Әлімжанов Елен. Ә55 Оралу: Повестер мен әңгімелер



бет3/7
Дата20.06.2018
өлшемі275,11 Kb.
#43877
1   2   3   4   5   6   7
* *

Қанша сылқитып ішсе де бір бие сауым быр-р есте бол-
ды, есін жиып алатын құс ұйқы Жапарқұлды бұл жолы
қара басып қалды. Ойда-жоқта Шоңбай ауылға ерте
жетіп, іс насырға шапқанда барып оянды. Мал дәрігерін
оңашада ұстап алып «оқытудың» реті келмей, қатар кө-
терілген Сақтаған екеуі жаяу шапқылап, Қадырдан ке-
йін жетті. Дүлей Шоңбайдың долы ашуы жуық арада
басыла қоймай, ақыры үшеулеп жүріп әзер байлап тас-
тады. Әбілқасымды Қадырдың өз үйіне әкеліп жатқызды. Інісін тоқтатқаннан кейін енді Сақтаған көтерілді.


-«Суын ішіп, құдығыңа түкірді» деген осы. Ақса-
қал-ау, өзіңіз айтыңызшы. Бұл, қай басынғаны? Керінеу
қорлағаны ғой бұл. Таянышы, сүйеніші жоқ сорлылар
екен, не істесек те көнеді деген ғой. Олай бола қоймас.
Мұндайларды ауыздықтайтын орын табылар.


Айналайын, Жапарқұл өзің куәсің ғой, жаз актіңді.
Тура сотқа апарып тапсырамын. Тым шыншыл боп көрі-
нуші еді, бар бәлесі ішінде екен ғой. Айрандай ұйыған
семьяның шырқын бұзған қандай болады екен, көрсете-
йін оған.
Жаз, тура қазір жөнелемін. Парторгке де ба-
рамын, ауданыңа да жетемін. Бұл итті бұлай қоя алмаймын.

- Жә, болды енді, деп қалды Қадыр шал Сақта-


ғанды біраз арындатып алғаннан кейін. Әуелі ақылда-
сып алар болар. Немене, елге әшкере еткенде жыртығың бүтінделе қала ма? Қайта бүкіл жұртқа масқара болмайсың ба?

Кегім кете бере ме сонда? Бүгін әруақты төсегімді былғаса, ертең өзімді ерттеп мініп алмай ма? Үндемей қайтып қаламын, Қадеке-ау? Болмаса колыма бер. Өзім бауыздайын.

Сақтаған қанша шаптыққанымен көпті көрген Қадыр ақырғы шешімін айтуға асықпады. Бағанадан бері «рас-ау», «ойпырмай десейші» деп, қойшының сөзін қысқа қоштап тұрған күйеу баласы мен Сақтағанның жүзіне тесіле қарап алды.

-Іштеріңе пышақ айналмайтын екі бірдей сұңғыла сары ауыз балаға қалай алданып қалдыңдар екен, ә? Бар бәлені бастаған осы сендер емессіңдер ме?



Шалдың бұл сөзіне Жапарқұл ыршып түсті.

-Ойбай, жәке-ау, бізде не жазық бар, аздап ішіп қойыппыз...

-Сөзді ғой, ол ертегіңді өзгеге айт. Ал маған екеуіңнің ішіңде не өліп жатқаны жақсы мәлім. Алпыстан асқан Қадырды алдай алмайсыңдар. Өздеріңнің арттарыңның ашығы көрініп қалмас үшін, Өзгенің артын ашып отырсыңдар осы жолы. Ал өтірік деші, кәне?

Сақтаған өре түрегелді. Қанша көтерілсе де үлкеннің алдында сақтап отырған әдебін аттап кетті.

Не деп тантып отырсың сен, қақпас! Аппақ сақалыңмен әулетімді қорлаған сен болдың ғой, ойбай, құдай енді қайттім?!

-Айғайлама, балалар оянып кетеді. Әулетті, әруақты қозғамай-ақ қой. Оны қорлап отырған өзіңсің. Осыдан мына балаға тағы да бәлеңді жағып көр, жақыным, бауырым болсаңдар да, тура өзім ұстап берем екеуіңді.

Шалдың бір ашуланса қатты кететінін білетінін екеуі де мына сөзден кейін қарсы келуге дәттері шыдамай тосылып қалды.

-Одан да ана байлауда жатқан бауырларыңды алып, тез қайтындар. Оның емін өздерің табарсыңдар. Сендер мұнда жүргенде әлгі алыстан «қалап» әкелген келіндерің орнын сипатып кетпесін. Ал, Әбілқасыммен өзім сөйлесемін, сендердің шаруаларың болмасын.

Шал сөзді доғарып, бұрылып кетті. Атының әлі қаң-
тарулы тұрғанын көріп, солай қарай жүрді. Оны отқа
қойғаннан кейін қораға келіп қакпағын ашпас бұрын
бұрылып баласы жатқан тамға көз салды. Әлі қыбыр
жоқ. «Бәтшағар қашан пысиды. Елдің балалары мы-
нау, түн қатып дүниені дүрліктіріп жүргені. Ал б
ұл бол-
са, аяқ жақта ұйықтаған мысықтай пырылдап әлі
жатыр».

Өз замандастары сияқты алпыс жылдық өмірінде
Қадыр ақсақал аштықты да, тоқтықты да, жақсыны да,
жаманды да к
өрді. Қайта айналып соға берген таршы-
лықтардың тұсында талай бауырларынан айрылды. Ана
бір жылы біреулердің жаласымен өзі де жылға жуық
отырып шықты. Осының бәрінен зәрезеп болған шал
ендігі өмірде ешкімге жаманшылық тілемейтін.Жігіт болған соң, басын жарға соқпай тұрмайды.Олсөйтіп,бірден бірге ұрынып жүріп, кісі болады. Жасында көргенінің бәрі есейгенде сабақ. Бірақ, жастықтың буымен
істелген қателігі үшін жігіттің алтын басын
қор кылу
қате. Қайта шамаң келсе сүйеп, сөзін түзеп жібер. Қісі-
ге істеген жақсылығың кетпейді, әйтеуір бір кезде
өзіңе,
болмаса жақыныңа қайтып оралады деп есептейтін.


Қадыр күйеу баласының кейбір кылықтарын сезіп
қалып жүргенімен, әйтеуір ана шиеттей жиендерімнің
камы ғой, байк
ұстың аласұрып жүргені деп, сырттай
ешкімге сыр бермейтін. Ал уыздай жас мал дәрігерінің
ісіне сүйсініп жүруші еді. Мынау өмірдің с
ұлулығымен
ғана сусындап, сұмдығын әзірге бойына дарыта қойма-
ған жанының пәктігін қызықтайтын. Жастық пен мас-
тықтың әсерінен болған әулекілік ондай адамға оңай
соқпасын да сезеді.Өзі кездейсок кездеспегенде қарадан қарап, иығын алып жеп жүрген әлгілер бұл баланы оңдырмай сазға отырғызарын да білді. Білді де, осы жұрт не жетпей ала көзденіп, бірінің сыртынан бірі ор қазады екен деп ойлады. Тіпті өзі қазған орға өздері топырлап түсіп жатады. Сонда да аяғын тартпайды.- Жығылып тұрып қайта ұмтылады. Осылай жаралған өмір осылай өте берер ме екен? Жоқ, адам нәпсісіне бір қанағат болар ма?!

Малын өріске шығарған қарт үйге қайтып оралғанда Әбілқасым есін жиып ояу жатқан. Есіктен кірген қарияны көргенде балбырап жатқан беті одан әрі ду ете қалды. Шалдың салыңқы қабағынан қашқақтап, көзін жұмып ала қойды.

Көретін жарығың бар екен, балам. Әбиір болғанда бәрі жақсылықпен аяқталды. Қазір мына «Қорқылдақтағы» су тасушы келеді, адам жібердім. Сол ауруханаға жеткізіп салар.

Қария жақындап келіп, жігіттің мандайынан сипап, ыстығын шамалады. Шалдың алақаны оған алыстағы әкесі мен анасын есіне түсіріп, көңілін босатты.

«Біздер еді, елді коллективтендіруге, сауаттандыруға ат салысып, кейіннен Ұлы Отан соғысының отын кешкен әкесі,- сендерге осы өмірді сыйға тарттық. Ал оның жаңа биігіне жетіп, болашаққа тарту ету осы ұрпақтың міндеті. Ол үшін барлық іс-әрекеттеріңді бір-ақ мүддеге - асыл мұратқа жұмсауларың керек. Өмір сүрудің рақаты да осында ғой, шіркін!»

Пенсияға шықса да қарап отыра алмайтын қарт ұстаз оқып жатқан кітабын қоя сала, көне кителін киіп алып, қоғамдық көп жұмысының біріне қутың-қутың басып кете барар еді.

Ал, бұл болса... Көз алдына айыптай қараған әкесі елестегенде, бір түрлі жасып сала берді. Жанарына жас тығылып, өзін-өзі ұстай алмай еңкілдеп жылап жіберді. Бұл күйініштің жасы еді. Өзінің әлі де сүйкенген сындыра жаздайтын көк шыбықтай солқылдақтығына кү- йінді ол. Кеше ғана ғашық өмірінің бір күнде жалт беріп, жүзін суытқанына налыды.Елге үлгі боламба дегенде, қайта күлкі болатынын ойлағанда ұяттан өртенді. «Жауапты жұмыста жүр деген есті азаматың, кө-
рінген уйдің іргесін шулатып, таяққа жығылып жатыр
дейтін болды»,— деп өксіді. Қоғамдық міндетін атқара
алмай, ұялас ұрыларды қолдан шығарып алдым-ау деп
өкінді. Енді не істемек керек? Етбетінен түсіп еңіреген жігіттің көкірегі өкініштен өртеніп барады...

-Қой енді, балам, біраз шерің тарқаған шығар. Көз жасымен бүлінген істі бүтіндей алмайсың. Басыңнан
бір білместік өткен екен, алдағы өміріңде қайталамасаң жуылып кетеді, әлі жассың ғой.


-Өзім басыма не түссе де көндім, бірақ олардың ұрлығын да әшкере етпей тынбан.

-Қалай әшкерелейсің, қандай дәлелің бар? Ұрлығын қолма-қол ұстадың ба?

-Қойын, қозысын санатамын.

Е-е баламай, дала кең ғой, әр қойшыға бір ба-
қылаушы қоя алмайсың. Ертең бәрі орнында, бәрі түгел
тұрады. Ал сен болсаң біреудің семьясының шырқын
бұздың, оған қоймай өзің қудаласаң, кім мақұл көреді.
Жеген таяғының қарымтасын қайтару үшін әкімдігін пайдаланып әдейі
істеп жүр, дейді жұрт.Сақтағанды ашындырар болсаң ол дүлей үстіңнен арызайтадыда,бүгінгі ісің елге әшкереленіп, келешегіңе кесірін тигі-
зеді. Сені аттан жығылыпты,-дедік. Ендігі әрекетіңді
өзің біл. Тек қайда жүрсең де, мынау есінде болсын. Ер
жігітті жолдан тайдыратын екі нәрсе бар: Ұлы сөзде
ұяттық жоқ, бірі-қатын, екіншісі-құлқын. Бұл еке-
уіне көп үйір болған адам ар-ұят, адамгершіліктен ай-
рылғанын білмей қалады. Әлгілер құлқынның кұлы
болса, сен қатынның құлы болдың. Нәпсіқұмарлықты
жастықтың желігіне жатқызуға болмайды. Ол да ұрлықтың бір түрі. Ал ұрлық ашылмай тұрмайды. Кешегідей жап-жалаңаш қалғаныңды білмей де қаласың. Ендеше атыңа алғашқы дақ түсті дей бер. Қанша жудым дегенмен оның құйттай да болса ізі қалады. Бірақ естияр жігітке өле-өлгенше сабақ болады. Машинанын даусы шығады ғой деймін, қалай тұра аласың ба?


Әбілқасым шалдың сүйемелдеуімен орнынан тұрып, Қадыр қария жолшыбай ала келген киімін киді. Қозғалған сайын шүйдесі зырқ-зырқ етеді. Есіктен есеңгіреп зорға шықты.

Көп ұзамай қайқаңдаған қара водовоз кездейсоқ «аттан құлаған» мал дәрігерін салып алып, қырдың қасқа жолымен аудан орталығына қарап жүріп кетті. Желке тұсына байланған жұмсақ жастыққа жантайған Әбілқасым ащы күннің шұғыласы көзін қарығандықтан, алдынан ашылған көгілдір жазық пен мөлдір аспанға қарай алмай кірпігін төмен түсірді. Жүзі қанша ұялса да, дүниенің түрленіп тұрғанын сезді, мұрнына көктемгі таңның хош иісі келді. Неткен пәк, неткен сұлу еді, мына дала! Оны жүрегі сезіп келеді. Қырық есекке жүк боларлық ауыр кінәні арқалап алып, осындай сұлу өмірде сыртымыз жайнап жүре береміз-ау?!

Совхоз директоры Серікбаевтың осы бір ұзақ ойын есіктің сыртынан шыққан аяқ тықыры бөлді. Ішке сақал-шашы аппақ қудай қара шал кірді. Сары тонының сеңсең жағасына жағалай қонған ақша қар оны аяз атаның өзіне ұқсатып жіберіпті. Тек мекеме әдебін атта- май түлкі тұмағын ауыз үйде шешіп ап, қолына ұстапты. Бұл Қадыр қария еді. Қапелімде қалбалақ қаққан директор орнынан тұрып, үлкен ықылас білдіре қос қолдап амандасты. Шалдың сырт киімін шешуге көмектесіп, ілгешекке өзі апарып ілді. Мамық креслоға да қолтықтап әкеп отырғызып, езі қарсы алдына жайғасты. Бірін-бірі жақсы білегін көптен көріспегсн жақын жандардың әдетімен олар амандық-саулықты ұзақ сұрасты.

Сыртыңнан тілеулеспін, шырағым,— деп бөтен бір әңгіме бастады қарт амандық рәсімі біткеннен кейін уәж күтіп отырған директорға,— Бас маман, одан басшы болды дегелі бері бір кездесу арманым еді. Ана бір жылы әлгі жайсыз оқиғадан соң біздің үйден аттанғаныңда жасып кетті ме деп көпке дейін қамығып жүрдім. Шүкір, бүгінде есейіп, ел басшысы атандың, қайырлы болсын...

Ол ауылдан аттанғанда жас жігіттің жасып шыққаны рас еді. Ауруханада жатқан отыз күннің ішінде де, отыз жылға татырлық азап тартты. Бұл — біреудің зорлығымен тұңғыш рет ұрлыққа барған адамның өкінішіндей ар азабы еді. Жора-жолдастары кеңілін сұрай келгенде де жігіт кеп қиналды. Олар аттан қүлап, аман- есен қалғанына қуаныш білдіріп жатқанда бетінің оты шықты. Ақыры ауруханадан шыққаннан кейін бұл совхозға тұрақтай алмай, арыз жазып басқа бір ауданға кетіп қалды. Енді міне, өмірге қадам басқан алғашқы жылында аяғынан тұрғызып жіберген Қадыр қариямен арада ұзақ жылдар салып тағы да кездесіп отыр. Тек оның нағыз кемеліне келіп, асығы алшысынан тұрған кезі болса, Қадыр кешегі ширақ шал емес-ті. Сақал- шашын қырау басып, бойы еңкіштене түсіпті. Кәріліктің жеңейін дегені ме, толық денесінің еті қаша бастаған. Жүрісі де баяу, аздап демікпесі бар.

Қыраулы қыста кәрі сүйегімді сықырлатып атқа қонғызған тағы бір себеп бар еді, шырағым. Қиналсам да айтпасқа амалым жоқ. Баяғы істеген азды-көпті жақсылығымның бодауын іздей келді деп ойлама. Қиынсынсаң өзің білесің, тағдырдың жазғанына не шара?

Бір кезде өзін өлімнен арашалап қалған шалдың бәлсінбей, базына салмай, сипай сөйлеп отырғанына Әбілқасым толқып кетті. Әйтсе де сырттай сыр бермей әліптің артын бақты.

-Қолдан келетін шаруа болса...

-Ол шаруаның кілті әзірге тек өзіңде тұрғаны рас осы ауылда жылқы бағатын Қыраубай Қорабаев деген жалғыз жиенім бар еді. Сол қылмысқа тартылып жатыр екен, ол жағы саған мәлім. Қазақтың басына іс түскенде шатысқан жерінің бәріне шапқылап сауға сұрайтын әдетін білесің ғой. Бұл сорлының менен басқа барар ешкімі жоқ.Сенің ілгеріде біздің ауылда істегеніңді біліп, үйіме келіп жылап отырып алды. Әкесі сияқты ақкөңіл еді, қулар артына көпшік қойып, аузына арақ то-
сып майшелпек қылып жүрген болу керек. Сонша мал-
дан өз құлқынынан өткені шамалы болар, әйтпесе ал-
дымен тірлігін түземей ме...

-Иә, қиын шаруа екен. Комиссия тексеріп, 37-і
биенің байталға айналып кеткенін анықтаған.


-Әбілқасым шын қиналды. Бұл Қадыр қариядан күт-
пеген шаруасы еді.


-Қиын болмаса келем бе алдыңа. Баяғы күйеу балам Жапарқұлды білесің. Сен кетісімен көп ұзамай сотталып, жақында ғана оралды. Енді мына жиенім.. Бала-шағасы болса әлі жас...

Шал көзіне жас алып, күйзеліп қалды. Алдындағы директорға қайта-қайта қарай береді. Ойда-жоқта буынсыз жерге ұрылған пышақтай тиген бұл тілекке ақырғы шешімін айта алмай Әбілқасым да тосылып отыр. Жылқылы ауылда болған оқиға — жаңа келген дирек- тор үшін алғашқы сын еді. Оның кадрлармен жұмыс , шаруашылықты басқару бағыты — сол мәселені Я қалай шешуіне байланысты бағаланатыны сөзсіз. Ел де осыны бағып отыр. Тіпті жиенінің қамын жеген Қадыр шалдың келіп жолыққанынан да хабардар жұрт табы- лар. Егер, әйтеуір малдың басы түгел ғой деп, Қорабаевты жұмыстан шығарып, істі жаба салса, е-е, бұл директорымыз да белгілі болып шықты деп қамыстай гу ете қалайын деп тұр жұрт. Ал ісін сотқа берсе ше? Онда кешегі өзін өлімнен құтқарған адамның жақсылығына жамандықпен жауап берген болып шықпай ма? Осы шал болмағанда бүгін мынау мамық креслода отырар ма еді?

Жоқ, ол ауылдан аттанған күні, ауруханада еткізген отыз тәулікте де, одан кейінгі жылдарда да, сен енді қайтып өз арыңа дақ түсірмеуге, қоғам алдындағы міндетіңді қандай қысылшаң кезде болсын мінсіз атқаруға сан рет ант бергенің қайда? Сол бір түннің өкініші күні бүгінге дейін жаныңды азаптап жүрген жоқ па?

Дегенмен мен күдігімді де, күйінішім мен күйзелісімді де партком секратарына айтып ағымнан жарылдым ғой. Лайықты жазамды да тарттым. Жапарқұл мен Сақтағанның қылмысын ашуға көмектестім. Рас, әйелінің кетіп қалғанына күйінген Шоңбай істің анығын айтып берді.

Бірақ, сен табиғат жарым ғып қойған бейшараның қуанышынан айырдың. Ағасы сотталып, өзі қатынынап айрылған соң, ол сол бетімен ішіп кетіпті. Дүкеннің түбінде мас боп жатып сенің атыңа лағнет айтатын көрінеді. Мұның бәрін астыртын естіп, біліп жатырсың. Сон- дықтан да ендігі жерге сергек болсам, ала жіпті аттамасам дейсің. Қазір өз қара басыңның ғана емес, бүкіл бір совхоздың мал-жанының қамын ойлайтын уақытың. Демек ешкімге бұру, ештеңеден бұлтару деген болмасқа керек.

Тоқта, тоқта... Сен осы шалмен қоштасып тұрып: «Ата, бұл жақсылығыңызды жер басып жүрсем бір қайтарармын»,— дегенің қайда? Сол мүмкіндік бүгін туып тұрған жоқ па?

Әбілқасым қат-қабат кимелеген қалың ойдың ұшығын таппай әуре. Жанының түкпірінен өре түрегелген екі ұдай сезім бірін-бірі жеңе алмай итжығыс түсіп жатыр.Алдында директордың жүзінен жылылықтың ізін іздеп, үміті үзілмеген ақбас шал отыр. Әбілқасым орнынан тұрып, терезенің алдына келді. Оның пердесін сырғытып, сыртқа көз салды. Күн ұзаққа жауған қар кірлене бастаған аймақты аппақ түрге енгізіп, енді толас тауыпты. Жер дүниені тұмшалап, түнере төнген ақ сұр бұлттарды ысырып тастап, жұмыр жермен қайта жүздескеніне қуаныш білдірген жұлдыздар жымың қағады. Жауын жеңген сарбаздарын құттықтауға шыққан қолбасшыдай тәкаппар ай олардың арасында жүзіп барады. Сұрғылт пердесін сыпырған қашаннан зеңгір аспан бір түрлі биіктік көрсетіп тұрғандай. Әбілқасым назарын төмен салды. Көшенің самаладай жарығынан ағараңдаған ауыл үйлері көрінеді. Терезеден сығалаған жарық біткен жанарша қадалады. Анау үшінші үйге халықтық бақылау тобының мүшесі комсомолец -Мейірбек Тоқтаровтың кіріп-шығып жүргенін байқағаны барды... Қатты ойдың әсері ме, көзінің алды қарауытып, бір қара дақ қадалып тұрып алды. Кірпігін түсіріп, қайта ашты. Кетер емес. Сонда барып байқады. Өз терезесіне әлдеқалай жабысқан түймедей ғана саз балшық екен. Сыртынан ақ қар жасырғанымен іштен әйнек анық көр- сетіп тұр. Кенеттен қарақұсы солқ ете түсті. Бұдан он жыл бұрын тиген соққының орны сыздап қоя берді...
ОРАЛУ

Мектеп директоры Байсал Қасымбеков пен оныншы кластың жетекшісі Ержан Ералиевтің арасындағы әңгіме ұзаққа созылып кетті. Бағана директор Ержанды ақылдасатын шаруа бар деп шақыртып алған. Содан бері де сағатқа жуық уақыт өткенімен екеуі бір тоқтамға келіп, пікір жарастыра алған жоқ. Қайта акылдасудан гөрі ендігі әңгімелері айтысқа ұласып бара жатыр.

Орта жастан асқан Байсал жер қозғалса да қозғалмайтын жаратылысынан салмақты адам. Әдетте, әңгімесін асықпай айтып, қысқа кайырғанымен кісінің көкейіне құя біледі. Бәлкім, бойындағы бұл қасиет ұзақ жылдық ұстаздық өмірінің сыйы болар, әйтеуір, айтар анық, пікірі дәлелді шығатын да, әсіресе, қарамағындағылар аса көп сөз жарыстыра бермейді.

Бұл жолы олай болмады. Ойын осымен үшінші рет пысықтаса да, алдындағы көлденең столға бір жапырақ болып жабысып алған жас ұстаз келісер емес. Байекең мол денесін самарқау бұрып, терезеге, содан соң сағатына қарап алып сөзін қайта сабақтады. Бүгін оқу жылы- ның соңғы күні еді. Мектеп басшысын әлі қыруар жұмыс күтіп тұрғанымен асығыстық, яки, ашу танытпастан әңгімесін баяғы қалпымен байыпты бастады.

-Шырағым, жастың келешегін кім кескісі келеді дейсің. Оқығанын кім жек көреді олардың. Қоғам алдындағы борышымызды жақсылы-жаманды осы жолда өтеп жүрген жоқпыз ба бәріміз де...

Бағанадан бері тау жолына жамбастаған жақпар тастай міз бақпаған мына шалға ызасы қайнай бастаған Ержан сөзін аяқтатпастан киіп кетті:

-Сонда он тоғыз балаға бірдей қолына таяқ ұстатып, өмірдегі орның осы, біз сендерді он жыл бойы сол үшін оқытқанбыз. Бәрібір сендерден Әуезов пен Сәтбаев шықпайды, одан да қой бағып, қойыртпақ ішіп күндеріңді көріп жүре беріңдер дегеніміз дұрыс па? Алтын аралас топырақтан кірпіш құюмен бірдей емес пе ол?

-Нағыз алтын жерде жатпайды.

-Қабырғаға қаланып кеткен соң, алтын кірпішті сыртынан таңыр сәуегей табыла қоя ма екен? Табылған күнде де оны суырып алар күш бар ма?

-Жә, шырағым, ділмарси бермеші. Орынсыз ділмарлықты жаным сүймейді.

Екеуінің арасындағы пікір қақтығысы қатая түскен сайын, суырылып бара жатқан жас әріптесін Байсал енді зілсіз ғана қағып тастады. Сол сәт қабағынан көрініп қалған кейістік белгісін қайта жасырып, әңгімені қайырып әкеп қалыпты арнасына түсірді. Ержан да үлкен алдында әдеп сақтап үнсіз қалды.

-Осы сендерге кейде таңқаламын,— деді сөзін жалғаған Байсал,—Жас екендерің рас. Бірақ, ақыл- ойларың арлы-бергінің бәріне жетіп жатыр. Осы ауылға келетін почтаның газет-журналын түгел тауыспай тұрып, алдыңдағы асқа қол созбайтынның өзісің. Демек, қазіргі күннің талабын менен ары түсініп отырсың. Ал, енді бас білмеген асау тайдай мөңкитініңе жол болсын?

Директордың сөзін қырын қарап, қисайыңқырап отырып тыңдаған жігіт шағын денесіне шарадай боп біткен шүйделі басын шалқақтатып алып күлкіні қойыпақ жіберді. Тайталас үстінде жарқ ете қалған тарпаң күлкі Байсалдың құлағына түрпідей тиді. Ә, дегенде, манадан бері момақан отырған Ержанның кенеттен танытқан қылығына таңырқап, тесіле қарады.

Сонда барып оның не үшін бөлмені басына көтере, біресе бүрісіп, біресе шалқалай сақ-сақ күлгенін түсініп, теріс айналып кетті. «Қыржық неменің күлкісінің зоры.., күшіген құсап»,— деді ішінен. Бір сәт мынау алдындағы сайтандай сақылдаған бір жапырақ немеге ақырып жіберіп, күлкісін сап тыйғысы келді. Бірақ мол денесінен дүр ете қалған долы ашу да ілезде орнын тапты. Тап осы отырысында түк басқан қалың жүзінен ештеңе байқалмайды. Жалт ете қалған жалыныныц ұшқынын шығармай жасыра қалған жанары да бір қа- раған адамға жайдары көрінеді. Сұңғыла шал бүкіл әлемге жар салуға лайық қуанышын да, небір есесін ілезде қайтаруға орынды кегін де, сырт көзге сездірмей ұстауға машықтанып алғаны сонша, қандай дауыл шайқаса да, сәл ғана сызданғаны болмаса, сабырынан айрылмайды. Байсалды өз ортасында беделді, өзге жұрттың алдында сыйлы еткен де осы мінезі. Тіпті кейбіреулер қаңтарда кенет жылыған күн райынан қорқатын шаруа адамындай оның осы бір артықтау жұмсақтығынан қаймығатын да. Сондықтан Ержан сияқты бірлі-жарым жастар болмаса, басқа жұрт Байсалдын алдында мұндай мінез таныта коймайды.

Қарт директор бұл жолы да «жұмсақтық» көрсетті. Қайта Ержанға косылып өзі де езу тартты. Бастығының да мәз-мейрам отырғанын көзі шалғанда барып, жас ұстаз күлкісін тыйып, сөзге келді.

-Байеке-ау,-деді ол көзін сүртіп отырып,-газет-журнал қоймайтынның бәрі ғұлама бола беретін болса, анау қой бағуға да жарамай жүрген Мұқат ініңізден озатын ешкім болмайды ғой, онда. Қолына түскен газеттің атынан бастап, аяғындағы адресіне дейін бір әрпін жібермей түгендеп шығады. Бірақ кейде әңгіме судың молдығында емес, ыдыстың сиымдылығында ма деп қорқамын. Шелекке суды қанша құйсаң да, өз бойынан асқан соң артығы далаға төгілмей ме? Қазіргі таласымызда шәкірттердің барлығын бір әлшеммен өлшемеуде болып тұрған жоқ па?

Жас жігіттің алғашқы әуеніне қайта басқанын байқаған Байсал да бұлтаққа салды.

Одан да сен мынаны айтшы,-деді ол.- Осы ауылға қойшы керек пе, жоқ па?

-Керек.

-Ендеше, совхоздың директоры болсаң ол қойшыны қайдан алар едің?

Сірә, Ержан бұл сұрақты өзіне бұрын да қойып, ой елегінен өткізіп үлгерген болу керек, жауаптан тосылмады.

-Біріншіден, мен совхоз директоры емеспін, ұстазбын. Менің міндетім орта білімді азамат даярлау. Ал шаруашылық басшысы қалған күнде, ең алдымен анау беттерінен қаны тамып, мұрындарынан есек құрты түскен қамба жағалап, көлеңкеде шот қағып отырғандардың барлығын малға куар едім. Әрине, мектеп бітірген жастарды да шақырамын. Бірақ қоғамға қойшы ғана емес, қайраткер де, ғалым да, ақын да керек екенін ұмытпаймын.

-Ой, шикін-ай, директор сенің ақыныңа зәру еді! Оған, шырағым, қойшы керек, қойшы! Оның жатса-тұрса ойлайтыны жоспар...

-Ол ойламаса біз ойлауымыз керек. Ұстаз деген атымыз бар емес пе?

Ержанның даусы өктем естілді, ақ сұр жүзі одан ары сұрланып алған. Байсал сонда да сыр бермеді. Тіпті қадала түскен жігітке назарын да салмастан сол күйі отыр. Осы бір нәтижесіз әңгімеден жалыға бастаса да,сөзін шымыр бастады.

-Дұрыс айтасың, Ержан. Қоғамға қайраткер де, ғалым да тағы басқалар да қажет. Немене, бұл мәселені жоғарыдағылар екеумізден кем ойлайды деймісің? Бірақ әр уақыттың, қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінің өзіндік талабы болады. Бүгінгі талап осы. Мен де ұс- таздыққа бір кезде партия шақыруымен келгенмін. Партия тың жерді игеруге шақырды жастарды. Оның игілігін көріп отырмыз ба, жоқ па? Енді жастарға екінші тыңды игеру міндеті қойылса, оған екеуіміз ат салыспай қайтіп отырамыз?

Байсал соңғы сөзін алдындағы жас жігітке қайсар көздерін қадап тұрып айтты. Ержан жаңағыдай емес, жуасып қалған тәрізді. Шағын денесі омырауына дейін алдындағы үлкен столдың ар жағына кіріп кетіпті. Ақ Құба ашаң жүзіне қызыл жүгіріп өтті. Қысылған сәттегі әдетімен тұтығыңқырап бастады сөзін.

-Ба-Ба-Байеке-ау, мен жастардың шопан болуына карсы емеспін. Тек бүгін оларға аттестаттары берілсін Деймін, содан соң біраз баланың қалайда жоғары оқу орнына баруы керек деп есептеймін. Әсіресе, Жандостың. Одан сөз жоқ үлкен ғалым шығады. Егер баланың болашағы ашылар болса, ол өзін танытады әлі. Халқымыздың маңдайына біткелі тұрған ұл ғой ол.

-Ештеңе жоқ, бір-екі жыл жұмыс істесе де көштен
қалмайды. Өзіміз соғыстан кейін оқып-ақ жоғары білім
алдық қой. Алдыңғы жылы жүгеріші болған балалар-
дың үшеуіне жоғары оқу орнына жолдама берілгелі
отыр. Ал екі-үшеуі сырттай оқуға түсіп те алыпты.
Немене олар жұрттан кем бе, жоқ сенің Қалқабаевың
басқалардан артық па?


Ержан тұқырып отырған басын әнтек жұлып алып,
мектеп директорының бетіне бажырая қарады. «Апыр-
ау, мына сөзді айтқан шынымен-ақ Байекең бе? Әрбір шәкіртінің қабілеті мен қасиетін айнадан көргендей айы-
ратын жиырма жылдық ұстаздық тәжірибесі бар адам
айтып отыр ма осы сөзді? Жоқ, бұл кісінің де қарта-
йып, қажи бастағаны ма? Әйтпесе, бұлай демесе керек еді».


Өзінің артықтау кеткенін байқаған Байсал жөткірі-
ніп қалды. Кең мол кеудесін кере терең күрсініп алды
да, жуан денесін креслодан көтеріп, терезенің тұсына барып тұрды. Жо-жоқ, қарт ұстаз шәкірттерінің қасие-
тін алақанында тұрғандай айыратын. Қалқабай койшы-
ның баласы Жандос та оның көз алдында өсіп келеді.
Мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен-ақ аса үздік оқып жүр.
Әсіресе,соңғы жылдары Ержан оқытатын математикаға өте-мөте қабілеті ашыла түскен.Бірақ, жаңағы бір сезді де Байсал тегіннен тегін айта
салмағанды. Көңілінің бір түкпірінен түрткілеп тұрған
ойды жас әріптесінің тамырын басу үшін де суыртпақтап шығарып көріп еді. Алдында ғана сайтандай сақыл-
даған жігіт енді от болып лаулағалы тұр. Қанша қара-
тас атанса да, Ержанның өткір көзінен алаулаған
ұшқын Байсалдың денесін тітіркендіріп жіберді. Осы бір от көздің қадалған жерін күйдіріп жіберердей кү-
шін, сонымен коймай соншалықты ашык мөлдірлігін
көріп қарт ұстаз естілер-естілместей тағы да бір жеңіл
күрсініп салды. «Сенің де заманың туар»,— деді ішінен.


«Бір коллективтің басшысы болғаныңда көрермін кү-
шінді. Өмір көкпарында ә дегеннен суырылып шығып,
шығанға қара үзіп кететіндер кемде-кем. Қолына тиген
тарамыс серкені тақымыңа басар-баспастан андызда-
ған сен тұр, мен атайындар жан-жақтан жұлқылап
жүндей түтер болса, кеуделі аттарымен алдыңнан кезек
орап, адымыңды аштырмаса кілең тазы каумалаған
кәжектей бүрісіп-ақ қалар едің, бір бұтаның түбінде.
Ондайда сайтан күлкің сап болып, кірерге жарық тап-
пай анау қайқы кірпігің жыпылықтап, иманыңа өзің-ақ
келерсің. Ағатайлап әрең кұтыларсың. Қайтып көкпар-
ға жолар болсаң, жөнін біліп барып жоларсың. Сонда
ғана Байсалдың кім екенін ұғар едің-ау».


Осыдан екі ай бұрын Талапты орта мектебін бітіру-
шілер біріміз қалмай малға шығамыз деп бүкіл ауданға
үндеу тастаған. Оған түрткі болған совхоз басшылары-
ның қыстай салып жүрген қолқасы мен жоғарының кұ-
лаққағысы еді. Таңдаудың Талапты мектебіне түскен
себебі бұл өзі ауданның ең жырақтағы, кейінірек ұйым-
дастырылған шаруашылығы. Жері шалғай, әрі табиғаты
катаңдау болғандықтан мұнда жұмыс қолы да жеткіліксіз. Әсіресе, жастар жағы қолына аттестаты тиісімен
базарға барып бақ сына дегендей оқимыз деп қалаға
тартып отырады да, оқуға түспегендерінің де көпшілігі ауылға оралмай қалып қояды.


Ержан жаңа келген жылы бұл ауданның мектеп бітірушілері жүгеріге шықты. Сонда да талаптылықтар аудандық слетте уәде беріп. артынан аттестат қолдарына тиісімен жартысы жылыстап кеткен. Биылғы жылы балалардың беталысы жаман емес. Бәрі де: «Өндірісте еңбек етеміз, шопан боламыз».— деп құлшынып жүр. Бірақ, оған мына Ержанның қиғаш келіп тұрғаны. Тәуір бітірген үш-төрт баланың жолын бөгемей оқуға жіберу керек деп құлағын жеп бітті.

Алдыңғы жылы аузы күйіп қалған Байсал биыл балалар әбден орныққанша аттестаттарын бермей қоя туруға бел байлаған. Жаңағы төртеуді жеберер болса, мәселені алыстан баққандардың: «Менің баламды да босата сал»,— деп бас салары сөзсіз. Шәкірттерінің көңілінде ештеңе жоқ, қойға барамыз деп гулегенімен, бұл күнде аяғымен ауа қармап, төбесімен жер тепкілегендер тыныш отырар ма? Бәленше баласын оқытқанда менің шамам жетпей ме деп, кіжініп шыға келер. Бет- алысы түзелген істің берекесін кетіретін солар ғой. Бірін-бірі баққан бірбақайлар ертең біреуі жөнелсе, балаларын енесінен бөлген тайдай тартыңшақтағанына қарамай сүйрелеп, Алматың ба, Жамбылың ба, Шымкентің бе әйтеуір көз таныс бар жерді көздеп жабыла шабайын деп отырған жоқ па.

Бұ жұрттың тағы бір мінезі - бірі тыныш болса, бәрі тыныш. Әйтеуір ешкім алдына түспесе болды. Осы жолы да балалары «қойға барамыз» дегенде бұра тартқаны жоқ, бәрі де пейіл беріп отыр. Ал, бірі бастар болса... Онда Байсалдың тағы да тізгіннен айрылғаны дей бер... Тоқтататын күш жоқ оларды, баланың құлқы бар ма, жоқ па, оқуға түсе ме, түспей ме, әйтеуір айға бір шаппай аспандаған көңілдерінің қошы келмейді.

Осыны Ержанға ұқтыра алмай-ақ қойды. Қыңыр аттай бір езулеп қояр емес. Байсал қазір де босқа арамтер болғанын сезіп отыр. Демек әңгімені бұдан әрі майдалаудың мәні жоқ. Ол не де болса тәтесінен салды.

-Тап бүгін мені алатын әзірейіл сен де болсаң да, аттестатты ешқайсының қолына ұстата алмаймын, қайда барсаң онда бар.

-Оқуға Қалқабаев бара ма?

-Оны мен де, сен де шешпейміз. Осында бізден басқа да коллектив, қоғамдық ұйымдар бар емес пе, солардың ұйғарымы шешеді. Ал қайсысының мандайы жарқырап туғанын келешек айтар. Ғылымның көгіне жұлдыз боп жанам деп кеудесін қаққандардың да ендігі күйін көріп жүрміз ғой.

Осымен әңгіме бітті дегендей мектеп директоры столына жақындап, қағаздарын жинастыра бастады. Әлгі сөз қақ маңдайынан қайқайтып ұрғандай болған Ержан орнынан атып тұрды. Тағы да түтігіп, тағы да тұтығып түк айта алмай Байсалды оқты көзімен бір атып қоштаспастан шығып кетті. Директор бір қарағанда жас жігіттің қушық жауырыны қиқаң-қиқаң етіп қиқарлық танытып бара жатқандай көрінді.

Ержан далаға шыққанда күн көкжиекке қарай құлдилап, шілденің алғашқы аптабының арыны басылып қалған екен. Бірақ қатты қапаланып шыққан көңіліне Қаратаудың ұдайы есіп тұратын анызақ желі шипа бола қоймады. Қайта өртеніп шыққан бетін ыстық шапа- лақтай ысқылап, одан арман дуылдата түсті. Қатты ашуланғандығы әдетімен екі көзі ежірейіп, өзінен-өзі ентігіп келеді. Алыспай-ақ, жарыспай-ақ алқымға тірелген ашу алқындырып барады. Алып-ұшқан ойы әлгі директор айтқан ащы әжуаның ар жақ бер жағын ойқастап жүр. Бұл күйінде бөтен көзге көрінгісі келмей мектеп алдындағы шағын бақтың ішіне кіріп кетті.

* *

-Ержанбысың, құлынымбысың, алтын басым-ау, аман-есен жүрсің бе? Оқыған жігіт үй ішін ұмыта ма? Бітіргеніңе бір жыл болды, ауылға ат ізін салмадың ғой. Сені біреулер жер астында істейді екен, онда барғандар өмір бойы қайтпайтын көрінеді,— деп дүмпітті ғой. Несін айтасың, әкеңде де, менде де иман қалмады, әйтеуір хат келіп тұрғанына шүкіршілік еттік.

Алыс жолдан келген баласын есік алдында тосып алған Айымжан шешей әлі аймалап жүр. Аузында да бір тыным жоқ. Сұрақты жаудырып жатқанымен, жауабын күтпестсн одан әрі сөйлеп кетеді. Әлден уақыт анасының ыстық құшағынан босаған жігіт ақыры шыдай
алмай:

-Көкем қайда?— деп қалды.

Айымжан шешей одан әрі шала бүлінді.

-Үйбай-ау, мен сені бағанадан бері есік алдында
ұстап тұрыппын ғой, қара басып. Әкең кайда болушы еді,үйде дағы. Екі аяғынан баса алмай қалған. Түзде жүр-
ген бала жасымасын деп саған хабарлатқан жоқ. Үйге
кір, даусынды естіп жатқан шығар.


Жас жігіт үйге ұмтылды. Шағын дәлізден өте беріп,
ішкі бөлменің есігін аптыға ашты. Пердесі жартылай түрілген шағын
терезеден түсіп тұрған жарықта шамалы еді, қапелімде ештеңе көре алмай, есік алдындааз-кем тұрып қалды. Оң жақ бұрыштан әкесінің «Ертаймысың?»—деген қалтыраған әлсіз даусы естілді.

-Көке!

Дауыс шыққан жаққа ұмтылған Ержан ағаш төсек-
үстінде тұра алмай тырбанып жатқан әкесін көзі шал-
ды. Қос қолдап амандасып, алақанын айырмастан қасына тізерлей кетті
.Ұлының көмегімен төсегіне түрегеліп отырған шал, оның бетін, шашын арқасын аймалап, маңдайынан иіскеді. Кәрілікке қосымша болған ғаріптік күйзелткен бе, әлде сар төсекте сал болып жатып сары-
ла күткен сағыныштан ба, ер жеткен ұлын бұлай қарсы
алмаушы еді, бұл жолы көңілі босап кетті. Әкесінің
мына күйін көрген жігіт те жасып қалды.


Есікке сыртын беріп отырған Ержанның арқасына сарт етіп біреу қона кетті. Мойнына асылған балғын қолдар буындырып барады.

-Амантай, ой, қара тентек, сенбісің?

Ержан інісін танып, оны да көтерген бойы орнынан тұрып кетті. Амантай болса: «Тәтем келді, тәтем келді»,— деп тепкіленіп жүр.

Ержан інісін алдына аударып алды.

-Ой, тентегім,— деп бетінен қайта-қайта сүйеді. Үстінде труснінен басқа лыпа жоқ Амантай да ағасының мойнынан қысып-қысып қояды.

-Пәлі, Раушанжанды байқамаппын ғой.

Ержан інісін былай қойып, қарындасын құшақтады. Есі кіріп қалған емес пе, ана Амантайдай асыла кетпей иба сақтап, есік жақта тұр.

-Сәлеметсіз бе?—дейді ақырын ғана.



Жігіт қарындасының маңдайынан сүйді.

-Иә, ат-көлігің аман, дені-қарның сау ма? Алматыңнан келесің бе, әлде Мәскеуіңнен бе?

Бауырлардың шұрқырасқанын сабырмен күткен әке, жетеді-ау деген сәтте сөз бастады.

Аманшылық. Мәскеуден оралған бетім еді, жолшыбай соғып отырмын. Алматыға барған соң, амандық болса, демалыс алып бір айға тағы келемін.

-Ат үсті жүріс десейші, одан да бізді...

Баласының сөзін есіктен кіре естіп қалған Айымжан шешей басқа бір әңгіменің ұшығын шығарып келе жатыр еді, шалының шәлкес жөткірінгенін байқап іркіліп қалды.

Үйбай-ау, мен бейбақ шай қоюды ұмытып кетіппін ғой,— деп сипақтап қайта шығып кетті.

Біз де аман-есенбіз, шырағым. Мына аяғы бар болғырдың орнына келмей тұрғаны. Әйтпесе, басқа тірлік барымен базар ғой.

Ержан үй ішіне енді ғана байыппен назар салды. Тым жұпыны көрінді. Жиһаз дегеннен шал жатқан жалғыз ағаш төсек пен өзі ес білгелі тұрған ескі шкаф. Бетінің сыры кете бастаған әбдіре әрі жүкаяқтың міндетін атқарып тұрғанға ұқсайды, үстіне осы үйдің он шақты көрпесі жиылыпты. Ана жылы атласы жаңа еді, олар да тоза бастаған... Едендегі әлі сыны кете қоймаған оюлы текеметтің үстінде екі ескі кұрақ көрпеше жайылған. Тоқал тамның төбесінен көктем де, күзде жауынның суы өткен болу керек, әр жерінің сылағы түсіп, опырылып қалыпты. Көптен бері ақталмаған үйдің қабырғалары да қара қожалақтанып кеткен. Қайта отыруға ыңғайланған Ержан көзімен әлденені іздеді. Бірақ оны таба алмай, ілгерідегі бір ауылдасының қылығы есіне түсіп, еріксіз езу тартты.

Жапарқұлды бұл өңірде білмейтін жан жоқ. Оны бүкіл өңір біледі десе де болады. Өйткені әр жердің өзінің Жапарқұлы бар ғой. Бұл ауылдың үлкені де, кішісі де қаладан келген жерлестері ауылға оғаш қылық танытса: «Мынау Жапарқұл болыпты ғой»,— деп мысқылдап жүреді. Тіпті әзілі өтетін қатар-құрбыларына қисыны келсе, қолдап таңа да салады.

Сол Жапарқұл соғыстан оралғанда қаладан бері жаяулап, жайлаудағы малды ауылдарға жетеді. «Не дейсің, азаматымыз жауды жеңіп аман-есен оралыпты»,— деп малшылар шала бүлінеді де қалады. Бала-шағасы қуана берсін деп сүйінші сұратып, ауылға ат шаптырады. Өздері бір лақ сойып, халдерінше күтеді. Содан аттың жарамдысын Жапарқұлға мінгізіп, бір- екеуі серік болып жолға шығады. Ержанның әлі есінде, әскерден Жапарқұл келе жатыр екен деп ауылдың бар адамы соның үйіне жиналған. Бала біткен біреуі талға, біреуі тамға шығып жол қарады. Ақыры, жолаушылардың да қарасы көрінді. Үш аттылы жарыса шауып келеді екен. Ауылға жақындағанда екеуі аттарының ба- сын іркіп, желе шоқыраққа көшті. Ал біреуі тізгін тартпады. Ол Жапарқұл еді.

Өй, мына бар болғырдың жаман ырымды бастап, мұнысы несі,— деді, қарттардың біреуі.

Қайтсін енді, бала-шағасын көргенше шыдай алмай көңілі алып-ұшып келеді де,— деп ата жөнінен Жапарқұлға жақындау екіншісі жайбағыстаған болды.

Бірақ Жапарқұл бүкіл жұртты үркітіп үйінің жанынан өте шықты. Алдынан жүгірген балалар аңқиып, әйелі Жұпар ызадан жылап жіберген. Қыстай ауылдың арғы бетіндегі баздан шөп жеп дәніккен қисық торы малды ауылда ішкен мұздайдың буына барынша пісіп келе жатқан иесіне ырық бермей алып кетіпті. Алыстан орағытып барып кайтқан Жапекең сол ашумен үйіне кіргенде:

-Бұл үйдің отыратын орындығы қайда?—дегені бар.

Сонда Жұпар шешей:

-Жапарқұл-ау, орындық қай ата-бабаңнан қалып еді,— деп одан арман күйінген.

-Жауды жеңіп қайтқан жеңімпаз солдат қалай десе де жарасып жатыр. Ал, Москвада бір жыл болып қайтқан едім деп орындық іздеген Ержанның әнтек ойын әзілқой жеңгелерінің бірі сезе қалса, сан саққа жүгіртері хақ.

Москвадан кейінгі жұпыны көрінген үй іші мен әкесінің аянышты халіне көңілі құлазыған Ержан жерлестерінің әлгі бір әзілі есіне түскен соң, қайта сергіді. Киімін ауыстырып киіп, жуынбаққа сыртқа шықты.

Амантайжан, құманды толтырып, тәтеңнің қолына су құй,— деді шешесі Ержанның ойын түсініп.

-Керегі жоқ, апа, өзенге барып жуынамын, сүлгіні берсе жетеді.

Амантай екеуі өзенге беттеді. Ол ауыл шетінен аса Қашық емес-ті. Колхоз құрылғанда бір ауыл осы Қызылсайға» келіп іргесін бекіткен екен. Оқуға баратын Жылы қырық шақты түтін шығатын. Колхоз біріккеннен кейін біртіндеп орталыққа жылжи бастаған. Биыл ескі Қыстауда ешкім қалмағанға ұқсайды. Аралас отырған ағайындарының бірде-бірінің үйінен қыбырлаған тіршілік белгісі білінбейді. Ағаштардың арасынан көрінген таныс тоқал тамдардың есік-тесіктері үңірейеді. Көпшілігі бұзылып кеткен. Балалық шағының ыстық белгілері иесіздіктен бе, бетенсіреп тұр. Былтыр совхозға ауысты деп еді. Тәрізі, халі келгеннің бәрі ферманың, совхоздың орталығына көшіп кеткен-ау.

-Қызылсайда бізден басқа кімдер тұрады?— деп сұрады Ержан ілесіп келе жатқан інісінен сыр тартып.

-Қабылбек қарауыл.

-Одан басқа?

-Одан басқа кім болушы еді, баяғы біз дағы көштен қалып жүрген. Шамасы келетіндердің бәрі орталыққа көшіп алған. Онда үлкен мектеп салып бітірді. Енді клуб соғып жатыр. Қазірдің өзінде ескі клубында күнде кино болады.

Жауапты ересектерше берген інісінің дауысы өкпелі шықты.

Айтқан сөздерін өзіне тигізіп келе жатқанын Ержан сезді. Сірә, бұл әңгіме үйде жиі қозғалып тұратын болу керек.

Ұзын сайдың жағасындағы жартылай қираған жаппа үйлер таусылып, алдарынан кең жазық ашылды. Мамырдың соңғы күндері болса да, көктемнің реңі сына қоймаған кез. Әлі шілденің ыстығына ұрынбаған раң сол қалпы. Өзен жағалауындағы шалғын тізеден асады. Бидайық, пішен жайқалып тұр. Су жүрген арықтың, жиегін шырмауық пен шоғайна басқан. Боз жолдың борпылдақ топырағынан қашып, тыңмен жүрген Ержан осынау даланың сан түрлі шөбінің хош, кермек иісіне елтіп келеді. Оның үстіне жаз жақындаған сайын күшіне еніп келе жатқан күн қызуы жігіттің кеудесіне дейін жалаңаш денесін шымшылап, рақат бір сезімге бөлейді. Тап қазір мына бидайыққа аунап алуға дайын. Бала кезде талай тай үйреткен жерлермен жүргенде кісінің делебесі қозып, астында аты жоқ болса да, шапқылағысы келеді екен. Ержан өзен аңғарының биігінен төмен қарай жүгіре жөнелді. Тіпті, мына далада улы жәндіктер де тіршілік етеді деген ой қаперіне де кірген жоқ. Қазір ауылын ұзақ уақыт көрмеген жас жігіт үшін са- ғыныш мауқын басудан артық ештеңе жоқ еді. Ержан суға тіреліп барып бір-ақ тоқтады. Амантай да қалыспай келіпті, сол бетімен бұтындағы лыпасын бір көтеріп алып, суға шалп еткізіп сүңгіп кетті. Аз-кем ентігін басқаннан кейін беліме суық тиіп қалар деп біраз ой- ланып тұрды да, інісінің үгіттеуімен, әрі өзенге бір сүңгімесе сағыныш мауқы басыла қоймайтындай көрініп, Ержан да шешінді.

Бұлардан биігіректе өзенге қоралы қой құлаған ба,суы лайсаң тәрізді.

-Сәл күтейін, су тазарсын,— деді Ержан.

-Таластың суы қашан таза болып еді, әне «Жәрдемшінің» жылқысы келеді.

Шынында да өзеннің арғы бетіндегі ұзын-сонар үстірттен бәрі қарай қарамы бір үйірдей жылқы шұбырып шықты. Қара кер айғыр көктемнің көгіне тойынған соң, түгі жылтырап жұнтиып шыға келген құлын-тайды шеттеп ойнауына ырық бермей қақпайлап келеді. Кексе биелер құйрық тістесе асықпай аяңдайды.

Өзеннің арғы бетіндегі адырлы жазықта көз тоқтатар ештеңе жоқ. Бұл арадан ең болмаса кәктемде қой телдететін қоралар да көрінбейді. Сондықтан да осы жазыққа көз салған сайын Ержан тарихқа үңілгендей болатын. Мынау адырлы дала бұдан жүз, мың жыл бұрын да осылай жатты-ау? Сол кезде де оның қызғылтымдау тастақты топырағына жусан мен ебелек, баялыш пен селеу өскен шығар. Сол кезде де осындай сан қара кердің үйірі келіп өзенге талай рет құлаған болар.

Шұбырған жылқының өкпе тұсынан қос ит ерткен аттылы көрінді. Төмендегі өткелден өтіп, қырдағы малды ауылдардың біріне қиялай тартып бара жатқанға ұқсайды. Сірә, аң қағып ауызданған әккі иттер болу керек, иесінен оқ бойы озып екі қапталды шарлап қайтады. Бірақ жазда қайдағы аң. Тышқан ауламаса...

Иттерден сескенген секемшіл тайдың бірі құйрықты тік көтеріп, тура өзенге қарай салды. Оған басқалары ілесті. Мама биелер де кілт тоқтаған күйі құлағын тікірейтіп, иттерге бір-бір қарады да, қайта жымырайтып даланы тасырлата жөнелді. Тек қара кер айғыр ғана айбат көрсете ойқастап, қайта-қайта артына қырындай бұрылып келеді. Жылқылар шұрқырасқан бойы Ержандардан төменірек келіп құлады.

Даланың осы бір үзік көрінісіне құмарта қараған жігіт суға енді беттеді. Әуелі су кіріп кетпесін деп құлағының ішін дымдады. Содан кейін денесін біртіндеп үйрету үшін кеудесіне, арқасына қолымен ақырындап су тигізіп тұрғанында, тура аяғының астынан шоршып шыққан балықтай шошаң ете қалған Амантай шалп еткізіп су шашып жіберді.

-Ой, қара тентек!

Ержан інісін ұстаймын деп тұра ұмтылған бойы тереңге қойып кетті. Су деген де бір рақат дүние-ау, жаңағы денесі тітіркенгенінің бәрі босқа қалды. Таза ауа мен салқын су бірнеше тәулік бойы жол жүріп шаршап келген жігіттің денесін ширатып жіберді. Амантай екеуі жалақ ойнады. Содан жарқабақтау жерден секірісіп байқасты. Сүңгіп дем жарыстырды. Жігіт бұдан алты жыл бұрын қалдырып кеткен балалағымен қайта табысқандай болды. Тек жиегіне етпеттей жатып алып, мынау жылымық суды сіміре алмады. Ол кезде өзеннің суы оған мөлдір таза көрінетін. Балалық шақта дүниенің бәрі қылаусыз екен-ау?!

Шай үйдің көлеңкесіне жасалды. Төртеулеп жүріп атасын сыртқа алып шықты. Баласы келгенге шал әжеп- тәуір қуаттанып қалыпты, ауылдың, ағайынның жағдайынан біраз әңгіме айтып тастады. Өзінің інісі Сералы қуатты көрінеді. Ал оның бұдан екі жыл бұрын институт бітірген баласы Сержан көрші совхозға прораб болыпты. Әкесіне ферманың орталығынан үй салып беріп жүрген де сол.

-Жүгермек, күзден бері ат ізін салмай кетті,— деп қалды апасы.

-Әй, жұмыстағы адамның қолы тие бермейді де, әйтпесе ағайынды кім араламайын дейді.

-Әкесі кемпіріне ала көзімен бір қарап қойды. Айымжан шешей бұл жолы ығыспады, ойындағысын ірікпей айтып салды.

-Келмеді деп көкірегім қарс айырылып отырған мен де жоқ. Өз баламды жыл өткізіп барып, жаңа көріп отырғанда, өзгеге өкпелеп қайтемін. Одан да, шал-ау, ұлыңа елге кел десейші. Не бір оқыған жігіттер осы совхозда-ақ қызмет істеп жүр ғой. Бәрі бір-бір заңғар үйді иеленіп, қазынаның мәшинесін мініп алған. Ал біз болсақ мынау, көшкен елдің жұртын күзетіп, бақсының моласындай болып отырғанымыз. Балалар да жетімсіреп қалды...



Айымжан шешей кнмешегінің етегімен көзін көлегейлеп, кемсеңдеп қалды.

-Тәйт әрі, ұлы келген ана да сөйте ме екен? Алыс жолдан оралған баланың көңілін жасытпай, жайыңа отыр. Тамағың тоқ, киімің бүтін, баспанаң мынау, енді не керек саған. Асықпасаң орталығыңа да көшерсің, сол шудың ортасында саған біреу сыбаға дайындап отырса...

Кемпірін қағып тастаған шал енді баласына бұрылып:

-Құда қаласа осы жазда совхоз көп үй салады деген. Соның біреуі бізге де тиетін шығар,— деп сөзінің аяғын жайбағыстап қойды.

«Қайран, әке-ау, сыртта жүрген балаң ауылым, әке- шешем» деп анда-санда бір аңсап келгенінде көңіліне қаяу түсіп кетпесін деп отырсың-ау? Өзің орныңнан ұра алмай жатып, осы өміріңе ризашылық білдірген боласың. Білдірмеген болсаң да бәрін де көріп, түйі отырған жоқпын ба?»

Шай жиналған соң Раушан мен Амантай малға кетті. Үйдегі жүдеуліктен ас та батпаған Ержан демалмақ боп біраз аунақшып жатып, одан түк шықпаған соң қораның ішінде ілулі тұрған шалғыны алып, үйдің айналасының шөбін шаба бастады. Қырып тастамасада, қарап отырғысы келмеді. Кешкілік орталықтан Серәлі көкесі келіп, Раушан мен Амантай әкелген қозыны сойды. Ет желініп, дастарқан жиналған соң Секең Ержанға қарап әңгіме бастады.

-Хош, шырақ ,-деді ол, әке-шешеңнің халін көрген шығарсың. Сені адам болсын деп, сүйрегіліп жүріп,бұл өңірде көп елдің құрығы жете бермейтін үлкен окуды оқытты. Енді қартайып, аурулы болып, отырып қалған жайы бар. Мына екеуінің де сабағын бақылап жүрген ешкім жоқ. Ағайыннан қарайласатын жалғызСержанның өзі сыртта, мен болсам мынау, бұлардан бері емеспін. Ал сенің оқуың ұзап барады. Сондан не ойың бар?



Сералы сөз бастауға ыңғай бергеннен-ақ үй іші тыныштала қалған. Айымжан шешей қайнысын қуаттағандай. «Иә», деп қойып, ентелеп, ілгерілеп отырды. Раушан да салдырлатып"сөзді бөлмейін деп, жуып жатқан ыдыс-аяғын қоя салып, үлкендерге қарады. Етпеттеп,қос алақанын иегіне төсеген Амантайдың да мұрны ғана пысылдап, Ержаннан көзін алмайды. Оған ешкім«жағыңды таянба» деп ескерту жасай қоймады. Әкесі ғана қалыпты жатысын бұзған жоқ. Жүзінен інісінің сөзіне қарсылық та, куаттау да білінбейді. Бірақ оныңда баласының жауабын күткен ыңғайы бар.

Бұл мәселені күні бүгінге дейін байыбына барып ойланып көрмеген жігітер телі бері өзі де шешімін таба алмай дал болған. Ақыры:

-Бірер жылдан соң кешіріп алармын, әзірге осын-
дай алаңсыз отыру үшін не қам керек?— деп салмақты көкесіне аудара сөйледі.


Біреуге ақыл айтарда алдымен оны ұрма сұрақпен
ұстап алып барып, әңгімені содан соң бастайтын Сере-
кең Ержанның да өзінің аузына қарағанын қанағат қыл-
ғандай көтеріліңкіреп отырып негізгі сөзіне көшті.


Ақылымды алсаң, Мәскеуіңді де, Алматыңды да
қой. Артыңда аузын ашып өлмелі әке-шешең мен қабыр-
ғасы қатпаған іні-қарындасың бар. Солардың қамын ойла, бас құрып,
мына шешеңнің қолын тірліктен босат. Міне, айтар ағайындығым осы, ендігісін от басыңмен ақылдасарсың.

Шал іргедегі қамшысын алып, үйден шықты. Ержан аттандырып салды.

Бұл күні тауық екі шақырғанша үйдегі ересектердің
ешқайсысының көзі ілінген жоқ. Ержанды жолдан шар-
шап келді ғой деп, ұйықтадыға жорыған кемпір мен
шал өзара күңкілдесіп жатты.


Тетелестің айтқаны жөн,— дейді шешесі.-Балаңа со кұсап неге айтпайсың? Ауылға келіп, келін түсірсін.

Бағын байлап кайтеміз,— дейді әкесі.— Қатарынан қалмасын.

Шал-ау өле кетсең о дүниеге не қызық көрдім деп
барасың,— дейді анасы.— Біз де ел қатарлы бала қызығын көрейік те.


Бұл әңгіме алыс жолдан алып-ұшып келген жігіт
жүрегіне шаншудай қадалады. «Қайран, ана-ай»,— дей
ді іштей, оң жақтан аттанғаннан кейінгі сендердің бар Қызықтарың бала ғой. Тек сол үшін ғана өмір сүресіңдер.

Қанша бұлтақтатса да, кемпірінің сөзі дәлелді шыға
берген шал кейде үнсіз қалады. Бұл үнсіздігінде кұп
тау, яки, қыңырлық жатқанын түсіну қиын. Не де болса ішінде.


Ералы сырқаулы болып соғысқа жарамады. Ержан ес білгелі әкесі колхоздың қамбасын ұстады. Соның арқасында сол бір ауыр күндерде де бұл үйден үнем үзілген жоқ. Үлкен ұлы үшінші курсты бітірген жылы пенсияға шыққан шал жұмысын өткізгенде, біраз дүние кем шығып, соның орнын толтырамын деп шаруасы шайқалып қалған. Оқуда жүрген баласына да қаражат жағынан қарайласып тұрмаса болмайды. Бұл күнде — дәрменсіз кемпір мен шал, жетілмеген іні мен басына үй тірлігі ерте түскен қарындас жұртта жалғыз үй қалыпты.

Ал бұл болса, тілеуін тілеп отырған әке-шешесіне оқуын бітірген соң келіп, қуантып қайтуға да жарамады. Жаңа ашылған ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа тұрып, соның лабораторияларын жабдықтау ісін қызықтап кетті. Құмарта кіріскен жұмысы қайрылуға мұрша бермей, ауылға әне барам, міне барам деп жүргенде, Москваға екі жылдық стажировкаға жіберілді.

Әке-шешесін бұл күйінде калдыруға болмайтын тәрізді. Ал тап биыл көшіріп әкете коюға өзі де салт басты, сабау қамшы болып Москвада жүр. Әрі Каратаудан әрі аттап басып көрмеген кемпір мен шал көне кояр ма? Каражат жағынан карайласуға кіші ғылыми қыз- меткердің жалақысы белгілі, бір жыл ішінде сырт киімін де жөндеп жаңарта алмады. Тіпті. бұларға керегі қаражат та емес, күтім ғой. Сонда не істемек? Кайта оралу ма? Бұған көрсетілген сенім кайда? Алға қойған мақсат ше? Жер сілкінетін аймақтарға салынатын үй- лердің жобасын жасау қайда қалады? Ғылыми жетекшісі, коллективі не демек?

Іргесі отызыншы жылдары қаланған жаппа тамда ескі жұртта күзетіп отырған сырқаулы шал мен кемпір, жер сілкінетін аймақтарға салынатын көп этажды үйлер, яғни жұмыр басты пендеге тән күн көріс қамы мен биік мұрат сол бір ұйқысыз түнде жігіт санасынан зуылдап өтіп жатты.

Ертеңіне Ержан совхоз орталығына тартты. Ешқайда аялдамастан бірден директорға кірді. Бар жағдайын айтып, әке-шешесіне үй беруін етінді.

Карағым-ау,— деді директор,— жағдайыңды түсініп отырмын. Бірақ қол ұшын берер күй жок, совхозда қазір. Сол үй салу дегеніңізді жаңадан қолға алғанбыз. Бір қиянда жатқан ел екен өзі, ауылың. Құрылыс материалын да табу қиын, тапқан күнде жеткізу, одан да ақырет. Совхоздың кұрылу мақсаты — шет жатқан осы өңірді игеру ғой, өзің білесің. Ол үшін бізге адам керек, жұмысшы қолы қажет. Биыл жиырма семья коныс аударып келеді деп күтіп отырмыз. Соларды кайда орналастырарымды білмей басым қатуда. Ерекеннің жағдайын естігенбіз, балаларын интернатқа берсе, өзі бірер жыл кыстай тұрады да, жалғыз үй дегенің болмаса, шаруаға да жайлы. Ал жаздыгүні жұрттын жайлауы онсыз да өзеннін жағасы, елегізи коймас. Одан да, бала, сауатың жететін көрінеді, мына жаңа ашылған он жыл- дык мектепке мұғалім болып келсен кайтеді? Білікті ұстаздарға зәруміз. Жергілікті жігіт екенсің, осында кызметті сендер істемегенде, кім істейді? Ертең кетеміз баріміз де, ал осы жердін топырағына үйренгендер калады. Сонын бірі өзін екенсің, оқыт ана балаларды... Мұғалімдікті қаламасаң, совхоздағы комсомол комитетінің секретарлығына ұсынып көрейік. Келешегінді кім көріп келіпті, ертең менің орнымды аларсың, бәлкім?..

Директордың жай айтуы, шағынғаннан да ары болып кеткені сонша, Ержан рақметін жаудырып, кешірім сурап әрең тоқтатты.

Сыртқа шыққан соң барып байыптап қарады. Шынын да кешегі жалкы көшелі жадағай ауылда едәуір өзгеріс, жіті қимыл бар көрінеді. Жаңадан тілінген екі көшенің бойы қызу тірлік. Шыжыған ыстықта жон арқаларын алдырып, кірпіш құйып, үй көтеріп жатқан жұрт. Өткен жылы кіріп алғандары да бар құсайды. Ал совхоз үйлері салынып жатқан көшеде біткені шамалы. Амантай айтқан «үлке-е-н» мектепті де көрді. Қабырғасы колхоз кезінде-ақ қаланған сияқты еді, асығыстау | салынғаны көрініп тұр, аласалау екен. Бір жақсысы терезелері үлкен. Оның жанында шүпірлеп кірпіш құйып жатқан балалар. «Шеберхана соғады»,— деп еді, соның әрекеті болар. Ауыр жұмыс деп қамығып, тайсақтап жүрген бірі жоқ. Бәрі де жұмылып кеткен. Анда-санда бір-бірімен әзілдесіп, айқайласып қояды. Ержанның бір түрлі денесі шымырлап кетті. Қазір шешініп тастап мынау уайым-қайғысыз жандарға қосылып, балшық илегісі. қалып тасығысы келді. Олардың осындай кездеріндегі қылаусыз әңгімелерін тыңдағанның өзі қызық-ау. Ол мектепке бұрылды, есігі жабық болғандықтан терезесіне үңілді. Керегін көп ұзамай-ақ тапты. Жап-жаңа лабораториялық құралдар кұрсауы ашылмаған күйінде жатыр. Шаңы сүртілмегеніне де көп болған.

Директордың айтқанының бәрі шындық болды..

* *

Ол Алматыға аттанатын күні уй ішін тағы да көңіл- сіздік басты. Автобус ерте жүретіндіктен ересектер таң караңғысынан оянды. Айымжан шешей біресе ауыз жібі шиеленіп қалған құрт қалтаға, біресе бабымен ұйымаған айранға ұрса жүріп, Ержанның шағын чемоданын дайындап та болды. Одан «малды айдаңдар!» деп қызы мен баласын оятты. Әкесі:

-Жата тұрсын да,— деп еді.

-Ендеше, өзің тұрып айда,— деп қам көңілді кемпір шалын бір қағытып тастады. Таңғы тәтті ұйқыдан арыла алмай пысылдап жүріп, аяқ киімдерін киген екеуі, ағасына жалтақ-жалтақ қарап қораға беттеп бара жатыр.

-Ағаларыңмен қоштаспайсыңдар ма?—деді анасы. Қарындасы мен інісі қайта айналып келді. Ержан қара тентектің бетінен сүйіп, Раушанның қолын қысты. «Көп кешікпей демалысқа келемін»,— деп еді, екеуі де жадырап сала берді.

-Алматыдан не әкеліп берейін, сендерге?—деді Ержан.

-Велосипед,— деп лып ете қалды қара тентек.

-Мақұл, ал саған ше?

Сезімтал қыз көңілінде көп нәрсе тұрса да, ештеңе өтінбестен:

-Маған ештеңенің керегі жоқ, өзіңіз келіп тұрсаңыз жетеді,— деді де қойды.

Қуанып қалған қос бауыр көпке дейін дабырлай сөйлесіп бара жатты. Армандай болған велосипеді тақымына бүгін тиетіндей Амантайдың даусы, әсіресе, жарқын шығады.

-Көке, енді жүремін,— деді бауырларымен қоштасқан соң әкесінің жанына келіп тізе бүккен Ержан.

Шырағым,— деді шал.— Бізге көп алаңдай берме, ел ішіндеміз ғой, әйтеуір. Сол Алматыдағылардың барлығы әке-шешесін жанына байлап жүрген жоқ шығар, елдерінде отырған да, түге. Менің өмірім колхоздың қамбасы мен азық-түлік дүкенінің есігін күзетумен өтті. Оған да шүкіршілік. Бірақ сендердің жөндерің басқа, қайда оқимын, қайда барып қызмет істеймін десең де өзің біл. Әйтеуір ертең әке-шешем аяғыма тұсау болып, алысқа ұзай алмадым деп, арманда қалма. Ал, жолың болсын, қайда жүрсең де, ата-бабамның әруағы Жебеп жүрсін.

Шал сергек, серпіле сөйледі, әйтсе де өзінің осы жатысынан жалыққаннан ба, болмаса кеше ғана колхоздың бар байлығын уысында ұстап үйренген шал іш тей ұлының әлі ел катарлы ештеңеге қолы іліге алмай жатқанына налығандықтан ба, әйтеуір көзінде бір мұң бар. Ержанға бара бер, деп белгі берді де, өзі төсекке
қайта жантайды.


Анасы ауылдың шетіне дейін шығарып салды. Ержанның баяғы бала кезіндегідей «күн өтіп кетпесін, баскиіміңді тастамай жүр», «күзгі жаңбырға аяғың су болмасын, киізді ұлтарақ қылып, бәтеңкеңе салып ал»,«қыста түйе жүн күртешеңді тастама» деп сөйлеп ке-
леді.


Ұлын ұзақ сапарға осылай даярлап келе жатқан ана
қоштасар сәтте кенеттен әңгіме арнасын бұрып жіберді.


-Сол қаласы бар болғырда жүргенің жеткілікті
болмады ма, бір оқуды бітірдің ғой, кұдай соның нанын!
да бұйыртып жегізсін, ауылға келсең қайтеді, балам.
Біздің жағдайымызды да көрдің. Мына әкең айдалада
жатып өліп қалса, көтеріп салатын адам да табылмай-'
ды. Ел-жұртқа мазақ боламыз. Қазірдің өзінде«Ералы-
ның оқыған баласы қарамай кетті»,— деп көрінген күл-
кі кылады. Енді түсінген шығарсың.


Анасы тағы да камығып калды.

-Түсіндім, апа,— деді Ержан. Бірак одан артық ештеңе айта алмады. Иә,ол ана көңілін түсінеді-ау. Ал,анасы ұлының жағдайын білер ме екен? Оқыған азамат ретінде ұлына түскен салмақты сезінсе ғой. Бар дүниені
«Қызылсайдың» өлшемімен өлшеген кәрі кемпірде не
кінә бар?


Әйтсе де Ержан Алматыға өз өмірінде ерекше бір
бетбұрыс жасауға бекініп оралды.


***

Өзінің ең сүйікті орыны — математика кабинетіне қайта оралған Ержан әлденені іздеп тыным таппай тыпыршумен болды. Ақыры есіне түсті. Қағаздары тұра тын шкафынан бір топ дәптерді алып, орындыққа жайғасып отырды. Бұл шәкірттерінің «Кім болғым келеді?»
деген тақырыпта жазған шығармалары еді. Оқу
жылының басында Ержанның өтінуімен әдебиет пәнінің
мұғалімі алған. Ол кезде «Шопан болу», «бастама кө-
теру »көбінің-ақ қаперінде жоқ болатын.


Топ дәптерге тесіле қарап біраз отырған Ержан, ең
үстіңгісінің алғашқы бетін ашты. Мараттікі болып шық-
ты. Ірге жақтағы бірінші партада отырады. Талдырмаш
денесін тіп-тік ұстайтын сүйкімді бала. Табиғи қабілеті
күшті-ақ. Барлық сабақты біркелкі жақсы оқиды. Му-
зыкамен айналысады, ептеп сурет те салады. Кейбір ба-
лалар сияқты қылжаққа, қысыр сөзге үйір емес, екі иы-
ғын жұлып жеп, алысып айғай-шу шығарып жатқанын
да көрмейсің, бір түрлі бұйығы жүреді.


«Өмір келесі ұрпаққа ізгі мұра калдыру үшін беріл-
генін түсінгеннен кейін адам үлкен мақсат жолында тір-
лік етеді. Өмірдің мәні де арта түседі. Ол сонысымен
қымбат. Өкінішке орай барлық адам бірдей өз болаша-
ғының биігіне жете алмайды. Оның көп себептері бар
шығар, мен білетін біреуі — ауру, дерт. Жарық дүниені
көзімен ғана көріп, санасымен сезінбеген сәби өмірдің
дәмін алмай жатып неге дүние салуы тиіс? Асау арма-
нын ерттеп мінген ер-азамат қалайша қыршын кетеді?


Олардың да осынау жалпақ жалғаннан алар тиесілі
үлестері, қоғамға берер жемісі бар емес пе?


Кейде ойлаймын: егер бізге қарсы фашистер соғыс ашпаған болса, біздің қырық үйлі «Көмекшіден» аттанған 59 азаматтың 51-і шейіт кетпесе, аман қалған көкелеріміздің дені-қарны сау келіп, мүгедектің тұқыл таяғын тіреуіш етіп қалмаса, біздің ауылда, бүкіл елімізде кездейсок дертке ұшырап, мезгілінен бұрын ешкім дүние салмаса коммунизмді орнатып қояр еді-ау! Қазір бейбітшілік. Сондықтан да ендігі ең асыл мұраттың бірі адам денсаулығын қорғау. Бұл байламға мен кішкентай қарындасым Айнұр бауыр ісігінен айыға алмай көзін
жұмғанда келдім. «Дүние ойлап тұрсам шолақ екен, адамзат бір-біріне
қонақ екен» деген екі жол өлеңнін де мағынасына сонда түсінгендей болдым. Мен-дәрігер боламын...»

Осындай жігіт екенсің ғой, Марат! Тұйық болғаның мен тұнығың тереңде ме, еді? Көзің ерте ашылып, арманың ерте қанаттаныпты. Сөз жоқ дәрігер боласың, жәй ғана дәрі қолданушы емес, адам емдеуші шығады сенен.

Келесі дәптер Жандостікі екен. Үлкен үміт артып жүрген шәкірті осы. Аласа бойлы ширақ бала, қолды аяққа тұрмайтын тынымсыз-ақ. Сөйте тұра, қандай бір күрделі есеп берсең де шығарып, бітіргенше орнынан

қозғалмайды-ау. Білімге, білуге деген құштарлығы орасан. Ержанның оқулықтан тыс құрып берген программасын да еркін игеріп кетті.Ғылымды опырып, қиратып жіберердей құлшыныс бар. Оған еңбеккештігі де сай.Тек сол күш есейе келе түлкі өмірдің не бір алдамшы қызылының артынан қасқыр болып қуып, өз бағытынан
адасып кетпесе болғаны...


«Есепсіз дүние жоқ»— депті ол. Күнделікті тұрмыстан бастап, космос проблемаларына дейін есеппен шешіледі. (Ержан күліп қойды, өйткені бұл өзінің сөзі еді).Сондықтан мен математик болғым келеді. Әйтеуір қан-
дай қиын есеп шығарып шаршасам да, бір түрлі рахат-
танып қалам. Тағы да кірісіп кеткің келіп тұрады...»

Қолына Айнақұлдың дәптері ілікті. Бастауыш класта бірер жыл орнында қалған ересек бала. Әйтеуір сүйретіліп келе жатқаны болмаса, мектептен алып жүрген білімі шамалы-ау!

«Келесі күзде мені әскерге алады. Оған дейін шофер-
лік право қолға тисе, дұрыс болар еді. Ал әскерден
оралғаннан кейін бізді
ң жұмыс Соқабай инженердің
қолында ғой. Ол машина бермесе «нешеуа» деп жүріп кетеміз. Қайдан болса да т
өрт дөңгелекке ие болатын шығармыз. Жұмыстың төресі шоферлік қой, шіркін!»

Ойына келген сөзді төтесінен қойып қалатын әдеті бар еді, бұл жолы да сөйтіпті. Совхоз орталығынан шоферлер даярлайтын курс ашылып, Айнақұл кешкілік соған барып жүретін. Дегенмен есі кірген жігіт емес пе, алдын ойлап жүргені ғой.

Шіркін, шамаң келсе, институт бітіргенге не жетсін. Орта оқитыным рас, бірақ конкурсы аздау жерге барып, қалай дегенде бағымды сынап көремін. Түсе алмасам қалада жұмыс істеймін. Совхозда таңның атысы, күннің батысы салпақтағаннан, сегіз сағат жұмысымды істеп келіп, саялы бақта сайран салып жүргенім артық емес пе».

Бұл Айнақұлмен бір партада отыратын Сәрсенбайдың сөзі. Ұзын шаш қойып, бойын күтетін сыпа. Тым қабілетсіз де емес. Бірақ оқудан гөрі ертерек «бостандыққа» шығуға асығып жүр-ау. Қыршып алатын нағыз қыршаңқының өзі еді, бір жақсысы әйтеуір шынын айтыпты. «Биыл бітірсем де бітіремін, бітірмесем де бітіремін» дегені болу керек. «Бірақ байғұс бала-ай, ең болмаса, қай мамандықты қалайтынын да білмегені ғой. Ол сенің кінәң, Ералиев жолдас».

«Мен мұғалімнің семьясында өстім, он жыл ұстаз қолында тәрбиелендім. Сондықтан да өзімді мектеп өмірінен тыс жерде сезіне алмаймын. Мұғалім болғанда да, арманым — географ болу. Өз ауылынан әрі шығып көрмеген балаларға жер шарының шексіздігі, оны мекендеген халықтар мен олар орнатқан керемет қалалар, ұлы мұхиттар мен теңіздер құдіреті, аспанмен тілдескен таулар мен шетсіз-шексіз ормандар құпиясы туралы айтып беру қандай қызық. Ал сол кезде сенің әңгімеңмен бірге арманымен әлемді шарлап кеткен балалардың жүзін көрсеңіз. Бал-бұл жанып, көздері жайнап кетпей ме? Класс тып-тыныш, ал сен Мегаллан мен Крузенштерннің ізімен жұмыр жерді айналып өтесің... Мұхиттар, жабайылар мекендеген аралдар, дүниенің жеті кереметі... бәрі де көз алдыңнан өтеді. Шіркін, географияға жететін сабақ жоқ қой...»

Бұл Маржанның шығармасы. Оны оқығанда мұғалімнің жаңа ғана тыншу тапқан көңілі қайтадан алабұртып шыға келді.

Сабақ үстінде он тоғыз шәкіртінен бөлекше қарайтын қос жанар тағы да оңашалап келіп өзін тапты. Жайшылықта жүзін көтеріп, ешкімге назарын тіктемейтін ұяң қыздың кезінен сол кезде беймәлім сыр байқайтын. Алғашқы кезде ұстазына деген шәкірт ырзалығына жорып аса мән берген жоқ. Алайда қанша қадалғанымен тіктеп келгенде жалт етіп жасырына қалатын қос жанар өзінің айтары тереңінде екенін бәрібір ұқтырып еді, бұл ұғынған болатын. Содан соң мұның да көкірегіне келіп бір сезім ұя салған. Бірақ ол не бойын дендеп дертке айналмай, не тастап кетпей жай ғана жылы күйінде, жүрегін жылытқан күйінде тұрған сняқты. Сондықтан да екі ойлы. Махаббат па, жоқ құмарлық па? Ол жағының анық-қанығын айта алмайды.

Ержан қашанғы әдетімен тағы да сезімін санасына жеңдіріп, терең күрсініп алды да келесі дәптерге қолын созды. Бірақ ендігі қалғанын оқи алмады. Жай ғана көз жүгіртіп шықты. «Мал дәрігері болсам деймін», «Қыздар институтына емтихан тапсырамын», «Теміржолшы болуды армандаймын», «Ауыл шаруашылығы институтына түсемін», «Қыздар институтына емтихан тапсырамын». Осылай кете береді. Айнақұлдан басқа тағы бір-екі бітіруші ғана ауылда еңбек етеміз депті. Жоқ, тағы бір бала бар еді.

Ол өзі ең соңына сақтап қойған бір дәптерді қолына алды. Алтынбектің үлкен ұлы Тұңғышбектің шығармасы болатын. Мінез-құлқынан ересектік ерте білінген бұл шәкірті сабақты да жақсы оқиды. Әттең, перзенттерін кеш көрген қарт әкесі өмірден қайтқан соң семья ауыртпалығын сезініп жүр.

«Алдында толған мақсат, толған таңдау» деп айдар қойыпты шығармасына. Облыстық газет мектеп бітіру-
шілерге арнап бетіне осындай айдар тағатын.


«Міне он жыл бойы бізге бойындағы ең киелі қасиет-
терін еккен (әдебиет пәнінің мұғалімі киелі деген сөздің
астын қызыл сиямен сызып қойыпты) аяулы ұстаздары-
мызбен, пәк балалық шағымызды қалдырып бара жат-
қан сүйікті мектебімізбен қоштасар сағат та жақындап
келеді. Біз енді үлкен өмірдің босағасынан аттаймыз.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»деп ұлы Абай айтқандай өмірден өз орнымызды тауып, өз
соқпағымызды салуымыз керек. Сондықтан да бұл
тұста қай-қайсымыз болсақ та терең тебіреніс үстінде-
міз. Мен де өзімнің болашағым туралы көп толғанамын.
Менің өмірімде таңдаған мақсатым біреу, ол ақын
болу. Дүниенің басты байлығы-адам. Ал ақын мұра-
ты-адам жанын байыту. Дүниені қозғаушы күштердің
(мұғалім қозғаушы күштердің» деген сөздің де астын
сызыпты) ең құдіреттілерінің бірі — поэзия. Сондықтан
да бойымдағы қабілетім жетсе, поэзияға қызмет етемін, ал поэзия халқыма қызмет етеді.


Мен өз мақсатыма жету үшін жолымда көп қиындық-
тар тұрғанын білемін. Шіркін, мектеп бітірісімен университетке түсіп ғұлама ұстаздардан дәріс тыңдағанға, әдебиет атты түпсіз мұхиттан
мейіріңді қандыра еркін сусындағанға не жетсін? Бірақ оған жағдайым көтермейді.
Алдымен ағалық борышымды өтеп, артымдағы алты
іні-қарындасыма қарайласуым керек. Ол үшін мектеп
бітірісімен қой бағуға шығамын. Неге қой бағуға? Оның
да сырын айтайын. Шопандық біздің Өңірдегі ең көп та-
раған, әрі құрметті мамандық, табысы да мол. Содан
кейін... білмеймін, әйтеуір, белгісіз бір сезім мені құм
мен қырға тартады да тұрады. Іргесінде туып өссем де,мал баққан қазақты бауырында әлдилеген бұйрат-жал дардың тереңіммен түсініи болмаған қасиеті көп сияқты Әйтеуір оның тау мен теңіз поэзиясынан кем түспейті өзіндік бір сырлы сазы бар екенін сезінемін. Бірақ соның пернесін әлі де баса алмай жүрген сияқтымын. Мен соны іздеймін... Ал оқуды сырттай оқимын. Одан әрі іні карындастарым да жетіліп қалады ғой...»


Он тоғыз бала, он тоғыз арман. Жаңа басталған он тоғыз соқпақ. Көңілдері қандай ашық, болашаққа қалай сенімді еді, он тоғыз өрім жас. Жетсе екен бәрі тілегіне, орындалса екен армандары, ұстаздары мен ортасы ұялатқан мөлдір сезімдері сейілмесе екен еш уақытта. Он жеті — он сегізге жаңа толған жастардың осы бір кіршіксіз тазалығы мен жел тимеген тұнығын сапырмаса екен көк дауыл, шайқаса да жақсылыққа, бұлқынса да игі сезімнен бүлк етіп, бұркылдай жөнелсе екен сол тұнық, сол тұма. .

Әй, бірақ өмір өз дегенін істемей тұра ма? Табиғаті та, өмір де экспонат емес қой, әйнекпен қоршап, ар жағынан қарап тұратын. Шөлін қандыртар, жемісін мәулетер жеріне жеткенше олардың алдында әлі де мың сансын тұр-ау? Бірақ, бірегей туманың қасиеті қайнарының қуаттылығында ғой. Әрдайым әлсірей бастағанда, әрда- йым алдынан тосқауыл қойылып, мойнына бұғалық түскенде ешқандай күш тоқтата алмастай, жер ананың өзінен қайта куат алып, бұрқырап шыға келмей ме?

Мына бастауын жаңа алған он тоғыз тарау, он тоғыз бұлақтың жетер көкжиегі, көгертер жер көлемі, мәулетер жемісі қаншалықты болды екен? Жоқ әлде, кейбіреуі көшкін құмға ұшырап көміліп қалар ма? Немесе жағалауын балдыр басып, былғанып бітер ме?

Қимайды, ешқайсысын қимайды оған, осы отырысында. Сол он тоғыз шәкіртінің бәрінің де бойынан әрқалай мөлшерде болса да талантты мүсіншінің қолына түссе, сыланып шыға келетін сұлулық көреді. Сырт сұлулығы емес, әрине, азаматтық сұлулық көреді.

Жас ұстаз қаракөлеңке тартқан кабинетте ойға беріліп ұзақ отырды...

* *

Мектеп бітірушілер кешінің басталғанына да біраз уақыт еткен. Оны Байсал ашып, содан соң совхоз парторгі Қуанов, оқуды бұдан екі жыл бұрын бітірген жүгері звеносының жетекшісі Рысай, орденді шопан Бекен бар, бірсыпыра адам сөйлеп тастады.

Аса бір тұңғиық ойға кеткен Ержан олардың сөзін анда-санда бір шалып қалғанымен өзімен-өзі отыр. Сырт қалпы өзгермесе де, тап қазір үлкен бір толғаныс үстінде. Бүгін ауылда өткізген үш жылдық ұстаздық еңбегінің есебін беріп отырғандай сезінген өзін. Міне, қазір үш жыл жетекшілік еткен шәкірттеріне шәкірт ретінде соңғы рет сөйлемек. Не айтқан ләзім? Соны жұптауда.

Ержан мінбеге көтерілгенде зал тына қалды. Шәкірттері үлкендерден оқшаулау отырған. Ол соларға бұрылыңқырап тұрды. Сол кезде ол өзіне үлкен үмітпен, сеніммен, бар пейілімен кұлай қараған отыз сегіз жанарды көрді. Булыққан көңілін басып бір сәт кідіріп қалды да, толқып, толғана бастады сөзін. Екі рет көмекейіне келген кедергіні кетіру үшін тамағын қырнап алды. Бірте-бірте дауысы ашылып, айтылар сөз аржағынан ағытыла берді.

«Балалар! Сендер бүгін екі жар көңілде, екі ұдай сезімде отырсыңдар. Бірақ ол сезімдер бір-біріне кереғар емес. Қайта бірінен-бірі туындап, қабысып тұрған бір арман, бір тілек. Сендер осы отырыстарыңда мынау он жыл әлдилеген мектепті қимайсыңдар. Күн сайын, жоқ әрбір сағат сайын сендер үшін тың сөз, тың ұғым, білім мен ғылымның тың әрпін, тәрбиенің тың нұсқасың үйретіп отырған ұстаздарыңды қимайсыңдар. Бұл сендердің ең бір шырайлы шақтарың еді. Соны, сайып келгенде балалық, балғындық дәуренді қимайсыңдар. Сол кезеңмен қоштасар күн де келіп жетті. Олай дейтінім, енді сендерге ешкім бала деп қарамайды, ержеткен, жігіт, бойжеткен қыз деп қарайды. Әрбір айтар сөздерің мен атқарар істеріңе сол тұрғыдан баға береді.

Балалық шақтың қызығы қанша қиыспастай болса да, сендер болашаққа асығасыңдар. Өйткені ол өмірдің заңы. Ал өмір деген осалдарды сүймейді. Оған даярлығы мол саналы ер-азамат, әйел-ана керек. Соған мына ұстаздарың сендерді қаншалықты даярлай алды, оның нәтижесін келешектеріңнен күтеміз».

Ержан аз-кем үзіліс жасап, кең залды шолып өтті. Жаңағы өзіне үмітпен қараған жанарлардың үстінде ұшқын ойнап жүр екен. Көпшілік пен ұстаздар да, аса ықыласпен тыңдап қалыпты. Кайта сөйлеп кетті.

«Ұядан ұшыра отырып, біз сендерді үлкен бір ауырсынға салмақпыз. Өздерің де бір тілектен көрініп, тас түйін боп соған дайын отырсыңдар. Ертең сендер шопан боласыңдар, бұл өз ұйғаруларың. Бірақ, өмір ешуақытта бір орнында тұрмақ емес, сондықтан көбіңнің де өмір бойы қой бағып қалуларың мүмкін емес».

Дәл сол кезде совхоз парторгі Байсалға қарап күбір етті, директор бірер жөткірініп, қозғалақтап қойды.! Бірақ мол шабытпен асыға, ашыла сөйлеп тұрған Ержан мұның бірін де байқаған жоқ.

«Өйткені сендердің арман-мақсаттарың біздерге, ұстаздарға жақсы мәлім. Оқу жылының басында жазған, шығармаларыңда ол туралы ашық айтқансыңдар. Бірақ өмір сендерден басқаны талап етті. Ол талапты жақсы түсініп, жанмен түсініп қабыл алдыңдар. Мен бұрын сендерге еңбектенсеңдер, ізденсеңдер қайсыңның болса да жоғары білім алып шығуларың, тіпті ғалым болуларың мүмкін дейтінмін. Бірақ бәріңнің бірдей ғалым болуың шарт емес, ол мүмкін де емес. Ең бастысы өзіңді қажетпін деген істің басынан табыл, ойлаған армапыңның жолында күресе біл, тоқырау, тоқмейілсу болмасын. Өйткені, өмір деген күрестің майданы. Ол майданда өзгемен ғана емес, өзіңмен өзіңнің күресуіңе тура келеді. Ең алдымен өз бойыңдағы жат күшті жеңгенде барып, өзгеге алдырмайсың. Өмір сүрудің серті де сол. Балалықтың балының тәтті екені рас, бірақ өмір күресінде татар дәм-тұзыңның ащы-кермегі аралас келсе де, рухани рақаты мол болады. Күрескенде адалдықпен, арыңың өмірімен күрес. Сол күресте сиынарың- өмір бұлағыңның бастауы - мектепте алған тәлім-тәрбиең, қашан да парасаттылықтың серігі, балалық бал дәуреніңнің сарқыты- тазалық, мөлдірлік болсын. Үлкен жолға бет алған шәкірттеріне айтар ұстаз тілегі осы болса керек».

Ержан орнына отырысымен шәкірттерінің жүзін тағы да шолып өтті. Манағы ұшқын енді от болып лаулап барады екен. Жанарлары жалт-жұлт етіп, ілгері ентелей түскендей, сонымен өздерінің алға, болашаққа деген асығыстығын, аса ынтықтығын керсеткендей көрінді оған.

Жоқ, бәрі бірдей олай емес екен. Сәрсенбай мүлде салғырт. Бойын күте бастаған бала жігіт бұл жерде де өзін кербез ұстап, керіле түсіп отыр. Көкшілдеу томпақша көздерінде, ұшқын да, ой да жоқ. Бір түрлі салқындық, осы отырыстан зерігу бар сияқты...

«Әй, Сәрсенбай-ай, сен пәтшағар 17 мен 25-тің арасы жас адамның қызық қуар ғана кезі емес, болашағына негіз қалау үшін енімді еңбек етер шағы екенін ұға алдың ба? Біз саған соны ұқтыра алмадық-ау».

Апыр-ау, Маржанға не болған? Ол неге басын тұқыртып алған? Иықтары дірілдей ме қалай? Күліп отыр ма? Жоқ, ол жылап отыр ғой...

Ең артқы партада отырған Маржан мен оның құрбысы Назымды ол енді байқады. Назым Маржанды құшақтап, бетін оның иығына қойып, әлденелерді айтады Шамасы, жұбатып жатыр-ау. Көкшіл көзі күлімдей, қабағын бір қағып қойып, бұларға қарап, аузы жыбыр ете қалған Сәрсенбайды Назым оқты көзімен атып жіберді...

Ержанның көңілі бір түрлі мұздап сала берді. Неге жылады екен? Кім екен қыз көңіліне қаяу түсірген? Әлде әлде өзім бе? Шамасы солай болды-ау, өзім болдым ғой. Кешір мені, бейкүнә балапан, кешір... Сені ренжітейін деген жоқ едім...

* *

Баянымен «Дунай толқынын» мамырлатқан Мараттың өзі де тербеліп отыр. Бүкіл зал да тербеліп тұр, Көпшілік бағана ресми жиналыстан кейін-ақ кетіп қалған. Ендігі қалғаны он тоғыз шәкірт, олардың класс жетекшісі Ержан мен бірлі-жарым сол қатарлы жай мұғалімдер. Ақ бантик таққан қыздар мен ақ жейде киген ұлдар бейне бір сол көгілдір Дунайдың сабырлы ағысының жұмсақ толқынымен тербеле қалқыған шоқ гүлдерге ұқсайды. Бір сәт сол гүлдер мол етекті өзен иіріміне ұшырағандай үйіріле жөнеледі. Мұндайда Марат кекілін бір сілкіп тастап, ән қайырмасын қайта-қайта құйқылжытады. Тұңғышбек пен Назым бастап дауыс қосады. Енді бүкіл зал әуенге бөленеді. Бәрінің жүзінде(шаттық, езулерінде күлкі, көздерінде лапылдаған жалын, кеуделерінде кернеген қуаныш, көмекейлері күм- бірлеген ән, ойпырмай қандай бақытты толқын еді.

Есік жақта отырған Ержан оларға қызыға, қуана, тіпті кейде қызғана қарайды. Қанша қараса да құмары тарқамайды.

Билейік, ағай.

Маржан екен. Ол орнынан көтерілді. «Өзім-ақ шақыруым керек еді». Кенет балалардың біреуі айқайлап жібереді.

Мәссаған, таң бозарып келеді.

Таң, таңды қарсы аламыз.

Алтын күннің нұрына шомыламыз.

Бүкіл зал дүр етіп есікке беттеді. Ержан да қыз білегінен қолын ажыратпастан көпшіліктің арасына қосылып кетті...

Дала бозғыл тартыпты. Шығыс жақтан бір әлсіз сәуле білінер-білінбес боп сарғаяды. Аспандағы жұлдыздардың арасы алшақтай бастаған. Ыстық залдан бусанып шыққан топ тан салқынынан ә дегенде тітіркеніп қалды. Осыны сылтау еткендей үшеуден-төртеуден құшақтасып алған. Маржан бұған иығын тақай түсетін сияқты. Өз денесі ме, әйтеуір Маржанның иығы тиген жері күйдіріп барады.

Бұлар шығысқа, Шапақ құмға қарай жүрді. Лезде аралары алшақтап кетті. Кұм ішіне кірісімен байқады, қыз денесі дір-дір етеді.

Екеуі де үнсіз. Сөйтсе де Маржан бір нәрсеге сенеді, құдайдай сенеді, құлай сенеді.

Ал Ержан ше? Сене ме? Аз күндік қана әуестік болмаса, нағыз махаббатты сезінді ме? Сезінбеген сияқты. Неге?

Кенет жігіт қапелімде келіп қадалған суық ойдан шошып кетті. Сөйтті де оның бар болмысы жанұшырып сол бір сұмдыққа қарсы көтеріліске шықты. Ұшқыр ойы жан дүниесінің қалтарыс-қыртысын қоймай жүріп, санасына серік боларлық сезім іздеді. Акыры ол іздегенін тапты. Сол бір бүкіл болмысын баурап, жанын жылытатын, мынау өзін қоршаған дүниенің бәрін айрықша бір әдемі түрге енгізіп, нұр себелеп тұратын бір құпия күшті іштей өмір бойы күткенін мойындады. Сол күш Маржан болғай еді. Айтпақшы, бағана ол неге жылады екен? Кім екен көңіліне қаяу түсірген?

Бұл сұраққа қыз қызарып кетті. Күреңіткен бидай
өңін төмен салып жымия береді.


Есті кыз ұялшақ болмаса керек.

Ержан қызды қайрай түсу үшін осылай деген. Мар-
жан одан арман қызарды.


Бақытыма жыладым ба, әлде бақытсыздығыма ма, білмеймін?—деді баяу ғана. Әйтеуір,сіздің жиналыста айтқан сөздеріңіз қатты әсер етті.

Сөйтті де қыз басыл жоғары көтеріп, мөлдір қаракөздерімен Ержанның жүзіне батыл қарады. Ерніндегі
жаңағы жымиыстың да ізі жоқ. Жанарында жігіт бұ-
рын байқамаған өткірлік тұр.


Сол бір қара көздердің кұдіреті жігіттің де жан дүниесін бұрқан-талқан етті. Дауыл күтіп жатқан қызыл
кұмның қозы бұйра толқындары тулай жөнелді. Таңғы
салқынды серпіп тастаған жаз күнінің қызуы да күшті еді...



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет