Әлімжанов Елен. Ә55 Оралу: Повестер мен әңгімелер



бет2/7
Дата20.06.2018
өлшемі275,11 Kb.
#43877
1   2   3   4   5   6   7
«Суға шы-

ғасыңдар»,— дегенді естігенде шыр ете қалды.

-Айналайын, Жапарқұл, шалдың бір қатесін кешір. Ол жүгермекті де бұрынғы мал доғдыр құсап бұл істен хабары бар екен деп қалдым ғой мен қара басып. Әйтпесе, Тұрғынбек тірі айта ма: «Шырағым, байқамай қосып алыппыз, қайта бөлісіп жібер»,— деймін ғой.

-Ертең кім келіп сұраса да сөйтіп айт ұқтың ба?

-Ұқтым, ұқтым. Қім келсе де сүйдеймін.

Оңаша үшеу біреу-міреу сұрай қалса, байқамай қосып алыппыз деп, бірауыздан шығуға сөз байласты да,жөндеріне кетті.

Кейіннен сұрау салған Қасымов та бұдан өзге бөтен сыбыс шықпағаннан кейін тынышталған. Әйтеуір іс кезінде тыйылған соң Әбілқасым да одан әрі қазбалаған жоқ. Бірақ бұл оқиғадан кейін ферманың екі мал маманы бір-бірінен бой тартып жүрді. «Бала, өтер іс өтті, бір ниеттес екі маманның қырын жүргені келіспес, кабақ ашысайық»,— деп Жапарқұл ағалық көрсетпеді, «Қіші болғаныммен, қылмысын көре тұра қолымды қалай беремін»,-деп Әбілқасым кешірім сұрамады.

Бұл іске Қадыр қария кіріспегенде екеуінің де қабағына қатқан мұздың қашан ерірі белгісіз еді. Қадыр Жапарқұлдың әйелі Күләйімнің әкесі болатын. Колхозды қолымен кұрысып, алғашқы бастықтарының бірі болған. Бұл өңір түгел сыйлайтын беделді шал еді. Тіпті Жапарқұлдың алшаң басып жүргені де қайын атасының арқасы деген әңгіме барды. «Ел құлағы елу» емес пе, күйеу баласы жаңа мал дәрігерімен қырын екен дегенді ол да естіп, қойшылар қыстауларына жайғасқаннан кейін екеуін қонаққа шақырды. Оның босағасын осы өңірдің «жақсысы» да, «жаманы» да тартынбай аттап, тарылмай шығатын. Сондықтан да Әбілқасым Қадырдың шақыруын ықыласпен қабылдады. Әр нәрседен мол хабардар, көкірек көзі ашық шалдың әңгімесін тыңдамағалы да көп болған. Бұл үйге ел үйірсектігінің де бір ұшығы беретін тамағында емес, өмірден түйгені мол шалдың түйінді сөздерінде жататын. Мал аралаған мамандар мен басшылар да көбінесе осы үйге түстеніп,кейде түнемелей, шаруа жайын шалды ортаға ала отырып ақылдасатын.

Бүгін де Қадыр қария екі баланы асымен сыйлай отырып, малшы өмірінің небір қызық хикаяларын шертіп, осы өңірде бұрын ел басқарған азаматтардың арттағыға қалдырған өнегелерін әңгімеледі. Арасында оларды да сәйлетіп, ұзақ-ұзақ тыңдап алды. Өзі ұнат- пағанымен кеңілдегілерін шығарсын деп әлгі «тентек судан» да аса тартындырған жоқ. Жапарқұл келгеннен өзін осы үйдің баласындай ұстап, кұрақ ұшып жүргенімен, Әбілқасым оған аса ашыла қоймай, қүлағын Қадырға қарай кәбірек түріп отырған. Бірақ Жапарқұлға салқындай бастаған қанын ішімдік ысытып, Қадырдың жылы-жылы әңгімесі жан-дүниесін аралаған сайын жайыла берді...

Ертеңіне Қадыр:

Құдайдың берген дәулетіне қанағат қыл. Атқа мінгенге асып-тасатын уақыттан өттің, ақыл тоқтататын кезің болды. Біреудің бөтен елде жүрген баласын мүйіздей бермей, қайта жас та болса оқығаны көп қой, білімін пайдалан. Өзің шаруаның жайын үйретіп, сауабын ал,— деп күйеу баласын таптап жіберді.

***
Көңіл күйлері күннің қабағына қарап құбылатын малшылар мен мамандар қыраулы қысты да еткізіп, көк


көтеріле төл алатын көктеулеріне қарай жылжығанда
Әбілқасымды ойда-жоқта совхоз парторгі шақыртты.
Алмас Сағындықов партиялық жұмыстан тәжірибесі
мол, жасынан араласқан шаруаны да жақсы білетін іскер қызметкер еді. Орта жасқа келсе де, толыса баста-
ған денесін жеңіл қозғап, орнынан тұрып қарсы алды.
Жас жігітке жылы қабақ танытып, жағдайын сұраған соң:

Алғашқы аяқ алысың бізді қуантады,-деді
оған.- Бірақ сенен біз көп нәрсені күтеміз. Ол жұмыс учаскеңмен шектеліп қалуға болмайды. Жоғары білімді
маман ретінде бүкіл совхоз өміріне араласып, белсенді-
лік көрсетіп отыру керек. Партбюро сені өзің істеп жүр-
ген ферманың халықтық бақылау тобының жетекшілігіне ұсынады.


Қалай қабылдап отыр екен дегендей хатшы сәл кідіріп, Әбілқасымға барлай қарап алды. Жас жігіттің әлі балғын жүзі қайта бал-бұл жанғанын байқап, сөзін одан әрі жалғап кетті.

-Бұрын бұл міндетті Жапарқұл атқаратын. Бірақ оның өзі төлге онсыз да тікелей жауап беретін болғандықтан әдейі саған жүктеп отырмыз. Әсіресе, биылғымал төлдетудің жауапкершілігі айрықша болып тұр.

Өзің білесің, өткен қыстың қатулығынан мал шығыны болды. Оның орнын толтыру үшін қозыларды өсіруге көбірек қалдырамыз. Сондықтан әрбір төлдің есептен тыс қалмауы үшін күресуіміз керек. Ал жолың болсын, табыс тілеймін.

Совхоз кеңсесінен жас жігіт жайнап шықты. Парторгтің жаңағы айтқандары қанат беріп, көңілін алып- ұшқан көк дөненнен қалып қоймас үшін, астындағы қара керін қайта-қайта қамшылай түседі.

• • •

-Қоғамдық тапсырмаға № 2 ферманың мал дәрігері едәуір уақытын бөліп жүрді. Қомсомол комитетімен бірге тұмса саулықтардың күтімін, оған берілетін жемшөп радионының дәлдігін, қора-қопсының сайлануын, әрбір төлдің есепке алынуын тексеріп рейд те жүргізіп тас- тады.

Алайда жас маманның орынсыз «пысықсуы» Жапаркұлға тағы да ұнамай қалды. Халықтық бақылау тобының жетекшілігін алып қойғанына өкпелі еді. Сенімнен шыға бастағанына да күздегі оқиғаның әсері болды деп ойлады. Сыртқы қатынасын өзгертпегенімен баяғы оқиғадан кейін қайын атасының бір ауыз сөзімен бүркей салған іштегі ескі қыжыл қайтадан бүлкілдей бастады. Бұған да себепкер Сақтаған болды.

Төл алудың барысы туралы әрбір отардан жиналған ақпармен танысып отырған Әбілкасымға Сақтағанның көрсеткіші тым төмен көрінді. Дегенде пысық жігіт қой, саулықтары көктеуге қоңымен келген. Сол отардың қойын емдеген екі-үш күнде егіздемей туғаны сирек сияқты еді, әрі күздегі тоқтыларынан қоздағандары бар ма деп қалған. Қазіргі ақпарда жүзінен жүз сегізден ғана айналып жатыр. Жеке қойшы ғана емес, бүкіл совхоздың көрсеткіші жүз жиырмадан асып жығылып тұрғанда, олардікі тым аз еді.

Осының себебін білмек болып зоотехниктен сұрады. Жас жігіттің ізіне түскенін індетпей тынбайтынын байқап жүрген Жапарқұл бұл қазымырлығын қаламаса да, бұрқ ете түспей бұлдыр жауаппен жуып-шая салды.

Қыстаудан елден бұрын козғалып, көктеудегі қорасына жеткенше қойлары әнеугүні суыққа ұрынған жоқ па, содан іш тастап жүргендері көп шығар,- деп жүре жауап берді.

Бірақ бұған бақылау тобының жетекшісі қанағаттанған жоқ. Бар бәле, Шоңбайда емес, оның ағасы Сақтағанда екенін ол күзде-ақ сезген. Ал көктемгі мәселе сол күдігін қайта күшейте түсті. Мұны Әбілқасымның

әрбір қыбын аңдып отырған Жапарқұл да аңғарып,былтырғыдай емес, белін бекітіп қалған бұл бәледен осы жолы оңай құтылмасын сезді. Алға тартып отырған айғағы да тұяқ баспаған тақырға түскен іздей анық еді.Сайрап жатқан сол ізден Әбілқасымның енді адаспасын білген Жапарқұл «көріп алдым» деп кеуде соғып кетудің жөнін таппай, жаңағы сөзінен жалт беріп тағы да үйреншікті әдіс - жата беріске салды.

-Сенің айтқаның да рас екен-ау,-деді ол.- Сол итке мен де сенбей жүрмін. Бонитировщик інісі болғаннан кейін екеуі бір бәлені бүлдіріп жүрмесе неғылсын. Ертең солай қарай жүргелі отыр едім, сен де ілес, анық-қанығына бірге жетейік.

Аяққа оралғы бола берген ауыл тірлігіне айналсоқ-
тап жүріп, Әбілқасымдар жолға ұлы сәскеде бір-ақ
шықты. Әсіресе, Жапарқұл аса асығыстық танытпай,
алдымен малды ауылға жемшілерді жіберді. Жолға
шыққаннан кейін де ат басын Сақтағанның ауылына бірден бұрмай, жолшыбай өзге отарларды қамтып, малшы сақпаншылардың жай-
күйімен таныса жүрді.Арасында марқаның түстігін де ұмыт қалдырған жоқ. Күн қызуы қайтқан шақта ғана екі жолаушы ең шалғайдағы Сақ-
тағанның ауылы отырған Жиделіге қарай бет түзеді.


Жапарқұл бүгін жайдары еді. Жанындағы Әбілқасымға айрықша ілтипат көрсетіп, ықыласпен сөйлесіп келе жатты. Күн де көктемнің буы бұрқырап, құлпыра түскен кезі болатын. Қыраулы қыстан құрысы жазылып, жадырап жатқан мамыржай даланың жұпар иісі желік бітірген екі жігіт соңғы бекетке бұрылғанда желпіне сөйлеп келе жатты.

-Тірлік, тірлік деп жүріп көктемнің қызығынан да құр қала жаздаппыз-ау,- деді Жапарқұл. Тым болмаса бас қосып бір күн сейіл де құрмаппыз ғой.

Оныңыз рас,- деді серігі,-кеше ғана шәкірт сияқты едім, енді міне, мына қара кермен жолдас болғаныма жылға жақындапты. Айлар өтіп жатыр, ал бітіргенім шамалы.

-Мимырт тірлікпен митыңдап жүре берсең, жастықтың қызығынан құр қаласың, бала. Жігіт адам белін бұлдамас болар, қамал бұзатын кездерің ғой қазір.

Мына келе жатқан Шоңбайдың үйіндегі келіндер қандай шіркін, қызыл түлкідей жайнаң-жайнаң етеді. Сен сияқты бүркіттің бүруіне жаралғандай.

Айтарын ақтара салған Жапарқұл мол денесі селк селк етіп жапан далада жалғыз өзі ұзақ күлді. Бірақ тағы да аласы басым көздерін жанындағы жас жігіттен айырған жоқ. Сыр тартқан сыңай қарас еді бұл. Талдырмаш денелі балаң жігіттің балғын жүзінен әлдеқалай өзгерістің ізін іздейді. Алайда, Әбілқасым аға серіктесінің әлгі айтқандарына қарымта әзілмен шап ете түспей, батып бара жатқан күннің мол шапағына қызықтай қарап жүре берді. Сырт көзге солай көрінгенімен арлы-берлі сөйлей салатын Жапарқұл жігіт жүрегінің бір нәзік талшығынан тартып қалған еді.

Өткенде сол ауылдың малын емдеп жүрген Әбілқасым атын суғармаққа құдыққа бұрылған. Шоңбайдың ойелі Әсия да су алуға шығыпты. Ауыл әйелдерінің әдебін ұстап, еркектің алдынан кеспей Әбілқасымды бұрын әткізіп жіберді. Сөйтсе де ашық мінез танытып, анадайдан әзілдей келді.

Қайным, ер-азамат қой деп ізет қылып жатсам да,сәлемдесуге жарамадың ғой.

Ойға шомып келе жатып шынында да Әсияның жанынан суық етіп кеткенін Әбілқасым жаңа ұқты. Көзі ойнаған келіншектің базынасы көңілін жылытып, езу тартты.

Әсия, айып менен, сонымды жуу үшін шелегіңді толтырып бере қояйын.

-Оның өз құдығымның суы ғой.

-Күш менікі болады да.

-Жарайды, қауға салысыңды көрейік, тартсаң тарта ғой.

Әбілқасым қауғаны құдыққа түсірді. Бірақ келіншектің сыны көңілін қобалжытты ма, әйтеуір шелегі түскір су түбіне батпай бетінде сырғанап жүріп алды. Қасында төніп тұрған келіншек сылқ-сылқ күлген сайын қысылып барады. Бір кезде Әсия қауға жіпті төменіректен ұстап, ырғап қалғанда шелек суға күмп берді.

-Жеңгелерің қауға салдырмаған ғой саған,- деді келіншек,- қалай тартуды да білмейсің, үйреніп ал, керек болады.

Бірақ күлген жоқ, сәл ғана жымиып тұрып айтты. Сірә, онсыз да қара тер болған жігітті аяған болу керек.

Әбілқасым екі шелек суды әзер тартты. Келіншек оларды аударып құйып алды да:

-Ет жемесең де сорпа ішкендей болдың-ау, жігітім,- деп тағы да бір мырс етіп жөніне кетті. Алдындағы әңгіменің астарын әлі анық ұғынбаған Әбілқасым былқ-сылқ басқан келіншектің артынан аңырып ұзақ тұрды. Бірақ құдық басындағы бұл кездесу бойында бұйығы жүрген бұлыңғыр сезімнің пердесін сыпырып, кеудесі бұлқынып қала берген.

Жиделі бұлақтың түбінде отырған Сақтағанның ауылына жақындағанша жас жігіт жаңағы бір оқиғаны ойынан шығара алмады.

Бала, қайсысының үйіне түсеміз? - деді Жапарқұл үнсіздікті бұзып.

-Бәрібір.

-Ендеше, Шоңбайдікіне барайық. Сақтағанның әйелі дімкес қой, әрі бала-шағалары да көп.

-Ала көздері тағы да жас жігіттің жүзін арлы-берлі ойқастап өтті.

Бұлар ат басын ауылға тірегенде қас қарайып қалған. Көктемнің көк өзегі озыңқырап, тобыққа ілінген кек шалғын қуаттанған соң ба, отар қораға ерте иіріліпті. Екі үйлі ауылдың аз ғана адамы кешкі шаруаның басын қайырып болып, бел шешсе керек, сыртта бейсауыт жүріс білінбейді. Тек қойлы ауылдың иттері ғана аттылардың алдын орай берді.

...Екі жолаушы ішке енгенде отау үйдің төріне көрпе төселіп, жастық қойылған екен. «Сақтаған біздің мал аралап шыққанымызды естіген-ау»,— деп ойлады Әбілқасым. Күтінгеніне қарағанда түнемеге өз ауылына келетінімізді де білген ғой. Әлде, өзге бір меймандарға жасалған әзірлік пе екен?»

Зоотехник пен мал доғдыр отарларды аралап, төлдің есебін алып жүр дегенді,бағана жем әкелген шоферлер айтқан. Е-е, Көделінің бір қиырында отырған біздің ауылға түнемеге әзер жетер-ау деп шамалаған едім өзім де. Қыстағы сыбағаларыңыз да сүрленді, жақ-
сы келдіңіздер,— деп жағдай айтты шопан, тап бір
Әбілқасымның ойын оқып қойғандай.

-Хабардар шығарсың, өлтірінің жоспарын орын-
дағанымызбен өсіруге қалдырылатын төлді түгендей
алатын түріміз жоқ. Ал сендер өз малдарың туғандай
қолдарың қалтырап зорға еткізесіңдер. Енді аз күнде
науқан да аяқталады. Қане, соңына сақтаған қанша қозың бар, соны айт?


Жапарқұл шопанның сезіне орай шаруа жайына бірден көшті. Бұлардың бұлтаққа салып біраз әурелейтінін білетін сыралғы маман қарыс бастырмай қадалып отыр. Алайда оған сасып, соңғы тынжысын оңай шығаратын Сақтаған ба, қияс кездерін төрдегілерге жүгіртіп

алып:

-Сендерге керегі мал болса, ол қорада, мен түнімен бір жаққа айдап кетпеймін, ертең түгендерсіңдер. Ал, бүгін меймандық кәделеріңмен отырыңдар, мен асқамдатайын, - деп есіктен шығып кетті.

Біраздан кейін Сақтағанмен бірге самауыр көтеріп
Шоңбайдың әйелі Әсия кірді. Жаратылысынан кеміс бо-
лып туған Шоңбайға қиятындай кісі емес-ті өзі. Бұл
күнде отыздың ортасынан асқан ерінен едәуір кіші, жиырма екі-жиырма үш шамасында он екім үшесі айқындалып, сартылдап тұрған кезі болатын. Аузынан сілекейі шұбырған сақау Шоңбайдың қолына қона кет-
кен қалдай бақыт деп әуелгіден ауыл жігіттері ауызда-
рынан суы құрып жүретін. Анық-қанығы кейін шықты.
Тау жақтағы нағашысының үйіне қонаққа барған Сақ-
таған тауып келіпті. Барған жерінен інісіне қалыңдық
айттыра жүретін әдетімен, лайықты қыз сұрастырса, нағашы жеңгесі Әсияны атайды.


-Есік көрген демесең үріп ауызға салғандай, сорлының бағы ашылмай тұр. Тірлігіне де пысық, жиенді адам қылар еді,- деп жер-көкке тигізбей мақтай жөнеледі. Кешкілік алып келіп Сақтағанға кездестіреді.

Көбік сөзбен қанша құлпыртса да керегін ажырата білетін Сақтаған әйел танитын. Жарым боп жаралған інісін қанша үй етіп, оңаша бөлейін десе де реті келмей жүр. Өз отауынан бөлуге ит те болса бауыры ғой,қимайды, оның үстіне елдің өсегінен қашады. Бұл күнгі

қазағың қызын қырық жетіге байлап бере салуды да қойып барады. Әрегідік ондай біреу шыға қалса қызық енбей жүретін. Оң жақта отырып қалғаны бар, қайтып келгені бар, әйтеуір бұл өңірдің қызы мен жесірі сырын білетін бұлардың әулетіне жуымай жүрген. Соны білген соң не болса да алыстан іздей бастаған. Жолы түсіп Әсияға жолыққан Сақтаған: «Жүрісі бар-ау, Шоңбайды бір күні тақырға отырғызып кетпесе неғылсын»,— деп күдік алса да, інісін аяп тәуекел етіп сөз сал-

ған. Өмір бойы төсегін түрткілеп өткенше, бейшара азар болса, біраз күн жар қызығын көрсін деп ойлаған.Сөйтіп жеңгесі екеуі Әсияның басын шыр айналдырды.Біреулер Сақтаған өзім адам қылам деп, алдап әкеліп,інісіне зорлап қосыпты деседі. Ол жағының анық-қанығын ешкім білмейді. Әйтеуір 4-5 айдан бері Шоңбай өз алдына үй болған.

Сол Әсия, тығыршықтай келіншек, мінеки меймандарға жылы қабақ көрсетіп, біресе шайын құйып, біресе нанын жапырақтап жік-жаппар болып отыр. Қайран, пендешілік-ай, жұпар иісі аңқыған жұмыр білек созылғанда төрде жантайып жатқан Жапарқұлға дейін қабақ қарнын жерге жанши-манши қолын алға өлгенше созады. Сақтағанның шаршағандарыңыз басылсын деуімен арақтан екі кезек алған соң қаны ойнап отырған Әбілқасым да елпең қағып кесе алып, кесе берген сайын Асияға қарап: «Рақмет,рақмет»,-деп ыржиып, шыбындаған аттай басын шұлғи береді.

Мұндайда қайнағасына қырын отырған Әсия сырлы тостағандай тана көздерін ары-бері аударып, жас жігітке бір тастап алады да, төмен қарап ернін тістейді. Сол бір сайтан қылық жігіт жүрегін сиқырдай арбап аласұртып барады. Енді бірде келіншектің баяғы құдық басын-

дағы қылығын есіне алып, есі кетеді.

Меймандарының көңіл құбылысын байқамаған жандай Сақтаған арлы-берлі әңгіме есуде. Жапарқұл болмаса, Әбілқасымның құлағына ол кірер емес. Үлкендер алып қояйық десе, алып қояды, қуырдақтан аса десе, қуырдақтан асайды. Онысына аса есеп беріп отырған жоқ. Оның көңілінде сылаңдаған сұлу келіншектің өмірі кем туған жарымеспен бірге өксікпен өтеді-ау, деген өкініш. Ал оның ар жағынан сумаңдап көкейін тескен тағы бір ойдан өзін қанша алып қашса да құтылар емес.

Мөлдір стакандар көтерілген сайын көңілдері көсіле берген меймандар әрі-беріден соң Сақтаған айтып отырған әңгіменің желісін үзіп, тізгінді өздері алып кетті. Мұндай отырыста Жапарқұлға жеткен жан бар ма? Анда-санда «келіннің құлағына алтын сырға» деп қойып, жастық шақтың жайлауында қалған небір ойын-күлкі, әзіл оқиғалардың біріне-бірін жалғап, айналасындағылардың езуін жиғызар емес. Әр әңгімесін аяқтаған сайын жанындағы жас жігіт пен келіншектің жүзін көз қырымен барлап өтеді.

Бұл кезде көз алдында әдемі келіншек, құлағында көңілдің құртын жыбырлатар әңгіме, Әбілкасым бар пейілімен балқып отырған. Бірауық Жапаркұл керегеде ілулі тұрған домбыраны қолына алып, дауыс қосты. Осы бір түбі түскен шелектей даңғырлаған жігіттің онді әдемі айтатындығына Әбілқасым таңданып калды. Тіпті ол әнді сүйген адамнан әулекі мінез шығады деп ойламайтын. Әйтеуір, Әбілқасымға ондай адамдардың жаны әндей кіршіксіз таза көрінетін. Енді мынау алдында аңыратып ән салып отырған Жапарқұлдың өткен қылы-
ғы есіне түскенде, Әбілқасымды жақсы мен жаманның
егіз ұялап, қатар қоныстанатындығы таңдандырды. Бір
жағынан азаматқа тән іс істеп жүріп, екінші жағынан
пендешіліктің құлы болатындығы ойландырды.


-Ой, шалды қашанғы қинай бересіндер, тамақ
құрғап бара жатыр.


-Жапарқұл домбыраны былай қойып, кесеге ұмсына
беріп еді, Сақтаған қолына стакан ұстата қойды.


-Пай-пай, кәрібозым-ай, шабысыңнан әлі таймапсың-ау, мынаны көтеріп жібер, көмекейің күмбірлеп қоя
береді, қане, Әбілқасым, сен де,-деп қонақтарына та-
ғы бір алғызып жіберді.


Көлге қонған құстай көптен тыншу көңілінен қиқу шыққан Әбілқасым мөлшерден асық ішіп қойғанын аңғарған жоқ. Өмірдің шырынын да, сылдыр суын да не тамсанбай, не шамырқанбай жұта беретін, онысына

көп қайғырмайтын да жандардай болып көрінді оған
осы жігіттер.


Ертең ғой, ана Сақтағанның малын санаймыз. Артығы болса, шырылдатып есепке қосамыз, жасырғаны
үшін жазалаймыз. Ал оның қаперіне де кіріп шығар
емес, бізді барымен сыңлап бейпіл отыр. Біз болсақ құ-
дамыздың үйіне келгендей қылғытып жатырмыз. Шіркін, қазақтың осы пейілі-ай!


Әбілқасым шырағым, шеттеп қалдың ғой, алып отыр.

Тағы бір кезек айналды. Бірақ жас жігіттің әңгімеге одан әрі зауқы соқпады, тіпті ол құлағына да кірмеді.
Түтінге толы қара көлеңке үйдің іші гу-гу етіп тұрғандай көрінді. Ол үшін бұл отырыстың мәні де, сәні де кетті. Ойы да бұл ортадан аулақтап басқа жаққа жетеледі.
Өзі де оңашаны қалап сыртқа шықты.

Шығыс жақтан толысып туған ай көтеріліп келе жатыр екен. Күндізгі қыбырдан бір сәт босап керіліп жат-
қан кербез дала ай сәулесімен айқындала түсіпті. Көз
көрім жерде қарауытқан белгі жоқ. Төл алу-митың
тірлікпен келетін іс. Бұл кезде шопандар өрісте ез ота-
рынан алыстамай, түнде ауық-ауық қойын аралап, кү-
зетіп жүреді. Көрші-қолаңға көп қатынай қоймайды.
Сондықтан болар далада дабұр-дұбыр жоқ. Тек анда-
санда иттердің күзетке берік екендігін білдіріп үргендері ғана естіледі.


Мазмұнсыз отырыстан мезі болып шыққан Әбілқа-
сымның көңілін бұл көрініс одан арман құлазытып жі-
берді. Ішімдіктің уы ендеген миының сау тұрған бір қа-
быршағы «сенің бұл жүрісіңнің бәрі баянсыз, өзің үйренген қалаға орал» дегендей.


Жас жігіттің мынау мамыражай түнде жалғыздықтан
жүдеу тартып, әлденені аңсаған жүрегі құм болып егіліп барады...


Әкім жігіт, тоңып қалдың ғой.

Дауыс Әбілқасымның құлағының түбінен шықты.
Әсия екен. Тіпті жанына келіншектің қалай келгенін
байқамапты да. Тап қасында ай нұрына шағылысқан
сұлу жүзі өзіне теніп, ыстық лебі шарпып тұр.


-Екі шал әңгімені соғып жатып екі жаққа тырайды. Екеуі бас қосса өлгенше ішетін әдеті. Енді сені де
жусатайын деп шығып едім, әлде ұйқың келмей елегізіп
тұрсың ба? Иә, түн әдемі, өзің сияқты бойдақтардың
ұйқысын аздырады ғой, көктем деген.


Келіншек сиқырлы үнмен сыңғырлай күлді. Сол бір
сайтан күлкі тағы да жігіттін онсыз да жұқарып тұр-
ған жүйкесін одан сайын босатып жіберді.


-Әсияш, өзің жусатсаң болды, әйтеуір.

Ол келіншектің білегінен ұстады. Тартынар емес.
Сол-ақ екен қай жарға соғарын білмей көкірегін төм-
пештеген тентек толқын сызат тауып сауылдап қоя берді.


-Ойбай, бұл жерде ұят болады, быланырак барайық...

Буалдыр түнде бойын билеген бұлдыр сезімнін тізгінінен айырылған масаң жігіт келіншектің жетегінде кете барды...

Әбілқасым Сақтағанның күтініп отыруынан тегіннен-тегін күдіктенбеген. Шынында Жапаркүл таңертең малды ауылға өздерінен бұрын жемшілерді әдейі аттандырған. Олардан хабар келген Сақтаған бұл келістің жай емес екенін сезген де, Шоңбайды шақырып алып, теңнің арасында жатқан жүз елтіріні аудан орталығына апарып тастауды тапсырған.

Ол міндетін Шоңбай бұлжытпай орындады. Үй иесінің алдына қойған бір бөтелке арағын түгел тауысып,енді өлдім десең түк таптырмасын біліп, қайтуды ойлады. Қона сал, дегеніне көнбестен атына мініп, түн ішінде ауылға тартып отырды. Арақ болғанда айналып қалуы мүмкін еді. Әншейінде аудап орталығына келеқалса, шайхананы жағалап ақшасы таусылғанша жүретін Шоңбайдың байыз таппауында басқа да бір мән барды. Әсіресе, Әсияны алғалы бері үйкүшік болып алған.

Бағана бастықтар келіп қалатын болды, мынаны тез жасырып кел деп ағасы бұйырған соң, амал жоқ кетті.Келіншегіне сұқтанып жүрген көздің көптігін сезеді.

Оның үстіне екі маман бірдей келіп жатса, күйеуі жоғын керген соң көңілдері бұзылуы мүмкін. Қеліншегініңде мұндайда көздері қылмаңдап, бөксесі былқ-сылқ ете қалатыны бар.

Былай шыққаннан кейін бір бөтелке арақ бойына тарап көңілі тасып келе жатты. Арақ ішкенде ол ылғи да көңілді болатын. Жасында кеміс болып қалған жігіт соның себебінен үш кластан ары оқи алмады. Оның өзінде әйтеуір әріп танығаннан арыға барған жоқ. Бірақ кезінде әкесі Берікбол ел қамып жеген жақсы адам болған деседі. Тіпті бұл күнде бірнеше ауыл суын ішіп отырған атақты тоғанды да сол кісі қаздырса керек. Жұрт әлі күнге Берікболдың тоғаны деп атайды. Кейі- нірек аласапыранға ұшырап, басқа жердің топырағы бұйырыпты марқұмға. Дәлірек айтқанда, Берікбол - Сақтағанның әкесі еді, ал Шоңбай өз әкесінің бөлектігін сезеді, бірақ кім екенін жете білмейді. Әйтеуір, сиырлы ауылда сауыншы болып жүрген шешесінің етегіне оралып есті. Анасы өмірден қайтқаннан кейін, Сақтаған оқуын тастап үйленді. Содан бері Шонбай үшін ағасы әке орнына әке, шеше орнына шеше болды. Ағасы мал бақса бір жағында жүрді, жеңгесінің үй шаруасына қолқабысын тигізді. Бұдан артық өмірде ештеңе көрген де емес, көруге талпынған да емес. Аудан орталығынан әріге ат ізін салмапты. Өмірде не жөн, не теріс екенін де осы жасына дейін онша ден қойып діттемепті. Ол үшін Сақтағанның айтқаны ғана заң. Одан басқа ешкімге есеп те, жауап та беріп көрген жоқ. Өзгелер одан ештеңе талап еткен де емес. Сақтаған елтіріні апарып таста деді, ол орындады. Мұнысы қылмыс па, жоқ па, онда шаруасы шамалы. Сақау жігіттің жүрегін өте-мөте жылытатын екі нәрсе бар. Бірі - өзі көрмеген әкесі. Жиын тойда жоралғы бола қалса жақсының тұяғы деп Сақтаған жоқ жерде мұны құр қалдырмайды. «Жол Берікболдың баласынікі, Берікболдың баласынікі» дегенге ыржалақтап әжептәуір арқасы қозып қалады. Сондайда:

Қайран, Бекем, азаматтың асылы еді ғой, бұл ауылда оның шарапаты тимеген түтін жоқ,-деп Қадыр сынды қария сөз бастап кеткенде әкесі туралы әңгімені елтіп тыңдайды.

Содан кейін жарым жанына шырақ боп жанған Әсня болатын. Ол келіншегін көңіліндегі бар сәулесі мен сүйді. Әсияны қосқан тағдырға, ағасына жан-тәні мен риза. Сондықтан да бұл екеуі не айтса, соны құрақ
ұшып орындайды. Мұны байқаған келіншек келгелі бері
базарға екі дүркін шығып, жасанып алды. Үйдін азған-
тай тірлігі болмаса, шаруаға қол үшін тигізбейді. Түле-
ген түлкідей түрленіп барады. Шоңбай келіншектен бұ-
дан артық ештеңе тілемейді, бар тірлік өзінен артылған
емес. Әзір Әсияға ашып айтпаса да, жүрегінің түкпірін-
де жатқан бір тілегі-ұл туып берсе екен дейді, сол
арманы жүзеге асса Шоңбайдан бақытты адам болмас
еді, шіркін!


Шоңбай ауылға төбедегі ай төмендеп қалғанда ке-
ліп түсті. Атының тартпасын босатып, қаңтара салып,
өз отауына беттеді. Одан жүгіріп, суық күндері немесе кісі көпте
Сақтағанның балашағасы жататын тамға барды. Есікті тартып көріп еді, іштен ілінген екен.Тасырлатып қағып-қағып жіберді. Дыбыс жоқ...

Сергек жатқан Әсия ілезде оянды. Сұңғыла келін-
шек бір сұмдықтың болғанын бірден сезді. Дереу Әбіл-
қасымды жұлқылады. Жаңа ғана жастыққа талып құ-
лаған жігіт оңайлықпен есін жия алмады.
Өзінін қайда жатқанын, не істегенін, енді не күтіп тұрғанын түсінгенше біраз уақыт өтті. Істің байыбына барғанда жүрегі зуете қалды.

-Киін де, пештің артына жасырын, Ұйықтаған кезде шығып кетесің.

Бірақ іштегілер үлгіре алмады. Күдігі күшейе түскен Шоңбай жіңішке ілгешекті жұлып алып, кіріп келді. Қараңғылыққа көзі үйренгенше бір жалаңаш тұлға жылп етіп жанынан өте шықты. Бөтен адам, ұстай ал-
май қалды. Дереу төрге ұмтылып, қосауыз мылтық қо-
лына тиісімен далаға атып шықты.

Қара көлеңке есіктен қарауытқан Шоңбайдың тұлғасын көргенде ес қалмаған Әбілқасым киінуге де мұршасы келместен екі аяғына ғана ерік беріп, беті ауған жаққа қарай жанұшырып жүгіре берді. Бойын жиып тоқтамға келуге ұят пен қорқыныш билеген жүрегі еркіне бағынбады. Кеше ғана мынау кербез далада кердең басып жүрген жігіт енді теңіздің тегеуірінді толқынының екпінімен қайранға шығып қалған шабақтай шарасыз күйге түсті. Сүттей жарық айлы түнде ұрлықтан шыққан ақ құйрық тазыдай ағып барады...

Тарс ете қалған мылтық даусы мүлгіп жатқан даланы дүр еткізді. Құлағының түбінен бір суық суыл өте шықты. Мылтық тағы атылды. Әйтеуір құлаған жоқ, аман келеді. Бірақ қайда барады, кімді паналайды?- Ұяты ашылып, ел бетіне көрінерге беті жоқ, беті ауған жаққа безіп бара жатқан адамға қол үшын кім берер? Артынан патырлаған ат тұяғының дүбірі естілді. Енді құтылмасын сезді. Жасаған жалғыз қылмысы үшін жанын берді деген осы болмаса? Ертең ел жұртқа жолай алмай айдалада каңғырып өлгеннен гөрі сақаудың оғына ұшқанның өзі артық шығар.

Ат дүбірі енді қак төбесінде ойнады. Тіпті салпы ауыз сақаудың сирек өскен сексеуілдей сойдақ тістерінің арасынан шыккан жылан ысыл да құлағына анық жеткендей болды. Бірақ мылтық даусы қайтып естіле қоймады. Оғы таусылған-ау? Бәлкім, бұл мақау мені азаптап өлтірмек шығар? Жоқ, олай бола қоймас. Жан бермек оңай емес. Жануар біткеннің ең жуасы қой екеш кой да, тамағын шалғанда тұяғын бір серпер болар.

Әбілқасым кілт тоқтады. Күйіп бара жатқан өкпесін ұстап еңкейген күйі бірауық тұрды. Енді жігіт көңіліне өзгеше ой оралды. «Соншама қашатын адам өлтіріппін бе? Өлімнен қашып кұтылу ер жігіттің ісі емес. Қарсы келіп керіп ал, бәлкім, жеңімпаз өзің болып шығарсың». Осы оймен артына бұрылды. Бірақ бойын түзегенше келіп қалған ІІІоңбай қос ауыз мылтықтың дүмімен қайқайта салып жіберді. Ағызып келген атының екпінімен қаға беріс тиді онысы. Бір соққыдан аман қалған жігіт жан-жағына алақтап өзіне қалқан болар бірдеңке іздеді. Бірақ қурай да өспейтін жадағай далада ештеңе жоқ. Бірі аттылы, бірі жаяу жауыққан жандар айдалада едәуір арбасты. Аттылы қанша ұмтылса да жігіт бойына ештеңе дарытпады. Жаңа көктей бастаған жусанды жұлғылап лақтырып саусағымен су топырақты уыстап шашып, атты үркітіп ұзақ жүрді. Ақыры аңдығаны алмай тынбады. Әлсіреген әлжуаз Дене қапысын тауып қатарынан тиген қуатты соққыларға шыдас бермей сылқ түсті. Ат үстінен арыстанша атылған Шоңбай сұлап жатқан сұлқ дененің үстіне қона кетті...

* *

Әбілқасым есін жиғанда киіз үйде жатқанын сезді. Шаңырақтан сығалаған күн сәулесі жылы алақанымен жүзінен сипалап тұр. Бір түрлі жұмсақ тиеді. Басы таңулы екен, көтертпеді. Аяқ-қолын қозғап көріп еді, аман секілді. Бірақ қашан, қалай келді бұл үйге, кім әкелді? Ол жағы беймәлім... Оны ойлауға зауқы да соқпай, түңілігі жартылай түрулі шаңырақтан зеңгір аспанға көз салған күйі жата берді. Әйтеуір жасау-жиһазына қарап Қадыр қарияның үйі екенін шамалады. Одан әрі ештеңе ойлағысы да келмеді, осы бір тыныш күйін ешкімнің бұзуын да тілемеді. Тек осылай жата берсе, жата берсе... Дүниенің рақаты сол-ау?

Мүлгіген түнде қатарынан екі рет мезгілсіз атылған мылтық даусын тымық ауа талай жерге апарған. Жақын ауылдардың иттері абалап, сақ, қойшылар қойын қарауылдаған. Дәл осы кезде Сақтағанның ауылынан бір төбе ғана бұрыс отырған Қадыр шал суытулы тұрған атын отқа қоюға шыкқан. Мылтық даусының тіптен беріден естілгенінен күдік алған қарт назарын солай қарай тіктеді. Жан ұшырып жүгіріп келе жатқан жаяу мен артындағы аттылы анық көрінді. Артынша-ақ ат
дүбірі естілді. Бұл сүргіннің тегін емес екенін сезген шал атын міне шапты...



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет