Емтихан билеті №1



бет5/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
3.Таңба, оның түрлері. Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Осылай болғандықтан, философтар мен лингвистер бұл мәселеге ертеден бері –ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шықаннан бергі діуірде кең көлемде қарастырыла бастады. Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды.
Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда,бүтіндей тілдің және оның элементтерінің обьективті болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі.
Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерің айқындауға таңбаның қызметінің сипаты негізге айналды. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:
а) дифферренциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар –фонемалар.
ә) дифферренциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар грамматикалық морфемалар, тілдік единицалардың синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстарының модельдері.
б) Әрі дифферренциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. Бұлар-сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бірнәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретіндеәр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңбадеп аталады. Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілібір хабардың орнына, қолданылатын сезім мүшелерінің біріне заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы –таңбалаушы да, ол білдіріп тұрған «жүруге болмайды» деген мағына таңбаланушы. Сондай –ақ, шеберханалар мандайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерде жөнделді» деген мағына таңбаланушы т.б. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады. Ондай шартты белгілер- материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол-ғылым обьектісі болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттеитін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика –грек сөзі, мағынасы белгілі.
Семиотика – хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір –бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым –қатынасын зерттейді.
Семиотика -30-жылдарда ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген.Сондай-ақ атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшылдарының өздері де айтқан. Аристотель ауыз екі айтылған сөздер-ойдағы түсініктің символы, ал жазу-сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл –таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын ХІХ ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары- Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан. Дегенмен, бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтің тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген ғалым- Ф.де Соссюр. Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны зерттейтің жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты.
Таңбалардың түрлері. Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады. Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа көмекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы ұғынылады. Осы себептен дғалымдар тілдік таңбаны «барлығын да айтуға келетін» (А.Мартине) «барлық басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын» (Л.Ельмслев), «барлық типтегі таңбалардың оркестірі» (Т.Милевский)деп санайды. Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет