Емтихан билеті №1


Басқа таңбалық жүйелерден тілдің айырмашылығы мен ортақтықтары (форма, мазмұн, мазмұн мен форманың қатынасы тұрғысынан)



бет7/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Басқа таңбалық жүйелерден тілдің айырмашылығы мен ортақтықтары (форма, мазмұн, мазмұн мен форманың қатынасы тұрғысынан)
Қазіргі тілшілердің басым бөлігі табиғи тілді таңбалық жүйелердің ерекше түріне жатқызады. Әлі күнге дейін тілшілер арасында табиғи тілді табиғи жүйе деп тануға қарсылық білдірушілер бар. Бұл кездейсоқ емес. Семиотика тұрғысынан тілдік таңба таңбалардың жалпы теориясы тұрғысынан да ажыратылады. Бір түсінік аясында биологиялық таңба – жануарлар арасындағы сигналдар, конвенционалды (яғни, алдын ала келісілген, шартты) таңба түрлері және жеке тек тілге тән таңбалар – қаралуы қарсылық туғызады. Жалпы теория тұрғысынан алғанда таңба – қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы сигнал. Сигнал ретінде кез келген зат не құбылыс танылады. Таңба әруақытта өзінен ерекшеленетін, өзі таңбалайтын затты, әрекетті, қатынасты көрсетеді. Бұл зат (әрекет, қатынас) таңбаның бастапқы мағынасы ретінде ұғынылады. Қазіргі семиотикада таңба мен таңбалық жүйені зерттейтін төмендегідей бағыттар бар әрі олар адамзат қоғамында қолданылатын таңбалық жүйені зерттеп қоймайды, жануарлар әлеміндегі сигнализация жүйесін де зерттейді: биосемиотика, этносемиотика, өнер семиотикасы, лингвосемиотика, абстрактілі семиотика.
Таңбалық ұғым мазмұны ретінде таңбаның репрезентативті, гносологиялық, коммуникативтік, экспрессивті, прагматикалық қызметтері
Тілдік таңбалардың ерекшеліктері.
Қызметіндегі кейбір ұқсастыққа қарап тілдік элементтерде де таңбалық сипат бар делінгенімен, тілдік таңбалардың тілдік емес көмекші таңбалардан құрылымы жағынан да, қызметінің көлемі, мәні жағынан да, білдіретін хабары мен қарым-қатынасы жағынан да түбірлі өзгешеліктері бар.
Дыбыс тілі және оның таңбалары семиотикалық хабаршы таңбалардай тек бір нәрселерді мәлімдеп қоймайды, сонымен бірге ол — айналадағы өмірді танып-білудің, ойды қалыптастырып, дамытудың да құралы, басқаша айтқанда, адам баласының бүкіл өмірі мен дамуының құралы.
Тілдік таңбалардың қызметін белгілі біреулер я шағын бір қауым алдын ала жасаған келісім бойынша белгілеп бермейді. Олар осы тілде сөйлейтін бүкіл қауымның табысы, сондықтан ол тілдік қауым мүшелерінің барлығына да белгілі, жалпыхалықтық болады.
Қызметі жағынан алғанда тілдік емес таңбалар алдын ала белгілеп қойылған белгілі бір жайды ғана хабарлап білдіреді. Олардың коммуникативтік рөлі сандық жағынан да, сапалық жағынан да мейлінше шағын, бір нысанға ғана тәуелді. Тілдік таңба — қоғам өмірінің барлық саласында да, қоғам мүшелерінің барлығы үшін де бірдей дәрежеде, мейлінше кең көлемді қолданылатын универсалды таңба. Оның беретін хабары шексіз дерлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет