Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет8/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ
дм сро 2, сро дм1, срс 5, Байтемір Амбулорная Хирургия, Presentation2, primary handbook rus
Күміс самаурынның шойын құманым құрлы болмады (Ғ.М.).
Аталған баяндауыштың эмоциялы болуы құрамына ішкен құрлы, көлеңке құрлы тәрізді құрылған синтаксистік формалардың кіруіне байланысты.
Эмоциялы баяндауыш тек болымсыз формада жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге эмоциялық түр беретін баяндауыштық формадан бөлек амалдар бар. Олардың бірі – одағай сөздері сөйлемге енгізу. Бұл баяндауыштың актуалдық сапасына байланысты болуға тиіс. Ей, шеттерінен күйіп пісті-ау (С.Мұрат.).
Баяндауыштар қайталанып айтылып та эмоциялық білдіріледі. Мұндайда алдыңғысына демеулік қосылады. Күлімсіреген сәті Халимадан еш аумайды-ау,аумайды (С. Мұрат).
Экспрессивтілікті, эмоционалдылықты білдірудің тәсілдері әр түрлі болады, олардың бастылары мыналар:


1. Сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына енгізуге болады, мысалы: «Абай жолы» роман-эпопеясында кітапханаға кірген Абайды түйеге теңеп бір чиновниктің мысқылдап күлгенін естіп Абай:
Чиновник мырза, түйе ірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой! – дейді.
Бұл сөйлемдегі есек те отырыпты ғой! Сздерін күмілжіп ақырын айтсақ, Абай мысқылының мәні онша айқын болмай шығар еді, ал сол сөздерді сөйлемдегі басқа сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыспен айтсақ, онда сөйлемнің экспрессивті-эмоционалды мағынасы тайға таңба басқандай болады.
Сол сияқты , Білмеймін дейсің бе, әй! Көріңде өкіргір! Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс сөйлемдерін өршелене көтеріңкі, мәнерлі дауыспен айтса, олардың экспрессивті бояуы айқын сөйлемдер болып ұғынылады.

2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосуға болады. Мысалға мына сөйлемдерді салыстырып көрейік:


Мен шындықты айтамын – Мен шындықты айтпай тұра алмаймын.
Мен осы кітапты оқып бітіремін – Мен осы кітапты бітірмей қоймаймын.


3. Баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Ондай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мысалы:

Алдыңа келіп тұрмын деп,


Ар-намысымды қашырман!
Бұлтқа жетпей шарт сынбан,
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман! (Махамбет).

Өлеңім – оқ, ол алдымда


Мен де жаудан шегінбен! (Жамбыл).


Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан! (Ғ.Мұстафин).

4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Мысалы:


Мен бармаймын – Мен бармасам болмайды. Мен мұныңа көнбеймін – Мен мұныңа көне алмаймын. Техниканың тетігін білген жақсы – Техниканың тетігін білгенге не жетсін!
Мұндай экспрессивті мәні бар сөйлемдерге әдебиеттен мысалдар келтірейік:
Жақып сөйлей жөнелді ( Ғ. Мұстафин). Мұны Жақып сөйледі дегенмен салыстырайық, онда ешқандай экспрессивті реңк жоқ. Сондай-ақ мына сөйлемдерге назар аударайық:
Жарқыраған май күні тамылжып тұр (М. Әуезов). – Жарқыраған май күні ыстық.
Жақсылық күлімдей түсті (Ғ. Сланов). – Жақсылық күлді.
Күн көптен бері жылынбай қойды (М. Әуезов). – Күн көптен бері жылынбады.

5. Сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивтікті білдірудің синтаксистік амалы болады. Мысалы:


Жапан далада жан-жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді ( Ғ. Мұстафин). Зытып елем, зытып келем (Ғ.Мүсірепов). Кейінгі кезде сирек, жоғалып бара жатқан қазақ қолөнерінің ең жақсы үлгілері осы үйде қалыпты. Қай заманда жасалды кен? Сонау адалбақанның төрдегі кебеже, жүкаяқтың беттеріне ойып салған өрнекте, қондырған сүйектер сонша нәзік, сонша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын ( Ғ. Мұстафин).
Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау! (С. Мұқанов).
Жоғарыда айтылғандардан, келтірілген мысалдардан экспрессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері қалай болатынын байқауға болады.
Мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар: лепті, жақсыз, атаулы, номинативті, қыстырма сөйлемдерді.


Атаулы сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметі.


Атаулы сөйлемдер арнаулы коммуникативтік мақсаттың қажетімен қалыптасқан. Бұл сөйлемдер төңіректі, жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы ретінде жұмсалады.
Негізгі мүшесі атау тұлғалы атаулы сөйлемдер құбылысты, затты эмоциялы атау үшін жұмасалады. Мысалы:
Шіркіннің күлкісі-ай! (Б.М.). Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С.Мұрат).
Негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын, сапаны эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Мысалы:
Түннің қараңғысы-ай! Ту, қараңғысы-ай даланың! – деді Әдиев (С. Мұрат). Тіліңмен орақ орғышың-ай сенің! (Ж. Е.).
Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл – оның субъектілік мағыналы сөзбен байланысуы үшін туған жағдай: Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің- ай!
Негізгі мүшесі –ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін тұлғалы есімшеден болған таулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Мысалы:
Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені жазып отырады (Б. Т).
Сенің-ақ сағына беретінің-ай! (Б. М.). Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай! (Б. М.).
Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлемдер іс-қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.
Тіпа, мынаның шешенсіп сөйлесуі-ай! (Б. М.).
Негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат есім, сын есім, есімше) болған атаулы сөйлемдер де пікірді эмоциямен білдіреді.
Мына жердің тауын-ай! Жүктің ауырын! Мүләуімсуін! Балаларға қорған болған кісімсіп тұрғанын (М. Ә). [9,92-94].


Қаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметі.
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлемде, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің ішкі сезімін аңғарту үшін жұмасалады.
Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал – деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден аңғарылады, оның орнына Сен, оңбаған, ағаңның тілін ал! – десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнің айтылу әуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты [13,159].
Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет