен дамуды мынадай етіп бөледі. Олар: эволюциялыө-баяу, бірте-бірте, революциялық- тез, жылдам, прогресті-ілгері, алға, регресті-кері кету, имитациялық- өзгерістің тез көрнісін жасау, инновациялық-жаңаның пайда болуы
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік институт ретінде.
Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық жәнебасқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Қоғам ілгеріліп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.
М. Вебер мен К. Маркстің әлеуметтік құрылымының классикалық теориялары
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, бұл танымда айырықша тұжырымдама жасаған Карл Маркс (1818—1883) болды. Кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік шешесі деп атаған. Бұлай атауға негіз болған оның қоғамның формациялары туралы ілімі және әлеуметтік құрылым туралы ойлары болды. Ол алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-саяси қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деп атап көрсетті. Ол өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеді. К.Маркстің әлеуметтану теориясындағы көптеген бағалы ой-пікірлері мен тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдары түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасалды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетілді.
Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды. Макс Вебер іс-әрекеттің мүмкін болар төрт түрін көрсетеді. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие). Сондықтан бұл іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады. Екінші құндылықты-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни және т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет. Мұның негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез-құлықтың кез келген басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші - көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет. М. Вебер әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну әдістеріне көп көңіл аударды. Оның пікірінше, әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын зерттеуден бастауы қажет. Өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді. Сондықтан М.Вебердің әлеуметтануын түсіну әлеуметтануы деп атайды. Сонымен әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі бұл пәннің қоғамдық ғылымдар арасында өзіндік ерекше орны, зерттеу объектісі, категориялары мен заңдары, әдіс-тәсілдері, құрылымы, мен функциялары бар жетекші ғылымдардың біріне айналдырып, оның көп салалы болып дамуына еркін жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет