Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет7/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ
дм сро 2, сро дм1, срс 5, Байтемір Амбулорная Хирургия, Presentation2, primary handbook rus
Шіркін, ол өсітіп көз айырмай өмір бойы қарап тұрсашы (С.Мұрат.).
Осы баяндауыштар қатысқан сөйлемдер кейде бұрын, өткен кезеңде болған немесе болмаған іс-әрекеттің қарсы реакциясы (өкініш) ретінде туған армандауды білдіретіні бар: алмадым – алсамшы, келмедің – келсеңші, алдым – алмасамшы, келдің – келмесеңші. «Шартты рай етістік – шы (-ші)» формалы баяндауыштарды осы ситуативтік байланысын пайдаланып сөйлеушілер оны болмаған іс-әрекеті экспрессивті түрде білдіру үшін жұмсайды.
Келін-ай, шөп те сондай ауыр болады екен, әлгі құрығырды машинадан сырып түсіре алсамшы (Б.М.).
Осы сөйлемде түсіре алсамшы деген баяндауыш реакция тудыратын іс-әрекетті (түсіре алмадым) атап, білдіріп тұр.
14. Болымсыз мағыналы баяндауыштар қатарында экспрессивті сыңар ретінде «-ған, -ген (-қан, -кен) – емес» болып құралатын форма жұмсалады: келген емес, көрген емес.
Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес (І.Е.).
Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бұл бірігуі ерекше синтаксистік форма тудыру мақсатында пайда болған. Есімшенің болымсыз формасы морфология аясында –ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: алмаған,көрмегені; ғана-емес экспрессивті форма ретінде экспрессивтігі жоқ болымсыз мағыналы өткен шақтық баяндауыштардың бәріне вариант болып жұмсалады: келмеді, келген жоқ – келген емес.
15. Экспрессивтігі жоқ болымсыз мағыналы баяндауышқа стильдік вариант ретінде «шартты рай етістіктің болымды түрі – ба (бе) болып» құралған баяндауыш жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын).
«Осының жұмысын саған реттетсем бе!» дегендей боп Күлтай ашулы түрде қарады (Б.М.).
«Шартты рай етістік – ба, (бе)» болып құралған баяндауыш, сөз жоқ, мағынасы жағынан боымсыз мағыналы баяндауышқа түгелдей тепе-тең келе қоймайды. Оның өз ерекшелігі бар. Ол баяндауыш аталған іс-әрекетке субъектінің теріс қарайтынын, ықылассыздығын эмоциялы түрде білдіреді. Бұл баяндауыштық форма да ілгеріде аталған алмасам ба тәрізді құрмалас сөйлем компонентінің даралануы негізінде қалыптасқан болуға тиіс.
16. Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталақтатып құралған алмақ түгіл аламын тәрізді баяндауыштар жұмсалады. Бұл баяндауыштың жасалу жолы былай. Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөз келеді де, қайталанатын сөз –мақ, -мек, (-пақ, -пек) т.б.формасында келеді. Екі компонент түгіл демеулігі арқылы қарсылықты қатынасқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогтың жауап репликасында ұшырасады. Өйткені ол сөйлеушінің алдыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды, полемикалы жауап білдіргенде экспрессивтігі жоқ келер шақ, осы шақ, өткен шақ істі білдіретін баяндауыштарға стильдік сыңар болып келеді: алады – алмақ түгіл алады, жазып жатыр – жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді – көрмек түгіл көрді.
- Түсіндіресің!
-Түсіндірмек түгіл түсіндіремін! (Б.М.).
17. Кезінде істелген істі өкінішпен білдіру үшін көсемшенің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жұмсалады: алмай, көрмей. Бұл формадағы етістіктің жеке жұмсалатын сөйлем құрауы – ерекше жай, жалпы тілдік заңдылықтан оқшау болып көрінеді. Өйткені тіл ғылымы талдауға қатыстырып жүрген мысалдарда көсемше етістік бағыныңқы позицияда ғана ұшырайтын (бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы немесе пысықтауыш мүше ретінде) форма болып көрінеді. Көсемше формалы баяндауыштың дербес сөйлем құрауы ауызекі сөйлеу тіліне тән. Бұл жай ауызекі сөйлеу тілінің эллипсисте (сөйлемді қысқартып айтуға) бейімділігіне байланысты болуға тиіс.
Мені есіркегенше арбаға өзің отырмай! – деп Бибі де кейіп тұр (С.Мұрат.).
18. көсемшенің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш (алмай) кезінде істелмеген істі өкінішпен атау үшін қызмет етсе, -ып, -іп формалы көсемше сөз істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді: Әр нәрсеге ренжіп!
19. Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы сыңар форма ретінде мына ретпен құрылған баяндауыш жұмсалады: уға (-ғанға) формалы етістік – дейін – барды. Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін барды.
20. Ашық рай болымсыз баяндауышқа эмоциялы сыңар ретінде жұмсалатын зат есім – құрлы – көрмейді, субстантивтенген есімше – құрлы – көрмейді, зат есім құрлы – болмайды, есімше – құрлы – болмадым. (Күрке құрлы болмады, алған құрлы болмады) болып құралған баяндауыштар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет