Әмір темір басқыншылық жорықтары. Ноғай ордасы. Солтүстік қазақстан және батыс сібір. ӘБілқайыр хандығЫ


НОҒАЙ ОРДАСЫ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БАТЫС СІБІР



бет5/14
Дата08.02.2022
өлшемі24,04 Kb.
#123995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ, Сабақ 3в, 5 занятие, Реология срс, «Smart healthcare»
НОҒАЙ ОРДАСЫ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БАТЫС СІБІР.
Ноғай Ордасының құрылуы, жер аумағы.
-Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.
-Сарайшық қаласы. Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған. Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. Қаланың гүлденген дәуірі ХІІІ-ХІV ғасырлар аралығы. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Қалада мешіттер, шығыс моншалары, базарлар т. б. қоғамдық ғимараттар салынған. Қалаға 5-6 шақырым жердегі су қоймасынан су құбырлары тартылған. Ол қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған.
-Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған. Қала керуен жолы бойындағы маңызды діни саяси-экономикалық орталыққа айналған. Кейін Алтын Орда күйреп, қала әлсірегенмен Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болды.
-Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Осы Ноғайға (1260-1306) қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен. Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан «маңғыт елі» деп те аталған. Ал Орданың іргесін қалаған - Ноғайдан кейін Едіге. Орда Едігенің кезінде Алтын Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің баласы Нұрад-диннің кезінде (1426-1440 жылдары) өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет