Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны



бет1/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Директор
Презентация-1, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Karimova Madina, sabaq-kz attachment kazak-tili-11-587e574d185b6, 1603209038, 1513869848, БЖБ ТЖБ талдау шаттық, Е11-Пірназарова. Л.(КМИС)

Мектеп басқарудың педагогикалық
жүйесі және нысаны
"Менеджмент" – ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.

Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.

Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару. Менеджмент теориясын алғашқы ұсынушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола түра, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гәрі, тәжірибеге жуықтау деген. Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг менеджмент – өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе, орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетуің тиімділігі дейді. Менеджмент – өндірісті басқару мен өнімнің артуын іске асырудағы стратегияның тиімділігі, өзін-өзі ақтауы, пәлсапасы, принципі, әдіс-тәсілдері. Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді: "Бұл адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни, адамдардың өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істе тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға, осал жақтарын жеңуге бағытталады".


П.Дуркер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды. П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды. Оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді. Олар былай деп жазады: "Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыда қарағанда, менеджмент дегеніміз - адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда меджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады". Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецидің пікірінше, басқару процесі – өнер. Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайда қарап қолдану. Американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: "Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдерінің, формаларының жиынтығы".
Батыс елдерінде менеджмент бизнесті, коорпорацияны, фирмаларды басқару ғана емес, бір мекемедегі адамдардың әр түрлі көзқарастарын, танымын, қызметін, біліктілігін біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп түсіндіріледі. Менеджмент - нарықтың экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымды басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент – бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының қалай өтетінін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықты игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет