Емтихан билеті №1 Фармацевтикалық талдаудың жалпы принциптерін сипаттаңыз


Медициналық эфир және анестезияға арналған эфирдің салыстырмалы сипаттамасын беріңіз



бет9/40
Дата23.09.2022
өлшемі1,47 Mb.
#150518
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Хидирбаева Ж
Атом құрылысы Атомдық құбылыстар, 9 класс СОР №7, 9 г сынып 21-22, 9 кл бжб 4-тоқсан джт, Статья 4, бизнес
Медициналық эфир және анестезияға арналған эфирдің салыстырмалы сипаттамасын беріңіз.
Сезімтал нерв талшықтарына (афферентті) жанасқанда ондағы нерв импульсін тоқтататын дәрілерді жергілікті анестетик деп атайды. Олар кейде нерв сабақтарына, яки оны қоршаған тінге енгізілсе тағы бірде ерітінді, май күйінде кілегей қабыққа жағу арқылы әсер етеді.
Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын анестетиктер: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді. 1. Күрделі эфирлер, 2. Амидтер тобы.
Күрделі эфирлер тобы. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды.
Новокаин (пирокаин, аллокаин) күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз кристал. Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100') 30 минут қайнатып дайындауға болады. Новокаин сілтіде тез гидролизге ұшырайды. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Инфильтрацияға 0,25-0,5-1,0 процент ерітінділері, жақ пен тіске өткізгіш, инфильтрация анестезиясына 2% ерітінді қолданылады. Терминальды (беткей) анестезияға әсерінің аздығынан қолданылмайды. Құрғақ новокаиннің бірреттік жоғары мөлшері 1 грамм. Ересек адамға бір ретте 1% новокаиннен 75-100 мл, ал 2% ерітіндіден 50 мл артық енгізуге болмайды.
Дикаин (тетракаин) де күрделі эфирдің хлорсутекті тұзы, түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті анестетик, соған қарай оның улағыш әсері де соншама рет артық. Кілегей қабықтан оңай өтіп әсер етуі мүмкін, оның 1-3% ерітінділерін терминальды (беткей) анестетик ретінде пайдалануға болатындығының дәлелі. Жоғары улағыштығын ескеріп оны 10 жасқа толмаған балаларға қолдануға, инъекция жасауға болмайды. Бірреттік жоғары мөлшері ересек адамға 0,09 г құрғақ зат (немесе 3% ерітіндіден 3 мл).
Амидтер тобы.Бұлар күрделі эфир тобымен салыстырғанда ұзағырақ уақыт әсер етеін жаңа анестетиктер.
Лидокаин (ксилокаин, ксикаин, лигнокаин) – бұл да хлорсутекті тұз. Ақшыл-сары кристалды ұнтақ. Суда, спиртте ериді. Дым тартқыш. Жарықта ұзақ тұрса сарғаяды. Ерітіндісін суда (100') 30 минут қайнатып дайындайды. Новокаиннен 2,5 еседей күшті анестетик, әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Улағыштығы аз, 0,5% ерітіндінің улағыштығы новокаинмен тең түссе, 1-2% ерітінділері новокаиннен 40-50% - тей артық. Терминальды өткізгіш және инфильтрация анестезиясына ыңғайлы. Бір операцияға 0,25% ерітіндінің 1000 мл-ден, ал 0,5% 500 мл-ден аспауы керек. Стоматологияда қолданылатын 1-2% ерітіндінің бір рет пайдалануға 50-20 мл-дейі ғана жұмсалады.
Тримекаин (мезокаин) – химиялық құрамы лидокаинге ұқсас. Ақ, сарғыш, ащы ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Оның ерітіндісін хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісіне (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Апликация ретінде де әсері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет