Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет9/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)
47 ОМ, Жанахметова Ж.Ж. жетістік, Сауалнама, УРОВЕНЬ В1
2. Биосфераның құрамы.
Биосфера үш геосферадан тұрады:
1. газ қабаттардан
2. сұйық қабаттардан
3. қатты қабаттардан
Вернадский бойынша, биосфера бірнеше маңызды компоненттерден тұрады:
1. Тірі ағзалар - өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар.
2. Биогендік зат – геологиялық тарихындағы тірі ағзалармен құралған
органикалық және органоминералдық өнімдер (тас көмір, мұнай, шымтезек,
жанғыш жіктастар ж/е т.б.)
33
3. сүйек заттар – тау жыныстар мен су.
4. Биосүйек заттар – тірі және тірі емес ағзалардың әрекеттесу
нәтижесінде пайда болған заттар (шөгінді жыныстар, топырақ, лай ж/е т.б.).
Биосфера биотикалық және абиотикалық бөліктерден тұрады.
Абиотикалық бөлігі топырақ, атмосфералық ауа мен сулы ортадан тұрады.
Биотикалық ағзалардың химиялық құрамы табиғаттың бірлігін дәлелдейді.
Олар тірі емес ағзалардың құрамына кіретін элементтерден тұрады: кальций, магний, йод, хлор, алюминий, сутек, оттек, көміртек ж/е т.б., бірақ олардың молекулалық құрылысы және сандық мөлшері өзгеше болады. Биотикалық заттардың жалпы құрамына кіретін ж/е метаболизм үрдістеріне қатысатын элементтерді келесі топтарға бөлуге болады:
1. Энергия алмасу үрдісіне қатысатын элементтер (көміртек, оттек, сутек,
азот);
2. Макроэлементтер (фосфор, кальций, калий, күкірт, магний, хлор,
натрий);
3. Микроэлементтер (темір, мыс, мырыш, бор, молибден, кремний).
Шашыранды элементтердің көбі, метаболизм үрдісіне қатысады, зиянды деп саналады. Мысалы, радиоактивтік заттар.

  1. Ноосфера ұғымын түсіндіріңіз.



Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет