Әож 37. 012(063) Ө71 Бас редактор



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі3,47 Mb.
#54022
түріСборник
1   2

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары, оқу құралы / М. М. Алиев. - Астана

2. Қазақстан кәсіпкері (Профессионал Казахстана), №1(112) 2014 ж.

3. Техникалық және кәсіптік білім, №1, 2013 ж.

4. Техникалық және кәсіптік білім, №2(21), 2015 ж.

5. Егемедік Қазақстан, 1 қыркүйек 2016 ж.



МЕКТЕП ӘНДЕРІН ДИРИЖЕРЛЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қасымхан Ажар Қайыржанқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық

нститутының «Музыкалық білім» бөлімінің 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі:. аға оқытушы Бегалова Мусілима Сейсенбаевна
Балаларды мектептегі ән сабағы негізінде әншілікке баулуға даярлайтын музыкалық педагогика, бұл - үрдістің әдістемелік аспектісіне аса маңызды назар аударылуда. Ең алдымен бала дауысының физиологиясын білу – маңызды фактор болып саналады. Мектептегі музыка сабағында балалардың дауысын сақтай отырып, денсаулығына нұқсан келтірмей ұжымдық әншілікке тәрбиелеу мұғалімнен ән салумен жұмыс жүргізудің спецификасын жақсы білуді талап етеді.

Вокалдық тәрбиенің теориясы мен жүйесін жасау әр түрлі ғылымдардың шығармашылық бірігінсіз мүмкін емес. Осы оймен көптеген зерттеушілер келісіп отыр. Бала дауысын дамытуды комплексті түрде зерттеу идеясын қолдаушылар да көбеюде. Балаларды вокалдық тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесінің сұрақтары тек аралас ғылымдардың бірігуінің арқасында сәтті шешілетіні белгілі болып отыр. Өйтпеген жағдайда, вокалдық тәрбие құр ғана жүйесіз сабақтарға айналып кетеді. Балалардың вокалдық тәрбиесі біздің елімізде қазіргі кезеңде негізінен музыка сабағында хормен әндету, хор үйірмелері, жеке әнге баулу үйірмесі, вокалдық ансамбль арқылы жүзеге асуда.

Өз кезегінде мектептегі хор үйірмесі оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, отансүйгіштікке, сұлулық пен әсемділікті сезінуге, талғампаздыққа, еңбекқорлыққа, ізденушілікке тәрбиелейді. Мектептегі балалар хорын ұйымдастырып, онымен жүргізілетін жұмысты бір жүйеге қойып, жұмысты нәтижелі де сапалы етуде хор жетекшісінің шығармашылық қызметінің ролі мол.

Ән айту идеялық – көркемдік тәрбие берудің әсерлі құралы ретінде, жас жеткіншектердің жеке тұлғасын қалыптастыруда үлкен мәнге ие болады. Музыка маманы балалармен жүргізілетін жұмысты құрғанда оны тек қана музыкалық – ағартушылық мақсатқа қызмет ететіндей қылып құрмай, сонымен қатар тәрбиелік мақсатты да көздеуі тиіс.

Жалпы мектепте сыныпта болсын, хор үйірмесінде болсын, ең бір негізгі ерекшелік - оның ұжымдылығы, балалар қосылып ән салудың ғажайып күшін, әсерлі сұлулығын сезіну арқылы ұжымдылыққа тәрбиеленеді. Репертуардағы шығармалардың терең мағынасынан сусындау арқылы балалар патриоттық, азаматтық, достық сезімге тәрбиеленеді. Ән салу балалардың эмоциялық және интеллектуальдық қалыптасуына әсер етіп, жан – жақты білімінің, танымының өсуіне ықпал жасайды, сондықтанда ол эстетикалық тәрбиенің бірден – бір қажетті де маңызды құралы болып табылады. Хор ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығы туралы Б.Соколов былай деген екен: «Балаларды тәрбиелеуде хор жетекшісінен басқа ешқандай мамандық осыншама сан алуан әдістемелік тәсілдерді қажет етпейді, сонымен қатар, басқа ешқандай педагогикалық мамандық тәрбиешінің қолынан Отанды, елді, жерді оның табиғаты мен халқын жырлайтындай осыншама қайырымды құралды бермейді» [1, 25-26 б.].

Жоғарыда аталған жұмыстарды мұғалімнің дирижерлеу қызметінсіз жүргізу мүмкін емес. Олай болса, дирижерлеудің әдістерін меңгеру үшін, алдымен оның ережелерін, талаптарын білген дұрыс.

Дирижерлық аппаратқа не жатады?

Дирижерлық аппарат қол, бас (бас пен көз) дене (кеуде мен иық), аяқ бөлімдерін құрайды. Қойылым – аппаратты оның табиғатына және белгілі бір эстетикалық талапқа сай сауатты түрде игере білуді қамтиды, бас, кеуде, аяқтың дұрыс қалыпта құрылуынан тұрады.

Хор жетекшісінің дұрыс тұру қалпы: тік түзу тұру, иық кең ашылған, кеуде көтеріңкі, денені қыспай бос еркін, бірақ жинақы ұстау керек. Иықты өте жоғары көтеруге болмайды, ол арқа еттерінің қатаюына және иықтың шығып кетуіне сонымен бірге, дене бітімінің еріксіз, ыңғайсыз қалыпқа келіп түсуіне әкеліп соғады.

Дирижер хорды басқарып тұрғанда денесі жан-жаққа шайқалып, бұлғаңдамауы керек. Бүкіл сыртқы болмысы эстетикалық жағынан көркем болуы тиіс.

Қол қойылымы: Қол дирижерлық аппараттың негізгі және өте маңызды бөлімі. Қол иық, білек және білезік буынынан құрылады. Дирижерлеу кезінде білезік буыны үлкен маңызды роль атқарады. Ол қолдың еріксіз үнемі қозғалыста болатын бөлімі. Ал, иық пен білек, білезік буынымен белгілі бір байланыста болып, білезік буынының қимылы қажет еткен жағдайда көмекші ретінде қозғалыста болады. Қолдың бұл бөлімдерінің қозғалысының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалықты, білезік буынының өте ұсақ қимылдарында (мысалы, жеңіл стаккато мен пианиссимо кезінде) иық пен білек буындарының қатысы өте қажет. Білезік буынының қойылымы – дирижерлеу кезіндегі алақанның төмен қараған қалпы болып есептеледі. Бұл жағдайда ол салбыраған, қатып қалған, не төмен немесе артық көтеріңкі деңгейде болмауы керек. Үнемі алға бағытталған қалыпта болуы тиіс.

Білезік буынының бос серпінді, еркін қозғалысы – оның нақтылығымен, жинақтылығымен, байланыса отырып, әртүрлі қимылдарды жылдам орындауға және дирижерлеу кезінде дыбыс жүргізудің ең нәзік көркемдеуші әдіс-тәсілдерін жан-жақты көрсете білу мүмкіндігіне жол ашады. Дирижерлеуге үйретудің алғашқы сатысында білезік буынының қойылымымен, буынды еркін созылмалы, серпінді қозғалыста жаттықтыру арқылы арнайы жұмыс атқару керек. Дыбысты сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ жүргізеді, қалған саусақтар бір-бірінен өзара қашықтықта жұмырлана орналасады. Қолдың қойылымын қатты заттың үстінде (үстелде) қоюдан бастаған жөн. Екі қол үстелге иықтың тұсында қатар қойылады. Шынтақ қолдың астына кетеді де, үстелде толық жатады, табиғи бүгісі сақталып, білек түзу, білезік буынынан бастап қолдың басы (саусақтар) жұмыр зат ұстап тұрғандай жинақы домалақ қалыпта болады. Бұл – иық, шынтақ, білек, білезік буындарының қойылымы, яғни дирижерлық аппараттың қойылымын, қол, мойын, бас буындарын босатудан бастаған жөн. Ол үшін түрлі қолды, иықты босату жаттығуларын қолдану керек.

Жаттығуларды екі түрге бөлеміз:

1. Серпінді – созылмалы гимнастикалық жаттығулар;

2. Метроритмикалық жаттығулар.

Серпінді-созылмалы гимнастикалық жаттығулар қол мен иық тұсындағы буындардың шамадан тыс қатаюын босатуға бағытталады [2].

Метроритмикалық жаттығулар, екі қолдың әртүрлі координациялық қимылдарымен метр мен ырғақтық сезімдерін жетілдіре отырып, дәл нақты жылдам қозғалыстарды игеруге бағытталады. Бұл жаттығуларды бастапқыда ұжыммен жүргізуге ұсынылады. Алғашқы кезде міндетті түрде оқытушының бақылауымен, үйде өз бетінше айна алдында немесе бас пен жауырынды қабырғаға сүйеп тұру арқылы орындау қажет. Жаттығуларды сол қолдан бастаған жөн, себебі оң қол сол қолға қарағанда жақсы жетілген. Олардың ұзақтығы 8-12 минуттан аспау керек. Жаттығу жасау кезінде көзбен қабылдағаннан гөрі, буындардың еркін қозғалысын іштей сезіну – өте маңызды және жұмыс қызу түрде сезіммен жүргізілуі тиіс. Қатты заттың үстінде түрлі қолды босату жаттығуларын жасап жаттыққан соң, қолды ауада қоюға болады. Ауада қолдың қойылымы кеуде тұсында, екі иық деңгейінде қойылады.

Қол қойылымының негізгі принциптері:

қозғалыстың еркіндігі;

қозғалыстың нақтылығы, дәлдігі;

жест қозғалысының үнемділігі.

Бастың қалпы:

Дирижер иекті сәл көтеріңкі деңгейде, көзбен хорға қарап, бәрін көре алатын ыңғайлы жағдайды таңдап, басты түзу, қыспай еркін бұра алатын қалыпта ұстауы керек. Хорды игеруде мимика үлкен образды жасауға көмектеседі. Сондықтан, дирижердың мимикалық бет-пішіні дамыған болуы тиіс.

Дирижерлық аппараттың дұрыс қойылуы және түрлі жаттығулар қолдың біртұтас серпінді, созылмалы қозғалысын, буындардың еркіндігін, бір-бірімен байланыстылығын жетілдіруді көздейді. Алғашқы сатыда бүкіл дирижерлық аппаратты дұрыс қою қажет, сосын дирижерлеу техникасын жетілдіруге көшуге болады.

Музыкалық білім беру жолында хормен орындаушылық өнері, мектеп оқушыларын музыкаға тәрбиелеуден бөлінбейтін бірден – бір саласы болып табылатындықтан, хор өнері біріккен ұжымдық жиынның қорытындысы іспетті адамдардың бір – бірімен ынтымақтастығы, бірлігі, ұжымдық қасиеттерін көрсететін және өсу жолын басқа топтармен салыстырып, бағалай алатын, лидерлік ықпалды, тағы басқадай қасиеттерді атқаруын қамтиды, сондықтан да мектептегі хор үйірмесі жеке тұлғаны жан – жақты қалыптастыра алатын орны бөлек қызмет екені сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Асембекова К. “Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері”.

2. Жылқайдарова А. “Хорды дирижерлеу пәнінің теориялық негіздері”. Музыка әлемінде жорналы. А., №4(16) 2006 ж.
Использование инновационных технологий при изучении дисциплины допалнительный музыкальный инструмент – фортепиано
Рябчинская Мария Александровна

Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы.Алтинсарина

студентка 2 курса «Музыкального образования»

руководитель: старшй преподаватель Шаяхметова Айгуль Асылхановна
В настоящее время система образования является важной сферой в деятельности человека, одним из тех социальных институтов, значимость которых постоянно растет по мере развития общества в сторону информационно-технологического и социально-экономического прогресса. Обновленному обществу необходимы компетентные специалисты, которые обладают творческим мышлением , новым взглядом на проблемы, способные самостоятельно преобразовывать полученные знания для освоения новых технологий. Возникает необохимость в комплексном решении проблемы качества подготовки будущих специалистов. Для решения обозначенной проблемы необходима разработка современной парадигмы образования, инновационных педагогических концепций, технологий, методов обучения и контроля. Инновационная деятельность в системе образования отражает процесс создания, распространения и использования новшеств от идеи до ее реализации, а также логику отношений между участниками данного процесса. Инновационный характер содержания образования обеспечивает внедрение новых технологий, методов обучения и оценки качества подготовки будущих кадров.

Педагогическая деятельность на занятиях по дополнительному музыкальному инструменту – фортепиано должна быть направлена не только на формирование музыканта, исполнителя, слушателя, но и личности.

Учебная деятельность включает в себя такие конкретные виды общечеловеческой деятельности, как преобразовательная, ценностно-ориентировочная, коммуникативная. Каждая из указанных деятельностей может протекать во внешнем плане в форме практических и наблюдаемых действий. Общность учения с формами человеческой деятельности означает, что, учась, обучающийся овладевает составляющими человеческой деятельности и теми качествами личности, развитие которых обеспечивается в этих видах деятельности.

Для дополнительного музыкального иснтурмента - фортепиано применительны следующие инновационные технологии:

Критическое мышление

Интерактивные технологии обучения

Мультмедийные презентации

Модульные технологии

Основными целями всех современных технологий обучения являются: предоставление возможности обучающимся получать, совершенствовать  знания в различных областях науки; приобретение качественного образования по различным направлениям образовательных программ различного уровня. Важно, чтобы обучающийся выступал в качестве субъекта учебной деятельности наряду с педагогом, а его личностное развитие выступает как одна из главных образовательных целей.

Тенденции в развитии содержания и организационных форм обучения отразили движение к информационному и открытому образованию. Одной из новых форм организации образования явилась открытое образование, максимальное использование новых технологий обучения [1, с.17].

Весь современный воспитательно-образовательный процесс направлен на установление гуманных взаимоотношений между его участниками, обеспечение адаптированности обучающихся к социально-экономическим сферам, самореализацию и раскрытие возможности личности. Это в свою очередь требует разработки инновационных образовательных технологий, предполагающих, широкое использование современных информационных и коммуникативных технологий для позитивного воздействия на развитие личности и ее профессиональное становление. Центром внимания всех субъектов воспитательно-образовательного процесса становится личность обучающегося, раскрытие ее творческих и интеллектуальных возможностей на всех ступенях образования.

Компьютерная поддержка в педагогическом процессе позволяет развивать доступность образования, его личностной ориентации.

Использование информационно-коммуникационных технологий дает возможность значительно ускорить процесс поиска и передачи информации, преобразовать характер умственной деятельности, автоматизировать человеческий труд. Доказано, что уровень развития и внедрения информационно-коммуникационных технологий в производственную деятельность определяет успех любой фирмы. Основой информационно-коммуникационных технологий являются информационно-телекоммуникационные системы, построенные на компьютерных средствах и представляющие собой информационные ресурсы и аппаратно-программные средства, обеспечивающие хранение, обработку и передачу информации на расстояние

Современная школа должна стать передовой площадкой в части информационных технологий, местом, где человек получает не только необходимые знания, но и проникается духом современного информационного общества. Без применения информационно-коммуникативных технологий (ИКТ) образовательное учреждение не может претендовать на инновационный статус в образовании. Ведь инновационным считается образовательное учреждение, широко внедряющее в образовательный процесс организационные, дидактические, технические и технологические инновации и на этой основе добивающееся реального увеличения темпов и объемов усвоения знаний и качества подготовки специалистов. Слово «инновация» (от латинского «иннове») появилось в середине 17 века и означает вхождение нового в некоторую сферу, вживление в нее и порождение целого ряда изменений в этой сфере. Инновация – это, с одной стороны, процесс обновления, реализации, внедрения, а с другой – это деятельность по выращиванию новаций в определенную социальную практику, а вовсе – не предмет

Представленные выше виды обучения свидетельствуют о постепенном смещении акцента с управления преподавателем волевыми действиями студентов в сторону повышения активности учебных действий самих студентов, развития их самоорганизации в обучении, что положительно влияет на результативность учебной и педагогической деятельности. В этих случаях преподаватель регулирует процессы миропонимания, способствует созданию условий, формирует и стимулирует мотивационную сферу образовательного процесса. Прогрессивные технологии обучения регулируют учебную деятельность, развивают активность и самостоятельность учебных действий студентов [2, с.85-87].

Таким образом, информационно-коммуникационные технологии и технология дистанционного обучения позволяют сделать обучение более доступным, наглядным, интересным и материальным, сближая его с практической деятельностью студентов, повышая их самостоятельность и позволяя полнее реализовать творческие способности

В условиях динамично развивающейся экономической и социальной среды актуализировалась потребность в профессионально-компетентных специальностях, обладающих комплексом практических умений и навыков. В основу дополнительного музыкального инструмента – фортепиано положена концепция развивающего обучения, направленная на повышение уровня самообразования и творческого освоения знаний. Освоив данный инструмент, применяя инновационные технологии обучения будущий учитель музыки овладеет конкретными навыками и умениями игры на инструменте, научиться творчески мыслить, что позволит ему стать конкурентноспособным на рынке труда.
Использованная литературы:

1. Янушкевич Ф. Технология обучения в системе высшего образования. М.,1986г., с.17

2. Николаев А.И., Лисин Б.К. Инновационная культура как культура перемен // Инновации, 2002 № 2 - 3 с. 85 - 87. 

Бәсекеге қабілетті маман дайындау
Дәуітбек Жансәуле Шәріпбекқызы.

Арқалық медицина колледжі»

«Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Алимгазина К.Ш.
Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай

Һам күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу

керек,күшті болуға бірлік керек.

А.Байтұрсынұлы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында еліміздің ТжКБ ұйымдарына нақты міндет қойылды-білім берудің заманауи деңгейін, жаңа заманауи ойлаумен талап еткен мамандарды қамтамасыз ету, әлемдік талаптар деңгейінде сапалық білім беру қызметтерін беру. Заманауи әлемде қоғамның әл-ауқатының факторы, оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі ретінде білім берудің құндылықтары өсіп келеді, ол барлық деңгейлердегі техникалық және қәсіптік білім берудің дамуына бағытталған парапар шаралар қабылдауды талап етеді-делінген.

Соңғы жылдардың тәжірибесі интеграция жағдайында білікті мамандарды даярлау сапасының талаптары жоғарлап келетіні анықталып отыр. Орта деңгейлі мамандарды даярлау мәселесіне таяу және алыс шетел елдерінде үлкен назар аударылды, бүгінгі күні бұл мәселе зерттелетін болып саналуда. Шетел елдердің тәжрибесін зерттеу еліміздің кәсіптік білім беру саласында пайдалану өте тиімді.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің даму қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы-өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте техналогияның үздіксіз өзгерістеріне тез биімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Әлем тәжрибесі көрсеткендей, кез келген мемлекеттің эканомикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Қазақстан Республикасының индустриялды-иновациялық бағдарламасын іске асыру барысында өндірістің барлық салалары бойынша орта буын мамандарын кең көлемде дайындауды қажет етеді.Олай болса экономиканы дамытудың кілті кәсіптік білімде жатыр. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,озық ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына аса қажетті орта кәсіптік білікті мамандарды даярлау еліміздің негізгі міндеті болып келеді.

Білім берудегі халықаралық тәжірибені оқып-үйрену және соның негізінде еңбек нарығына сай алдыңғы қатарлы технологияны енгізу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше мән беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасалуда-деп атап кеткен болатын. Қазақстандық қоғамның тұрақты әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі-мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру жолында кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Елбасының айтуынша, жобаға сәйкес, мемлекет әрбір адамға жеке мамандақ беруді қолға алатын болады. «Мектепті бітірген жас азамат бірінші мамандығын тегін алатын болады. Біз осыдан бастайтын боламы.Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыспен сұранысы бар өңірге батылдықпен барулары керек. Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер-мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарымыздың барлығы-жастар болашағы үшін»,-деді Н.Ә.Назарбаев. Елбасы баршаға қажетті мамандықтарды, оның ішінде техникалық мамандықтарды ерекше атады. Атап айтқанда, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кәсіптік кадрларды дайындау, жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен осындай өлшемдерді анықтау техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғыртудың негізі болып табылады. Мемлекет басшысы: «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясат-әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз-деп атап көрсетті. Осы игі мақсатты жүзеге асыруда, индустриялдық-экономикалық даму жолында жастарға кәсіби-техникалық білім беру, яғни заманауи кәсіби білімі бар, өз ісінің шеберлерін дайындау күн тәртібінде тұрған аса өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның қарқынды дамуы кәсіптік білім беру ісінің сапалық деңгейіне тәуелді екені ақиқат. Мамандарды сапалы дайындауда оқытуды өндіріспен ұштастыру мәселелері бірінші орынға қойылға. Ұжымда жұмыс істейтін кез келген қызметкерлер үшін ең үлкен марапат-өз еңбегінің жемісін көру болып табылады.

«Жұмысы жемістінің-өмірі келісті» дегендей, бүгінгі күні кәсіби мамандар даярлауда бір мүдделі, бір мақсатқа бағытталған біздің бөлімнің ерен еңбегі, үйлесімділігі мен үміті бір арнада тоғысқан. Мемлекетіміздің білім мен ғылым саласында жаңа жетістіктерге аяқ басуы-ерекше көз қуанарлық құбылыс. Халқымыздың «Ғасыр өмір сүрсең-ғасыр бойы оқы» деген қағидасы тегін айтылмаған. Қоғамдағы қазіргі кездегі экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар оның жедел ақпараттануы мен қарқында дамуы білім беруге талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты-білім алып, білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп талдау және ұғымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгертіп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагокикалық үдеріске жаңа талаптар жүктейді. Жақсы маман болудың өз шарттылықтары бар. Жақсы маман болу үшін біріншіден, кәсіпке деген бейімділік, екіншіден, кәсібіңді шынайы ұнату, үшіншіден, еңбекқорлық қасиет, төртіншіден, зор жауапкершілік керек. Күнделікті қоғамдық өмірде әрбір адамның өзінің икемділігіне, бейімділігіне сай белгілі кәсіппен шұғылданып, осынау ісін дамытып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылары анық. Олай болатыны, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов атап көрсеткендей, қай істің өнуіне үш түрлі шарт бар: ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, содан соң тәртіп керек. Осы айтылған үш бірліқ қайсыбір саланың қызметкерлері болмасын, барлығының бойынан табыла білсе, әрине, құба-құп болар еді. Бүл мәселеде әрбір істі жақсы істеу үшін оны бар ынтаңмен жақсы көруің шарт.

Адамның кәсіби «Өзіндік анықтау» бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

Мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

Бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы);

Қабілеттер, денсаулық(ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

Ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;

Ата-ананың, отбасының көзқарасы;

Құрбы-достарының көзқарасы;

Мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;

Жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.

Әрбір маманның, қай салада болғанына қарамастан,кәсіптік санасы қалыптасуына оның бойындағы жауапкершілік пен өз ісіне шексіз берілгендік әсер етеді.Бұл орайда еңбексүйгіштік қасиет ерекше рөл атқарады. Өзінің жаны сүйген мамандығы бойынша еңбек ету адам жанына рухани азық береді.Міне,еңбек рақатын сезіну дегеніміз-адам өміріндегі ең бір мәнді де мағыналы кезең. Сондықтан, қоғамымыздың әрбір мүшесі өзіне лайықты еңбек ете білсе,еліміздің өркениет көшінің алғы сапынан табылары айдан анық. «Өскенде кім болғың келеді?»-бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ.Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі.Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екндігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Неліктен мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек? Мамандақ таңдаудан қалай қателеспеуге болады?

Біріншіден, таңдаған мамандық адамға ұнауы қажет. Екіншіден, адам сол мамандыққа технологиялық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілетті болуы керек. Сонымен бірге таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие болу қажет міне осы жағдайларда ғана маман бәсекеге қабілетті толық қанды өз ісін меңгерген маман болмақ.

Психолог Е.Климов кәсіби ортаны 5 типке бөледі: Мамандық типтері: Адам-өнер. Адам-табиғат. Адам-адам. Адам-техника. Адам-белгі-жүйе.

«Елу жылда ел жаңа» дегендей осы уақыт аралығында білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерден қалмай, жаңылыққа қол жеткізіп, Елбасының «Білім беруді жаңартуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз» деп Жолдауында айтылғандай білікті мамандарды оқытуға, оларды даярлауға күш-жігерімізді аямаймыз. «Еңбек түбі-береке» демекші, қазіргі таңда мамандарды дайындауда ерен еңбек арқасында жемісі мен жеңісін алып келуде. Алдағы уақытта біз жастар екпінді еліміздің болашағы мен білімі білікті маман болып талай шыңдарды бағындырамыз деп сенеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Техникалық және кәсіптік білім». Б.Шеркешбаев. Л.Б.Наушабаева. 2015-2016ж

2. «Қазақстан кәсіпкерлері». Р.Х.Куатов. З.К.Аксеитова. 2016-2015ж

3. «Астана ұстазы». А.Усабаева. 2014ж

4. «Кәсіби білім беру». А.Ашимбаева. 2014ж

5. «Кәсіби білім беру». А.А.Ибраева. 2016 ж



Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығаршалық қабілеттерін дамыту
Ауезхан Ақбидай

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Издибаева Дарига Муратовна
Қазіргі Қазақстанда білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті жақсы маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығында ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Қазіргі кезде мұғалімдерге қойылатын талаптар өте жоғары. Атап айтсақ: бәсеге қабілетті болуы, білім сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік шеберлігі белсенділігі. Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз маманының үздігі болу бір күнде пайда болатын дүние емес, сондықтан өмір бойы ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерге ие болу арқылы толық нәтижеге жете аламыз деп ойлаймын. Мұғалімнің әрбір сөзі, іс - әрекеті, қимыл - қозғалысы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беру керек. Осындай жан - жақты тұлғаны қалыптастыру үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі педагогтар (Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А.Ұзақбаева, Б.А.Әлмұханбетова, А.Қомақов) зерделенген еңбектерінде балалардың көркем - мәдениеттілік және ұлттық тәрбиесін жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерді ашып көрсеткен.

Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы оқушылар өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың танымдық қабілетіне орай дағдыларын жан - жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Сабақта проблемалық оқытуды қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуын жетелейді. Балалық шақта ойлаудың дамуы қатал шектеуді көтермейтін өзара тығыз байланысты бірнеше сатыдан өтеді. Баланың өте жас кезінде көрнекі қимылдық ойлау басымырақ болады да, ал сөйлей алмай тұрып-ақ дүниені әрекет арқылы таниды. Мектепке оқуының басталуымен, мектепке дейінгі кезінен гөрі баланың жұмыс процесінде тиісті ұғымдар, сүйенген ұғымдық ойлауы тез дами бастайды. Бастапқыда ол нақтылы заттар және құбылыстармен байланысты, бірақ бірте-бірте төменгі сынып оқушыларында нақтылыдан абстрактілей білуге қолы жетіп, пікір айтып, азды-көпті қорытынды жасауға қалыптаса бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін сынық жұмысын қолдану өте ыңғайлы. Сынақ жұмысын оқушымен жеке түрде немесе топпен жүргізуге болады. Сынақ жұмысының жауаптарын есептей келе, оқушының логикалық қабілеттерін анықтауға болады. Бала не нәрсе болса да білуге құштар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру керек. Қазіргі уақытта білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын көптеген педагогикалық технологиялар қолданылып келеді. Мысалы: Ж.Қаратаевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, «Сыни тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясымен жұмыс жасау арқылы алған білім негізін дамыта отырып, тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беру нәтижеге жеткізетіндігі белгілі. Дамыта оқыту технологиясының басты мақсаты - оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, ізденіс, дербес жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Білімнің жаңа түрін жүзеге асыру үшін жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді, жүйелі түрде қолдана білу қажет. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондықтан кездесетін қиындықтар мен проблемаларды шешуге байыпты, батыл шешімдер қабылдауға әзір болу керек. Міне осы проблемалардың бәріне жауапты «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясынан табуға болады. Қазіргі мол ақпараттар заманында оқушы өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті таңдап, талғай білуге дағдылануы керек. Оқушы ұтымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегі кеңеді. Бірте-бірте оқушы белсенді, ізденімпаз, шығармашыл тұлғаға айналады.

Сонымен қатар қазіргі заманда білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдіс жаңа білімді жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский, т.б) есімдерімен байланысты.

Сонымен, проблемалық оқытудың технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарады белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырудың жаңа бір әдісі іскерлік ойындар болып табылады. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді (компетенциялар) игереді. Бірақ бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат - шығармашылық ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсатыда – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын ала болжай білуге үйрету.

Балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оқу белсенділігін арттыруға деңгейлеп оқыту ерекше әсер береді. Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат - балаға білім даяр түрде берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндетті қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі ерекшелігі баланың білетіні мен білмейтінін және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың іздеушілік, шығармашылық әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.

Сонымен қатар оқушыларды оқыту процесінде В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясының алатын орны ерекше. Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдар. Бұл игеруге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналы жаңа сабақты түсінуге және оны есте сақтауды жеңілдетеді. Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өңдеу. Бұл жаңа терминдермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттырады. В.Ф.Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре отырып, қайталау жолымен есте сақтау қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, мұғалімге жауап беру өзара тексеру беттері бойынша жауап және қайталау және көптеген тапсырмалар орындау. Оқытудың бұл түрі оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі.

Білімді беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үдерісін озық технологиялармен қамтып жетілдіру талап етіледі. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды орындаудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру, сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, білім беруді тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.М.Жоламанова. Жаңа педагогикалық технологиялар.Көкшетау 2015 ж.

2. Бастауыш сынып № 4 (72) 2016 ж.

3. А.Б. Айтбаева Білім берудегі жаңа технологиялар:оқу құралы –Алматы. 2011ж.

4. Бастауыш сынып №4.60 2015 ж.

5. Бастауыш сынып № 1.60 2016 ж.



Бастауыш сыныптарға ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдісінің тиімділігі
Асан Гүлсара

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Мейрамова Бакытгул Маратовна
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен және оны дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің ең басты талабы. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады.

Қазіргі кезде биылғы жылдан бастап ағылшын тілі пәні мектептерде 1-сыныптан бастап енгізіліп отыр. Осыған байланысты оқушылардың басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында біз, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ұтымды әдістер мен тиімді тәсілдерді таңдап алуымыз қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдау ерекшеліктері сензитивті кезеңге сәйкес келетіндіктен оқытудағы көрнекілік принципі басты роль атқарады. Сондықтан ағылшын тілін үйретудің маңызды қайнар көздері көрнекі құралдарды пайдалана отырып, балаларды сабаққа өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуіміз керек. Сабақта көрнекі құралдарды тиімді пайдалану-мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Себебі әлі қазақша әріпті де дұрыс тани қоймаған балаларға өзге тілді үйрену қиынға соғатыны анық. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

Сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

Сабақта үлестірме материалдарды тарата отырып, ойын түрінде өткізу;

Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Көрнекілікті прогресшіл педогогиканың тәлім теориясына, баланың ойлау табиғатына сәйкес образдық тәсіл есебінде XVII ғасырда Чехтің ұлы педагогі Я.А.Коменский енгізді. Одан кейін атақты ғалымдар И.Т.Пестолоцци және орыс педагогі К.Д.Ушинский және тағы басқа ғалымдар көрнекілікті қолдану тілі материалын енгізу, бекіту, тіл ұстартуға жақсы нәтиже беретіндігіне баса назар аударған.

Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері. Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Қазіргі ғылым мен техниканың жылдан жылға жедел дамуына байланысты оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқушылардың білімін көтеруге үлкен әсер етіп отыр. Көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде мультимедиялық, лингафон кабинеттерінің міндеті шешілуде. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, интернет, интерактивті тақтамен сабақ өткізу көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу материалдарын алдын – ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң ол өзінен – өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай, үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Менің байқағаным, оқушыға тақтамен сабақ өткізгенде ол басқалардан қалмауға тырысып, қатты қуанып отырады, ерекше сезім пайда болады. Шет тілін үйретуде ән айту, оны оқып үйрену оқушының сөздік қорын байытуға, грамматикалық құрылымдарды үйренуге көп көмек береді, сондықтан мұнда да біз магнитафон, кассета, дисктерді, лингафонды қолданамыз.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:

Көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

Көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;

Демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

Иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

Құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

Демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

Көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.

Мектепте көрнекіліктің әрқилы түрлері (және тиісінше әр түрлі көрнекі құралдар) пайдаланылады. Мұғалім өзіне берілген сыныпта толық кітаптың мазмұнын қарап шығады. Мүмкіндігінше игеруі қажет. Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылатындықтан, оның тақырыбына, мақсатына сабақ құрылымы сай болуы қажет. Сол сияқты баланы оқытуда көрнекіліктерді қолдана отырып, әр оқулыққа арналған «teacher`s book»-тан көруімізге болады.

Мысалы: биылғы жылдан бастап енгізілген ағылшын тілі оқулығына келетін болсақ, (Smiles. Jenny Dooley-Virginia Evans, 2016) оқу-әдістемелік кешені мынадай кітаптардан тұрады:

- «Мұғалімге арналған кітап» (teacher`s book)

- «Оқушыларға арналған кітап» (pupil`s book)

- «Жұмыс дәптері» (activity book)

Сонымен қатар оқушыларға арналған CD/DVD дискілері, құрамында пәндік және тақырыптық картиналар бар оқу көрнекі құралының жинағы бар. Яғни, қазіргі уақытта сабақта қолданылатын көрнекілік құралдары жетерлік. Тек оларды мұғалім сабақтың тақырыбына сай, тиімді қолдана алғаны жөн.

Қорыта келе, көрнекіліктердің шетел тілі оқыту құралы ретінде атқаратын қызметі зор. Олар пәнге деген қызығушылықты, белсенділікті арттырып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан алғанда оқушыларды енжарлықтан айықтырып, өз бетімен, білім сапасын арттыруға, білім алуға құлшынысын жігерлендіру сезімдерін оятады. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз оқушыларға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалады. Сондықтан есте сақтау қабілетін арттыруда көрнекілік әдісі бастауыш сынып оқушылары үшін ең тиімді болмақ. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, коммуникативті құзіреттілігіне байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқулық. Шет тілін оқыту әдістемесі. Г.Амандықова, Ш.Мұхтарова, Б.Баймұқанова, А.Бисенғалиева «Фолиант» баспасы, Астана – 2010 ж.

2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал №6, 2009 ж.

3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал №3, 2010 ж.



«Слова- паразиты в современном обществе»
Омаш Анар

Торгайский гуманитарный колледж имени Н.Кулжановой

студентка 2 курса специальности «Начальное образование»

научный руководитель: Сайболова А.А.
«Кто ясно мыслит - ясно излагает»

Артур Шопенгауэр
Язык развивается... Язык, в основном, развивается сам по себе, обладая мистической и мифической субъектностью. Считается также, что он вбирает в себя другие языки за счет коммуникаций, в наш век все более технических. Ну, и, конечно, язык формируют поэты и писатели, профессионалы слова. Однако вклад этот удивительно мал. Сам по себе язык не может развиваться. Его развивают. И основную роль в развитии языка играют дети.

Часто ли мы прислушиваемся к тому, как мы говорим? Или как говорят однокурсники, друзья, близкие? Конечно, мы слышим, когда из их уст вылетают нецензурные выражения. Но, оказывается, и нормальные слова могут «загрязнять» язык. «Как бы», «типа», «короче», «блин» и другие прочно укоренились в нашем лексиконе. И называются они слова-паразиты.



Паразит — организм, который питается за счет других живых организмов. Слова-паразиты поедают смысл сказанного. Они питаются нашей речью. Вспомните, как нелегко слушать человека, когда он сыплет такими мусорными словами. Вы уже не пытаетесь его понять и возможно начинаете считать количество произнесенных из его уст «паразитных слов». Это забавная игра, но для говорящего человека она вредна. Многие хотят избавиться от слов-паразитов в своей речи. А многие просто не осознают, как засоряют ее.

Существует целый ряд терминов, дающих определение словам- паразитам:



  • «слова - заменители»

  • «слова - сорняки»

  • «мусорные слова»

  • «вставные элементы»

  • «вредные слова»

  • «лишние слова»

Слова – паразиты - это слова и звуки, засоряющие устную речь.

Слова – паразиты выдают наши секреты!

«Это самое» - такое словосочетание часто повторяют ленивые люди, которые при первой же возможности на кого- то свои обязанности. В трудных ситуациях, такие люди часто избегают наказания, переложив ответственность на другого.

«Кстати» - любимый паразит людей, ощущающих себя неловко в компании, пытающихся обратить внимание к себе и своей речи.

«Вообще- то» - словечко опять таки, неуверенных. Особенность этих людей способность закатить скандал по любому поводу



Причины их употребления

1) Ограниченный словарный запас

Зачастую наличием слов-сорняков страдают малообразованные люди. Но бывают и исключения: у некоторых культурных и очень грамотных людей, преобладание такого количества слов становится имиджем. Однако есть разница между сознательным их употреблением и рефлекторным.

2) Низкая скорость мышления

Если человек не может подобрать нужное слово, то он в большинстве случаев использует для заминки звуки-паразиты. Это всем известные: «Э-э-э», «М-м-м», «А-а-а». Стоит отметить, что такие звуки довольно сильно раздражают и «режут» слух.

3) Отражение человеческой натуры

Использование некоторых сорных слов может кое-что поведать о человеке.

Человек, использующий слово слово-паразит «короче», скорее всего, не жаждет общаться, не хочет обременять себя объяснениями и он лентяй по жизни.

«Сами понимаете» — это пример оправдывающегося и постоянно извиняющегося перед окружающими человека.

«На самом деле» желает изложить людям истину. Этакий человек, борющийся за правду.

4) Эмоциональность и возбужденность

Будьте спокойны – «займитесь делом».

5) Намеренное использование сорных слов

Для кого-то такой стиль общения является частью их образа. Есть люди, намеренно вставляющие слова-паразиты в свою речь. Это бывает вполне уместным.

6) Влияние моды

Бывает такое, что слово, получившее широкое распространение, начинает прилипать к каждому человеку. Не говорите как все – сразу же отсекайте ненужные словечки.



Слова – паразиты можно уподобить болезни, которая передается воздушно- капельным путем, так как больные подхватывают свою болезнь, в основном после нахождения в кругу носителей паразитов. Поэтому если вам предстоит провести вечер или рабочий день в компании, где употребляют слова- паразиты, то необходима профилактика, настрой не принимать чужие вредные привычки и последующий контроль своей речи.

Как выглядит человек, когда употребляет сорные слова?

1. Он выглядит неуверенно

Слова-паразиты мешают говорить ясно и четко, не позволяют нам владеть ситуацией. Они — яркий признак неуверенности, превращающие нашу речь в поток воды.

2. Путается и запинается

Как известно, речь связана с мышлением. Чем больше «паразитных» слов в языке, тем больше их в голове. Очистив свою речь, ваши мысли станут простыми и ясными.

3. Становится неинтересным

Особенно для противоположного пола. При близком общении сорные слова очень быстро начинают нервировать слух и раздражать. А затем это раздражение переносится на сыплющего такими словами.

3. Не производит хорошего впечатления

Важность разговора тем выше, чем больше количество мусора в нашей речи. Хотите сделать хорошую карьеру, яркие знакомства, запоминающее публичное выступление… или все-таки употребление слов-паразитов?

Как же избавиться от них?

1. Делайте паузы

Очень часто люди применяют сорные слова и междометия, потому что боятся молчать. Смело делайте паузы — это добавит «весомости» вашей речи.

Искусство красноречия основывается на правильно сделанных речевых паузах.

2. Смотрите на собеседника

Так вы увидите, что вас слушают и дают время, чтобы высказаться. Это ослабит напряжение, и говорить вам будет проще.

3. Практикуйтесь везде

Следите за своей речью в любом разговоре, независимо от того важный он или незначительный. Старайтесь контролировать ее и совершенствовать. Контроль поможет следить за чистотой вашей речи. Это позволит быстрее избавиться от слов-паразитов.

Практические советы:

1. Запишите свою речь на диктофон

Зачастую человек, употребляющий слова-паразиты, сам их не замечает. Следовательно, в первую очередь необходимо эти недостатки. Включить диктофон и прочтите любой текст. Прослушивая запись, вы осознаете проблему. И поймете, от каких слов-сорняков вам стоит избавиться. 

2. Помощь других людей

Попросите кого-нибудь из друзей или из членов своей семьи проследить за чистотой сказанной вами речи.

3. Система штрафов

На тренингах и курсах по ораторскому искусству ученикам предлагают весьма действенный способ. Каждый раз, произнося мусорное слово, ваш помощник, обращая свое внимание на это, получает от вас вознаграждение в виде конкретной суммы денег. Неважно сколько. Все зависит от ваших финансовых возможностей и желания вычеркнуть речевые паразиты.

4. Замените мусорное слово синонимом

Есть такое мнение, что можно просто заменить такие слова близкими по смыслу. К примеру, вы постоянно произносите слово-паразит «это самое». Его можно заменить словами «я имею в виду», «дело в том», каждый раз употребляя именно эти слова в речи. Однако, некоторые специалисты, критикуют данный способ. Поскольку видят не избавление от ненужного слова, а пополнение своего лексикона еще одним «сорняком».

5. Читайте больше классической литературы

Регулярно прочитывая произведения вслух, вы кроме расширения словарно запаса, улучшите дикцию, отточите артикуляцию, избавитесь от грубых выражений и угловатости речи.

6. Учите стихотворения и рассказывайте их кому-нибудь

7. Говорите медленно и думайте над словами

8. Составляйте свою речь из коротких и простых предложений

9. Записывайте интересные фразы, которые найдете, а затем вставляйте их в речь

10. Общение с людьми, имеющими богатый словарный запас пойдет вам на пользу

11. Проговаривайте различные скороговорки, пословицы и поговорки

12. Работайте со словарями: орфоэпическим, фразеологическим, толковым и другими

13. Изучайте этикет речи

В ходе работы мы провели ряд социальных опросов и анкетирований.



Опрос

Слова - паразиты

Их употребляют

Молодежь г. Аркалыка (опрошено 45 человек)



Знают

употребляют

Короче

45

41

Блин

45

38

Типа

36

34

Слышь

29

19

Походу

30

24

Это самое

26

14

Прикинь

40

38

вот

28

17

Ну

40

35


Заключение:

Чистая голова – чистый язык

Слова паразиты возникают вслед за паразитами сознания. Если освободить голову от вирусов, то и язык станет чистым, красивым и предельно точным.
Использованная литература:

1. Жураховская В.Д. 1980 – Функционирование жаргонной лексики о современном русском языке.

2. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. 1992 – Толковый словарь русского языка.

3. Федоров А.И. 1995 – Фразеологический словарь русского литературного языка в 2-х томах.

4. Черных П.Я. 1994 – Историко-этимологический словарь современного русского языка.

«Бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің талабы»
Сабыр Ақбота

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының Ш курс студенті

ғылыми жетекшісі: Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Турганова Жанар Серікқызы
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)


Мектеп, колледж – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім, ұстаз, оқытушы. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өзкәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқитын оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін – өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Білім берудің қазіргі нарық замандағы негізгі мақсаты білім негізін беріп, білік пен дағдыны қалыптастырып, болашақ мамандық иесі болуға машықтандыру ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны дербес, әлеуметтік, кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуге даярлау болып табылады. Яғни, бүгінгі білім алушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болып шығуы тиіс.

Қазіргі жедел ақпараттандыру мен жаһандану заманында «Отансүйгіштік» деген сөздің жанында «Мемлекеттік тіл» деген ұғым қатар тұрмақ. Өскелең ұрпақты мемлекеттік тілімізді, еліміздің тарихын, салт-дәстүрін білуге, оны құрметтеуге, оқушыларды қазақстандық патриоризмге тәрбиелеу ісінде колледждегі қазақ тілі оқытушыларының атқарған істері өте көп. Біздің оқытушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілік алдымен өз оқу орныңнан басталады деген қағиданы берік ұстанған.

Күні бүгінде мұғалімдердің кәсіптік қабілетін шыңдау, инновациялық технологияларда оқу – үрдісіне еңгізуге көмектесу, оқу әдістемелік әдебиеттермен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету, оқу – тәрбие процесіндегі ғылыми – зерттеу нәтижелерін, жаңа педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, тарату мақсатын алдына қойған «Оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды еңгізу арқылы сапалы кәсіптік білім беру.

Әр баланы терең зерттеп, оның жеке басының қасиеттерін құрметтеп, қоғамда өз орны бар азамат ретінде сенім артып, оқу – танымдық әрекетінің жемісті нәтижелі болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндікті туғызуды басты мақсат ету. Оқытушылар өз сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушылар үшін бар жағдайды жасауда.

Сондықтан әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Білім алушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Өйткені жақсы мұғалім жақсы оқушыларды жасайды. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі-әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;

5. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010жыл.

2. Қазақстан мектебі. №12 Алматы, 2003ж

3. Н.Назарбаев Қазақстан-2030, Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы.Білім.



Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
Бауыржанова Ақмарал Бауыржанқызы

«Бастауыш білім беру» мамандығының II курс студенті

ғылыми жетекшісі: Ақылбекова Луиза Бекетқызы
Теориялық негізі: Сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі - ойын.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады."

Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатнас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым - қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.

Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.

Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.

Олар :

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;



Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;

Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.



Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Оқыту барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?», «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында қолданған жөн.

«Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды өз орнымен пайдаланудың, маңызы зор.

Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.



Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі — баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегенім - білім,

Екі дегенім - егеу т.б.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын.

Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдайда ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.

Менің сараптай келе жасаған ғылыми болжамым: Бастауыш сыныптарда ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

- оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді;

- өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

- логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;

- өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

- интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;

- белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру.



Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын - әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындардың орны ерекше. Сонымен қатар ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» болып сақталғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін озіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру - ой-орісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Қайырбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі – 2005ж.

2. Ахметов С. «Бастауыш кластарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». – Алматы: Рауан, 1994 – 84 с

Студенттердің компьютерлік білімін арттыру - заман талабы
Байғазина Жұмагүл Фазылбекқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Халыкова Гаухар Алтаевна
«Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаев
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда компьютермен жұмыс істеу біздің елімізде жоғары қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістер қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын.

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық –бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастау алды. Компьютерлердің алдынғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың транзисторлы электронды есептеуіш машиналар содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. Негізгі принциптері: өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағыны емес басқа да зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі – дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер - жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді түсінбейді және өз бетінше ойламайды. Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адами экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді. Компьютер жүйелік блок, дисплей, пернетақта, тінтуір, принтер, сканер деген бөліктерден тұрады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақта, процессор, оперативті жады, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар бар.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.

Пернетақта - компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір кейде тышқан - графикалық басқару құрылғысы. Тінтуірдің кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік т.б түрлері бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданады.

Жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық- білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, студентті заман талабына сай етіп дайындап шығару керек. Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субъектілігін қалыптастырады және шығармашылық тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни компьютерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Студенттердің өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта жаңа технологияларды пайдалану маңызды болмақ. Компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді, бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Компьютерді пайдалану арқылы оқытушы студенттің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Технология еңбесүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бугінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде жаңа технологияларды пайдалану өте тиімді. Сабақтарымызда жаңа технологияларды пайдаланудың негізгі мақсаты:

1. Жаңа технологияны қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу; сабақты қызықты етіп өткізу арқылы студенттердің пәнге деген қызуғышылығын арттыру; пәнаралық байланысты тереңдету; қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Студентті заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау; қабілеттерін дамыту; өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау; компьютерлік графика, мультимедиа, технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру; пәнаралық байланыс орнату, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; ақпаратты өңдей білуге үндеу.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Компьютерді оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:

- жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;

- студент өз бетімен жұмыс жасайды;

- аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;

- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді; -шығармашылық жұмыстар жасайды;

- қашықтан білім беру мүмкіндігі туады; -қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;

- интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;

- оқыту үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;

- студенттердің танымдық қабілеттерін қалыптастырады;

- студентті шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;

- оқулықтардан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б. жаңа технологияны пайдалану

- педагогикалық әс-әрекеттердің мазмұны формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.

Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электронды оқулықтарды, мультимедиялық технологияны, қашықтан оқыту технологиясын пайдалана оқу орындарында жаңа технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Күнделікті жаңа тақырыптарды жаңа технологиямен түсіндіріледі. Мысалы, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет желісін күнделікті сабақта қолданамыз.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:

- Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша электронды оқулықтармен жұмыс жүргізу;

- Жаңа технологияны пайдала отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;

- Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;

- Әр студенттің ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.

Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениетті мен ақпараттық құзіреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050 стратегиясы».

2. А.Б.Айтбаева «Білім берудегі жаңа технологиялар» оқу құралы.

3. «Білім технологиялары» журналы, 2009 ж. №5 19-24 беттер.

4. А.Иманбаева «Оқу тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі», Қазақстан мектебі – журнал, №2, 2000ж.

Болашақ маман – бәсекеге қабілетті болуы керек
Нүркей Гүлдана Айтмұханбетқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Сапарова Айдана Асқарқызы
Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз.

Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. «Қазақстан 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда болашақ мамандарға айрықша жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып отыр» - дей келе, қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізу басымдықтарын нақтылауды тапсырды.

Осы орайда, болашақ педагогикалық мамандардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында енуімізге септігін тигізері анық.

Қазақтың ұлағатты тұлғасы М. О. Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген ұлы сөзі бар. Бұл сөздің астары жас ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі, сондай — ақ ұрпағымыздың сапалы білім егесі болуы тиіс дегенді білдіреді. Біздің қазақ елі талай зұлматты басынан кешкен, сансыз «Тар жол , тайғақ кешуден» өткен ұлы да, ұлағатты ел. Қанша қиын кезеңнен өтсе да ұлт тәрбиесін ең алдыңғы жолға қойып, ел болашағы болар ұрпағын дара тұлға етіп қалыптастыруға талпынған көрегенді ел. Осынау ұшы — қиыры жоқ байтақ даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге мұра етіп қалдырды.

«Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңестігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» дей келе, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп жолдауында айтқан  болатын.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

Осы бағытта Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұстаздар үшін біліктілікті арттырудың үш айлық курсын оқытуды қолға алды. Осы курста қазіргі таңда қаншама ұстаздар білім деңгейін арттыруда. Күнде қарыштап дамып , дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашығыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!» дейді. Ендеше біздің білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгеріс орынды.

Бұл курсты оқу барысында оқушыны жаңа әдіс- тәсілдермен оқыту негізгі жеті модульге сараланған. Жеті модульді сабақтарда пайдалану барысында ұстаз дәстүрлі сабақтарымызда қалыптасқан біршама заңдылықтарды өзгерте алады, атап айтар болсақ, мұғалім сабақтарда дайын түрде білім беру емес, керісінше оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану барысында, оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз білімін бағалауға заманға сай ойы мен пікірі қалыптасқан құзіретті тұлға болуға, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы, сандық сауаттылығын арттыруға, өзін- өзі саналы түрде басқаруға бағыт ала отырып, бойындағы дарындылығы мен таланттылығын көрсетіп, алған білімін  келешекте қолдана алады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылатын жеті модульді пайдалана отырып, мұғалім оқушы білімімен қоса өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі таңда қоғамның қарқындап дамуы білім жүйесінің сапасын жақсарту, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып, еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу, өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті тұлға дайындау қажеттілігі туып отыр. Елімізде деңгейлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыруға байланысты жүріп жатқан курстардың бірінде мұғалімдер Кембридж әдісін үйрену арқылы білімдерін шыңдап, біліктерін дамытуда. Кембридж әдісі оқушылардың ойлауын дамытады. Ол түрлі дереккөздер: мұғалім, оқулық, достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады. Білімді дайын қалпында қабылдамай, жаттамай оны өздігімен құрастыру нәтижесінде ұзақ есте сақталатындығы дәлелденіп отыр.

Мұғалім өз сабағында оқушыға Л.Выготскийдің жуық арадағы даму аймағы – ЖАДА-сы арқылы баланы бағыттап, Радокк бойынша «оқушы үнін» тыңдап, Маслоудың теориясы бойынша «қажеттіліктерін білу» арқылы оқытуда бала жүрегіне жол табады. Бұл бағдарламалардың мақсаты-оқыту тәжірибесінде қолданған әдіс-тәсілдерді жүргізу барысында қандай кедергілер туындады және оны болашақта қалай өзгертуге болатынын түсіндіру. Осы әдіс мұғалімнің кәсіби көзқарасын өзгертіп, жұмысына сенімділігін күшейтеді.

Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман мұғалімі — рефлекцияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс - тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық - әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Келешекте ұстаздық жолындағы әр мұғалімнің мақсаты — жаңа заман талабына сай тұлға қалыптастыруда жеті модульді жүйелі түрде қолдана отырып, өз тәжірибесін одан ары қарай толықтырып, жетілдіру болмақ.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандар әзірлеуді, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді.

Еліміздің қоғамдық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласында жаңа міндеттер көптеп қоюда. Білім беру жүйесін тиімді ету үшін қабілетті, біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары, шығармашыл ойлауға дағдыланған, техникалық және экономикалық білімі терең мамандардың жаңа ұрпағын даярлау қажет болуда. Бәсекеге қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін ең алдымен қолдағы бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыратын мәселелерді үнемі дамыта түсу керек.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін меңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.

Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді.

Біздің Н.Құлжанова атындағы колледжімізде білім алушылар сабақтан соң үйірме жұмыстарына қатысып, колледжде мамандықтар бойынша сайыстар мен байқаулар өткізіліп отырады. І-курс соңында өндірістік оқыту сабақтарынан сынақ тапсырып, қала кәсіпорындарына өндірістік практикаға жіберілсе, ІІ-курс білім алушылары жаңа оқу жылында оқу – өндірістік практикаларын жалғастырады. Кәсіби машықтануда оқушылар өздерін оқушы –практикант емес, кәсіби маман ретінде көрсетіп, өздерінің теориядан алған білімдерін пысықтайды. ІІІ-курс оқушылары мемлекеттік диплом алу алдындағы өндірістік практиканы осы аталған кәсіпорындарда жалғастырып, өздерінің біліктілігін, кәсіби маман ретінде көрсетіп, сол кәсіпорындарда мамандығы бойынша жұмысқа алынып жатады. Бұл кәсіпорындармен колледж әкімшілігі арасындағы байланысын нығайта түсіп, серіктестікпен бірігіп жұмыс жасауға ықпал жасап отырды.

Президент Н.Ә. Назарбаев: «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп жастарға зор үміт артады. Сондықтанда қорыта айтқанда, мен болашақ ұстаз ретінде бәсекеге қабілетті білімді маман атану үшін білімімді жетілдіре отырып, өз елімнің нағыз патриоты атана, өз елімді дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септілігімді тигіземін.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы;

2. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы;

3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»;

4. «ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы».

5. Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012.

6. Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011 ж.

Интерактивті технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану
Кәдірбек Ақбота

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Аубакирова Толкын Утешовна
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Интерактивті оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр[1].

Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

- пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру);

- активті (белсенді) оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

- интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. [2].

Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

«Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауи жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық әдіс болып саналады.

Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде студенттердің шығармашылық қабілетін және дербестігін жетілдіру.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

- Орта қалыптастыру

- Әрекет арқылы үйрету

- Өмірмен байланыстыру

- Өзінділікпен дербестікке баулу

Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары:

- Студенттер арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату;

- Студентке білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу;

- Студентке қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру;

Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Интерактивті әдіс кезінде:

- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым қатынас орнайды;

- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі: 1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде); 2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде); 3) шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде); 4)белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда); 5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:1) олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады; 4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады: 1) фактілерді еске алу; 2) ойлану; 3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану; 4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру); 5) баға беру (сапасын анықтау).

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. [3].

Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

- тұлғаның қызығушылығын туғызады;

- әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

- әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

- тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

- тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

- мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

- Орта қалыптастыру

- Әрекет арқылы үйрету

- Өмірмен байланыстыру

Өзінділікпен дербестікке баулу

Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:

Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.

Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.

Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.

PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен өз бетінше жұмыс істеу нәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.

TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі.

Топтық дискуссия әдісі студенттерді кәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.

Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативті әдісі. [4].

Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.



Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ПодласыИ.П. Педагогика: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, - М.:, 1996

2. Полянский В.С. Теоретические основы психолого-педагогического сопровождения обучаемых.// Инновации в образовании. 2001, № 3

3. Смолкин А.М. Методы активного обучения. – М.: Высшая школа, 1997 ж.

4. Автономова Н.С. Современная западная философия:Словарь – М., 1991 ж.

5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж.., 7 маусым



Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Кәмпит Елдана Сәнімқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Издибаева Дарига Муратовна
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны жеке сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті – жоғарғы білікті мамандарды даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті» деп атап көрсетілгеніңдей, жаңа оқыту технологиясын меңгеру мен сапа менеджментіне көшуге байланысты мұғалімдердің икемділік пен білімділік, іскерлік пен шеберліктерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарау керектігі туындап отыр. Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Бұл сөздерді Елбасымыздың жолдауынан алынған. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Осы жаңа педагогикалық оқыту технологиясының ең тиімді оқыту әдісі – проблемалық оқыту.

Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Бұл ғылыми негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттіліктің қалыптасуы. Осы оқыту әдісі арқылы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларды ойлауға, өздігінен шешім қабылдауға, қабілеттері мен нышандарын дамытуға жетелеу керек.

Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қоскан педагог - ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, «Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілеттерін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстармен айналысады.

Проблемалық оқыту процесі:

- проблемалық мәселе қою және жағдай қою;

- мәселені шешу жолдарын- гипотезаны ұсыну;

- Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс – математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру;

- Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.

Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

- Оқушының белсенділігін арттыру;

- Оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

- Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Проблемалық оқытудағы оқушылар білімінің өзектілігі:

- Мәселені шешудің дұрыстығын тексеру;

- Болжамды ұсыну және негіздеу;

- өзекті мәселені қалыптастыру, өзекті жағдай туғызу;

- Болжамды тексеру;

- Шешуші қорытынды жасау.

Проблемалық оқыту - дидактикалық ұстаным, ол жүйе де, әдіс те емес. Пікірталаста түсінбеушілік тудырудағы қарама-қайшылық деңгейінің араласуынан байқалады.

Мәселелік жағдай - бұл интеллектуалдық қиындықтың адамда кездесетін психологиялық күй, егер адам жаңа фактіні өз білімінің көмегімен түсіндіре алмаса немесе өзіне белгілі әдістермен әрекетті орындай алмаса, онда жаңа түрін іздеуі керек. Мұндай жағдайда белсенді ойлау қажеттілігі, ең бастысы «неге?» деген сұрақ туындайды. Ол проблемалық оқытудың мәні болып табылады. Оның төрт деңгейі бар:

1. Мұғалім проблеманы өзі қойып, оны оқушыларды қатыстыра отырып шешеді.

2. Мұғалім проблеманы өзі қояды, оқушылар оны өз бетінше мұғалімнің басшылығымен шешеді. Мұнда ойлауға кеңістік ашылады.

3. Оқушы проблеманы өзі қойып, оны мұғалім көмегімен шешеді.

4. Оқушы проблеманы өзі қойып, өзі шешеді.

М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді» - деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді мегерудің жолын қарастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз.

Жоғарғы білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз.

Проблемалы оқытудың артықшылығы:

1. Ғылыми ақиқатты дәл, саналы түсіндіруге, білімнің сенімге айналуына мүмкіндік тудырады. Білім негіздерін берік меңгеруді қамтамасыз етіп, дүниетанымын қалыптастырады.

2. Диалектикалық ойлауға, ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді.

3. Проблемалық оқу эмоциональды беріледі де, сабақ тартымды болып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін тудырады.

Сонымен проблемалық оқытуда ең бастысы – проблемалық ситуация. Проблемалық ситуация тапсырманы орындау барысында дайын жолы жоқ, жаңа білімдерді меңгеруді қажет ететін оқушылардың психологиялық күйі.

Педагогикалық тәжірибе кезінде оқытудың осы түрін жаңа тақырыпты меңгерутуде жүзеге асыра білдім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда, ойлау қабілеттерін дамытуда үлкен маңызы зор. Сабақта проблемалық жағдаяттарды қолдану кезінде оқушыларды сыни ойландыруға, мәселені шеше білуге, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа жетелей түскеніне көзім жетті. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап, шығу қажет екенін тұсіндім. Болашақта ескеретін жайтым: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейтіні. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды. Оны оқушы міндетті түрде іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана сезімінде қиындық туғызуы керек. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалы жағдаят деп аталады. Проблемалы жағдаят, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан оқушының шамасына лайық болуы қажет. Алдағы уақыттағы педагогикалық тәжірибе кезініндеде сабақта жаңа педагогикалық технологияларды көптеп қолданып, әрі тиімді жүзеге асырамын деген мақсаттамын.

Қорытындысында проблемалық оқыту оқушылардың ойлау қабілеттерін дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.М.Жоламанова.Жаңа педагогикалық технологиялар. Көкшетау 2015

2. Бастауыш сынып № 2 2014 ж



Білімді ұрпақ - заман талабы
Сәрсен Гүлзинат Ерланқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Назарова Гулмира Куандыковна
Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай дамуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады [1, 9-10 б].

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығымен, шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.

Инновация білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие мазмұны мен ұйымдастыруын және олардың тиімділігін арттыру; білім беру процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін, жаңартатын білім саласындағы жаңалық.

Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп отырмыз. Бұл, әрине ұстазға да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған орай, әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыруы қажет. Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат–оқушылардың танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.Қазігі заманда білім берудің жаңа технологиялық түрлері өте көп.

«ТЕХНОЛОГИЯ» - бұл да қандай да болсын істегі «Шеберліктің» жиынтығы.

Технологиялардың бірнеше түрі бар:

1. Кәсіптік технологиялар;

2. Басқару технологиялар;

3. Ақпараттық технологиялар;

4. Ізденіс технологиялары;

5. Ойын технологиялары;

6. Педагогикалық технологиялар;

7. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

8. Проблемалық оқыту технологиясы;

9. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы

10. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;

11. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

12. Бағдарламалап оқыту технологиясы;

13. Модульдік оқыту технологиясы;

14. Ұжымдық ойлау технологиясы;

15. Сын тұрғысынан ойлау т.б.

Проблемалық оқыту технологиясы- білім, білік, дағдыға ие қылу,өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, танымдық және шығармашылық икемдіктерін дамыту.

Тірек сигналдар арқылы оқыту - білім, білік, дағды қалыптастырумен ірге жеке мәліметтеріне қарамастан оқыту, және жеделдету. [2, 35 б].

Түсіндіре басқарып оза оқыту - білім, білік, дағды меңгерумен мемлекет тік стандарт көлемінде білім беру.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуда әр түрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.

Бағдарлап оқыту технологиясы - ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше - сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасай- ды. Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыра отырып, білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

- үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;

- коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;

- сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;

- оқу қызметі мәдениетін дамыту;

- оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген жастарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу.[3, 4-5 б].

Білім – ел қазынасы,халқымыздың білімділігі - ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз өз ісінің шебері әрі жан жақты ізденгіш әрі жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы және әдіс тәсілдерін өзгеріп отыруы міндетті. Мұғалімдер өз тәжірибесін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Әріптестер арасында семинарлар өткізу, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, тренинг сабақтар өткізу дәстүрге айналуы шарт. Сондай - ақ, қала, республика көлемінде өтілетін іс шараларға қатысу арқылы да мұғалім тәжірибесі жетіліп отыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда мұғалімдер тәжірибесін көтеруге мүмкіндік өте зор. Соны тиімді пайдалана білу керек. Елбасымыздың «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» деген сөзін әрдайым естен шығармайық.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Әбішқызы Қазақстан мектебі №8, [1, 9-10 б] 2016ж.

2. Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы. [2, 35 б]

3. Егемен Қазақстан газеті [3, 4-5 б]



Строительство макета двухэтажного коттеджа
Омельченко С.С

Аркалыкский политехнический колледж

студент группы МСМ-29

руководитель проекта: Альжанов Н.Ж.
Строительство домов, один из самых древних строительных занятий, насчитывающий тысячелетнюю историю и применялась в Древней Греции, Риме и Египте. Строительство домов продолжает совершенствоваться из года в год, оставаясь наиболее практичным способом создания красивого и удобного жилища для человека.

Чтобы наглядно продемонстрировать учащимся архитектурные особенности дома, мы выбрали макет двухэтажного коттеджа.


І. Теоретический этап

1.Что представляет собой макет дома?

Архитекту́рный маке́т (фр. maquette, от итал. macchietta — набросок) — объёмно-пространственное изображение проектируемого или существующего. Архитектурный макет либо достаточно точно воспроизводит оригинал в деталях, в таком случае он называется моделью, либо с некоторой степенью приближения. Макеты создаются, чтобы проверить архитектурную композицию, согласованность частей сооружений, наглядно ознакомиться с увязкой рельефа местности и основных объемов. Чтобы оценить эти качества при дизайне интерьера используются интерьерные макеты.

Архитектурные макеты бывают выполнены в разных масштабах (1:1000.1500.1:250,1:200,1:100,1:50,1:25,1:20) Для создания используются самые разнообразные материалы. Наиболее распространены гипс, дерево, картон, пластик, пенокартон, папье-маше произведения. Макет может совсем не иметь или иметь очень низкую художественную ценность. Как правило, это зависит от уровня профессионализма макетчиков. На трудоемкость изготовления архитектурного макета влияют:


  1. Степени детализации

  2. Масштаб

  3. Габариты макета

  4. Используемые материалы

  5. Применяемые технологии

  6. Наличие элементов механизации

  7. Наличие и вид подсветки

2. В чем преимущества создания макета перед строительством дома?

Основной задачей любого макета является представить наглядный вид строящегося или уже возведенного здания, либо другого строительного объекта. Макет жилого дома играет роль красноречивого и яркого аргумента при поисках потенциальных владельцев недвижимости или инвесторов. Такие макеты часто используются в офисах продаж недвижимости, на выставках, в рамках презентационных мероприятий, словом, везде, где требуется наглядно продемонстрировать архитектурные особенности и преимущества построенных или проектируемых жилых домов, либо целых комплексов.

Возможно:

1. Изготовить макет жилого комплекса или макет завода

2. Выполнить макет жилого дома

3. Подробно отобразить элементы инфраструктуры

4. Учесть особенности ландшафта территории

5. Сохранить максимальную наглядность проекта



В зависимости от целей использования макетов, наша мастерская применяет два подхода в процессе их создания. К примеру, если изготовление демонстрационной модели предполагает дать общее представление об объекте показать окружающие его инфраструктуру и ландшафт, без подробной детализации, то используется масштаб 1:1000 или меньше. Если же целью для того, чтобы создать макет является наглядная демонстрация деталей архитектурных решений, особенностей строительной концепции,планировка квартир, элементов благоустройства, то в этом случае макет изготавливается в масштабе 1:50 - 1:300.

Изготовление макета требует немало времени и профессионализма. Поэтому если вам требуется макет жилого дома, то лучше довериться опытным специалистам.

Этапы изготовления макета дома:

Согласование и утверждение технического задания (визуальное решение ландшафта и архитектуры, дополнительные опции, уровень деталировки)

Исходя их данных, указанных в тех.задании, подготовить выкройки будущего макета дома. Есть два варианта: вручную или на компьютере сделать выкройки, а потом нарезатьна фрезере или лазером.

Детали необходимо обработать: зашкурить, очистить, покрасить, изготовить остекление, подготовить декоративные элементы (лестницы, козырьки, ограждения).

Сделать подмакетник и собрать ландшафт. Для этого необходимо подготовить необходимую бутафорию: деревья, кустарники, разметки дорог и пешеходных дорожек.

Спроектировать и изготовить схему электрики, сделать фонари, фурнитуру (пульт управления, кнопки и другое).

Собрать из подготовленных вырезок макет строения, установить его на подмакетник и подключить электрику.

Изготовить защитный колпак, все надежно упаковать, доставить заказчику и подключить макет к электросети.

Готовые макеты жилых домов могут быть дополнительно оборудованы подсветками, чтобы максимально выдержать реалистичность картины. Грамотное создание макетов домов сделает демонстрацию жилых зданий более презентабельной и наглядной.

3.Изготовление макета.

Макет дома можно изготовить из разных материалов. Для этих целей может служить бумага, пластик, пенопласт, картон, а также определённые металлы. Сейчас такие макеты можно заказать. Однако если такой возможности нет, то возникает вопрос: как сделать макет дома из бумаги или другого материала самому?

Для этого необходимо чётко знать макет какого строения нужно сделать. Далее необходимо найти или сделать чертёж этого здания. Сейчас разберёмся, как сделать макет дома из бумаги.

Для этого нужно с готового чертежа (либо эскиза) построить развёртку. Развёртка — это развёрнутая на плоскости бумаги поверхность макета.

Сначала стоит определиться с местом, от которого будет вестись отсчёт. Им может быть любой угол дома. Так как любой дом имеет стены, то сначала будет проведена прямая линия, которая является основанием развёртки.

Далее в соответствии с масштабом определяем высоту стены и проводим вторую линию, которая будет параллельна первой. Далее необходимо дочертить фронтоны.

После того как развёртка готова, делают подставку для домика и крышу. Окна можно изготовить из цветной бумаги. Мелкие детали лучше всего дочертить или дорисовать.

В случае если дом имеет пристройки, то делать отдельную развёртку не имеет смысла. Это даже усложнит процесс. Лучше сделать развёртку дома вместе с пристройкой.

Если же нужно сделать макет более сложный макет, который имеет 3 фронтона, то его необходимо делать из двух частей.

4.3D-моделирование

Компьютерное моделирование – базовый элемент современного проектирования и изготовления макета.

Проектирование ведется с учетом толщин и свойств выбранных материалов. Главная задача конструктора – свести к минимуму ручной труд, оставив для макетчиков только те операции, автоматизировать которые невозможно или слишком дорого.

Материалы, выбираемые для изготовления, в обязательном порядке должны учитывать условия температуры и влажности, при которых предполагается эксплуатировать макет.



5. Изготовление деталей

Трудоемкость и время изготовления современных макетов значительно сократились за счет применения современных станков и оборудования. Причем точность многих из них достигает 0,01 мм, что благотворно сказывается на конечном виде продукта. Основные виды применяемого в макетировании оборудования: гравировально-фрезерные аппараты, лазерные станки, режущие плоттеры. Однако многие детали по-прежнему удобнее и быстрее выпускать с помощью обычных токарных, фрезерных и шлифовальных станков.

Одно из новейших направлений в изготовлении деталей – технология SLS. Об этомметоде можно прочесть специальную статью в интернет сайте.

Многие макеты имеют те или иные виды деревьев, кустарников, травы или цветов. Как правило, качество изделий, выпускаемых специализированными предприятиями, оставляет желать лучшего, либо их нет в нужном масштабе и количестве. Поэтому, в компании «Макет» практически 100% «растительности» изготавливаются самостоятельно с применением собственных методик и технологий.



6. Подбор цветовой гаммы и покраска

Все этапы изготовления макета важны. Но этот этап – необычайно важен. Как бы грамотно не был спроектирован макет, как бы качественно он не был собран – все впечатление может погубить неправильно подобранная цветовая гамма или неаккуратно выполненная покраска деталей. Кроме того, практически все цвета по-разному смотрятся на фасаде настоящего здания и на макете. Этот факт необходимо учитывать при выборе оттенков. Разные детали макета окрашиваются по различной технологии: с помощью краскопульта или аэрографа, кисточкой или набрызгиванием, методами окунания, тампования или накатывания валиком. Но в любом случае для выполнения этих операций привлекаются наиболее опытные и аккуратные специалисты.

7. Здесь, мы представили черновой макет будущего двухэтажного коттеджа.

8. Сборка элементов макета

Детали, изготовленные по различным технологиям и из разнообразных материалов, соединяются (как правило, с помощью тех или иных видов клея) в единую конструкцию: дом, мост или нефтеналивной танкер. Начиная примерно с этого момента, можно уже приглашать представителей Заказчика, чтобы понаблюдать за их восторженной реакцией, и, увидев ее, понять, что процесс действительно идет в нужном направлении.


II. Практический этап.

1.Составление генерального плана

Прежде чем, начать строительство коттеджа мы взяли макет из картонки в интернете. По нему мы составили генеральный план строительства коттеджа.

2. Возведение стен и каркаса

Здесь, мы возводим стену и каркас из ДВП и деревянных брусков и закрепляем их шурупами. Вырезаем окна и балкон с помощью электрического лобзика.



3.Облицовочные работы

Здесь, мы производим облицовочные работы – шпаклевка стен черновой смесью Алинекс Глатт, ведем оклейку пола разноцветной самоклеящейся пленкой под цвет дерева.



4.Окончательная отделка стен, установка межэтажных перекрытий и перегородок. На этом этапе, мы производим окончательную отделку поверхности стен и потолков чистовой смесью Алинекс Финиш, затем мы прошкуриваем поверхность стены наждачной бумагой нулевкой (№0). Устанавливаем межэтажные перекрытия и перегородки из декорпанеля. После этого мы отделываем каждую комнату разными виниловыми обоями с помощью обойного клея Метилан.

5. Установка лестницы с перилами и монтаж электрического аккумулятора с подключением света во всех комнатах.

Здесь, мы установили лестницу из пенопласта, а перила из круглых деревянных палочек. Произвели монтаж двух аккумуляторных батарей на первом этаже в ванной комнате. Провели проводку во все комнаты. Подключили во всех комнатах плафоны с лампочками.




6. Отделка крыши и окраска фасада белой краской.После установки крыши из ДВП и окон на чердачном помещении, мы его красим коричневой краской. На следующий день после высыхания краски, мы обклеиваем крышу красной блестящей самоклейкой. Чтобы не задеть окна при окрашивании краской мы наклеиваем на окна изоленту, лишь затем мы окрашиваем фасад с помощью мехового валика белой краской.

7. Здесь, мы представили черновой макет будущего двухэтажного коттеджа. Вид спереди.

Вид сбоку

8. Возведение стеллы. Для того чтобы сделать стеллу, мы вырезали из ДСП нижнее и верхнее основание. Для получения легкого и прочного каркаса, по размеру основания мы отрезали алюминиевые профиля с помощью ножниц по металлу на высоту один метр. Затем, с помощью электрического шуруповерта шурупами-саморезами закрутили профиля. Также здесь, у нас была неудачная попытка чтобы с помощью электрического моторчика крутился дом. Коттедж немного крутился, но нехватило мощности мотора, он сгорел. После того, как мы закрутили алюминиевые профиля, на них мы закручиваем гипсокартон с помощью шурупов по гипсокартону. На дальнем фоне в коттедже, мы установили деревянные балконные рамы. Затем, мы их залакировали.

9. Облицовка стеллы стеновым гипсокартоном, черновая и чистовая шпаклевка. Нанесение рисунков на стеллу. После установки каркаса, мы его облицовываем стеновым гипсокартоном. Закручиваем гипсокартон электрическим шуруповертом с помощью шурупов по гипсокартону. Затем, мы выравниваем неровности гипсокартона с помощью черновой смеси Алинекс Глатт. После высыхания черновой смеси, для окончательной отделки, мы применяем чистовую отделку Алинекс Финиш. Затем, высохшую поверхность мы шкурим наждачной бумагой №0 (нулевкой). Затем, мы наносим рисунок на все 4 стороны гуашью. Для развития патртиозма и гордости за страну, за сохранение истории, мы нарисовали государственные символы из прошлого (Алтын Адам), настоящего

(Байтерек) и будущего (ЭКСПО-2017). Стеллу, мы посвятили к 10 летнему юбилею политехнического колледжа.


10. Ночной вид коттеджа. 11. Дневной вид коттеджа

12. Подключение уличного электричества. 13.Установка игрушек.

14. Окончательный вид коттеджа.


Заключение.

Макет дома или какого-либо сооружения очень полезная вещь. Он может пригодиться не только преподавателям и студентам строительных колледжей, но ещё архитекторам и людям, которые хотят наглядно увидеть, как будет выглядеть их будущий дом. Для этого конечно можно сделать общий чертёж дома, но вряд ли этого кого-то впечатлит. В отличие от чертежа, макет позволяет наглядно рассмотреть дом со всех сторон. По нему также можно определить все необходимое для постройки дома и осуществления отделочных работ и количество материалов.

Даже когда дом уже построен макет может оказаться полезным. С помощью его можно достаточно легко спланировать будущую перепланировку комнат, или создание каких-либо дополнительных сооружений.
15. Использованная литература.

1. И.В. Петрова Общая технология изготовления макета дома: Учебное пособие для студентов вузов. -М.:Аспект Пресс,2005.-144 с.


2. Л.Ф. Фролова «Как сделать макет своими руками» Издательский центр Академия 2011г

3. Н.Н Завражин «Отделочные работы: учебное пособие для нач. проф.образования» Издательский центр Академия 2009г

4. Н.М.Завражин:- Малярные работы:- М.: Высшая школа, 1988 г.

5. Е.Д.Белоусов:- Технология малярных работ:- М.: Высшая школа,1980 г.



Макеты, плакаты, диафильмы: ВШ. 1996.

6. Падуа В.З., «Архитектурный макет дома », Москва «Высшая школа», 1982 ж.

7. Макеты, плакаты, диафильмы.- М.: ВШ, 1996.

8. Горячев В.И., «Облицовочные работы», Москва «Высшая школа», 1980 ж.



9. Гницевич Е.П., «Малярные работы», Москва Стройиздат., 1990 г.


3 СЕКЦИЯ
Арқалығым- аңызым, мақтанышым
Қалижан Айтжан Нұрланқызы

Арқалық көпсалалы колледжі

«Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті

ғылыми жетекшісі: Оташев Болатбек Сабыржанұлы
Торғай, Арқалық десе ұлт көсемдері Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, туған халқының бақытын көксеген Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин, әділдікті ту еткен билер мен ел мен жерді қызғаштай қорыған батырлар ойға түседі. Арқалық қаласы орналасқан жердің байырғы аты — Қызылқозы. Кейін Арқалық атауын алған қала бүкіл Торғай жерімен бірге қалыптасу, даму, кемелдену кезеңдерін басынан өткізді.

Арқалық қаласының дүниеге келуі боксит кен орыны және бүгінгі күні есімі қала көшелерінің біріне берілген, кеңестің ірі геолог ғалымы, осы жерде боксит пен алюминий тотығы кенішін тапқан Алексей Николаевич Волковтың есімімен тығыз байланысты. 1948 жылы ол кен орынының мол қоры өнеркәсіптік түрде игеруге жарамды екендігін дәлелдеді. 1956 жылдың 20 шілдесі мен 24 тамызы күндері осы шексіз далаға алғашқы қүрылыс салушы комсомолдардың екі тобы келді.

Арқалықтың ресми туған күні ретінде Қазақ республикасы Жоғарғы Кеңесі президиумының Арқалық жүмысшылар кентін ашу туралы Қаулысы жарық көрген 1956 жылдың 23 қазаны саналады. Алғашқы қала салушылардың қыстың қытымыр суығы мен жаздың аптап ыстығын, ауыз су мен азық-түлік тапшылығын бастан өткізуіне тура келді. Қатаң табиғат қала салу туралы ниетті жоққа шығара жаздады. Мәскеуден келген арнайы комиссия өлкенің табиғат жағдайын зерттей келе, құрылыс салудың қисынсыздығы туралы шешім шығарды. Бүгінгі күні, арада осынша жыл өткенде, ол комиссияның айтқаны дұрыс болғанын, жаңа қаланы өзен жағасына салып, жұмысшыларды кенішке вахталық тәсілмен апарып тұрған әлдеқайда қолайлы болғанын мойындауға тура келеді, бірақ Бірақ ол кезде «табиғатты бас идіруге» ынталылар шенеуніктерді құрылыс жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне сендірді. Сөйтіп, 1957 жылы Кеңестер одағының мемлекеттік экономикалық комиссиясы Торғай кеніші құрылысының жоспарын бекітті.

Осы жылы экскаваторшы Михаил Демченко руданың алғашқы шөмішін жер бетіне шығарды. Кейін Социалистік Еңбек Ері М.Демченконың есімі қала көшелерінің біріне берілді, ал сол тарихи шөміш пен боксит кенінің алғашқы шойтасы Дала өлкесі тарихының мұражайы алдындағы алаңда қойылды.

Болашақ қала біртіндеп өсіп, бой көтере бастады. 1963 жылы Арқалық өзі аттас ауданның орталығы атанды. Ал 1970 жылы оған жаңа құрылған Торғай облысының орталығы мәртебесі берілгеннен кейін қала тез дамып, құлашын кеңге жая бастады. Тың эпопеясының екінші кезеңінің басталуы қала тағдырына өз үлесін қосты. Бұл мәселеде басты рөлді Амангелді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Оразалы Қозыбаев атқарды.

Оның мәскеулік «Правда» газетіне жолдаған ашық хаты Торғай жеріңдегі тың және тыңайған жерлерді игеруге бастау болды. Өзінің «Торғай шақырады» атты хатында ол ежелгі Торғай даласын игерудің қажеттігін негіздей отырып, дәлелдеп берді. Бұрын бұл жерде астық өсіруге болмайды деген пікір қалыптасқан еді. Кейін О. Қозыбаев Арқалық ауданын басқарып, оның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Осы еңбегі үшін ол Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталып, оның есімі Арқалық қаласының орталық көшелерінің біріне берілді.

Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары Арқалық тарихына қаланың гүлдену кезеңі болып енді. Сексенінші жылдардың соңына қарай қазіргі заманғы тоғызыншы шағын ауданы салынды. Қала тұрғындары саны 70 мың адамға жетті. Ол жылдары еңестер одағығарыш игеруде үлкен табыстарға жетіп жатты. Арқалық елдің ғарыш айлағына айналды. Бұл жерде ең қуатты ғарыш кемелерін қадағалау стансасы жұмыс істеді. Барлық ғарышкерлер дерлік Торғай жеріне келіп қонатын, олардың көпшілігі Арқалық қаласының Құрметті азаматтары атанды.

Тоқсаныншы жылдардың ортасы қала үшін құлдырау кезеңі болды. Облыс орталығы мәртебесінен айрылу, елдегі жалпы әлеуметтік- экономикалық күйзеліс көптеген кәіспорындар мен мекемелердің жабылуына алып келді. Кеңес кезінде қалыптастан «алдымен қиындықтар тудырып, кейін оны өжеттікпен жеңіп шығу» әдеті кері ықпалын тигізбей қоймады. Дағдарыс жұмыссыздықты туғызды. Халықтың үдере көшуі салдарынан жаңа мыңжылдық басында қалада бұрынғы тұрғындардың жартысынан да азы қалды. 2001 жылы қала оңтайластыру үдерісін басынан өткерді. Қала шетіндегі жартылай босап қалған шағын аудандардың тұрғындары қала басшылығы жариялаған көш барысында орталыққа көшіп, осындағы бос тұрған пәтерлерге қоныстанды. Шет жақтағы алтыншы шағын ауданның бір бөлігі, жетінші және тоғызыншы шағын аудандар толығымен қаңырап бос қалды.

«Ежелгі шумерлердің отаны дәл осы Торғай даласы болып жүр­месін», деп сауал тастайды белгілі журналист Төреғали Тәшенов. «Табиғи тарих» атты ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) XVІІІ ғасырда-ақ мынадай теория айтып кетіпті: «Бұл атты (шумерлерді айтып отыр) алып жүруге лайықты халық» есте жоқ ескі заманда Каспий теңізінен шығысқа таман дүниеге келген. Бұл халық «ғылым мен өнерді, басқа да адамзатқа пайдалы нәрселерді өркендеткені үшін біздің тарапымыздан аса үлкен құрметке лайық. Кейіннен бұл жұмақ өркениетті жабайы­лар келіп қиратқан», -деп жазады Леклерк. Жүз жылдан кейін бұл пікірді Ежелгі Шығысты зерттеушілер де қолдапқуаттаған. Орыс офицері Николай Рычков 1768-1774 жылдары Торғайда экспедицияда болғанда, «Қараторғай өзені бойынан ежелгі арық-каналдардың арналарын, тас пен кірпіштен қаланған алып қорғандардың қалдығын көргенін» өзінің «Жазбаларында» суреттеп кеткен. Осы капитан Рычков қатысқан экспедицияны Екатерина патшайымның арнайы шақыртуы мен келген неміс оқымыстысы, академик Петр Симон Паллас басқарған. Экспедиция аяқталған соң, Паллас Орталық Азияны адамзат дауының ошағы деп есептейтінін жария еткен.

Арқалықтың қазіргі жағдайына тоқталсам.

Арқалық – Шұбаркөл бағытындағы теміржол Арқалық қала­сының төңірегіндегі өмірді бұрынғыдан жандандырды. Жол пайдалануға берілгелі жүздің сыртында адам оның бойынан тұрақты жұмысын тапты. Жалғызтал стансасында 20 адам жұмысқа тұрды. Теміржол желісінің салынуы Арқалық қаласын тұйықтан шығарды. Қалаға бұрын теміржол кірмегендіктен тауар тасымалы туралы түсінік болмайтын. Ал нарық кезінде тасымалсыз экономика алға баспайтыны белгілі. Қазір Арқалық қаласынан тиелген жүк.

Қазақстанның қай шалғайына болса да жетеді, одан да әрі жіберуге мүмкіндік туды. Теміржол арқалықтықтардың жүріп-тұруына да қолайлылық әкелді. Арқалық, Жалғызтал, Терісаққан, Майбұлақ, Нұрдала, Дорожный, Шұбаркөл стансаларына тоқтайтын № 812И пойызы күнара жүреді.

Әрине, үй салынбаса қала да өспес еді. Осындағы «Алюминстрой» ЖШС өз қаражатына алдыңғы жылы 60 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берген еді, енді биыл да 63 отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр.

«Қазақстан темір жолы» АҚ өз қызметкерлеріне арнап қаладан 45 пәтерлі бір үй және қалаға қарасты Жалғызтал ауылында екі пәтерлі екі үй салып берді. Сонымен қатар, «АБС-Жаркөл» ЖШС қала ортасында 24 пәтерлі тұрғын үйді сауда-кеңсе және тұрғын жайларға арнап күрделі жөндеуден өткізіп, биыл пайдалануға бермек. Мұнымен қоса қазір қала тұрғындарының жер телімдерін алып, өз қаражатына салған үйлерінің қатары көбейген. Бұл қаланың экономикалық жағынан еңсесін көтеріп келе жатқандығының, тұрғындар сенімділігінің артқанын білдіреді. Мысалы, 2014 жылы 1200 шаршы метр тұрғын үй, ал 2015 жылы 2329 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жетілдіру жұмыстары жүргізіліп келеді. 30 көп қабатты үй кондоминиумге тіркелді, тағы да 27 көп қабатты үйдің құжаттары тіркеуге әзірленуде.



Қаланың ортасында бос қалған ғимараттар кейін жөнделіп, пайдалануға берілді. Ал қаланың шетіндегі тұтас шағын ауданды қалпына келтірудің қаржылай және әлеуметтік жағынан да маңызы болған жоқ. Қаңырап қаңқасы қалған үйлер қаланың көркін де бұзады және қылмыстық оқиғалардың да орнына айналады. Сондықтан оларды бұзып, сырып тастап, орнын көріктендіріп жатыр. Бұл жұмыс 2014-2015 жылдары орындалды. Республикалық бюджеттен бөлінген 893 млн. теңгеге 117 көп қабатты жарамсыз үй бұзылды. Биыл экономикалық қиындықтарға қарамай, Арқалықтағы қазақ жасөспірімдер театрын, мектепті күрделі жөндеуден өткізуде. Жалпы алғанда, Арқалық алдағы кезде дами береді.

Қазақстанның дамуы ,ең әуелі, өңірлердің әлеуетіне байланысты. Талай қиын кезеңдерді басынан өткізіп отырған қалалардың бірі – Арқалық. Ең ауыр жылдарды артта қалдырғаннан кейін Арқалық бірте-бірте еңсесін көтеріп, қайта жаңғыра бастады. Міне, бүгін бұл өңірге алпыс жыл толып отыр. Чехия астанасы Прага қаласында Арқалық көшесі бар. Бұл көшенің атауы Қазақстан солтүстігіндегі Арқалық қаласының құрметіне қойылған.



Қазақстанның Арқалық қаласының құрметіне аталған көше 1970 жылдары салынған. Бұл – Арқалықтың дүние жүзіне дүркіреп тұрған кезі еді. Чехия астанасы Прага қаласының оңтүстік тұсында Аркалыцка көшесінің жанында Байконурска және Космицка көшелері де бар. Сырт көзге бұлар қатардағы чех көшелерінен аумайды: қызыл қыш черепицаларымен жабылған үйлердің кейбір терезелерінен үлкен-үлкен гүлдер салбырап тұр. Көше қиылыстарында кезегін күтіп тұрған кілең «Шкода» машиналары. Арқалық және Байқоңыр көшелері қатар тұр. Екі «таза қазақ көшесінің» маңында Космицка деген көше тағы бар.

Ақындар жырға қосқан Арқалықтың ақ таңы арайлап атуда. Болашаққа сеніммен көз тастаған шағын шаһардың шабытты шағы бұл.
Пайдалынылған әдебиеттер:

1. Арқалық қаласы әкімінің интернет-ресурсы

2. ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны

3. Қазақ энциклопедиясы I том

4. Арқалық қаласы әкімнің интернет-ресурсы

5. http://arkalyk-kostanay.kz/kaz/tabigat_kaz 6. http://arkalyk-kostanay.kz/kaz/economic_maman

7. «Қостанай таңы» газеті

8. «Арқалық хабары» газеті

9. «Торғай» газеті

Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы

Кошкимбаева Арайлым Мураткызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейнгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Каппасова Шамшырак Еркиновна
Ахмет Байтұрсынұлы 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шолақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер білімді тұлғаның бірі болған Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясында (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.

Ақынның алғашқы өлеңдері "Қырық мысал" атты аударма жинагында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарда да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларды алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп 24 таңба тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

«Өнер алды – қызыл тіл» - деп мақалдап өткен қазақ ақындары мен жазушылары осы күнге дейін қазақ поэззиясында биік орын алады. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтан жарық, таным, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алдының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын озып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой – сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз – ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени – әлеуметтік болмысын көтеру үшін өызмет еткен.

Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген Қазақ тіліндегі әліпби осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі ақыны жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа шамшырақ екенің дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына сауатын ашуға көмек көрсеткен. Бұрыңғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды на тіліндегі асыл, ұттқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гаухардай асыл сөздері мен тәлім-тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі-бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе? Қазақ тілін әсем сөздермен әшекелей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударған.

Ахмет Байтұрсынов Крылов мысалындағы тоғыз жолдың негізгі бөліміндегі ойды сегіз жолдық алғашқы екі шумаққа сыйғызып, өз жанынан бір шумақ қосқан және де ой салмағы осы жолдарда жатыр:

Оншама ол жүк артық ауыр емес,

Құр сыртынан пәлеңдеу темір емес,

Жүк бірақ әлі кунге орнында тұр,

Біріңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

Крылов жүктің қозғалмауың олардың іс-қимылын көрсетумен ғана білдірсе, Ахмет «Біріңғай тартпаған соң бәрі тегіс» деп қадай айтып, себеп-салдарына оқырманның назарын аударуға күш салады. Содаң соң барып бұдан шығар қорытынды – моральді соңғы шумақта оқырманға өзіндік көзқарасынан айқындап отырып, былай жеткізеді:

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.

Бірінің айтқанына бірін көңбес,

Істеген ынтымақсыз ісің болмас. -деп, елді тұтастыққа, ынтымақ туының астына, шақырады. Осы соңғы шумақтан басты идея айқындала түседі.

Ахмет Байтұрсыновтың қолынан шыққан «Жоқтау», «Ер Сайын», сынды зерттеу кітаптары ежелгі әдеби мұралары ұлттық мүдде орайында танудың үздік үлгісі.

Білім пірінің сонау 1895 жылы жариялатқан қазақ халқының ырым-нанымдары мен мақал-мәтелдері туралы тырнақалды зерттеуі күні бүгінге дейін рухани құндылығын сақтап қалды. «Әліпби», «Тіл туралы», «Маса», «Әдебиет танытқыш» кітаптары мен мәдени мұралар туралы, білім беру мен оқу ісінің әдіс-амалдары жайлы шығармалары Қазақ елінің қазіргі рухани тәуелсіздігін нығайтуға тікелей негіз болып отыр. Бүгінгі білім беру ағарту, мәдениет саласындағы ұланғайыр істердің бастау көзі де, бойын түзер жұлын омыртқасы да «Ахмет Байтұрсынов» дүние танымы.

Ойшыл ағартушының ақындық мектебі, аудармашылық қызметі әдебиетті көркемдік шеберлік тұлғасынан да, интелектуалдық өре мен қаламгерлік мәдениет орайында байытты. Ән, музыка өнері мен этникалық мәдениетті саралаудағы қапысыз таза талғамы, этнологиялық бай білімі, әншілігі мен домбырашылық қабілеті ғалымда өз заманының озық мәдениетті тұлғасы ретінде танытты Ұлттық мақсаты барынша айқын, көптаралымды ірі басылым «Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы, бас редакторы, Алаштың ардақты қайраткерінің бұл реттегі қызметі жөніндегі сандарлы баға әлі де айтылары анық.

Ақын философия, ғылымдарының докторы, профессор Асқар Елеубай былай деген: «Қазақ әлеміндегі заманауи құбылыс - Ахмет Байтұрсынов дара тұлғасын тану, талантты мұраларын ел игілігіне жарату ісі енді ғана бастау алды. Еліміз тәуелсіздік алған аз уақытта бұл мақсатта көп істер, шаралар атқарылды. Шығармалары көп ғылыми зерттеулер жарияланды, бұғаудағы сөзі, бодандықтағы мұрасы бостандық алды. Әйтсе де, тарихи танымның, білім қызметінің уақытпен бірге есейіп, уақытпен бірге даритын қадір-қасиеті бар. Қоғам қайраткерлерінің әдеби-тарихи мұрасын кәсіби біліктілікпен сіңіру, оның білімді, мәдениетті, қоғамдық ойды дамытудағы қазыналы мұрасы мен қаламгерлік дәстүрін қазіргі ұрпақтың, мамандардың танып білуі ағартушылық қызметінің ұстамды өзегі ретінде ұстануы алдағы күндердің аңсарлы да қуанышты еншісі. Алыпты тану үшін уақыт керек» - деген.

Сөз өнерінің дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғасырлардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына ілінген. Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмола, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Шернияз т.б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

Мұхтар Әуезов баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахан түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып уйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де, тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрі бір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлттын сүйген ұлтжанды Ахан, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.

Қорыта айтқанда өз ұлтының енжарлығы мен жалұаулығы, өнер – білім іздеп сілкінбеуімен күрескен Ахмет Байтұрсынұлы ХХ – ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде ұлт-азатшыл бағытты бастаған төл позициясында аударма арқылы насихаттаған ойларын айқындай түсіп, өршіл де, төңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар туғызады.

Ахмет Байтұрсынұлы поэззиясы азатшылдық рухымен дараланады. Ол ақын ретінде қазақ поэззиясына күресшілдік сарын әкеліп, азаттық жырдың озық үлгісін ашты. Оның өлендерінің ұлт-азатшыл рухы – мәңгі жоғалмас ақындық үлгі болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өмірбаян» энциклопедия.

2. А. Байтұрсынов Алматы «Жалын» 1991 ж.

3. Ахмет Байтұрсынұлы Атамұра 2006 ж.

4. «Торғай таңы» газет №12 2007 ж.

5. «Аңыз адам» журналы №5 2010 ж.



Туған жерім-Ұлы Даланың тарихи бір бөлшегі
Балтабай Гүлдерай Бақытжанқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының ІІІ курс студенті

ғылыми жетекшісі: Молдагулова Шолпан Ихсановна
"Қазақ тарихы - ешкімнен ұялмайтын тарих, үнемі

бірігу, тұтастану тарихы. Біз- Ұлы Даланың перзентіміз!"

Н.Ә. Назарбаев
Қазақ жері - Сақ, Ғұн заманынан бері алтыннан сарай салған, хандары алтын тақта отырған, әлемді ауызына қаратқан, жиырма мемлекет дәурен сүрген Ұлы Дала.

Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ. Аңсаған арман жолында қаншама қан төгіліп, жазықсыз жандар құрбан болды. Ел қамын жеген ерлеріміз жарқын болашақ үшін жандарын пида етті. Отарлық қамытынан, тәуелділік бұғауынан шығу халқымыз үшін оңайға түскен жоқ. Біз төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың "Мәңгілік ел" мұратын қайта рухтандырдық, тәуелсіздікпен бірге ұлтымыз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғыртты. Алаштың айбыны асып, күні сөнгенше азат болды. Біз осылайша тарихта есесі кеткен еңсегей елдің еңсесін тіктедік. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақ та енді үлкен ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек" деп жүріп"

Мемлекетіміздің діңгегі - қазақ халқы. Ел де, жер де қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында» деп кемелдендіре жүріп, «Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» деп талпындыра жүріп бүгінгі толқынды жаңа отаншылдық рухта шыңдады, ұлттық дәстүрге құрметпен қарайтын, қазіргі ұшқыр заманды әлемдік биіктен танитын деңгейге көтерді.

Бұл ұлы рухани жеңіс еді. Туған елінің ізгілігін бойына сіңірген, шын мәніндегі ұлт перзентінің тарихи жеңісі болатын.

Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттерімен тереземіз тең жағдайда қарым-қатынас жасау мүмкіндігіміздің барлығының да бастауы- біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде. Тәуелсіздік- біздің ең басты құндылығымыз. Сондықтан да әрбір қазақ осыны түсініп, қадірлей, көздің қарашығындай сақтай алатындай санада болуымыз қажет. Тәуелсіз, дербес мемлекет құру кезеңінің өзі қазір тарихтың үлесіне көшіп барады. Тәуелсіз мемлекет құру ісі мен Президент қызметі қатар жүретін егіз ұғым. Бізді мемлекет құру ісінде көңілге қонымды, рухани санамызды қуаттандыратын шараларымыз баршылық. Ол туралы белгілі дәрежеде айтылып та, жазылып та жүр. Мемлекеттігіміздің тарихында бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, армандап, қол жеткізе алмай шерменде кеткені анық. Мемлекеттік дәрежеге біздің бүгінгі ұрпақ қол жеткізу бақытына ие болдық. Ондаған, жүздеген жылдарда бұрын - соңды болмаған ғажайып өзгеріс, құбылыстар бірнеше жылдар аралығында жасалып, ел игілігіне айналды. [1]

Ең алдымен, бабаларымыз егемен еліміз тәуелсіздік алғанда еншімізде ұлан-байтақ жер қалды. Бірақ әлемдегі тоғызыншы территория саналатын қазақ даласы ешбір халықаралық құжатпен рәсімделмей, ашық-шашық жатқан еді. Біз осы бір аса күрделі әрі шетін мәселені сәтімен шешіп, Ресей мен Қытай бастаған барлық көршілерімізбен арадағы жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын шекарамызды халықаралық құжаттармен рәсімдеп, болашақ ұрпақтың алаңсыз болуы үшін біржолата әрі мәңгілікке шегендедік. Екіншіден, бізге мұраға қалған атақонысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген ажал полигондары мен жаппай қырып – жоюға арналған ядролық оқтұмсықтарға толы болды. Біз соның бәрінен елімізді де, жерімізді де азат етіп, әлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Ақыл мен парасаттың кез келген қарудан қуаттырақ болатынын дәлелдеп, жаһандық қауіпсіздікке зор үлесімізді қостық. Үшіншіден, екі жарым ғасыр патшалық Ресей мен 70 жылдан астам Кеңес Одағы құрамында болғанда қазақ халқы өз жерінде отырып-ақ азшылыққа, ал Қазақстан өз еркінен тыс 130 ұлт пен ұлыстың мекеніне айналды. [2]

Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы, мемлекет алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.

Кезінде Абылай армандаған «Есіл жағасына ел қондырсам...» деген мұратын Елбасымыз бір тудың астына жүз отыздан астам ұлт өкілдерін жиып, жүзеге асырып отыр. Сонымен қатар, өзі үшін де, өзі өнген елі үшін де сарқылмас өмір аңсағаң Қорқыт, желмаясымен желіп жүріп Алты Алашқа жерұйық іздеген Асан Қайғы, Арқа үшін алысқан, Еділ үшін шабысқан, қол астында бүкіл қазақ табысқан тегеурінді Тәуке, айбынды Абылай, құбыла көшкен байтақтың ордасындай, темір жұмсап оқ атқан қорғасындай Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай мен Қарасай, халқын еміреніп сүйіп өткен зар заманның өртіне күйіп өткен Әлихан мен Ахмет. Бәрі азаттықты аңсады. «Мәңгілік ел» еді арманы!

Қазақ халқының басына дәурен ХХІ ғасырда қайта оралды. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке жеттік. Бас – аяғы жиырма бес жылда заман, қоғам өзгеді, адам өзгерді, ой – сана өзгерді, мемлекеттігіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді әлем таныды.

Бүгін күн де қуанып, шуағын төгіп, тамылжып тұр. Бәріміз де қуаныштымыз, бақыттымыз. Тәуелсіздік алдық. Аз ғана жылда Егеменді, Елбасылы, Елордалы, Ақордалы ел болдық. Қатарға қосылдық. Есіктегі басымыз төрге шықты. Белгісіз елден беделді мемлекетке айналдық.

Тәуелсіздік орнағалы бері ел есін жиып, ата мұрасын ықтияттап, өз тарихын іздей бастады. Қазақстанның әр түпкірінен бай құндылықтарымыз, асылдарымыз алтынның сынығындай жарқылдап көріне бастады. Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шетсіз – шексіз байтақ өлкемізге терең үңіліп, түп қойнауын ақтарып, зерделеу – перзенттік парызымыз. [3]

«Қасиетті қазақ жері- ата- бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер» - дегендей Елбасымыз елін қайрап асыл еткен, жігерін жасын еткен сол заңғардың қадірін білу ұлттық парыз.

Ендігі кезекте мәңгілік еліміздің тарихи бір бөлшегі Торғайдың ен даласынан ойып орын алып тұрған құтты мекенім - Байғабыл өлкесі жайлы зор мақтанышпен сыр шертсем артық болмас. Байғабыл өңірі жайлы ел ауызында көптеген аңыз-әңгімелер кеңінен таралған. Соның бірін айта кетсем, Байғабыл атының қойылуының да өзіндік бір тарихы бар. Ертеде Торғайдың бір саласынан бастау алған Байғабыл өзенінен ешбір адам арғы бетіне өте алмаған деседі. Суы түбіне тартатын, алып өзеннің арғы жағалауына шығып өту ел-жұрттың қалауы еді. Ауылдың небір батыл ер азаматтары өзеннен өтемін деп құрбан болып кеткен. Тек «Байғабыл» есімді ержүрек батыр алып өзеннің қасиетін бағындырған екен.

Байғабыл ауылы – Аманкелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің құрамындағы елді мекен, округ орталығы. Ауылдық округ- Аманкелді ауданы аумағындағы әкімшілік бірлік болып табылады. Құрамына Байғабыл, Жаңатұрмыс, Жетібай, Көкпектікөл ауылдары кіреді. Халқының саны 0,7 мың адам. Кезінде ұжымшар, кеңшар орталығы болған.[4] Ауылда мектеп 1966 жылы орта мектепке ауысты. Бұл уақытта 24 мұғалім жұмыс істеп, 416 оқушы оқыған. Сонымен қатар клуб, аурухана, наубайхана, кітапхана тағы басқа тұрмыстық мекемелер жұмыс атқарады. Ауыл тұрғындары негізінен, мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысады. Жергілікті тұрғындары өте қонақжай, кішіпейіл, бауырмал, меймандос, жылы жүзді жандар.



Қазіргі ұлттық өнердің сирек кездесетін өкілі - Бақытжан Байқадамов қазақтың музыка өнеріне үлкен үлес қосқан тұлға. Қазіргі Байғабыл ауылы 1992 жылы «Байқадам Қаралдин атындағы шаруашылық» деп өзгертілген болатын, кейін өлкеміздің мәдениет үйіне «Бақытжан Байқадамов» есімі берілді. Қарындасы Күнімжан Байқадамова Бақытжан Байқадамовтың 1968 жылы анасымен келген шағын «Байқадамовтар әулеті» кітабында былайша суреттеген «...бірде Байғабыл деген атамыздың ауылына келдік, біздер қонаққа шақырылған үйлердің арасына көлікпен жүреміз. «Жаяу жүре салайық» десем, анам үндемейді. Тағы бірде арасы екі-үш аялдамадай-ақ қашықтықтағы бір үйге баратын болып едік, бізді апаруға тағы көлік келді. «Біз алдына отыратын болып едік, анам: - бензин иісіне шыдамаймын, - деп өзге елмен бірге көліктің тіркемесіне шығып отырды. Осы тұста жұрттың бәрі жапа тармағай, анамның жайын жасап, астына сырмақ төсеп, бәйек болды да қалды. Мұндай қошеметке таңданған көлік жүргізушісі маған бұрылып: мен бұл ауылдың тұрғыны емеспін. Осы көліктің жүргізушісі менің жолдасым еді. Ол кетіп қалғандықтан амалсыз жүргізіп келемін. Сіздерге жергілікті атқару комитеттен, аудандық комитеттен арнайы машиналар беріліп жатыр. Жұрттар «Хрушев келгендей» деп шулап жүр, расында солай ма десем, ондай үлкен шенеулікті бұл жерден байқамадым. Бұл кемпірің кім? Не үшін қалың ел қоғадай жыпырлап, бәйек болып жатыр,- дейді аң-таң болған пішінде. Мен «білмедім» деп иығымды көтеріп үнсіз отыра бердім. Осылайша ауыл адамдары қартайған шағында анамды алақандарына салып аялап, қал-қадірлерінше құрметтеп, талай жылдан көңілінде шер болып қатқан қайғысын ұмыттырғандай мәре-сәре болып, көңілін бір көтеріп тастаған еді. -Айналайын, елдің адамдары байтақ даламыз тәрізді пейілдері де кең ғой. Бір кездерде Байғабыл атанған бұл ауыл сол тұста «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхоз еді...».[5] Бұл сөздер Байғабыл тұрғындарының қонақжайлығының дәлелі десем болады.

Байғабыл топырағынан елге белгілі ірі тұлғалар шыққан. Соның бірі жазушы-журналист Ақан Шайдахметұлы Нұрманов. Сом тұлғаның елге танымал туындысы - «Құланның ажалы» романы. Жазушы романына 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Кейкі мерген Көкембайұлының өмірі арқау болған. Қазіргі таңда Байғабыл ауылындағы жалғыз қара шаңырақ орта мектепке Ақан Нұрманов есімі беріліп, ескерткіші орнатылған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург , сыншы Сәбит Досанов: «Ақан аға екеуіміз бір топырақтың- Байғабыл ауылының балаларымыз. Ол кісінің тірісінде соңынан ерген жалғыз қара мен едім. Тәрбиесін көрдім. Мен оны алдымдағы асқар тауым деп білуші едім.Оның есімі халқымен бірге жасай береді. Ақан аруағының алдында басымды иемін!»- дейді. Еліміздің танымал жазушысы Сәбит Досанов 2000 жылы Ресей Федерациясының Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығын, 2007 жылы Қырғыз Республикасының Алтын қалам” әдеби сыйлығын иеленіп, ауылымыздың абыройын асырды.



ҚР еңбек сіңірген әртісі- Ғазиза Жұмекенова да ауылымыздың мақтанышы. Арқаның ақмаралы атанған әнші бүгінде Ақмола облыстық филармониясында еңбек етіп жүр. Сахнада жүргеніне қырық жылдан асты. «Ғазиза Жұмекенова – әншінің ақиық асылы, жезтаңдайы, гәкку үндісі», – деп баға беріпті Еркеғали Рахмадиев. Бұл қанатты сөз ауыл жастарының арманына қанат бітіріп, өнерлеріне шабыт береді.

Тәуелсіздікті көрген, оның баянды, жемісті жылдарының куәсі болған біз қатарлы аға ұрпақ та бақытты. Отанымызға қолымыздан келгенше қызмет етіп келе жатқанымыз да бақыт. Осы бақытты бәрімізге сыйлап отырған- Елбасы, оның теңдесі жоқ қаһармандығы, заманынан озып туған кемеңгерлігі. Баянды болсын Ел мен Ердің бақыты! Ержеткен еліміз, еңселі еріміз аман болсын!



«Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады»,- дегім келеді. Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді деп айта аламын. Осындай туған жерімнен ұлы перзенттердің шыққанын мақтан тұтамын!
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мырзатай Жолдасбеков. Тәуелсіздік тағылымы. «Күлтегін» Астана,2012.

2. Алдан Смайыл. Тұлға. Ұлт.Тағдыр / -Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2012.

3. Қуаныш Сұлтанов. Қазақтың жаңа дәуірі. Астана-2010.

4. Таңатқан Рсаев.Торғай елі энциклопедия. Арыс. Алматы-2013.

5. Күнімжан Байқадамова. Байқадамовтар әулеті.



Арайлы Арқалығым сүйікті елім!
Жүсіпова Бақыт Сәрсенбайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»

мамандығының 3 курс студенті

ғылыми жетекші: Хасенова Зайгуль Рашитовна
Уа, дариға – алтын бесік туған жер,

Қадірінді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай пасық болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің,

Сенде тудым, сенде өстім , сенде өлсем-

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Қ.Аманжолов

Бодандық байлауындағы басқа бақ қонбасын бабаларымыз баяғыда-ақ білген. Азаттық үшін ата жауларымен жан аямай айқасқан. Соның арқасында соңындағы ұрпақтарына ұлан- ғайыр жерімізді аманатқа қалдырған. Жер мен ел, ел мен ер қашаннан тағдырлас. Жердің де адам сияқты өз тағдыры бар. Жер де адам сияқты күліп, жылап, күңірене және тебірене алады. Сенбейсіз бе? Жер – Ананың жүрегінің дүрсіліне құлақ түр, күре тамыр жолдарымен жүріп көр, мезгіл сайын сырлас. Сонда анық көз жетеді бұған. Талай қанды қырғын сойқан соғыстардан Жер – Ананың денесіне түскен тыртық аз ба? Кейде маған жер бетіндегі жыралар адамзат жасаған қылмыстан Жер – Ананың бетіне түскен қайғының терең әжімдері сияқты елестейді. Қазақ жері өзінің ұзақ тарихында не көрмеді, нелерді бастан кешпеді? Туған жердің азаттығы үшін қаншама еңіреген ерлер қыршынынан қиылды. Талай боздақ арманына жете алмай бұршақ соққан гүлдей боп ерте семді. Қандай қаһармандық десеңізші!

Туған жер мен ел әр адам үшін ең қымбат болып саналады. Сондықтан оның әр тасы мен суын сүйіп, сүйіспеншілікпен қорғап, көз қарашығымыздай сақтау біздің өз борышымыз.

Ең алдымен туған жеріміздің тарихын білу – келер ұрпақтың, яғни біздердің ең басты міндетіміз деп білемін. Өйткені тарихты білмей болашақты болжау мүмкін емес.

Қала – мың жолдың торабы,

Мәңгілік өзінде сақтаған.

Қала – көненің куәсі,

Болашақты бүгіннен бастаған – дегендей Арқалық қаласы орналасқан жердің байырғы аты – Қызылқозы (1951 жылға дейін осылай аталған). Қызылқозы жер атауының Арқалықпен алмасуы арасында қаншама батқан күн, атқан таң, шеккен бейнет, төгілген тер жатқанын бүгінгі ұрпақтың білгені жөн.Қызылқозы деп аталуының өзі ерекше.

Ерте, ерте, ертеде бір ауыл шетінде қойшы қой бағып жүрсе керек. Бірде қойларын бағып жүріп, қозыларының қып-қызыл шаңға малынып келетінін байқапты. Топырақ неге қызыл болды екен деп таңқалған қойшы жерден шыққан қызыл құмды көріп түсінеді. Кейін адамдар келіп, жерді қазып, шыққан құмды (бокситті)керекті жерлерге вагонмен жеткізіп отырған. Бокситтен альюмен алып, ыдыстар жасап шығарған. Содан бері сол жерге үлкен қала салынып, оны «Қызылқозы» деп атаған. Кейін өзгертіп, «Арқалық» деп ауыстырылған. Арқалық қаласы — Орталық Қазақстандағы қала. Ол бұрынырақ Торғай облысының орталығы болған. Қазіргі кезде ол Қостанай облысы Арқалық ауданының орталығы. Қаланың негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие болды. 1972 жылы Арқалықтың көптеген тұрғындарының үйлерінде көгілдір эран арқылы теледидардан хабарлар көре бастады. 1973 жылы тамызынан бастапАқмоланың мемлекеттік жоспарлау институтының жобасы бойынша Арқалық қаласын көгалдандыру және қаланың алаңдарының жағалауларына демалыс орындарын белгілеп, олардың қазіргі қала деңгейіне сай етіп, бүкіл қала халқының демалатын жеріне айналдыруды қамтамасыз ету жұмыстары қызу қолға алынған болатын.

Ең алғаш 1977 жылы сәулетті де биік 10 қабатты тұрғын үй салынды. Оның астында сұлу «Рубин» дүкені ашылды. Ал 1980-1990 жылдар қалаларды сәулетті зәулім «Ажар», қонақ үйі «Арқалық», «Автовокзал», «Әкімшілік мекемесі», «Құс» фабрикасы, «Мектептер», «Горняк», мәдениет ошақтары, бүлдіршіндерге арналып «Ақбота», «Алпамыс», «Раушан», т.б балабақшалар әсем, сәнді ғимараттармен толықтырылды.

Арқалық қаласының дүниеге келуі боксит пен алюминий тотығы кенішінің табылуымен тығыз байланысты. Әлемдегі ең әдемі, сұлу қалалардың бірі – Арқалықтың жақында 60 жылдығы аталып өтілді. Көшелер мен аулалардың тазалығы, автокөлік жолдарын жөнге келтіру жұмыстары, жалпы, қала келбетін ажарландыру былтыр қолға алынған. Мерейтойға арналып жаңа ғимараттар бой көтерді.Арқалық қаласынан облыс орталығы Қостанай қаласына дейінгі қашықтық — 480 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық — 670 км. Тұрғындарының саны 2006 жылы 42 мың адамға жетті (соның ішінде — қаланың өзінде тұратын 26 мың адам, қалалық аймаққа кіретін 14 ауыл және 3 ауылдықтардың төңірегіндегі 16 мың адам). Боксит – Арқалықтың символы. Тау мен тасты кезіп, жер байлықтарын зерттеген кеншілердің еңбегі ұшан-теңіз. Кеніш басқармасы Арқалықтың алғашқы қазығы қағылған күннен бастап қала құрушы кәсіпорын болып келеді. Ұжым 2 млрд 700 млн теңгенің өнімін шығарады. Жетекші қала құрушы ірі кәсіпорын – «Қазақстан Алюминиі» АҚ филиалының Торғай боксит кен басқармасы кәсіпорны. Кәсіпорын бокситтерді және отқа төзімді саз балшық өндірумен айналысады. Павлодар алюминий зауытына боксит, Ресейге отқа төзімді саз балшық шикізаттарын жеткізеді. Міне, біздің байлығымыз.

Аға ұрпақтың маңдай терімен, қажырлы қайратымен тұрғызылған туған қаламыз туралы әркез сүйіспеншілікпен, зор мақтаныш сезіммен айтуға болады.

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат, - деп халық даналығында айтылғандай туып өскен жеріміз Торғай жері – Арқалық біз үшін соншалықты бағалы, соншалықты қадірлі. Қойнауы жүрек тебірентер мол сырға тұнған туған өлкеге әлемнің ешбір кереметін де тең санамаймыз.60 жылдықты мерекелеу елге еңбегі сіңген кеншілерді марапаттау рәсімімен басталды. Алдымен, жиылған жұрт өңірдің өткен белестерін бедерлеген көркем фильмді тамашалады. Кеңестің ірі геолог ғалымы Алексей Волковтың, руданың алғашқы шөмішін жер бетіне шығарған экскаваторшы Михаил Демченконың, тың игеру жылдарында үлкен еңбек еткен Оразалы Қозыбаевтың өмір жолдары туралы мағлұмат берілді.

Осыдан 60 жыл бұрын Арқадағы сайын далада Арқалық қаласының қазығы қағылған еді. Бұл атаулы күнді арқалықтықтар биыл күзде атап өтпек. Жарты ғасырдан астам кезеңде қала уақыттың көптеген өзгерістерін бастан кешті. Қазір Арқалық қайта түлеп келеді. Ол ауқымды жұмыстардың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Қайрат ӘБІШЕВ газет тілшісіне әңгімелеп берді.

Қазақстанның дамуы ,ең әуелі, өңірлердің әлеуетіне байланысты. Талай қиын кезеңдерді басынан өткізіп отырған қалалардың бірі – Арқалық. Ең ауыр жылдарды артта қалдырғаннан кейін Арқалық бірте-бірте еңсесін көтеріп, қайта жаңғыра бастады. Міне, бүгін бұл өңірге алпыс жыл толып отыр. Баршаларыңызды осынау айтулы күнмен құттықтаймын. Қала көркейе берсін!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті,

2. Арқалық қаласының тарихи шежіресі,

3. Сәбит Досанов «Жер тағдыры»,



Туған жердің – тарихи негіздері
Әлімгерей Гүлдерайым Ерханқызы

Арқалық медицина колледжі» МКҚК

«Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Алимгазина К.Ш.
Ұлан-байтақ қазақ жерінің даласында қаншама жер-су аттары кездеседі. Олардың аттарының әр қайсысының өзіндік мән-мағынасы, шығу тарихы, көпшілікке беймәлім сыр құпиясы бар. Әрбір адам дүниежүзіндегі, өз еліндегі, туған облысы, ауданындағы, туған қаласындағы жеке географиялық атаулардың, тіптен, көше, алаңдардың, өзен, көл, жоталардың аталу себептерін біле бермейді.Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді. Ономастика немесе ономасиология көне гректің онота «есім, ат» (адамның аты, аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі объектілердің аты, аспан әлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің, галактика топтарының аттары болуы да мүмкін) «ұғым» сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген сөзі. Ономастика сөзінің өзін қазіргі қазақ тілінде айтатын болсақ, мейлі ол абстракциялы ұғым ретінде болсын, мейлі жалқы есімдер жүйесі тұрғысында болсын- «атаулар ілімі» немесе тіпті, бір ақ сөзбен «атаулар» деп те айтуға болар еді. Бірақ қазақ тілінде жарық көріп жүрген баспасөз нұсқалары оны жалқы есімдер туралы ілімді қолдайды. Жалқы есімдер дегеніміз, ономастика тұрғысынан айтқанда, біреуді біреуден айыру үшін немесе бір объектіні екінші объектіден дара үшін солардың әрқайсысына жеке дара тағылған белгілер немесе атаулар. Көп жағдайда ол лингвистикалық деректермен бірге география, этнография, тарих т.б. ғылым деректерін мол пайдаланады.Топонимика, ғалым А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, ономастиканың кесек бір бөлігі. Ономастика ілімін біріне-бірі жалғас, ара жігі іліктес ірі-ірі үш салаға бөлуге болады.

- Топонимика-жер бетіндегі объектілердің тілдікқұрамын, мән-мағыналарын қарастыратын ілім.

- Антропонимика-адам аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім.

- Этнонимика-ру, тайпалардың тарихын, құралу, ыдырау үрдістерін қарастыратын ілім.

Қазақстан аймағындағы топонимдер сонымен екі үлкен топқа бөлінеді: Макротопонимдер, микротопонимдер. Бұл макротопоним және микротопоним терминдерін кеңестік тіл білімінде алғаш рет А.В.Суперанская және Э.М.Мурзаев қолдаған. Макротопонимдер гректің «үлкен, ірі» деген сөзінен шыққан. Микротопонимдер гректің «микро-кіші» деген сөзінен шыққан.Қостанай қаласы 1883 жылы құрылған. Бұл қазақша «қос-екі, тана-ру» осы жерлерде қазақтың екі руының тұруына байланысты болуы мүмкін деген жорамал бар. Торғай үстірті. Үстірт бойында Торғай өзені ағып өтетін Торғай қолаты жатыр. Торғай өзенінің атауы түркінің «тор-дара»деген сөзіне жұрнақ-ғай қосылған.

Балабөгет:

Ертеректе ауылдық жерді тасқын судан қорғау және шабындыққа су жіберу мақсатында мектеп оқушыларының көмегімен салынған. Ауыл ақсақалы Төленов Ғалымжан атаның айтуынша оқушылар қапқа құм салып оны қалап жасаған. Бүгінде бөгет бұзылмай қалпын жоғалтпаған. Сондықтан халық бұл жерді «Балабөгет» деп атап кеткен.

Күмісбай әулие:

Жылқайдар руынан шыққан. Қоңыраулы бойынан осы құмкешуге келіп Қарамойын Елғон биді паналаған. Сол жерде қайтыс болған. Қайтарда «денемді келешекте мешіт салынады сол жерге көшіріңдер» деп өсиет айтқан. Арада 18 жыл өткенде Құлкей Қажы (Қарамойын) мешіт жанына қайта жерлеген. Денесі бұзылмаған.

Жанқара:


Құмкешуден үш шақырым шығысқа қарай. Осы жерде сұпы там болған. Сырттан келген жолаушыға «сен судан өтпе үш күннен бері су «Жанқара-Жанқара» деп шақырып жатыр! Десе қрия сөзін тыңдамай суға кеткен. Көп уақыттан кейін судан денесі шыққан. Троицкіге қалыңдығына кетіп бара жатқан дәулетті азамат болса керек. Қымбат заттарын тамның жанына қоса көмген.

Құлкей қажы:

Осы жерде мешіт болған. Қабырғасы төбесін жапқан ағаштары тұр. Құлкейге шикі кесектен күмбезді үлкен кесене салған. Бұрынғы совхоз кезінде ұлты дағыстан бір азамат кірпішін құрылысқа пайдалану мақсатында мешітті бұзуды бастағанда ауырып еліне кетіп қайтып оралмаған. Сол кезден бастап мешітке ешкім қолын тигізбеген.

Тобылғы түбек:

Құмкешуден 7 шақырым Торғай өзені бойында үлкен қорымда руы Баянтаңат Баймағанбет әулие жатыр. Әулие туралы халық аузында дерек көп. Осы жердің тобылғысының қалыңдығынан атты адам көрінбейді. Сондықтан халық жердің атын «Тобылғы түбек» деп атап кеткен.

Мұхамбетжан:

Игісін ұста. Халық Тобаяқ деп атап кеткен. Асқан шебер ұста адам болған. Тобаяқтың Мұхамбетжаны қоныс орны Құмкешуден 2 шақырым Айтбай ауылына қарай Тоқанай өзені бойында. Үзілген ДТ-54 тракторының иінді валын қыздырып біріне-бірін бекітіп тракторды жүргізген. Қонақтарына бір шай үстінде пышақ, сақина соғып берген.

Қызыл там:

Өтегеннің төрт құлақты айшықты қызыл тамы. Құмкешудің арғы бетінде 4-5 шақырым жерде. Өте сәнді әшекейлі там. Руы Сазан болуы керек.

Даудың обасы:

Сары Қошқар батырдың обасы Құмкешуден 15, Айтбай ауылынан 6 шақырым оңтүстік-батысқа қарай. Торғай-Тоқанай өзені арасында үлкен оба тұрғызылған. Денесі сол жерде. Кейінде ұрпақтары ескерткіш тақта орнатты. Сол жерге Мырқали деген азамат әкесі Қожанға қызыл кірпіштен там орнатқан. Дау атын өшіріп, Қожан атын шығарамын деп. Тамды салып болғаннан кейін алапат дауыл тұрып жаңа салынған тамды тас-талқан етіп ұшырып әкеткен. Кесектері 6шақырым жердегі Айтбай ауылына дейін жеткен деген ел арасында аңыз бар.

Құстөбе:


Құмкешуден 7 шақырым. Халық аузында «Құстөбе», Қыш төбе», «Зер тас» деген атаулар бар. Аң-құс көп жиналатын Қабырға мен Торғай өзені арасындағы «Тентек» өзені бойындағы сулы шабындықты алқап.

Құстөбе-құстың орда байтағы екен,

Қалың ел мадақтасып айтады екен.

Қызығып Көкшетаудан қазбауыр бұлт,

Бір сүйіп Құстөбені қайтады екен.

Көргенде кейде барып Құстөбені,

Бойыма ол ерекше күш береді.

Сағынып бауыр басқан сары белін

Көктемде салып ұрып құс келеді.

Тұрамын құстөбенің белесінде,

Бұлттарға бой созамын теңесуге.

Осынша мені көкке биіктеткен

Тұрады әрдайым да ел есімде. (Б.Молдашев)

Атақты тұлпарлар Көкшағыр мен Қайқы торы осы жерден шыққан. Ақын Байдақ Молдашевтың бұл туралы поэмасы бар. Әрі осы құстөбеде ескерткіш тақта бар.

Әли арық:

Құстөбеден Қарабидайыққа дейін қолдан қазылған арық. 20-30шы жылдары тартылған. Кеңдігі сондай ішінде машина түсіп жүре алады. Ұзындығы 6-7 шақырым. Осы тегіс алқапқа алғашқыда тары еккен. Әли арық атауы Әліби Жанкелдиннің құрметіне қойылған. Бұл туралы Байдақ Молдашевтың мына өлең жолдарынан дерек келтіруге болады.

Жұлдыздай жалтылдайды отты жылдар,

Тер сүртіп маңдайларын өпті самал.

Бас арық бітер күні сол ауылға,

Жанкелдин келеді-деген жетті хабар.

Ей, жұртым, ие болдың жерге, міне,

Әлидің қуанамыз келгеніне.

Ол бізге астық алып келе жатыр,

Біз оның не сыйлаймыз еңбегіне?

Деп Молдаш елге қарап тұрып қалды,

Көп ойлар Әлиге айтар сұрыпталды.

-Е, бәсе, не сыйлаймыз?-деп халайық,

Еске алды ата жолы-ғұрыптарды.

Сөз алды Уәли, Мұрат, ата кілең,

Құттықтап келе жатқан сапарымен.

-Айтайық қазып жатқан осы арықты

Әліби Жанкелдиннің атағымен. (Б.Молдашев)

Бұл арықты ұйымдастырып басқарған Молдаш Құдабаев.

Саумалкөл:

Құмкешуден 18 шақырым слтүстікке қарай. Ауыл ақсақалы көп жыл осы жерде қой баққан Төленов Ғалымжан атаның айтуы бойынша көлдің жағасынан 8-9 метр суы ащы болып келеді де, әрі қарай тұщып дәмі саумал татып тұрады. Сондықтан «Саумалкөл» деп атаған.

Итжантүбек:

Құмкешу ауылынан 4-5 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай. Бұл жерді руы Қайыберлі Итжан деген кісі нағашыларынан жиенқұрыққа алған деген ел аузында әңгімелер бар.

Әулиетұз:

Құмкешуден 18, көтерме жолдан 5 шақырым батысқа қарай. Тұз ойпатта. Жағалай қара батпақ жоғарғы жиегінен тұщы су ағады. Емдік қасиеті бар. 80-ші жылдары зерттеп, емдік санаторий ашу жоспарланып сметасы жасалған.

Күнтүбай:

Құмкешу ауылынан 2 шақырым солтүстікке қарай.

Елғон: Құмкешу ауылынан 2-3 шақырым оңтүстікке қарай.

Ел аузындағы әңгімелерге сүйенсек ертеректе Құмкешу жерінде ешқандай ел болмай бос жатқан кезде ел кезіп жүрген руы Қарамойын Елғон мен Күнтүбай осы жерді көріп табиғатының малға жайлылығына көз жеткізеді. Елдеріне барған соң ағайын жұртына осы жаққа қоныс аударуға кеңес береді. Жылы жерін суытқысы келмеген ағайындары айтқан сөздеріне келісім бермейді. Елғон мен Күнтүбай өздері екі үй болып Құмкешу жеріне қоныс аударады. Артта қалған ағайындары бір-екі жылдан кейін жағдайларын білмек болып іздеп келгенде екеуінің де төрт түліктері көбейіп жағжайларының жақсарғанын көреді. Содан кейін ағайындары бірте-бірте қоныс аудара бастаған екен. Қазір екеуінің алғаш қоныс тепкен жерлері осы кісілердің атымен аталады.

Туған өлке табиғатын аялау кең жазық, жасыл даланың әсемдігін сақтауға, сүюге үйрену, ата-баба мұраларының табиғатпен байланысын ұғыну, баба өсиетін қастерлеу Қазақстан Республикасының болашағы біздер үшін міндет пен парыз. Әрбір адам өз кіндік қаны тамған жерді әр кез қастерлеп, есте сақтау, оның өткен тарихын білу туған елге деген құрметі. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған кең жасыл өлкені одан әрі гүлдендіріп, сәулеттендіре түсу, бояма түр бергеннен гөрі табиғи сұлулығын әрлендіру бүгінгі ұрпақтың парызы. Отандық тарих әр кішігірім ауылдың, елді мекеннің өткен-кеткенінен, шым-шытырық оқиғаларынан, жеке тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерінен құралады. Қазақ тарихының қайнар көзі, сарқылмас бұлағы шежіре. Шежіренің авторы-халық. Тарих таусылмайтын тақырып, олай болса, өлкетану ісі жалғаса бермек. Бүгінгі мақаламды қорытындылай келе М.Шаханов ағамыздың мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамға өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері-түп қазығы айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес күрестердің күресі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «География және табиғат» ғылыми-педагогикалық журналы.

2. Б.Молдашев «Батырдың ұрпақтары» Алматы «Жазушы» 1987ж.

3. Е.Қойшыбаев. Қазақстаның жер-су аттары сөздігі. 1985ж.

4. Е.М.Поспелов. Школьный топонимический словарь.1988ж.

5. Ш.Байділдин «Санаулы ғұмырымдағы саңлы ойларым»



Туған елім – тірегім!
Қабден Жансая

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»

мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Аубакирова Толкын Утешовна
Арқалық қаласы – Орталық Қазақстандағы қала.Ол бұрынырақ Торғай облысының орталығы болған.Қазіргі кезде ол Қостанай облысының Аркалық ауданының орталығы.Қала негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жыл ие болды. Арқалық қаласына дейінгі қашықтық – 480 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық -670км. Аркалық қаласының дүниеге келуі боксит пен кен орыны және бүгінгі күні есімі қала көшелерінің біріне бірілген, кеңестің ірі геолог ғалымы, осы жерде боксит пен алюминий тотығы кенішін тапқан Алексей Никалаевич Волковтың есімімен тығыз байланысты. 1948 жылы ол кен орынының мол қоры өнеркәсіптік түрде игеруге жарамды екендігін дәлелдей алды.

Арқалық ресми туған күні ретінде Қазақ КСР- і Жоғарғы Кеңесі президиумының Арқалық жұмысшылар кентін ашу туралы Қаулысы жарық көрген 1956 жылдың 23- қазаны саналады. Алғашқы қала салушылардың қыстың қытымыр суығы жаздың аптап ыстығын ауыз су мен азық түлік тапшылығын бастан өткізуге тура келді.Қатаң табиғат қала салу туралы ниетті жоққа шығара жаздады. Мәскеуден келген арнайы комиссия өлкенің табиғат жағдайын зерттей келе құрылыс салудың қисынсыздығы туралы шешім шығарды[1].

Бүгінгі күні, арада осынша жыл өткенде ол комиссияның айтқаның дұрыс болғанын, жаңа қаланы өзен жағасына салып жұмысшыларды кенішке вахталық тәсілмен апарып тұрған әлде қайда қолайлы боларын мойындауға тура келеді, бірақ.. Бірақ ол кезде “табиғатты бас идіруге” ынталылар шенеуніктерді құрылыс жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне сендірді. Болашақ қала біртіндеп өсіп,бой көтере бастады.1963 жылы Арқалық өзі аттас ауданның орталығы атанды. Ал 1970 жылы оған жаңа құрылған Торғай облысының орталығы мәртебесі берілгеннен кейін қала тез дамып, құлашын кеңе жая бастады.

Өткен ғасырдың жетпісінші – сексенінші жылдары Арқалық тарихына қаланың гүлдену кезеңі болып келді. Сексенінші жылдардың соңына қарай қазіргі заманғы тоғыз шағын аудан салынды. Қалада тұрғындар саны жетпіс мың адамға жетті. Ол жылдары КСРО ғарыш игеруде үлкен табыстарға жетіп жатты.

Арқалық елдің ғарыш айлағына айналды.Бұл жерде ең қуатты ғарыш кемелерін қадағалау станциясы жұмыс істеді.Барлық ғарышкерлер ерлік Торғай қонатын,олардың көпшілігі Арқалық қаласының Құрметті азаматтары атанды. Қала 1980 жылы элеватор, керемика фабрикасы, тігін фабрикасы, зауыттары бұл жерде жұмыс істеді. Авиамотор зауытының құрлысы, (ТБРУ) Торғай боксит руда басқармасы басталған ССРО-ға 20% боксит кеніне дейін тапты. 1988 жылы ол маусымда жойылып, оның аумағы Қостанай және Ақмола облыстарының арасынан бөлген. Арқалық 1989 жылы белсенді тұрғындарына Торғай облысы 1990 жылдың тамызындағы Республиканың басқаруының арқасында үндеуінде қайта құрастырылған Торғай облысының қалпына келтіру бойынша оргкомитет құрастырылып Арқалық жаңадан облыс орталығы болды.1990 жылдардың ортасы қала үшін құлдырау кезеңі болды. Облыс орталығы мәртебесінен айырылу, елдегі жалпы әлеуметтік –экономикалық күйзеліс көптеген кәсіп орындар мен мекемелердің жабылуына алып келді. Кеңес кезінде қалыптасқан «алдымен қиындықтар туғызып, кейін оны өжеттікпен жеңіп шығу» әдеті кері ықпалын тигізбей қоймады[2].

Халықтың үдері көшу салдырынан жаңа мыңжылдық басында қалада бұрынғы тұрғындарының жартысынан да азы қалды. Қала оңтайластыру үдерісін басшылығы жүргізген ұйымдастыру – шаруашылық және әлеуметтік- экономикалық шаралар 2004 жылы жалпы жағдайды едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Коммуналдық кәсіп орындарды жаңдандырып, қаланы қайта жаңғырту жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға қол жеткізкілді.Бұл- тұрғындардың үдере көшуін тоқтатып, экономиканы тұрақтандырды.

Ең ауыр жылдарды артта қалдырғаннан кейін Арқалық бірте-бірте еңсесін көтеріп, қайта жаңғыра бастады. Дағдарыс жылдары қирап қалған әлеуметтік және тұрмыс нысандары, мәдениет ошақтары қайта жаңарып, кәсіпорындар қайтадан жұмыс істей бастады. Дегенмен ең ауыр жылдары қалада Мәдениет сарайы, драма театры Мәдениет қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесіп тұрды.Концерттер ұйымдастырып, жерлестерінің көңілдерін көтерді, олардың жүрегіне үміт отын жақты. Қала үшін 40 пәтерді тұрғын үйдің іске қосылуы жаңа өмірдің нышаны іспетті болды.Одан соң комуналдық тұрғын үй салу аясында арқалықтықтар 48-пәтерлі үйдегі жаңа пәтерлер кілттеріне ие болды. 2004 жылы 120 орындық жаңа қазіргі заман талабына сай балалар бақшасы іске қосылды, ал 2005 жылдың қыркүйек айында «Торғай LTD» өз қаражатына «Раушан» балалар бақшасын салып берді. Өнеркәсіп жалпы қалалық қорларын қалыптастыру кезінде басымды сала болып табылады. Қалада тау- кен қазушы, өңдеуші өнеркәсіп орындары жұмыс жасап жатыр, тау- кен өңдеу өнер кәсіптері және электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату жөнігдегі кәсіпорындар қызмет етеді.

Қазіргі заманғы көп салалы өнер кәсіп заманауи ірі, орта, шағын кәсіпорындардан тұрады. 45 кәсіп орын өнер өнімдерін өндірумен айналсады, сонын ішінде қызмет негізгі түрі «өнеркәсіп»- пен 10 кәсіпорын. Шағын Аркалық қаласының өзіндік ерекшелігі негізгі санын бар болуы, қала құрылысының және өмір салтының артықтылығы болып табылады. Жетекші қала құрушы ірі кәсіпорын – «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалы Торғай боксит кеніш басқармасы кәсіпорны. 2011 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша кәсіпорын жұмысшылар саны 1073 адамды құрады. Кәсіпорын бокситтерді және отқа төзімді сазбалшықтарды өндірумен айналсады. Павлодар алюминий зауытына – бокситтер, Ресейге – отқа төзімді сазбалшықтар шикізаттары жеткізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы – қаланығ материалдық өндінісінің екінші жетекші саласы болып табылады. Ауылшаруашылық тауарларын өндірумен 30 ЖШС, 334 шаруа қожалығы, және 5 мемлекеттік кәсіпорны айналсады. Арқалық қаласы бойынша 2010 жылы орташа еңбекақы мөлшері 2009 жылға қарағанда (40221 теңге ) 10.6 % өсіп, 44488 теңгені құрады.

Арқалық оқу мекемелері жылдан – жылға дамып көптеген оқу орындары ашылды.

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.Ы. Алтынсарин атындағы

Торғай гуманитарлық колледжі

Торғай агро- техникалық колледжі

Арқалық медецина колледжі

“Қазтутынуодаған” Арқалық эканомика және құқық колледжі

Гимназия Ы.Алтынсарин атындағы

Орталық мектеп №1 Ш.Уәлиханов атындағы

Орталық мектеп № 2

Орталық мектеп № 3 Б. Майлин атындағы

Орталық мектеп № 4 В.И.Ленин атындағы

Орталық мектеп №5 М. Әуезова атындағы

Орталық мектеп № 6 А.Құнанбаев атындағы

Орталық мектеп № 8

Орталық мектеп № 10

Жақында Арқалықтың 60 жылдық мерей тойы тойланды. Қалаға Республика сахнасында өнер көрсетіп жүрген Медет Шайкелов, Анар Мұздаханова, Роза Нүркей, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев сияқты атақты әнші- күйшілер той думанның сәнін келтіріп тамаша кешін сыйлады. Өнерлерін көгілдір экраннан тамашалап жүрген жұлдыздарды өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болған қала халқы үшін еш нәрсе кедергі болмады. Ауа- райының қолайсыздығына, яғни күннің жаңбырлы әрі күңгірт болуына қарамастан,халықтың шоғыры мол жиналды Наурыз алаңы да ерекше безендіріліп халықтын көңілін көтеруге бар өнерін салды. Концерт басында жүргізушілер концерттік кеш тақырыбына арқау болған басты мейрам-ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығы екенін алға тартты. Концертті Құрманғазының “Көңілашар” күйімен ҚР мәдениет қайраткері Бораш Әбеновтың жетекшілігімен жергілікті оркестр ашты. Одан кейін сахна төріне «Астана опера» солисті, бірнеше халықтық байқаулардың лауреаты Роза Нүркей көтеріліп, Л.Хамидидін «Қазақ вальсі» туындысы орындалды. Б.Әбеновтың жетекшілігімен «Құрманғазы», «Сарыарқа» күйлері назарға ұсынылды. Сондай-ақ жерлесіміз А.Мұздахановтың «Дархан баба», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлерін Анар Мұздаханова нақышына келтіріліп орындап, жұртшылытың құлақ құрышын қандырды.Ештен кеш жақсы. Халық аңсап отыр асыға күткен «Музарт» тобы да кешке таман Арқалыққа келіп концертін бас кейіпкерлеріне айналды. Қазақстанның ең танымал музыкалық топтардың біріде бірегейі- «Музарт» тобы 60-80 жылдардағы әндерді, «Чернова рута», «Хуторянка», «Италия», «Латина» сияқты туындыларды орындап, халықтың көңілін бір серпілтті. Арқалықтың тумасы, қазір Елорданың өнер Елордасында жүрген Жұлдыз Құрманова «Ялла хабиби», «Арманыма асығамын» атты әндерді айтты. Сырт жақта өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Данияр Әмірбеков те туған шаһар мерей тойына арнап, «Жұмбақ сезім», «Алыйзакат» әндерін Динара Жанабергонова «Киелі Торғай», 80-жылдардағы өлеңдерден құралған попуриін көпшілік тындарманға тарту етті[3].

Сонымен қатар, Қазақстан дауысы тележобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет «Мақпалжан», «Саған халқым» әндерімен халықты үлкен әсерге бөледі. Кеш соңы көздін жауын алған тамаша салютпен аяқталды.

Сөз соңында айтқым келетіні әр адам өз туған жерінің мәртебесін көтеріп, асқақтатуы тиіс. Сондықтан біз жастар болашақ мамандар ретінде өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беруіміз керек. Қазіргі таңда Арқалық күннен- күнге дамып, көркейіп келе жатыр. Арқалықтың көркеюі қазіргі жастардың қолында.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ хрестоматиясы,1998 жылы. Алматы баспасы

2.Арқалық хрестиматиясы 2001 жылы.Алматы баспасы

3. Арқалық хабары газеті, № 41 (634)



Менің туған жерім –егеменді Қазақстан
Нағымжанова Жансая Қайратқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

Музыка бөлімінің 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Кауметова Динара Романовна
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.

Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — бүкілхалықтық мемлекет. Бұл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал- жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

Қазақстан мемлекеті өз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл және нақ қадам жасайды.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері жиырма бес жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он екі жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын уақиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты.

Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың өсуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.

Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің конституциямызда баянды етілген.

Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.

Көп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мүның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі.

Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмүны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын

қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.

Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан Тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясьш қабылдады. Өткен тәуелсіздіктің он екі жылдығы Республика тарихында ерекше кезеңге айналады. Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің он екі жылын және экономикалық дербестігіміздің тоғыз жылын атап өтсек, дағдарыстан шығу барысында осы уақыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады. Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқат пен толық үйлесім таба үндесіп түр. «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздін егеменлік құқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін қүрамыз» Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мөселелерін демократиялық әдістерімен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

«Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады»,- деп Конституцияда көрсетілген.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды ортақшылдығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы.,1995

2. А.Ибраева, Ғ.Сапарғалиев . Мемлекет және құқық теориясы. -Алматы., 1998,147б

3. Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. -Алматы., 1998,65-б

4. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы тың жауапкершіліктер жүктеді»// Заң , №4,2001

5. Н. Дулатбеков, С.Амандықова, А.Тұрлаев. Мемлекет және құқық негіздері. -Алматы., 2001,149-б

6. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. 10 қазан.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ педагогикасының ұлы тұлғасы
Айтжанова Гүлжанат Ғалымқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі



«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Халыкова Гаухар Алтаевна

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Ахмет Байтұрсынов

Кіндік қанын тамып, туып – өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жат елдің ат басындай алтынынан да қымбат. Дулығалы ата–бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Бүгінде Ы.Алтынсариннің 175-жылдығы, Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және Арқалық қаласына 60 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Бұдан біз әр адамның туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Бабалар ғибратына сүйенсек, «жершіл болма, жеріңді сүй», «рушыл, жүзшіл болма, тегіңді біл», «ұлтшыл болма, ұлтыңды құрмет тұт» деген тағылым бар. Сондай үлгі– өнегесі мол, артына өшпестей із қалдырған ұлы тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы.

Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт–азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, қазақ тілі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы лингвист, ақын, аудармашы, мысалшы, «Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы әрі шығарушысы, бас сарапшы, сталиндік қуғын–сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5–қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңірі Сарытүбекте дүниеге келген. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов – Алаш қоғамы жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің дербес мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға. 1919 жылы Алаш басшылығының келісімімен Ахмет Байтұрсынов Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды, яғни, Кеңес өкіметі кезінде де жоғары лауазымды ресми қызметтер атқарды: Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми–әдеби Комиссияның төрағасы, халық оқу – ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комиссариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры болды. Ахмет Байтұрсынұлы қай салада жұмыс істесе де, саяси, ғылыми, әдеби, ұстаздық болсын, Қазақ елінің ұлттық мүдделерін қорғауды мақсат етті.

А.Байтұрсынұлы патша өкіметінің қазақ халқын экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік – рухани тұрғыдан да отарлау саясатына қарсы күрестің көсемдерінің бірі ретінде халық санасының жойылуына, оның діні, тілі, ділінің қорлауына қарсы нақты істердің басында болды. Көсем сөз шебері Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетін осы тұрғыдан пайдалануды ұсынып, бұл басылымның мәнін «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп тап басып көрсетті. Бас редактор ретінде ол сол кездегі білімді, зерделі азаматтардың басын қосып, оқу – ағарту, ұлт, жер мәселелерін батыл көтерді. Ахметтің «Масасындағы» ұлттық намысты қайрау, халық санасын ояту идеялары «Қазақтың» беттерінде нақтыландыра, өткірлендіре түсті. Осы арқылы олар халық арасында отарлық езгіге қарсы саяси хал – ахуалды қалыптастырды.

Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет алғашқы білімді Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақ мектебінде алып, 1891 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896 – 1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Білім беру жүйесімен ерте таныс болған ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған. Ол мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады. Кейін бұл жұмыс қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми заңдылықтарын түсіндіретін теориялық еңбектер жазуға ұласты. Ақын А.Байтұрсынов қалың қазақ бұқарасының мұң – мұқтажын көздеген ойларға толы мақалалар, өлеңдер жазады, бүкіл саналы ғұмырын халықтың білімін, рухани санасын көтеруге, намысын маса боп шағып оятуға арнайды. Орыс әдебиетімен жақсы таныс А.Байтұрсыновтың мысал жанрына көңіл бөлуі де тегін емес еді. Мысал жанрының шағын көлемді туындылары арқылы маңызды ойлар айта білудің, оны астарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екенін жете сезінген А.Байтұрсынов әлеуметтік ортаға саяси, зерделі ықпал ету үшін орыс ақыны И.А.Крыловтың (1768 – 1844) шығармаларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургтен кітап етіп бастырады. Аудармалар көлемімен, сюжеттің дамуымен де түпнұсқадан ерекшеленіп тұрғаны айқын. Мысал жанрын зерттеушілерінің айтуы бойынша бұл заңдылық белгілі сюжеттік сарынның негізінде дүниеге келген мысал сол автордың шеберлігінің арқасында төл туынды болып кете беруі түсінікті жай. Оған дәлел - Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдарының сюжеттік ортақ жүйесі.

Мысал жанры қазақ жазба әдебиетіне аудармалар арқылы 19 ғасырдың соңына қарай кіре бастаған екен. Крыловты тәржімалаған Абай, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, А.Құрманбаев, А.Байтұрсыновтың аудармалары әр түрлі дәрежеде: бірі түпнұсқамен дәлме – дәл келсе, бірі тіпті қара сөзбен баяндалып кетеді. А.Байтұрсыновтың мысалдарында сюжеттік жүйе сақталғанымен, мазмұны қазақ өміріне бейімделген, сол кездегі қазақ қоғамының саяси – әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр.

Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек – жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін, ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын».

Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб алфавитінің негізінде ұлттық әліпбидің реформасын енгізуі, қазақ тіл білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптастыруы және оның негізгі салалары: дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) анықтағаны сол кездің өзінде ғылыми бағаланған.

Ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латыншыға ауыстырудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан А.Байтұрсынов бастаған топқа «ұлтшылдық », «пантюркистік», «кеңеске қарсы» деген кінә тағылды.

Араб жазуы тікелей ислам дінімен байланыстырылып, ғалымның сан жылғы еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт көрсеткендей, латын жазуының да тағдыры ұзаққа бармады. Ғылыми негізі дәлелденген Ахмет Байтұрсыновтың Құран әріптерінен тұратын «жаңа емлесін» латынға ауыстыру одан орыс кириллицасына көшу халықтың жазба мұраларынан қол үзіп қалуымызға әкелді. Қазақ жазуының реформаторының араб таңбалары – ХХ ғасырдың 10-жылдарынан бастап осы күнге дейін жат жұрттарға қоныс аударуға мәжбүр болған (Қытай, Ауған, Иран, т.б.) қазақ бауырларымыздың қолданып келе жатқан төл графикасы. Олар осы төте жазумен тек сауатын ғана ашып қоймай қазақ тілінің жазылуына, оқылуына, баспа ісіне толық бейімдеп кеткенінің және осы жүйенің өміршеңдігінің дәлелі екені сөзсіз. Және бұл – мұсылман елдеріне үлгі болатын бірден бір үлгі.

А.Байтұрсынұлының термин жасау саласында атқарған ғылыми жұмысына да ерекше назар аударған жөн сияқты. Лингвист – ғалым қазақ тілін талдап, тануға ғана емес, оның салаларына қатысты (фонетика, грамматика) категорияларды қазақша анықтап берді. Бүгінгі ғалым – тілшілер қолданып келе жатқан лингвистикалық парадигмалар Ахмет Байтұрсыновтікі екені айтылмай, қолданылып келіпті. Олар атап айтсақ: зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі, т.б. «пән сөздері». Әрқайсысы сол өзі атауы болып тұрған категорияның мағынасын дәл білдіріп тұр. Бұлардың осыншама жыл авторы аталмай қолданылып келгені – ғалымның ғылыми еңбегінің тарих сынынан өткен лингвистикалық дәлдігі және еңбегінің зая кетпегенінің тағы бір дәлелі.

Ғалым қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, өзі айтқандай, «ел аузындағы тілді» жетік білгенінің арқасында музыка өнерінен де мағлұматтар қалдырған. А.Затаевич «Қазақ халқының мың әні» деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әндерін жақсы білетіндігін әрі шебер домбырашы болғанын, оның өзіне таныс Торғай, Ақтөбе, Бөкей Ордасы, Қарқаралы өңірлерінің әндерін жазуға көмектескенін, бірнеше күйді өзі орындап бергенін жазады.

Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке таза арымен беріліп, оған адал қызмет еткен А.Байтұрсынов еңбегінің Қазақ елі тарихында алатын орны айрықша зор екенін 26 жасар замандасы – М.Әуезов былайша тұжырымдапты: «Ақанның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он – он бес жыл бұрын : Алаштың үмбетінің бәрі мәлім, Кім қалды таразыға тартылмаған,- деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақанның ғана ардақты атын атаймыз.

Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер – білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бұдан артық айта алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін бірі біліп, бір – бірін сыйлап, бағалай білген. Бұл ірі тектіліктің үлгісі екені сөзсіз


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Р.Нұрғалиев «Алып бәйтерек», Ақ жол – Алматы, 1991ж.

2. А.Байтұрсынов, «Байтұрсынов шығармалары», Алматы, 1989ж.

3. Р.Сыздықова «Тіл тағылымы», Алматы – 1992ж.

4. Әуезов М.О. «Ақанның 50 жылдық тойы», Ақжол газеті, 1965 ж.
Туған жерім – мақтанышым!
Кәмпит Нарқыз Сәнімқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

музыка бөлімінің 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Ерназарова Айгуль Сахабеденовна.
Туған жер алтын бесік, асыл анам

Ауаңмен, ақ сүтімен асыраған

Ғ.Қайырбеков

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Арқалық қаласы. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, жүрегімнің түбінде бір сағыныш сезімі келеді. Туып өскен жерімнің кереметтілігін әнге қосып ыңылдап та аламын.


Туған жерім тұғырлы өлкем

тәй-тәй қадам басқан жерім

Өзіңде өткен ғұмыр көркем

Ай-хай далам асқар белім

Туған жерім мөлдірейд

жанарымда аспан көгім

Жан жүрегім елжірейді

Естен кетпей жаз дәуренім

Туған жер, туған ел айбыным

гәккулы-аққулы айдыным

Жақұтым, бақытым, байлығым сен

Туған жер, туған ел тағдырым

Сен барда жалғанда бар құным

Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен

Жақұтым, бақытым, байлығым сен

Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен

Туған жерім сен ұлысың

Баба мұра бақ-несібем

Саған деген сағынышым жүрегімнің

туған жерім сыйын бөлек

Алтын ұя ақ бесігім

Сені мәңгі сүю керек

Сүймегенге жоқ кешірім. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін ол аса қымбат отбасыдан басталады. Дәл осы ортада менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейді. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған жерді, туған елді аңсайсың. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» демей ме? Адам туған елдің құдіретін, қасиетін одан алысқа барғанда ғана сезінеді. Ал бұл сағыныш сезімі басқа сезімдерден ерекше ғой. Бұл - Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат. Туған жеріне, еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін білдірмеген адам жоқ шығар, сірә?.

Туған жер

Кеңсің дала

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала

Жан беретін

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана. Деп С.Сейфуллин ақын ағамыз жырлағандай мен де өз елімді, өз жерімді мәңгі бақи сүйіп, оның құдіреті мен қасиетіне бас иіп өтемін!



Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.

Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түстім, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнымды табамын, сенімдімін.Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің достарыма алда тұрған үлкен сын өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілеймін, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік айтқым келеді. Туған қалам Арқалық 1956 жылы алғашқы кірпіші қаланып, биыл міне 60 жылдығы аталып өтілді.

Әрбір адам өз кіндік қаны тамған жерді әр кез қастерлеп, есте сақтау, оның өткен тарихын білу туған елге деген құрметі. Отандық тарих әр кішігірім ауылдың, елді мекеннің өткен-кеткенінен, шым-шытырық оқиғаларынан, жеке тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерінен құралады. Қостанай Торғай жері қазақтың талай данышпандары мен батырларының, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешендердің, ғұламалар мен дүлдүл ақындардың, небір әулиелердің, ғалымдардың, ел басқарған билер мен қайраткерлердің кіңдік қаны тамған жері. Соның бірі және бірегейі - Ы.Алтынсарин ағартушы, ғалым, ұстаз, зерттеуші, журналист, тарихшы, ақын, аудармашы – жалпылап айтқанда ұлтымыздың рухани байлығының негізін қалаушы, қазақ даласына білім мен ғылымның нұрын шашқан данышпанымыз деп білуіміз керек. Білім мен ғылымның Ыбырай бастаған ісін, кейін оның шәкірттері ойдағыдай жалғастырды. Нұрғали Құлжанов пен Нәзипа Құлжанова – Ыбырайдың шәкірттері қазақтың білім беру саласында өзіңдік із қалдырған ұстаздар. Бір ғана Семей гимназиясында Нұрғали мен Нәзипаның мектебінен білім алғандар қаншама... қазақ мектептерінде ең алғашқы әдеби, оқушылар конференциясын да өткізген осы Нәзипа Құлжанова болғаны анық. Міне, қазіргі кезде қайраткер, ұстаз, аудармашы қазақ жеріндегі алғашқы публицист Нәзипа Құлжанова атындағы оқу орнында өзім оқып жатырмын. Мен туған жерімді, туған елімді және осы өңірде туып – өскен ата-бабаларымызды, аға-апаларымызды, ата-аналарымызды мақтан тұтамын, олармен мақтанамын!
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ә.Ламашев «Ы.Алтынсарин және орыс достары мен ізбасарлары» 1988 ж.

2. И.Алтынсарин. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы 1978 ж.

3. С.Қалиев, Ж.Молдабеков «Этнопедагогика» Астана 2007ж 176-177б ж.



5. Қуаныш Орманов «Ел мен жер және тұлғалар тарихы» Алматы 2014 ж.

Торғай даласының тарихи атаулары


Көшкінбаева Әдемі Берікқызы

Торғай аграрлық-техникалық колледжінің

«Фермерлік- шаруашылық» маманының 2курс студенті

ғылыми жетекшісі: Бейсенғалиева Әдемі Ғалымжанқызы


«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Платонның өз замандастарына айтқан бұл сөздерін кейінгі өскелең ұрпақ есте ұстап, ұмытқан емес.

Қазақта жер-су аттарының артында тарих жатқаны ақиқат. Қандай да болсын атауды ал сақартында ашылмағансыр, белгісіз тағдыр, өкінішті мұң, болмаса мақтанарлық ерлікке, оқиғаға, табиғи байлыққа байланысты, болмаса тау тұлғаларымыз – батыр, шешен, махаббат мұңлықтары, әйтеуір мәніде маңызы да жоғалмаған атаулар. 

Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Атаулар кез-келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығынан, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен хабар береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Біздің қазақ жер атын, тау атын әменде сол ортаның сыр-сипатына қоя білген. Қайда, қандай бір өлкеге барсаңда, жер-су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, құпия-сыр жатады» деп айтуы тегін емес.

Бүгінгі сөз еткелі отырған Торғай аймағы киелі жер. Торғай губерниясы, Торғай уезі, Торғай облысы, Торғай қаласы, Торғай ауданы, Торғай аймағы, Торғай өлкесі, Торғай даласы, Торғай өзені деген атау сөздер сан ғасырдан бері айтылып келеді. «Қызғанбаңдар, ақындар, мақтауға оны хақым бар. Мен туған жер кішкене Торғай деген аты бар» деп Сырбай ақын жырлағандай, Торғай кішкене емес үйреншікті теңеумен айтқанда кәрі құрлық. Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін, байтақ аймақ. Географиялық тұрғыдан алғанда «Торғай үстірті», «Торғай қақпасы», «Торғай қолаты» деген шартты атау әркімге таныс. Торғай қақпасы батысы – оңтүстік Оралмен, солтүстігі – Батыс Сібір жазығымен, шығысы – Сарыарқамен, оңтүстігі – Тұран ойпатымен ұштасып жатыр.«Торғай» топонимінің қайдан шыққан­дығы жайлы әрқилы мағлұматтар бар. Сондағы екі нұсқа: қазақ немесе қалмақ сөзі. Тіл маманы Сейітбек Нұрханов бұл сөзді торы қыпшақ пен оғыздың қай тайпасының одағынан, яғни «торы» және «қай» сөздерінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірді белгілі ғалым Қойшығара Салғара ағамыз да қолдайды. Ал ертеде осы өңірдің басты өзені Сауық атанған, кейін Торғай болып өзгерген. Ақын Қадыр Мырзалиевтің: «Еркіндік пен елдік үшін Торғайдай, Шырылдаған Торғайсың сен о бастан» деген өлең жолдары бар.Топонимдердің пайда болуына алдымен тарихи жағдайлар, географиялық орта әсер ететіні белгілі. Халық жердің географиялық ерекшелігіне, белгілі бір тарихи себептерге атау беретін болған. Табиғи нысандарға атау беруде олардың айрықша белгілері ескерілгенін байқауымызға болады. Мәселен, Ұлытау, Алашахан, Домбауыл, Жошыхан, Ұлы Жыланшық, Ақкөл сынды тарихи атаулар бірнеше ғасыр бойы сақталып келеді. Торғай аймағындағы географиялық атаулар, яғни елдің, жердің, судың, көлдің, таудың, қырат пен ойпат, орман, тоғайлардың ертеден келе жатқан жеке-жеке атаулары бар екені белгілі. Әдетте, атаулар белгілі бір себептерге байланысты пайда болады. Өйткені олардың кездейсоқ қойылуы мүмкін емес. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде бүгінімізді бағамдап, өткенімізге ой жіберіп, елдің, жердің тарихын зерттеуге, зерделеуге бетбұрыс басталды. Кешегі Кеңес заманында тарихи атаулар өзгеріске ұшырағаны мәлім. Бұл сол замандағы ұлтсыздандыру саясатының бір көрінісі еді. Еліне еңбегі сіңген тарихи тұлағаларымыз теріс жағынан насихатталды.

Торғай – осынау ұлан-ғайыр, Сарыарқаның шығысы мен батысын алып жатқан жердің атауы қайдан пайда болған? Небір тартысты пікір, салиқалы ойлар жетелеп, «Торғай» атауының шөп атауынан шығуы да мүмкін екенін, не кәдімгі торғай құстың, болмаса түркі тілдес ұлттардың атауында қия қабақ, ор, болмаса басқа да негізделіп отырған тұжырымдардың да мәнісінің шындыққа жақын келетінін білдік. Өзендер атауында да қызықты мәліметтер бар екен. Мәселен, «Қарынсалды» және «Сабасалды» өзендерінің атауы ол өзендерден өту үшін жасалған салдарға байланысты екен. Малдың қарынын кептіріп үрлеп, сабаны өзенге салып арғы жағаға шығып отырған. Ал бүгінгі Арқалық қаласы орналасқан жер кезінде «Қызылқозы» атанған. Оған дәлел керегі жоқ. Бокситтің қызғылт шаңы біздің зәулім үйлерге дейін қызғылт түске бояп тұрады.

Ғалымдар осы жер-суаттарының ассимиляцияға ұшырап түсініксіз болып отырғанын да сөз қылды. Тек Торғайдың өзінде мәңгүртті лменаталатын жер-суаттары мол екенін білеміз, бірақ соған күнделікті тіршілікте тіптен мән бермейді екенбіз. Мысалы, Жангелдин ауданындағы «Милісай» атауы. Ертеде жол сапарда жүріп неге сай милі болған деп ойлаған едім. Бүгін соған жауап таптым. «Милісайымыз» «мия» (кей жерде есек мия) шөбінің көп өсуіне байланысты Миялысай» болған екен. Ұлы Жыланшық Қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі өңірдің бірі – «Ұлы Жыланшық» аймағы. Жергілікті тұрғындар ертеде осы өзенде жылан өте көп болған деседі. Атаудың пайда болу себебі «Жыланшық» сөзімен байланысты. Жыланшық деп аталуының осындай мәні бар. Бастауын Ұлытаудың батысынан алатын «Дулығалы», «Терісбұтақ», шығысқа қарай ойысып барып доғаланып ашасы тарыла келе Ұлы Жыланшыққа жалғасады. Арасында «Шығырлы» аталатын бөліктері және бар. Ұлы Жыланшықтың «Жалаулы», «Ержылан», «Кезауыз», «Ойғы әділ», «Қонжар-тұма», «Сауранбай», «Қызыл-Шатқал», «Ақшатау», «Сәкеннің қасқасы», «Сарбұлақ», «Қарагер аттың жырасы», «Бозатан», «Талдықара», «Зілғара», «Көшек», т.б. қосымша салалары бар. Жыланшықтың солтүстік беті ойлы-қырлы, бедерлі болып келсе, оңтүстік беті көбіне біркелкі әрі тегіс.Осы өңірде аса үлкен «Жорғакөл», «Алакөл», «Үдербай», «Бегімбет ала көлі», «Көкөлең», «Боқай», «Жарбидайық», «Зәуре», «Кезауыз», «Жарыпшыққан», «Арыстан», «Қарақалпақ», «Қырғы әділ», «Жайықбайдың обалысы», «Оннан», «Кіндікті», «Жарық», «Қоға», «Бірәлінің сасығы», «Түкібай», «Ақкөң», «Бисары», «Дәнен», «Бозшакөл», «Сазанбай», «Дәнсары», «Көшек», «Шиқамыс», «Өгізкөк», «Алабидайық», «Қаратай», «Әліпбай», «Байтума», «Бозатан», «Ендігі ой», «Талғұй», «Тезек», «Доңыз», «Алабұталы», «Айбалта», «Үшбала», «Жетіқыз», «Сарықыз», «Қойсалған» атты сулы, қамыс-қопалы көлдер бар. Кейбір көлдердің аумағы 10 шақырымнан асады.«Ұлы Жыланшық» өзенінің екі бетінде ертеде мешіт, медреселер көп болған. Соның ішіндегі ерекшесі Дулығалы бойындағы Арыстанбайұлы Құлмұхамед ишан салдырған тоғыз күмбезді мешіт пен 24 бөлмелі медресе. ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің ғажайып жетістігі саналған. Осы медреседе халық батыры Амангелді Иманов оқыған. Батырдың туған жері «Балық» қарасуы деп аталады. Ол мешіттен 8 шақырым жерде.Жыланшық өзенінің арғы бетінде 25 шақырым жерде Жорғакөл атты көл бар. Көлемі  атшаптырым, суы таяз, көл табаны теп-тегіс. Көл үнемі жел екпінімен қозғалып тұрады. Содан Жорғакөл атанған. Сонымен қатар Жыланшықта Ержылан деген жер атауы бар. Ерте заманда осы жерді ордалы жыландар мекен еткен екен. Сол себепті халық Ержылан деп атайды.

Жолшора

Елсіз жер – иесіз жер болып ұмыт бола бастайды. «Жолшора» атты жер қалмақ батыры атымен аталған екен. Ол осы жерде қазақ батырымен жекпе-жекке шығып, оны аттан құлатады. Аттан құлаған адамның басындағы дулығасы ұшып кетіп, ол қолаң шашты қыз болып шыққан. Қарсыласының әйел адам екенін біліп, әйелмен соғыстым деп намыстанған қалмақ батыры өзін-өзі қанжармен жарып өлтіріпті деген аңыз сақталған. Торғай даласында тарихи атаулардың бірі – Сырлы там. Сырлы тамға Шыңғысханның әйелі Күлән жерленгені туралы академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде айтылады. Құмкешуде осыдан 4-5 мың жыл бұрын жерленген 3 адамның сүйегі 2006 жылы табылса, әріректе Айтбайдан мың жыл бұрын жерленген адам сүйектері табылды. Соңғы екі жылда Қарасу ауылы маңында жүргізілген қазба жұмыстары барысында көне заттар шықты. Жыланшық, Жалаулы, Хантөбе, Қара оба, Ақ оба, Сарторғай, Торғай аймағы әлі толық зерттелмеген. Кенесары ханмекен еткен жер



Күні кешеге дейін елдің жердің тарихын жатқа білетін көнекөз қарияларымыз болғаны рас. Олардың жер-су атауларына байланысты білетін шежірелерін жазып алмағынымыз да бүгінде өкінішті жайт. Торғайдың шұрайлы жерлерін кезінде Кенесары хан мекен еткен. «Майқара, Қарасайға бітер қалың, Қошалақ семіртеді арғын малын. Қарасай, Қошалақты мекен еткен бір жылы Кенесары аталарың» деп М.Сералин жырлаған. «Шошқа көл» деген жер атауының пайда болу тарихы қызықты. Бірде Наурызбай батыр елдің игі жақсыларымен көл маңынан өтіп бара жатса, алыстан жабайы шошқа көрініпті. Сонда олар: «Төрем! Сені шапшаң деуші еді, өнеріңді көрсетші,– дейді. Сонда үлкеннің сөзін қимаған Наурызбай «Ырыссыздың батыры доңызға шабады деуші еді. Сіздер айтқаннан соң болмас» деп қабанды қуып жетіп қаруын сілтеп жайратып салады. Сол жер «Шошқа көл» атанып кеткен. Тосын болысын – Шеген, Қарақоға болысын – Қыпшақ Тоймағанбет, Сары қопа болысын – Мадияр Бөлтірік басқарған. Тарихи «Ақкөл» ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың туған жері. Ал «Қызбел» Міржақып Дулатовтың туған жері.Жер-су атауларын айта отырып сол жерлерде өмір сүрген тарихи тұлғаларды айтпай кету жөнсіз болар. Осылардың ішінде діни адамдарының еңбегі халық үшін ерекше еді.1920 жылдарда соғыстан жеңіліп Қытайға қашқан Анненков пен Дутовтың әскерлері осы Торғай өзені бойымен шығысқа қарай қашып бара жатып жол бойында кездескен елді тонап, жауыздық жасады. Халық қашуға мәжбүр болды. Адамдар сай-саланы, тау-тасты паналап кетті. Жер-жерде оларға қарсы партизандық соғыс басталды. Сол жерлер: «Қамысбай қырғыны», «Орыс өлген көл», «Сарыбел шайқасы», «Ханшабылған қырғыны», «Маятастағы тосқауыл», «Амантоғайдағы қырғын», «Шабылған Қарынсалды» деп аталды

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық кө­терілісінің хас батыры Кейкі Көкем­байұлы 1920 жылдары кеңестік жүйенің әділетсіздігіне қарсы шығып соғыса жүріп, алғашқыда Қарынсалды, Тасты өзені бойын мекендеп, кейін Ұлытау аймағына ауысқан. Ұлытау, Арғанаты, Кішітау, Шеңбер, Терісаққан, Сарлық, Жетіқыз, Байтілеу, Маятас, Сарыторғай, Қараторғай өзенінің аңғарларын паналаған. Шеңбер ауылынан 10 шақырым жерде Қараторғай өзенінің солтүстік бетіндегі үлкен жартаста Кейкі үңгірі бар. Бүгінде батырға пана болған орынға халық барып, тағзым етеді. Басына ескерткіш белгі орнатылған. Жезқазғандықтар Қорғасын орта мектебіне Кейкі есімін берді. Қаладағы бір көшенің аты батырдың құрметіне қойылды. Кеңес заманында бұрынғы Жыланшық – Родник, Қабырға – Крупской, Үрпек – Иманов, Збан – Южный болып өзгерсе, тәуелсіздік жылы көптеген тарихи атаулар қайтарылды.

Атанбас ақ ирекЕрте заманнан тарихи атын жоймай келе жатқан жер атаулары көп. Солардың бірі Торғай қақпасындағы «Атанбас ақ ирек». Торғай жақтан жер беті тегіс болып келеді де «Тегене» сайына жақындағанда жер тік жарланып ар жағы терең ойпат болып, тарам-тарам, ирек-ирек болып 200-300 метрдей ойысқа айналады. Сол жерде жолдың оң жағында көз көрім жерде шөгіп жатқан ақ атандай алып қырат көрінеді. Содан барып осы жер «Атанбас ақ ирек» атанған. Ерекше жердің бірі Өлкейік Қабырғаның Ақтөбе жақ бетінде «Хан» деген жер. Өзеннің иіріміндегі мүйісте қаптаған қорымдар бар. Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан осы жерде өлтірген деседі.Торғайдан шығысқа қарай 60 шақырым жерде «Көкалат» деген жер бар. «Көкалат» – Кенесары ханның хас батырларының бірі Шәкір Қараманұлының астындағы атының атауы. Осы ауылда «Шәкір там» деген үлкен қорым бар. Шәкір батыр осы жерде жерленген. Асылы бұл, Шәкір Қараманұлы емес, Түменұлы болуы керек. Осы Көкалаттың іргесінен басталатын Айсаның «Албар бөгеті» 18 шақырымға созылып жатыр. Айса деген болыс болған. Халықты ұйымдастырып 1928-1932 жылдар аралығында осы алып бөгетті қабырға өзенінің жалпақ әрі терең жерінен қолмен салдырған. Елді шабындық, жайылымдық жермен қамтамасыз етіп, егін салдырған ол адамды «Халық жауы» деп ұсталып, 1940 жылдары атылған. 1959 жылдары кінәсі жоқ деп ақталды.

Қабырға өзені мен Торғай өзені арасындағы Кенжетай саласынан ұзындығы 10 шақырым. Тереңдігі 3 метр, ені 4 метр бұл арықты қолмен қаздырып тегіс жерге су шығарып тары еккізген адам Сары Қош­қар батырдың шөбересі Бижан би. Осы арықтың қазылу кезеңінде елге Әліби Жангелдин келген екен. Сол кісінің құрметіне «Әли арық» атанып кеткен. Бұл жер Құмкешу ауылы Құстөбе елді мекеніне қарайды.Құстөбе деген жер атауы туралы айтатын болсақ, асылы, бұл Құстөбе емес, Қыштөбе болу керек. Себебі ертеде мұнда қыш күйдірген. Құстөбеден әріде 3-4 шақырым жерде «Зертас» деген жер бар. Бұл неше алуан заттар шығарылған жер деген тұжырым бар.  Құмкешу ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Жаңқара деген жер атауының тарихы туралы айтар болсақ, ертеде бір жолаушы Торғай өзені жағасына келіп арғы бетте отырған қарттан судан өтер өткел сұрапты. Қария: «Қарағым суға түспе. Үш күннен бері су Жаңқара! Жаңқара!» деп шақырып жатыр дейді. Жолаушы суға кетіп, атымен батып кетеді.

Міне, байқап отырғанымыздай қазақ жерінің жер-су атаулары жайдан-жай пайда бола салмаған. Әрбір атаудың өзіндік сыры, өзіндік тарихы  бар. Оларды ғылыми зерттеулердің нысанына айналдыра білсек, ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезеңдеріндегі әртүрлі оқиғаларды, тарихи жағдайларды тереңірек білетін боламыз.  Торғай даласындағы атауларға байланысты деректер біршама. Ғалымдардың жазған еңбектері де аз емес. Демек, сөзінде құпия жасырынған, ақиқат бейнеленген қазақтың жер-су атаулары жас ұрпақ үшін тұнып тұрған тағылым.

Торғай даласында әлі сыры ашылмаған, аттары анықталма-ған ерекше қала орындары, қорғандар, кесенелер, жер, су аттары бар. Осы аймақтағы Бүйректал,  Үштағаны, үш та-ғандар, сыры толық ашылмаған сырлы там.

Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ Торғай өңірін сөз етпеу, қысқаша тарихына тоқталмау мүмкін емес. Есіл мен Торғай өңірінің төсіне шыққан маржанындай болып аз ғана жылдар көлемінде дүр ете қалған, кейіннен талай тоқырауды басынан өткізген Арқалық тарихы мен тағдырына бүгін күні біз қарай алмаймыз.Тарихқа жүгінсек Торғай есімі тым әріге сілтейді. Халыққамқорышысы, би, философ дана Асаққойғы Торғай өзеніне қарап «Ақсуың балтатитын, ақша бағын майтатиты екен» - деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Торғай даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі, «Торғай даласы ескі болғанымен Ресей жеріне қатынастың ең маңызды керден жолы болды» деп жазды, Гладышевпен Муравев деген зерттеушілер бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан созақ, құмкентарқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңыздык еруен жолы болды. Ол жол ментауар тиеген керуендер жүретінеді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс емшілері жүріп өтті» - деп сол заманның өзінде-ақ Торғай даласы деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді. 

"Қазақ жерінің әрбір тасы қазақтың кеудесіне түйме болып тағылуы керек. Әрбір қойының жүні үстіне тоқыма болуы керек. Өзінің байлығы бірінші қазақ халқына қызмет етуі керек", – деп алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жазып кетті. Торғай жері тұнып тұрған байлық. Менделеев кестесіндегі тіпті, оған кірмеген жаңадан табылған дүниелердің өзі бар. Соны игергенде ғана Торғай түлейді. Торғай жерінің табиғаты мал шаруашылығына аса қолайлы. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға, орталық қорғаныс өңірлерін шоғырландырып ұстауға болады

Торғай... Торғай топырағы. Торғай тарихы. Торғай таңы. Торғай тарланы. Торғай тарханы.Торғай өзені. Торғай өлкесі. Торғай аңғары. Торғай үстірті. Торғай дуаны. Торғай көтерілісі. Торғай толғауы бірінен-бірі оза шапқан қандай сұлу тіркестер десеңізші! «Теңдессіз Торғай» десең тіпті, сардаланың ажары ашыла түскендей. Бұған «Торғай тылсымын» тағы қосыңыз. Қойнауына талай құпияны бүгіп жатқан қарт Торғайды сөйлетсең қалай сайрар еді?! Әлбетте, оны тыңдайтын құлақ, елтитін ес, сезінетін жүрек керек. Осы жердің тумасы, ақын ағамыз Ғафу Қайырбеков: «...Торғайдың өзінен-өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даңқы озып кеткен дала» деп бекер айтпаған. Ақиық ақын «Торғай қазақтың Ленинграды» деп тегін айтпаса керек. Бұл зейініңді аударатын, зерттеуді ойға алдыратын ақын үні еді. Тарихымызды кейінгі ұрпақтың жадында қалдыру баршаға ортақ парыз.


Арал теңізінің тарихы

А.М.Сейтов, Б.М.Махамбетали

Торғай аграрлық-техникалық колледжінің

«Электромеханик» мамандығының 1 курс студенттері

ғылыми жетекшісі: Қаражигитова Дана Таттигалиевна

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспетұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды.



ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерортатеңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жерқыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейні мен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін – Күрдеркөлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қаратаулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі
Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.XIX ғасырдың аяғына таман Арал маңы аркылы Орынбордан Бұхараға өткен орыс зерттеушілерінің бірі Мендияр Бекчурин (Мендіиар Бекшорын) жолай кездескен құмдарды зерттей отырып, оларды «құмды жолдар», «құмды төбелер» деп жана атаулар енгізгені байқалады. Бекчуринның саяхат кезінде жинаған мәліметтері оның «журнал» деп аталатын есебінде анық айтылады. Онда Сырдарияның, Әмударияның, Жаңадарияның Аралға құятыны және олардың жағалауындағы өсімдіктер мен жануарлар туралы кұнды мәліметтер бар. Сонымен бірге осы аймакта жабайы жылқы-тарпандарды, киіктерді көргенін ай-тады. Бұл автордың Арал өңірі туралы мәліметтері шашыранды (эмпирикалык) сипатта болғандықтан толық мәнді ғылыми деңгейге жете қойған жоқ. Әйтсе де осы өңірді ғылыми зерттеуге ыкпалын тигізіп, кең жол ашты. Арал теңізі мен оның бассейнінде ғылыми зерттеуді кешенді сипатта жүргізу XIX ғасырдан басталды деуге болады. Бұл кезенде Ресей Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияның жерлерін империяға косып алу мақсатында белсенді саясат жүргізе бастаған еді. Сол себепті, Арал теңізі мен оның бассейнін зерттеуге ерекше мән беріліп, экспедиция жіберу жиілей бастады. XIX ғасырдың 20-шы жылдарында осы өңірді зерттеп, кұнды мәліметтер жинаған Э.А.Эверсман болды. Оның зерттеулері Арал-Каспий ойпатына физика-географиялық, геологиялык, ботаника-зоологиялық тұрғыдан сипаттама береді. Арал теңізінің жағалауы мен Сырдарияның төменгі ағысындағы көл жүйелерін зерттей келіп, ғалым Арал теңізі тартылып бара жатыр деген болжам айтқан еді.

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды. Арал теңізінің тартылуына себеп болған жағдайлар:

Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсіресе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып келеді.

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның ластануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

4 СЕКЦИЯ
ҰЛТТЫҚ ҮНДІЛІГІМЕН ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫН ӘРЛЕГЕН КОМПОЗИТОР М.ТӨЛЕБАЕВ.
Құлташева Ақтоты Балташқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық

институтының «Музыкалық білім» бөлімінің 4 курс студенті

ғылыми жетекшісі:. аға оқытушы Бегалова Муслима Сейсенбаевна
Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады.

Қазақ музыкасының негізін қалаушылардың бірі - М.Төлебаевтың шығармалары өзіне тән идеялық мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен классикалық маңызға ие болып, халқымыздың асыл мұрасына айналып отыр. Оның асқақ әуенді музыкасы азаматтық үнімен, әдемі лирикалық сарынымен, эпикалық серпінмен, өзіне ғана тән айшықты бояуымен ұртшылық жүрегіне жол тауып, өнер өлкесінде өзіне лайықты бағасын алды [1,5б].

Әлем жүзіндегі классикалық музыка мектебі әртүрлі және мол. Батыс Еуропа музыкасында Гайдн, Моцарт, Бетховен, бастаған Вена классиктері, орыс классикасында Глинкадан, Чайковский одан Прокофьев, Шостаковичке дейін жалғасып келсе, Қазақ музыкасында профессионалдық классикалық музыка Мұқан Төлебаевтан басталады.

Өйткені, Мұқан Төлебаев ұлттық музыкадағы кәсіби (профессионалдық) жанрдың баршасын жаңалығымен жасаушы болды. Әрине оның түпкі тамыры халықтың ән-күйі, жыр тармағы, терме, желдірме, айтыс өнерімен тамырлас жатады.

Бұлардың қай-қайсысы болсын қазірге дейін республикалардың жер жеріндегі көркемөнерпаздар репертуарынан берік орын алып келеді. Өйткені бұл әндердің тақырыптық ауқымы зор, өмірлік нәрі мол дүниелер. Композитор әуенге қоспаған жай кемде-кем. Оның бәрі шындықтан бастау алып, жүрекке жол тауып жатады. Бұл сөз жоқ, композитор туындыларының ұлттық қасиетінің күштілігі болу керек [1,10б].

Мұқан Төлебаев өзінің бір сөзінде: «Менің ұстазым композитор профессор Р.Глиэр - жақсы ән жазу тек қана мелодия жасау емес, сондай-ақ маңызды, мәнерлі гармониялық сүйемелдеуді табу» - деп отыратын. Бұл сөз композитордың шығармашылық кредосы еді.

Сондықтан да болар М.Төлебаевтың халық әні негізінде жазған «Ақмарал сұлу еркем», «Ақ мақта», «Қырман жыры», «Шахтер әні», «Дала толқыны», «Домбыра сазы» әндерінде бүтін бір үйлесім, сүйкімді жарасым бар. М.Төлебаев әндерінің бәріне тән ерекшелік - қай салада болсын, еңбек адамдарының жан-дүниесін ашып көрсету, солардың ой-арманын, қуаныш сезімін сипаттау айрықша байқалып тұрады.

1950 жылдардан бастап композитор көп білімді хор-поэма, сюиталар, капеллалық шығармалар, Кантата - ораториялық жанрға ерекше көңіл бұрды. Композитор бұл салада көп еңбектенді. Жемісті еңбектенді. Күрделі тақырыптарды тез игерді. Сөйтіп ол ел туралы, жер туралы, Отан-ана, бейбітшілік, достық, жастық жайында көсіле жырлады. Әсіресе композитордың «Отан әні» ерекше көркемдігімен, әуен байлығымен назар аударады, мол қуатымен, шабыттылығымен айрықша естіледі, есте қалады.

Қазақ музыкасының симфониялық жанрының жалпы аспаптың кәсіби (профессионалдық) музыкасының үдере дамуына М.Төлебаевтың асқақ үнді, лирикалық сезімді, кең танысты, терең ойлы музыкасы үлкен үлес қосты. Симфония жанрымен ерте айналысқан композитор бұл жанрда да өзіне тән табиғи талантымен ерекшеленеді. Оны «Қазақ әндері тақырыбына фантазия», «Лирикалық поэма», «Қазақ увертюрасы» шығармаларының бірден байқаймыз. Композитор халық әндерінің негізгі әуендерінің өзек етіп алғанда «Оның бірін жамау, бірін құрау» үшін пайдаланбайды, қайта әуен айқындылығына жету, оны байыту арқылы халықтың музыкалық мұрасын жаңғыртып, түлетіп, жетілдіруді мақсат тұтады. Композитордың бұл игілікті тәсілі «Қазақстан» атты симфониялық поэмасында айқын аңғарылады. Поэмада нақтылы алынған халық әндерінің, тақырыбы жоқ. Бірақ оның құлақ күйінен соңғы аккордына дейін жан дүниеңізді ерекше баурап алатын құлақ құрышын қандыратын, бойыңызды балбыратып, рухани нәр беретін тылсым да құдіретті үнмен қауышып кетесіз. Тыңдаған сайын елти түсесіз. Музыка құдіреті, композитор шеберлігі дегенінің өзі міне, осы болса керек. Халықтық ұрықпен тамырланған сол қасиеттен нәр алған нағыз ұлттық музыканың жан шымырлатар толғауы деген осы.

Опералық жанр - қазақ музыкасының осы ғасырда өріс алған өркенді, жаңа саласы. Ұлттық музыка өнерімізде бұл саланың өркен жаюына, профессионалдық дамуына үлес қосып, оны бастаушылардың бірі болған да Мұқан Төлебаев.

Композитордың Е.Брусиловсий мен бірлесе жазған «Амангелді» операсы, аяқталмаған «Нияз бен Раушан» (1952 ж.)» бітпей қалған «Қозы Көрпеш-Баянсұлу» (1960 ж.) операларының үзінділері қалды. Ал өзінің әйгілі «Біржан-Сара» операсы арқылы композитор бүкіл қазақ музыкасына опералық өнердің төрінен орын алып берді. Бүкіл елдің Мемлекеттік сыйлығына ие болып, лауреаттық құрметті атақ алған бұл опера Совет Одағының халық артисі Мұқан Төлебаевтың композиторлық талантын жарқырата ашып көрсетіп, қайталанбас өрнегін, өнершеңдігімен, ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына айналып отыр.

М.Төлебаевтың: «Біржан-Сара» операсы, - деп дұрыс айтылған «Қазақ музыкасы» тарихи очеркінде, - ұлттық музыка арқылы және халық өмірін шынайы шеберлікпен көрсеткен көркемдік жаңалығымен халық құрметіне бөленді. Ол қазақ опера өнерінің мақтанышпен бетке ұстарлық ұлттық классикалық шығармасы.

1934 жылы - Алматыда Бүкіл қазақстандық халық өнерпаздарының слеті ашылды. Онда ғасырлар бойы ұмытылмас шығармалар жасап, оны сақтап келген халық өкілдері композиторлар, ақын-жыршылар, небір ғажап іскерлер мен суретшілер, жезтаңдай әншілер, алуан түрлі аспапта ойнайтын домбырашы, қобызшы, сыбызғышылар бас қосты.

Осы слетке Талдықорғанның Бөрлітөбесіндегі колхоз-совхоз театрын тұңғыш ұйымдастырушы Мұқан Төлебаев халық арасынан шыққан өнерпаз әнші-күйші ретінде қатысып, ән салып, өнерін танытқанның бірі болды. Слетті жыр алыбы Жамбыл бастады. Өнерлі жандардың астанада бас қосуы өлең-жырды, ән-күйді жастайынан мият тұтқан Мұқанға айрықша әсер етті. Әсіресе Жәкеңнің «Жастар алдындағы сөз» деген ақсақалдық ақылы Мұқанның жігерін жанып, өнерін өсірді. Осы әсерді ол Москвада оқуда жүргенде де ұмытқан жоқ.

«Москва консерваториясында Мұқан белгілі профессор, совет композиторының ағасы Р.М.Глиэрден оқыды, - дейтін академик Ахмет Жұбанов. – тәжірибелі педагог, Мұқанның әуелден зор қабілетін иесі екенін сезіп, оны қатты бағалады, баулыды» .

«Қазақфильм» киностудиясы 1952 жылы шығарған «Жамбыл» атты толық метражды көркем фильмге музыка жазуы, «Туған елім» өлеңі бойынша «Отан туралы баллада» шығаруы, сол секілді Жәкеңнің «Бесік жыры», «Көктем», «Жаз» өлеңдеріне жан сүйсіндірер лирикалы әндер туындатуы Мұқанның сезімінде жас кезінен ақын ата қалдырған ғажайып әсер болса керек.

Композитордың әйгілі операсының арқауы болған «Біржан-Сара» дастанында «Сал Біржан домбырасын көкке сермеп, қалдырды түрлендіріп әннен өрнек», - деп келетін өлең жолдары бар. Дәл сондай-ақ әннен өрнек салған Мұқан өмірі үлгілі әрі өнегелі, өнерлі өтті. 1936 жылы М.Төлебаев алғаш Москваға оқуға барып, өнер жолында музыка мұрасына алғаш қол созып, оған бекем бел байлағаннан бастап, өнердің өрелі жолымен жүрді.

1948 жылы Қазақстан Композиторлар одағының I съезі болды. Осы съезде өзіндік қолтаңбасы айқын аңғарылған жас композитор М.Төлебаев Қазақ ССР Композиторлар одағы басқармасына мүшелікке өтті. Композитордың творчестволық еңбегі мен қоғамдық-қайраткерлік жолының ұштасуы осыдан басталды.

Қазақ ССР-інің өнер қайраткері құрметті атағына ие болғаннан кейін композитор енді тек қана өз творчествосымен қанағаттанып қоймай, қазақ музыкасының өрелі өрісінің өркендерінің барлығына да күнбе-күн атсалысып, тікелей шығармашылық көмек көрсетті.

Е.Брусиловскиймен қосылып жазған «Аманкелді» операсы көрсетіліп, «Біржан-Сара» ұлттық театр сахнасының мақтанышы ретінде одақтық көлемде қойылатын опералық спектакльдер қатарына шыққан. Ал, Мұқан болса, осында зор табыстарының шығармашылық жетістігімен қатар Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда, Жамбыл атындағы Мемлекеттік консерваторияда, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда еңбек етіп, өмірінің соңғы кезіне дейін Қазақстан Композиторлар одағының секретары боп, әрқилы еңбек жолын абыроймен атқару Мұқан бойындағы үлгілі өмірдің өнегесі болды. Қазақ музыкасының жанашырлары туралы әрқашан арнаулы пікірлер айтып, жиі еске алып отырар еді. Оның ішінде өзі дәмдес, қаламдас болып ұстаз тұтқан Р.Глиэр, Н.Мясковский, В.Белый, Б.Шехтер, В.Фере секілді Москва консерваториясының профессор-педагог музыканттарын ылғи еске алатын еді.

Академик Ахмет Жұбанов суреттегендей «... ат жақты, шаршы бетті, торы жігіт болатын. Оның бетіндегі ерте түскен әжім сызықтары «себепсіз» деп тұрған сияқтанатын. Аузынан шыққан сөздері үнемі дәйекті келетін, қарағанда сенің ішіңе бойлауға тырысатын ойлы көздері, қайғырғанда адам қолының ығына жығылмайтын қалың қара шашы бұл жігітте ойдың да, күштің де бас қосып тұрғанын дәлелдейтін. Атап айтқанда, Бетховеннің Ромен Роллан суреттеген бет-әлпеті көз алдыңа елестейтін»[2, 10б ].

Мұқан Төлебаев сонымен бірге жеке дауыс, хор мен үлкен симфониялық оркестрге арнап кантаталар, драмалық спектакльдер мен көркемфильмдерге музыкалар, хорға арналған шығармалар, романстар жазды. Бұл шығармалар сол кездің өзінде-ақ орта және жоғары музыкалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде кең көлемде пайдаланылды.

Мұқанның музыкасының халықтығы терең де сан қырлы. Оларда ұлттық сипат шығармаларының жанрлары мен формаларынан, образ бен ойлау логикасынан, музыкасының барлық құрылымы мен сезім нақыштарынан айқын аңғарылады.

М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі болып есте қалады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Төлебаева Ж. «Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының педагогикалық негіздері». Автореферат канд. доц.

2. Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі. -Алматы: Жазушы, 1978-198 б.

3. «Музыка әлемінде» Республикалық әдістемелік журнал. Алматы 2004 №1-12



Дәулеткерей шығармашылығының маңызы және ықпалы
Бақытжан Таңшолпан Балташқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық

нститутының «Музыкалық білім» бөлімінің 4 курс студенті

ғылыми жетекшісі:. аға оқытушы Жармағанбетова Жанагүл Рақымжановна
Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар-халық, сол халық арасынан шыққан композиторлар. Осы композитордің бірі Дәулеткерей жайында Абай атамыз айтқандай: «тұла бойын түршігер халге тап боласың, налисың, қайғырасың» [1].

Дәулеткерей шығармашылығы халықтың ой-арманын, жан күйін А.Қ.Жұбановтың айтуы бойынша, философиялық тұрғыда сипаттайды [2].



Қазақтың аспаптық музыкасын қалаған халық композиторларының ішінде щоқтығы биік, өз қолтаңбасымен ерекшеленетін де күйші Дәулеткерей Шығайұлы.

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) - қазақтың күйші композиторы. Домбыра күйлерінде лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі Шығай Нұрлыханов (Бөкейханның інісі) сұлтан болған. Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесін алған. Болашақ композитордың халыққа деген көзқарасы Исатай мен Махамбет көтерілісі арқылы қалыптасты деген пікір бар. Дәулеткерей Бөкей ордасын басқару жөніндегі уақытша кеңестің председателі Г.В.Ващенкомен тығыз қарым-қатынаста болған. Орыс интеллигенциясымен жақын болып, Орынбор, Москва, Петербургке сапар шегуі, оның музыкалық тұрғыдан композиторлық дарындылығының дамуына ұштай түсті десе болады.

Дәулеткерейдің орындаушылық даңқы Ордаға ғана емес, шет елдеріне де жайылған. Қазақтың қара домбырасымен қатар орыстың балалайкысында, гитара, мандолинада шебер ойнаған.

Алғашқы күй шығармаларының басталуы 40 жылдардың басы. Ең алғаш шығарған күйі – «Ақжелең». Аңыз бойынша, аң аулап жүріп Ноғайлының бұла өскен сұлу қызы Ақбаланың домбыра тарту шеберлігі мен көріктілігіне таң қалып шығарған күйі. Бұл күйді «Қыз биі» деп те атаған. Күй қазір 3 нұсқада орындалып жүр.

«Қосалқа» күйі Затаевичтің «1000 ән» жинағына кірген. Затаевичтің сөзі бойынша: «Бұл күй әр ауыл мен рудан келіп, алқа қотан отырып, ақсақалдар құрған кеңес суреті».

1938 жылы домбырамен Ғабдулман Матов орындап жеткізген. Құрманғазы оркестіріне лайықтап түсірілген «Қосалқаның» 2 нұсқасы бар. Сазгер күйінде, қос алқасымен теңселіп, қос шелекпен су алып келе жатқан сұлу қыздың әсем кейпі, құдық басына атын суаруға келген жігіт екеуінің сөйлесуін суреттеген.

Дәулеткерейдің кейінгі шығармаларының өз тақырыптары және маңыздылығы төмендегідей сипатталады.

Мысалы, «Қоңыр» күйі яғни, Элегия көңіл күйді суреттеу. Ал, «Желдіреме» күйі – аттың жүрісін суреттейтін күй. «Керілме» күйі – ерке қыздың қылығын суреттейді. «Ысқырма» күйі – жаяу серуенде шыққан күй. «Жұмабике» - әлеуметтік мәні бар, қыз тағдырын жырлаған күй. «Мұңды қыз» - бақыты үшін күрескен әйел тағдыры.

«Бұлбұл» - Дәулеткерей шығармашылығының ІІ кезеңіндегі ең үздік күйі,

«Азаттық жыры» тәріздес. Дәулеткерей өмірінің соңғы кезінде шыққан күйі – «Қарақожа». Бұл күй – салмағы еңсені езердей ауыр, тегеурінді музыка.

Дәулеткерей өзінің жиені, Қарауылқожадан туған Салық Бабажановтың мезгілсіз өліміне арнап «Салық өлген» күйін шығарған. Жоқтау ретінде ерекшеленеді.

Дәулеткерейге Құрманғазымен кездесуі оның музыкалық шығармашылығына үлкен әсер етті. Сол кезеңде толысқан күйі – «Тартыс күй». Бұл күй бірнеше күнге созылатын қыз ұзату тойының аяғында қалыңдықты туыстары қыздарымен қоштасу мақсатында ойын – сауық ұйымдастырады «болыс үй» құрады. «Тартыс» деген салттық ойын ойналады.

Көріп отырғанымыздай, Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығы қазақтың аспаптық музыкасын дамытуда лирикалық бағытымен танылды. Сонымен қатар, халқының тағдырын ойлап шығарған үздік күйлері «Топан» мен «Жігер», мағынасы философиялық деңгейге дейін көтерілді. Көршілес түрікмен тақырыбына арналған шығармалары «Нар идірген», «Көрұғлы», «Тәштит» күйлері. Дәулеткерей мұрасын жалғастырушы – замандасы Әлікей Бейсалиев, баласы Сауалаткерей, Мақар Жапаров, Науша Бөкейхановтар.

Дәулеткерей - философиялық дүниетанымы терең, ойшыл композитор.

Дәулеткерей - өздерін қоршаған ортаның үнін, табиғатты, жануарлар дүниесін жанымен сезіне білген, өз дәуірінің ойлы-қилы кезеңдерін, қоғамдық қайшылыққа толы өмірді көріп, соны шынайы суреттеуде айқын із қалдырған халық күйшісі [3].

Дәулеткерей қос ішектен сайрата отырып, домбыра күйлерін ілгері дамытуда кейшгі ұрпақтарға үлкен өнеге, өшпес мол мұра қалдырды.

Дәулеткерей асқан талант, үлкен өнер иесі екендігі біздің заманымызда профессионал және көптеген күйшілердің сүйікті репертуарына айналды. Дәулеткерей шығармалары қазақ халқының музыка мәдениетінің гүлденуіне тигізген әсері мол.

Дәулеткерей күйлері тек өз заманында ғана бағалы болып қоймай, біздің заманымыздың музыка құрылысына да кірпіш болып қаланды. Қазақстан композиторлары өздерінің шығармаларына мысалы: «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларына, аспапты ансамбльдер үшін жазылған поэма, сюиталарда Дәулеткерейдің күйлері үлкен орын алды.

Дәулеткерейдің әсем күйлері жаңа дәуірде құлпыра түсіп, халқымыздың рухани байлығына айналды.

Дәулеткерей бабамыздың күйлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,  халқымыздың мәңгі рухани азығы болып қалатынына сеніміміз мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ақселеу Т. Қазақтың әйгілі күйшілері. - А., 1992.

2. Жұбанов А. Ән-күй сапары.- А., 1976.

3. Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. –А., ІІ-том, 2002.



Ұлттық рухты оятқан
Аюпова Құралай Сағатбайқызы

Арқалақ көпсалалы колледжі КЗ-30 тобының білім алушысы

ғылыми жетекші: Оташев Болатбек Сабыржанұлы

Арқалық көпсалалы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Бүгінгі еліміздің әдебиеті мен мәдениеті XXI ғасырдың жаңа талаптарынан туындайды. Қазақстанның тәуелсіз ел болуымен байланысты оқу-ағарту, білім-ғылым ісінде басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыт. Еліміздің бүгінгі жағдайға жетуіне өзінің зор үлесін қосып, кезінде рухы мен жігерінен айырылған халқын жаңа күшке сенуге және киелі қазақ халқының азаматтарының жүрегіне сенім мен өшпес жеңістің шырағын жандыра білген қазақтың қас батырлары мен рухты көтерілісшілері дархан қазақ даласында аз емес.

Өмір жолында тағдырдың қанша бұралаң, «Тар жол тайғақ кешулерден» өтсе де өзгермеген қалыпта қалып, жаратқан тәңірдің тұла бойына тылсым күші ұялаған тұлға,1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы және оның сардарбегі Аманкелді Үдербайұлы Имановтың жастарға үлгі боларлықтай ұлы істері,оның Ұлт рухын оятқан ұйымдастырушылығы жалғасын табуы тиіс.Қандай да болмасын кәделі ескерткіштің шын иесі де бағалаушы мұрагері де халық.Өйткені,қазақ батырлары мен көтеріліс қолбасшылары қазіргі дәуір үшін қаншалық қадірлі екенінің де негізгі көрсеткіші бүгінгі өскелең елдің ілтипаты,ықыласы. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда батыр Аманкелді Имановтың есімі мен ерен еңбегі өзінің туған елінде аса қадірлі болып отыруы елеулі фактор демекпін.

Батырдың биік тұлғасы: Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс ұйымдастырушы Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919)-халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгіліс серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Анасы Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Аманкелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау шараға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Аманкелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен Ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу обылысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек,қазан айының басында Жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. 1916 жылы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және импералистік саясатқа қарсы өрбіді. 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып,олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт-азаттық сипатта болып,патша өкіметіне, отаршылдыққа, импералистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды.

Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол -1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ.Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай,тағыда езгіге ұшырайтынын сезді. Бірақ, оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны-халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацины кешуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады. Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды.Өмір олардың болжамы дұрыс екндігін дәлелдеді.

1916 жылғы шілде,тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «Бөліп ал да билей бер» деген тактикасында кеңінен қолданады.1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды.

1916 жылы шілдеде Аманкелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Аманкелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы-сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Аманкелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленеді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Торғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазқтары қосылды. 1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлық өкімет орындарының жұмысын толықтай дерлік тоқтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Патша өкіметі ең соңғы шешімге бел буды. Құрамына майданнан әкелген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экпедициялық корпус құрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан-Қостанай, Ақтөбе мен Шалқардан бастады.

Қозғалыстың басты күшті тұтастай халық бұқарасы болатын. Қозғалыстың ауқымды әлеуметтік негізі бар еді.Жалпыұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын,қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін,ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.

Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі: Тарихтағы ақтаңдақ пен ақиқат.

«Қазақтың Ленинграды» атанған Торғай даласында халық батыры Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығында туған дала көне тарих сырын шерткендей. Кең байтақ өңір сырлы сазға бөленгендей.Батырды көзі көрген көнекөз қариялар сарбаздар айтар еді: «Бұл жұмыр жерде Париж бригадасында көтерілген қызыл ту, Аврора крейсерінде көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы еш уақытты ұмытпас» деп.

Бүгінгі бақытты өмір мен нұрлы болашақ жолында толарсақтан саз кещіп қу толағай жастанған ерлер есімі Торғай аспанында мәңгілік шырағдандай маздайды. Ол есімдердің мәртебесі биік. Адам-жаратқанның перзенті емес, жаратылыс перзенті екенін, зұлымдықты жеңбесе қуныш та көрмейтінін танытты. Адамның өмірге жәбір-жапа көруге емес, таудай қасіретке де қарсы тұрып оны жеңуге келгенін дәлелдеді. Сол құдыреттілердің бірі-Аманкелді Үдербайұлы Иманов. Ол-халық батыры, ол-ел деп туған халық перзенті. Аманкелді 1916 жылы патша үкіметіне қарсы шығып халық көтерілісін бастағаны мәлім. Бірдің мыңға татитыны бар емес пе, Аманкелді-әділетті аңсаған қара халықты күреске жұмылдырған ердің ері. Көтерілісшілер армиясы азаттық үшін ата жауымен арпалысқа түсті. Олар қандай да берік қамал ішінен қирайтынын ұқты. Сосын қынына қарай қылыш суырды. Ашу-ызаға булыққан халық толқынын ешқандай күш бөгей алмайтынын көрметті. Өйткені ер егесте шынығып,сесті батырлар болаттай суырылып жатты. Торғай өңірін сілкіндіріп ел қорғаудың дауылы басталды.Жарлы-жарқыбайлар өзінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың соңынан осылай ерді. Азаттық соғысы Күйік қопасында, Құмкешуде, Сарықопа, кейін Аманкелді бастаған қалың қол Доғал жерінде патша әскерлерімен кескілесе күресті. Сол алғашқы уақыттарда-ақ Аманкелді жауды жеңуге айласы алтау ақылы жетеудей қолбасшылығын танытты. Қандай да соғыс қиындығын айлалы ғана жеңетінін сол қиындықты отты жүректі қайратты ғана жеңетініне сендірді. Туған жерін қорғауға деген сүйіспеншілік күші нағыз ерлік еді. Олар өліспей беріскен жоқ. Бірақ күші басым жау қолынан біраз сарбаз жарық дүниемен қоштасты. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылған елдер рухы бәрібір төмен түскен жоқ. Қайта мәңгілікке жарқырап аспандай берді. Мәңгілік сөнбес жұлдыздай жымыңдап еркіндік жарығына құлшынды.

Иә, халық батыры Аманкелді Имановтың осындай он сан сарбаздары ел есінде өздерінің ерлік тұлғасымен сақталған. Ер жігіт өлер жеріне дейін күліп барды, ерлік туын қолдан түсірген жоқ. Сонда олар бүгінгі бақытты тірлікке сенген екен-ау. Жалпақ еліміздің даңқын шығарған сол батырлар рухына бас иеді бүгінгі ұрпақ. Өйткені олар елін өрге сүйреп, даңқын асырып кетті. Ерлер қайратын ел қалай ғана ұмытады. Сондықтан да мәңгі тірі есім олар.

Шын мәнінде Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы тұра білген Аманкелді Имановтың өмір жолдары осылай өрбиді.

Жалынды от шашылған нажағайдан,

Ақ боран, қаулаған өрт, қызған майдан.

Дүбір сап сол майданда жүрді батыр,

Қанқұмар зұлымдарға салып ой

Бұл ердің аты әйгілі Аманкелді

Жаңғыртқан оның даңқы біздің жерді.

Қан майдан зор дауылдың қаһарманы

Қайраты сүйсіндірген барлық елді,-деп Ықылас Адамбеков жырлағандай аласапыран шақ, көзге түртсе көргісіз соқыр тұман басқан күндер туған заманда әділет нормалары бұзылып Патша үкіметіне қарсы тойтарыс беру кезінде қан тамған кезеңде еліміз талай боздақтарынан айырылды. Көтеріліс бір жағынан жеңіліс тапты, оның өзіндік себептері де көп болды: бытыраңқылық, әскери қарудың жеткіліксіздігі, қазақ феодалдарының сатқындығы сияқты себептер әсер етті. Екінші жағынан көтеріліс жеңіліс тапқанымен оның қазақ тарихындағы тарихи маңызы зор болды. Тарихымызда осы Торғай көтерілісінің басшы-сардарбегі Аманкелді Үдербайұлы Иманов өзінің тактикасымен, ерекшкліктерімен көзге түсті:табанды болып ұзаққа созылуы,билік көтерілісшілердің қолына көшіп,бір орталықтан жүргізілуі, басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.Құрастырушы:Тоғысбаев.Б. Сужикова.А.-Алматы. «Алматы кітап баспасы», 2009.

2. Саяси түсіндірме сөздік.-Алматы, 2007.

3. Қазақстан тарихы:Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері.Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М. Қойгелдиев. Ө.Төлеубаев .Ж. Қасымбаев.-Алматы. «Мектеп» баспасы, 2007.



Қазақ құқығының тарихы
Ахметова Ақбота Дулатқызы

Арқалық көпсалалы колледжінің «Құқықтану»

мамандығының 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Бейсекеева Райжан Файзоллаевна
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ғимаратының алдында XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген үш биге: Төле, Қазбек, Әйтеке билерге қатар отырған түрінде ескерткіш орнатылған. Олар көшпелі шығыс халықтарының әдетінше төбе басында орналасқан. Олардың бірі сол қолын жүрек тұсында ұстап халқына тәжім еткендей түрде отыр, екінші шешендігімен көрініп, жартылай жұмылған оң қолын алдына тосуда, ал үшіншісінің қолында қағазы бар. Бұл көрініс әрбір қазаққа жақын, әрі түсінікті. Бұл республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері «ресми мойындалмаған» қазақ мемлекетінің символына айналуда. Бұл билерге арналған ескерткішке көпшілік халық тағзым ететін орынға да айналып отыр. Ешбір мемлекетке сот әділдігі өкілдерінің бейнесі мемлекеттік символға дейін өтерілмеген. Бұл халық санасында тарихи тұрғыда қалыптасқан «дала демократиясының» құқықтық жүйесіне берілген жоғары баға.Қазақ құқығы жер шарының Батыс Сібір және Орталық Азиялық бөлігіндегі кең далада қалыптасқан орныққан өшпелі түркітілді өркениеттің мәдени құндылықтарының бірі. Бұл аймақ тарихи әдебиеттерде қыпшақтардың отаны – Ұлы Дала деп, немесе осы жерлерді мекендеген этникалық бірлестіктердің атымен Қазақия деп аталды. Бұл Ұлы Даланың дамуында өзінді ерекшеліктері болады. Олар мынадай еді: а) бұл мыңжылдықтар бойы көптеген тайпалар мен этностар көшіп – қонып жүрген кеңде « еркін аймақ» болды; б) бұл жерлерді мекендеген халықтар негізінен дамыған көшпелі мал шаруашылығымен айналысады; в) Осы «еркін аймақта» қазақ – түрік этносының біртұтас тілдік мәдениет және өшпелі қазақтардың өзіндік мейлінше жамыған демократиялыө өқөыөтыө мәдениеті қалыптасып, бекітеді.Қазақ құқығы, құндылықтары – бостандық, әділдікке негізделген қасиеттері «Далалық Демократия» шеңберінде дамыды. Сот билігі беделінің өсуі, жоғары сатыға көтерілуі, билердің халық ілтипатына бөленуі қазақ құқығының өзіндік қырын аңғартады. «Шығыстық» тирандық заңдардың қазақ сахарасында орын алмауы, олардың ықпалының әлсіздігі – бұл да қазақ құқығының ерекшелігі. Қазақ құқығында өлім жазасы, қылмыстық қудалау болған жоқ. Барлық даулар азаматтық – құқықтық сипатқа ие болды және олар үшін мүліктік жауапкершілік қолданылады.

Қазақ құқығы нормаларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, әрі реформаттары,сот билігін ел бірлігіне арнаған, көне дәстүрді берік ұстаған билер деп аталатын ерекше тап еді. Бұл қазақ билері Шығыстағы басқарушы- билерден өзгеше болып қалыптасты. Олар әрі ақын, әрі шешен, философ, әрі ойшыл, әдет- ғұрпын құқығының білгірі және оның реформаттары, әскери қолбасшы және басқарушы еді, ал көзқарасы негізінен – өз қызметінде жергілікті ру мүдделерінен бұрын Қазақия халқының мүддесін жоғары ұстаған, сонымен бірге олар қоғамдық пікірдің бақылауында болды. Қазақ биінің моральдық – құқықтық мәртебесі халықтың – «Атаның баласы болама, адаманың баласы бол» деген талабынан көрініс тапты. Дәл осы аікірді XVIII ғасырдың басында өмір сүрген атақты Әйтеке би: «Өмірім өзгенікі, өлім ғана өзімдікі» - деп әдемі айшықтаған болатын.Қазақ құқығының негізгі қайнар көзі – Ұлы Даланың нормативтік ережелер жүйесі қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әр түрлі мемлекеттер тарапынан қысым көріп, олардың идеологиясынң әсерін сезінсе де, өзінің таңқаларлық өміршендігін сақтап келеді. Әрине қазақ қоғамы осындай күштердің әсерінен елеулі түрде өзгерісе ұшырап отырған, бірақ оның құқықтық мәдениеті мен тіл мәдениетін ешбір күш өзгерте алмады. Олар мұндай қиын – қыстау жағдайларда, тек өзін – өзі сақтап қана қоймай ішкі күшке ие болып нығая түсті. Ұлан байтақ қазақ даласында болған өзгерістер мен төңерістерге қарамастан, күні бүгінге дейін сақталып, өзінің бастапқы «мәйегін» жоғалпаған қазақ құқығынң өміршеңдігін, оның негізгі, құрылымынң өзегі табиғи еркіндік, әділдік, өнегелік идеялармен үндестікте болуымен түсіндіруге болады.Қазақ құқығын зерттеуді уш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі Қазақ Даласын патшалық Ресейдің отарлауы мен байланысты. Хронологиялық түрде ол XVIII – XX ғ. Басын қамтиды. Екінші кезең – Кеңес өкіметінің тұтас (1917-1989 жж.). Үшінші кезең тәуелсіз қазақ мемлекеті – Қазақстан Республикасы (1990 жылдан бастап) құрылғын кезден басталады [1].

Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығынң ерекше тарихи әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.Қазақ хандығынң заңдары «жарғы» деп аталады. Негізгі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Қазақ хандығы заңдарының түптөркіні қазақ халқында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келген әдет – ғұрыптық ережелерден шықты. Бұл ғұрып – әдеттік ережелер ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасында түсініті заң болды.Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік құрған жылдары 1511- 1523) жоғарыдағы саяси жағдайда және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет – ғұрыптық ереже – тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, «жарғы» заңын жасады.

Халық бұқарасы Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап етті. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:

1 Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері). Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза.)

2. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара казан, ердің құны, тұлпар ат).

3. Елшілі жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).

4. Жұртшылық заңы (шүлден тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті.)

«Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай атқарылғансоң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның ( 1598 – 1645) тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған.Ел аузында сақталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында «қасқа жолға» қосылған жаңалық: «хан болын, би түсетін үй болсын» деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси – әкімшілі, әсери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалды. «Ескі заң» деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан еле жатқан дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да ықтимал. «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары XVIII ғасырдың аяқ кезі мен XVIII - ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылады. Тәуке хан ( 1680 -1718 ) тұсында «Күл төбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «жеті жарғы» («жеті заң») деп аталды. Бұл жаңадан қосылған еі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат – жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жие болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке – жеке тарау енгізуге тура келеді. «Жеті жарғы» заң Үш жүздің ойшыл саңлақ билері – Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті. «Орыс деректемелерінде» бұл заңдар «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Қазақ хандығы заңдары тілі тұжырымды, есте сақтауға ыңғайлы, ұйқасты, ершімді, шешен сөздермен құрастырылды. Мысалы, «әділ билік – алтын таразы», «қара қылды қақ жару», «тура биде туған жоқ», «жетпеген билік жеті ұрлықтың есігін ашады», «алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «жан алып жат болма», «ашыққан ұры ашынған долы», «судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді», т.б. Бұл мақал – мәтел түрінде ел арасында сақталып келеді.Бұл заңдар толық күйінде біздің заманымызға жеткен жоқ, Халиолла Өсенбайұлы, А.И. Левшин қатарлы зерттеушілер жариялаған үзінділер ғана сақталған. Қазақ заңдарының ертеректе жазылған бір нұсқасы «Қазақ хандарының рәсмилері» деген атпен Стамбулдағы Сүлеймен Қанұнидің кітаханасында сақталып тұрғандығы байқалды бірақ мұны зерттеген ешкім жоқ [2].

Қорыта келгенде, қазақ қоғам басқару жүйесінің әдістері мен түрлері халықтың ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлеріне, қарым – қатынасына, отбасының, ауылдың, елдің ерекшеліктеріне негізделген. Далалық демократичяда – табиғат пен хан билігінің мүмкіншілігі ескеріледі. Мұның халқымыздың жазалау орындарынсыз, яки түрмесіз, есіктерін жаппай, құлыптамай өмір сүруіне негіз қалады. Бір сүйсінерлік сол, дала демократиясындағы туыстық, теңдік, өзгені құрметтеу, өзіңді бағалау, елді қорғау, басқаның жеріне көз алартпау сияқты ұғымдар бүгінгі Ата Заңымыздың бірқатар баптарында көрініс береді. Бұны бізге ежелгі елдік дәстүріміздің, салт – санамыздың, яки дала деморятиясының әлі де өміршеңдігін аңғартатын құбылыс деп таптық. Сондықтан қазақ даласында кешегі күнге дейін өмір сүріп келген сахара демократиясын тарих сахнасынан ысырып тастауға болмайды. Оның бізге берері көп [3].


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Зиманов С. З. Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы. // Қазақтың ата заңдары II том. Бағдарлама жетекшісі: С. З. Зиманов. Өзгертіліп, толықтырылған 2- басылым – Алматы: Жеті жарғы, 2004. Б.7 – 10.

2. Мыңжан Н. Қазақ хандығының заңдары. // Қазақтың ата заңдары II том. Бағдарлама жетекшісі: С. З. Зиманов. Өзгертіліп, толықтырылған 2- басылым – Алматы: Жеті жарғы, 2004. Б.399 – 401.

3. Назыханов К. Дала демократиясы // Қазақтың ата заңдары II том. Бағдарлама жетекшісі: С. З. Зиманов. Өзгертіліп, толықтырылған 2- басылым – Алматы: Жеті жарғы, 2004. Б. 407 .



Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт - азаттық қозғалысы
Жайлаубай Гүлдана Жайлаубайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Нургазина Гулим Сейлбековна
Қазақ елі өз алдына тәуелсіздікке ие болып, тарих сахнасында жұрт қатарлы көшімізді түзегенде,бұрынғы тарихымыздың теріс түсіндіріліп келген тұстарын жаңаша ойлап, қайта жазуға уақыттың өзі керек етіп отыр. Халқымыздың өткен кезеңдеріндегі ірі оқиғалар мен көтерілістердің тарихта алатын орны ерекше. Біз бұл жұмысымызда Торғай көтерілісі жөніндегі мәселеге арнайы тоқталмақпыз. Оның себебі - патша отаршылығына, зорлық - зомбылығына, қарсы бағытталған 1916 жылғы Торғайдағы көтерілістің бастауы да, алғашқы алауы да осы Торғай көтерілісі болды. Сондықтан, осы Торғай көтерілісінің өз бағасын беретін және оған қатысқан ер-азаматтардың есімін, есімімен бірге ерлігін зерттейміз. Торғай көтерілісін қарастыру арқылы 1916 жылғы қилы заманда бүкіл қазақ даласын қамтыған қиямет арпалыс пен қайғы - қасыреттің, қан-құйлы жазалаудың сипатын танимыз. 1916 жылғы Торғай көтерілісі қазақ халқының тарихында ХVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы ұлттық күресі, Отан соғысы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» дәуірінен кейін, қазақтардың ел болып басы бірігіп, жерін, елін, Атамекенін қорғау үшін қан майданға шыққан, оның ұлан - байтақ жерінің бұрыш - бұрышын түгел қамтыған, қазақ халқының ұлт - азаттығы үшін ел болып бірігіп қимылдаған көтерілісінің бірден - бірі. Сол себепті, Қазақстан тарихында осы 1916 жыл оқиғасының орны ерекше саналады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі мен деректемелік негізі. Тарихнамасы. Қазір ұрпаққа дұрыс түсіндіруді талап ететін қазақ тарихындағы маңызды мәселенің бірі - Торғайдағы 1916 жылғы ұлт - азаттық күрес ғасырлар бойы халықтың аңсап келген, еуразия құрлығындағы болған ұлттық сипаттағы ұлт - азаттық революцияның ең биік шыңы еді. Ол ұлтымыздың ХХ ғасырдағы қуанышы мен трагедиясы. Тарихымыздағы Торғай көтерілісі әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Тұтас бір ұлттың басына төнген қасірет Қазақстандағы әрбір аймақ, әрбір ауыл өз араларынан қол бастаған көсемдерді де, сөз бастаған шешендерді де аз шығармаған болар. Ұлт - азаттық революция, оның ішінде Торғай көтерілісі тарихнамасы мен деректемелері туралы біршама еңбектер баршылық. Қазақтардың ең бірінші болып А.Байтұрсынов, Т.Рұсқұлов, Ж. Аймауытов, С.Аспендияров, С.Мендешов, Б.Қаратаев жазды. 1916 жылғы көтеріліс тарихын қазақ кеңестік әдебиетінің классиктері М.Әуезов « Қилы заман», С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу», С.Мұқанов « Ботагөз» өз шығармаларында мейлінше толық ашып көрсетті. Мұңлы Торғай даласы туралы Антон Сорокиннің « Дутовтың көзіне түкірдім» деген әңгімесі де сыр шертеді. Ұлт - азаттық көтерілістің 80 жылдығына арналып 2 томдық жинақ «Қаһарлы 1916 жыл» деген атпен жарық көрді. Осы құжаттарды оқи отырып, Торғай облысындағы қазақтардың барлық болыстарында көтерілгенін, соның ішінде Ырғыз уезі сарбаздарының батыл шабуылдарымен танысуға болады. 1916 жылғы Торғай көтерілісінің жыл тарихын жазамын деушілерге нақтылы деректер жеткілікті. Ресей мұрағаттарында 1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының көтерілісі жайында, соның ішінде Торғай қазақтарының көтерілісі туралы да Орынборда, Қазанда, Петроградта жинақталған деректер жеткілікті.

Мақсаты мен міндеті:

- 1916 жылғы Торғайдағы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын нақты фактілермен ашып көрсету;

- қозғалыстың алғы шарттарын, себептерін, нақты ашып көрсету

- көтерілісшілердің қару жарағы соғыс стратегиясы мен тактикасын сипаттау

- азаттық жолындағы шайқастарды жеке - жеке сипаттап, соғыс қимылдарын көрсету.

1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алынған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты - халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. Соғыс Ресей империясында пісіп - жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті.



Көтерілістің басты себептері: әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы факторлар отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына « Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және бұл іс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінің бұлыңғырлығын отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуліктері шебер пайдаланды. Стихиялық қозғалыс бірте - бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады ірі ошақтары пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери - отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал - бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт - азаттық қозғалысына ұласты. 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ, сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы тобының өкілдері, қолөнершілер болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері, сондай - ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлдар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан. Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды. [ 1]

Қазақ демократтарының саяси көзқарастары. Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай - ақ бұратаналық әкімшілік дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» патша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды

1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күресте төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Олар соғыс жағдайында көтеріліске қатысуды патша өкіметі, орыс жұртшылығы барлық туындайтын зардаптарымен қоса алғанда орыс әскерлерінің ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді. Ұлттық - демократияшылар зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан бір бөлігі болған соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл шақыруды халық бұқарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның іс - қимылын басқаруға, олардың саяси тәлімгерлері болуға қазақ зиялыларының батыл топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын. Көрнекті өкілдерінің бірі Міржақып Дулатов 1929 жылғы 7 қаңтарда ОГПУ тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдеді: « 1916 жыл келді. 19-43 жасқа дейінгі қазақ халқын тыл жұмыстарына реквизициялау туралы 25 маусымдағы патша жарлығы кенеттен жарияланды. Қазақ халқы толқыды... Далаға зеңбіректері мен пулеметтері бар жазалау отрядтары ағылды. Губернаторлар жер-жерге барды, түрмелер батыл адамдарға лық толды». Ақтөбеге келген Торғай вице - губернаторы... тура былай деді: « Бірде-бір қазақ тірі қалмаса да патша жарлығы орындалады». Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып - жанышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданға жөнелту басталды.



Көтерілістің басшылары. Обалы нешік, 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс туралы тарихшылар , зерттеушілер оның шығу себептерін жан-жақты терең білімділікпен түсіндіріп келеді. Бірақ ол қалай ұйымдастырылды? Оны кімдер , қандай саяси күштер ұйымдастырды? Бұл мәселеде әлі күнге нақты шешімін таппаған жәйіттер баршылық. Бір кезде оны серіктерімен Амангелді батыр ұйымдастырды дедік . Енді Әбдіғапар ұйымдастырды дегенге ойысып жүрміз. Олардың еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олардан басқа да көтеріліске дем берушілер жоқ еді деу қалай болар екен?

Көтерілісшілердің өкімет билігін сайлаған ұлы жиыны 1916 жылдың күзінде Торғай өзенінің жағасына таяу Қоғалы көл деген жерде өткен. Бұл арғынның ақташы аталатын руының мекені. Қазірде сол ағайындар тұрады. Бұл жиынды шақыруға басшы болғандар арғынның осы төңіректегі жеті руы: Ақташы, Байтажы, Тағышы, Қараман, Таз, Төлек, Қырықмылтық. Бұлардың барлығы ел билеген, араласқан кісі шыққан беделді рулар. Олардың осы ісін қолдаушы Әбдіғапар, Амангелді бастаған батырлар. [ 2 ]

Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873 – 1919 жж. ) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмғамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау – шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1986 – 1911 жылдар аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айында жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт – азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2 – 3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды.

1919 жылы сәуірдің 20 – ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын – жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. [ 3]

1926 жылы шілде айында бүкіл Қазақстан болып, 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығын тойлауға арнайы шешім қабылданды. Торғай елі Әбдіғапар мен Амангелдіні есіне алды. А. Байтұрсыновтың 1926 жылы Қызылордада жарыққа шығарған «Әбдіғапар» атты жоқтауы кейін « Боздағым» деген қазақтың жоқтау жырларына енді. Бұл Әбдіғапарды қалың елдің бірінші және ең соңғы жоқтауы еді.

1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы ғасырларға созылған ел үшін, жер үшін, бостандық үшін, қазақ мемлекеті үшін болған айқастың жалғасы еді. Маусым жарлығы барша халыққа ой салып, азаттық туын көтеруге дайын тұрған елді итермелеген себеп қана еді. Бұл жылы қазақ елінің ұлт – азаттық революциясы болды. Ол қазақ мемлекеттігін аз уақыт қалпына келтірді. Өз тағдырын өзі басқарды. Міне, осындай ауыр заманда ту көтерген ерлердің бірі – Әмір Әбдіғапар. Даңқ үшін әмір болмады, ел есімін атады, ол көнді Отан үшін, жанын пайда етіп, шүберекке байлады. Патша жендеттерінен аман қалған Әмір Әбдіғапар большевиктік экстремизмнің құрбаны болды. Кеңестік тоталитарлық жүйе оның әулетін құртуға әрекет жасады.

Тәуелсіз болған осы күні елі еңіреген ерінің бірі, болғанда да бірегейі Әбдіғапардай Әмірді құрметпен еске алуға тиіс. Оның есімі Сырым, Исатай, Махамбет, Хан Кене, Амангелдімен қатар аталуы әділ де орынды. Оның дабылды аты, даңқты заты Отан тарихында, міне, осылай жатталуы керек. [ 4]

Практикалық бөлім: Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналып түрлі кештер,өлкетану мұражайына саяхат, «Көтеріліске -100 жыл» тақырыбында кітап көрмесі, пікірталастар, кездесулер ұйымдастырылды.

Қорытынды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық – болыстық әкімшілік басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолына көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, өз руластары арасында беделі өте жоғары болған Әбдіғапар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады.

Көтеріліске шыққан халық ұлт – азаттық қозғалысының басшысы Кенесары Қасымовтың ең жақын серіктерінің бірі, Нияз бидің руласы, атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні – еңбекшілер мүддесін қорғауда сыннан өткен әрі батыр, әрі халық қамқоршысын өздерінің сардарбегі етіп тағайындады.

Соғыс жағдайларында «Қазақ» жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал – демократиялық зиялыларының жетекшілері – Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай – ақ қазақ зиялыларынан шаруа – демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин, Б.Майлин, С.Дөнентаев және басқалар сынды «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт – азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері. Сондай – ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Торғайдағы көтеріліс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен ерекше көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. «Кеңес, - деп еске түсірді. Ә.Т.Жангелдин, - көтерілісшілерді қарумен және оқ – дәрімен жабдықтау мәселелерімен жанын сала айналысты. Біз бірнеше ұстахана ұйымдастырдық. Онда біздің ұстапар әскерге алынудан Атбасардан, Ақмоладан, тіпті Семейден де қашып келген жұмысшылармен бірге бытыралы мылтықтарды, аңшылық және ескі мылтықтарды қайтадан қалпына келтіріп, жөндеді, пышақ, балта, семсерлер – соқты. Біздің өзіміз оқ дәрі жасап, бытыра құйдық, ер – тұрман дайындадық».

А.Иманов Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола және Семей болыстарының көтеріліске шыққан қазақтарының басын біріктірді. Көтерілістің сардарбегі А.Иманов халық даналығы мен қаһармандығының үлгі – өнегесін бойына жинақтағанын іс жүзінде дәлелдеді.[ 5]
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы 11 – сыныбына арналған оқулық. М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев т.б. Алматы: «Мектеп» баспасы .

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1 том.

3. Қазақстан тарихы 9 – сыныбына арналған оқулық.



Ұлы Даладан - Мәңгілік Елге!
Шөптібай Ақбота Егінбайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру»мамандығының ІІІ курс студенті

ғылыми жетекшісі: Молдагулова Шолпан Ихсановна

Біз ықылым замандардан бері Ұлы Дала төсінде сан қилы тағдырды басынан кешкен, осы күнді армандаған ел едік. Сақ Ата дәуірінде де, қағанат, хандық заманында да, Әз Жәнібектің, ер Абылайдың тұсында да еш ұрпақ мұндай бақытты, дәулетті көрген жоқ. Арғы-бергі заманда Ұлы далада Назарбаевтай жер жүзіне даңқы асқан ұлы тұлға туған жоқ.

Небары 25 жыл ішінде сайын далада жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан орнады. Елордалы, Ақордалы, Елбасылы ел болдық. Қазақстан - әлем мойындаған қуатты мемлекетке, Астана - ынтымақтастықтың еңселі ордасына, Елбасы жер бетіндегі ықпалды қайраткер болды.

Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманы да Нұрсұлтан Назарбаевпен жеттін. Тізгінін қолға алған 25 жылда Елбасының жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын елі айқын таныды. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасына, туған халқының Бәйтерегіне, елінің мақтанышына айналды.

Абылай хан: "Үш арманым бар еді. Біріншісі - елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді. Екіншісі - халқым қала, кент сала алмады. Үшіншісі - елдің басын біріктіре алмадым", - деген екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, қалаларымыз бен ауылдарымыз жарқырап, жайнап тұрады[1].

Туған жеріміздің тарихын білу - келер ұрпақтың, біздердің міндетіміз деп білемін. Өйткені өткенін білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Ақын - жыраулар мен жазушылардың шығарма өзегі болған, алыс кетсек сағына аңсайтынымыз да - туған жер. Әр белі мен сайы, әр бұтасы мен бұлағы, тіпті күннің көзі де ерекше түсетін жер де - туған жер. Қызылқозы - (1951 жылға дейін осылай аталған) қазіргі Арқалық қаласының орналасқан байырғы аты. Мидай далада көз тоқтатар тұлдыр жоқтын. Төңіректі қызыл бояумен бояп қойғандай.

Жаңбыры мен қар суы айырып-айырып тастаған топырақ, асықтай шашылған қызыл тастар. Бұл боксит кені еді.

Жергілікті халық киіз үйдің сүйегі - кереге мен уық бояуға осы топырақты алдыратын болған. Ол әрі жұғымды, әрі ұзақ уақыт өңін жоғалтпайтын беріктігімен бағаланыпты.

1947 жылдан 1950 жылға дейін қазақтар жағы Арқалық руднигінің ар жағындағы сайдың бетінде жартысы жерден қазылып, үстіне шым қаланған үйлерде тұрып келді. Оны жергілікті халық" Копай город" деп атайтын.

1947 жылы үлкен маман - геолог Алексей Николаевич Волков басқарған шағын отряд самолетпен Қызылқозыға келді. Ал 1949 жылы поселкеде алғашқы шым үйлер пайда болды. Кішкентай отрядтың тиянақты да жемісті зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1950 жылы геологиялық партия ірі экспедицияға айналды. Енді экспедицияны басқаруға жігерлі, білімді Юрий Михайлович Поволоцкий геологтар басшысы Тюрин, геолог А.Тоқсанбаев, бас инженер М.Кәлменов, бас механик Шерстобитов, құрылыс бастығы Шалдыбаев, прорат А.Адырбаев тағайындалды. Атбасардағы базаның кен - барлау партиясының іздестіру тобын Мұхамбетжан Аташұлы Кәлменов басқарды. Алғашқы құрылыс - болашаққа бетбұрыс. 1950 жылдары мамыр айының ортасынан бастап, ескі Арқалықтың орнына жаңа құрылыс салына бастады. 1950 жылы поселкіде шым үйлердің бірінде алғашқы мектеп ашылды. Оның алғашқы ұстазы К.Ахметов. Уақытша шымнан ойып қырық кісілік жатақхана, одан кейін кеңсе салынды. Алғаш 120 отбасылық жер үй салынып, оған қажетті құрылыс материалдары Атбасардан тасылған болатын. Мұның сыртында жергілікті кірпіш, қамыс, тал пайдаланды. Колхоздармен шарттасып өгіз, ат - арба пайдаланылды. Қосымща жұмысшылар шақырылды[2].

Ескі Арқалықта 1 мамырдан бастап, 15 шақырым жерден 120 адам кірпіш құюға кірісті. Көктауда кірпіш зауыты орнады. Онда кірпіш күйдірудің белгілі шебері Нұржанов Аманбек болды. 1951 жылы 30 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президимуының шешімі бойынша Арқалық жұмысшы поселкесі Кеңесі құрылды. 1952 жылы шеберхана, гараж, электр жүйесі, отбасылық жатақханалар және бірнеше үй салынды. 1953 жылы Жоғары Ашутас поселкесі салынды. 1955 жылы кыркүйекте "Тургайалюминстрой" тресінің орны белгіленіп, сол кездегі Амангелді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Т.Боданбаев, экспедицияның саяси бөлімінің бастығы М.Бүркітов, құрылыс маманы Д.Адырбаев қаланың алғашқы қазығын қақты. Сол көшеге бейбітшілік аты берілді.

Ал енді қаланың Арқалық аталуының не сыры бар Кейбіреулер ертеде осы маң Арқалық деген батырдың мекені болған екен, сол үшін осылай аталыпты десе, енді біреулері: ертеде байлар жайлауға көшер жолда осы араға кідіреді екен. Яғни ел мен жайлау арасын қосатын Арқалық тәрізді екен. Сол жылдары поселкелік Советтің председателі Құрманғали Қасымов өз естелігінде:

Алғаш келгенде байқағанымыз бұл жер белес - белес, арқа-арқа екен,Кен басқармасының алғашқы директоры Абдолла Тоқсанбаев, геолог Мұқамбетжан Кәлменов бәріміз ақылдаса келіп, Арқалық деп атауға келіскенбіз,- дейді. Осы жер бері келе Арқалық деп аталып кетті. Қалалар мен адамдар тағдыры бір-біріне ұқсас келеді. Әрбір қаланың туған айы мен күні, жылы, алар орны, артқан жүгі, соңында қалдырған ізі болады. Бұл заңдылық Арқалық қаласына да ортақ[3].

Жастардың білім алуына жан-жақты жағдай жасалды. Әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп, онан тысқары Ахмет Байтұрсынов атындағы талантты балалар гимназиясы, қазақ-түркі лицейі, педагогикалық, музыкалық, ауылшаруашылық, политехникалық, медициналық колледждер бар. Арқалықты жастар қаласы деп те атайды, олай айтылуы орынды да, қаладағы бес орта маман дайындайтын оқу орны және Ыбырай Алтынсарин атындағы 1972 жылы құрылған педагогикалық институт, тоғыз орта мектептерде оқушылар мен студенттер білім алуда. Сондай-ақ алтыннан қымбат аса құнды кітап қоры жинақталған. Орталық ғылыми әмбебап кітапханасы тұрғындардың рухани білім дәрежесін көтеруде. Қаладағы "Жасұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы, қосымша білім беру тәрбие мектептері жас ұрпақтармен жұмысын тоқтаусыз жүргізуде.

Арқалық қаласындағы Торғай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бұдан 25 жыл бұрын, яғни 28 шілдеде 1972 жылы құрылған еді, қазір облыс, қала тарихымен айналысатын бірден - бір орын болып отыр.

Өзбекәлі Жәнібеков - жастарға ақыл-кеңес бере отырып, халықтың дәстүрлі өнерін сақтап қалуда, ұлттық салт-дәстүрді білуге, тілді дұрыс меңгеруге Торғай жұртының мәдениетін жандандырудағы тұлғалардың бірі. 1970 жылы Торғай даласына жаңа облыс ашу үшін тапсырмамен келген Өзбекәлі Жәнібеков жас облыстың өркендеуі мен гүлденуіне, мәдени өміріне қосқан үлесі зор. Өзбекәлі ағаның жетекшілігімен Арқалық маңызды мәдениет орталығына айнала бастады.

Кешегі кеңестік дәуір кезінде Әуелбеков сияқты талай азамат обкомның хатшысы, министр немесе басқадай лауазымды қызметтерде болды. Бірақ, соның бәрінің есімі елдің есінде қалды деп айта алмаймыз. Өйткені халық кім-кімді де жасаған ісіне, сіңірген еңбегіне қарай бағалайды. Осы тұрғыдан алғанда Еркін Нұржанұлының шоқтығы биік, жұлдызы жоғары тұрады. Себебі ол туған халқына, еліне мейілінше адал және қалтқысыз қызмет етіп, принципшіл, таза, әділетті жұмыс істеудің тамаша бір үлгісін көрсетті. Сөйтіп, көпшіліктің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді. Оның атын жұрт жәйдан-жәй аңызға айналдырған жоқ.

Еркіннің еңбек жолына көз жіберген кісі екенін оның үлкен өмірлік мектептен өткенін байқайды. Еркін Әуелбеков Торғай облысына да елеулі еңбек сіңірді. Өзіндік қолтаңба қалдырды. Ол Қазақстанда бірінен соң бірі үш облысты басқарды: Қызылорда, Көкшетау, Арқалық. Мұның өзі сирек кездесетін жағдай.

Қай кезде, қай заманда, қай жүйеде өмірге келіп, еңбек етсе де, қандай идеология үстемдік етсе де, коммунистігіне де, атеистігіне, болмаса діндарлығына қарамастан халқына, жұртына, кір жуып, кіндік қаны тамған жеріне, адал, беріле, бүкпесіз қызмет ететін адамдар болады. Ондай адамдар қандай жағдайда да халқына адал болудан безбейді, қиын-қыстау кезеңдерде айналасындағыларға қолдан келген көмегін аямайды. Қазір білетіндер де, білмейтіндер де кеңестік дәуірді, аға ұрпақ қызмет еткен, осы кезге дейінгі материалдық, рухани байлықтардың басым бөлігін дүниеге келтірген 75 жылдық кезеңді жерден алып, жерге салып жатқан уақытта балалық, жастық, жігерлі кезіміз, тау қопарған шағымыз, жалындап өткен дәуірімізді жамандағым да, оған қара күйе жаққым да келмейді. Ол кезді жоққа шығарсақ, жамандасақ, кейінгі жас ұрпаққа жек көрсетсек, өзіміз ардақтаған ағаларымызға тіл тигізгеніміз болар еді. Адамын заманынан, ол еңбек етіп, өмір сүрген уақытынан бөліп алып қарауға болмайды. Сондай абзал да еңселі азаматтардың бірі Еркін Нұржанұлы Әуелбеков еді. Оның қайнаған қазандай қызу өмірі жемісті де нәтижелі өтті деп сеніммен айтуға болады.

Саналы өмірінің басым бөлігі Қазақстан Республикасы көлемінде жауапты, лауазымды, басшы қызметтерде өтті, ұзақ жылдар бойына еліміздің бірнеше облысына бірінші хатшы болды, артына өшпес әрі өнегелі із қалдырды, халқының, айналасындағы адамдардың, жора-жолдастарының, ағайын- туғанының сый-құрметіне бөленді.

Еркін Әуелбеков Арқалық қаласын басқарды, бұл қаланың экономикасы мен халқының әлеуметтік-тұрмыс жағдайын көтеруге көп еңбек сіңірді, ел алдында үлкен беделге, мол алғысқа ие болды.

Ол Арқалық қаласының автомобиль жолдарын түзетіп, бұған қоса ауылдарда, аудандарда тұрғын үйлерді жөндеп, мектептер, балабақшалар, дүкендерді салуға және де ауыз су мәселесіне өз үлесін қосты. Оған елге сіңірген еңбектері үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы беріліп, көптеген ордендермен, медальдармен марапатталды. Осындай тұлғаларды үлгі ете отырып, мен өзімнің туған қалам Арқалықтың дамуына үлес қосу - менің перзенттік парызым деп білемін[4].

Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол - қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол - Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік ел жасау.

Осындай еліміз бар біз бақыттымыз. Ұлы Даламызды Тәуелсіз елге айналдырған ата - бабаларымызға, батырларымызға мың алғыс. Елімізді әрі қарай гүлдендіріп, көркейту жастардың міндеті. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстан Мәңгілік Елге айналсын!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Жолдасбеков. Тәуелсіздік тағылымы. " Күлтегін".Астана. 2012ж.

2. Қ.Сұлтанов. Елбасы және Қазақ мемлекеттігі. Алматы. 2015ж.

3. М.Қозыбаев. Киелі Тәуелсіздік. Алматы. 2009ж.

4. Т.Рсаев. Торғай елі энциклопедициясы. Астана. 2012 ж.

Алаштың бір ұлы – Байқадам Қаралдин
Әбікен Перизат Нұрланқызы

Арқалық медицина колледжі» МКҚК

«Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Алимгазина К.Ш.
Тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ақтарып.еліміз егемендік алғасын, ел мен жер тарихын дәріптеп жаза бастадық. Қазақ халқының азаттыққа қарсы бас көтерген көтерлістеріне белсене атсалысып, толығымен сол көтерлісті қолдаған қазақ ұлдары да болған еді. Солардың бірі Байқадам Қаралдин болған еді.Еліміздің Тәулсіздігіне-25 жыл, Ұлт азаттық қозғалыстың-100 жылдық атаулы деректерді негізге ала отырып, осы азаттық қозғалыстың бір жақтаушысы ретінде Байқадам Қаралдин жайында дерек келтіргім келеді.

Сол кездегі репрессиядан, кейінгі болар қудаланудан қашқан,сақтанған зиялы қауым өздерінің саяси көзқарасын көпшіліктен жасыруы да мүмкін.

Ұлт-азаттық көтеріліс-Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тарихи оқиға. Халық келешегі үшін қазақ елінің басқа жұртпен терезесінің теңдігін аңсаған,сол үшін қызмет еткен қаншама асыл ерлердің аты да, заты да бізге осы күнге дейін беймәлім.

Сондай азаматтардың бірі, өз тағдыры да,ағайын-туыстарының тағдыры да тәлкекке ұшыраған Байқадам Қаралдин. Алаш қозғалысының белсенді мүшелерінің бірі, оның қарулы күштерін басқарған,1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді мүшесі Байқадам Қаралдин еді.

«Алып анадан туады»дегенді атам қазақ тегін айтпаса керек. Осындай аты аңызға айналған өнерлі жаннан туған Қаралды Байқадам да өз заманының бетке ұстар азаматтарының бірі болды. Байқадам Қаралдин 1877 жылы 18 қарашада Торғай уезі, Қараторғай болысының дүниеге келген. Қашан туғаны жөнінде М.И.Калининге жазған хатында айтылған. Өзінің өміріне қатысты мынадай дерек бар: «Қолының қысқалығы мен қаражатының тапшылығынан әкем өзінің кіндігінен шыққан бес баласының төртеуін оқыта алмады. Шабындық жері болмаған соң, меншігіндегі азын-аулақ малының жем-шөбін ауқатты адамдардың шалғайдағы жайылымын жалға алу арқылы әзірлеуші еді. Сөйтіп, бұл кісі қазіргі кейбір шолақ белсенділердің ойдан шығарып айтып жүргеніндей, бай да, қанаушы да емес, қайта өмірден ешқандай шен-шекпен, атақ-дәрежесіз өтіп көз жұмды».

Байқадам Қаралдин қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1891 жылы Торғай орыс-қазақ екі жылдық училищесін бітіргеннен кейін уездік басқармада есепші және көшірмеші болып істеген. 1903 жылы үлгілі қызметі үшін уездік басқармаға үшінші разрядты шенеулік болып қабылданады.1911 жылы аудармашы қызметіне жоғарылатады, Қаралдин 1909-1910 жылдары Торғай және Сырдария облыстарының қыстақтарын зерттеуге араласып, Страховск бөгенін салуды басқарады.1916 жылғы атаулы Торғай көтерілісінің қарсаңында уезд бастығы Гарф пен губернатор Эверсманға патша жарлығына қарсы халықтың талаптарын түсіндіруге күш салды. Осы жылдары Қаралдин бірқатар көтеріліс басшыларымен бірге патша өкіметіне опасыздық жасағаны үшін дарға асу жазасына кесілді. Оның бұл жазадан құтылуына Ресейдегі Ақпан төңкерісі себеп болады. Қаралдин Қазан төңкерісінен кейін Торғай уездік халық комиссары болып,бұл қызметін 1918 жылдың мамыр айына дейін атқарды. Уезде Кеңес өкіметі қалпына келтірілгеннен соң Торғай уездік атқару қызметінің төрағасы болып сайланды. Бір жылдан кейін, Әліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынұлымен бірге Мәскеуге барып,үкімет басшыларымен болған Алашорда мәселелері бойынша келісімге қатынасады. 1919 жылы тамызда жаңадан ұйымдастырылған Қазақ өлкесін басқару жөнінде Әскери революциялық комитеттің хатшысы болып тағайындалады.1920 жылы маусымда Торғай уездік атқару қызметінің мүшесі және жер бөлімінің меңгерушісі болып сайланады.Кейін Жангелдинмен бірге РКФСР ХКК-нің 1919 жылы 10 шілдедегі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы»декретінің жобасын әзірлеуге қатысты.В.И.Ленин қол қойған бұл декреттің Қазақ ұлттық мемлектінің құрылуына негіз болғаны белгілі.

КСРО-да бай-кулактардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны басталғанда Қаралдин де заңсыз айыпқа тартылды. Өзін жазықсыз жападан арашалап алу үшін Қызылордаға барған Қаралдин дереу тұтқындалып, кешікпей Семейде атылды. Қазақ КСРО Жоғарғы соты алқасының 1960 жылы 18 ақпанындағы шешімімен ОГПУ «үштігінің»1930 жылғы 25 мамырдағы сотында жазықсыз деп танылып,Қаралдин толық ақталып шықты.Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл жазықсыз жала кесірі Байқадамның отбасына әсер етпей қоймады. Оның ұрпақтары арасынан көрнекті композитор Бақытжан Байқадамов, Қазақ КСР халық әртісі Айсұлу Байқадамова, қаламгер Данабике Байқадамова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Күнімжан Байқадамова еліміздің белгілі азаматтары болды.

Байқадамовтар әулеті туралы білгісі келетін көпшілік оқырмандарға арналған бұл кітап тәрбиелік, танымдық мұрағат деректеріне бай.

1916 жылғы Торғай өңіріндегі А.Жанбосынов пен О.Шолақовтар бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жөнінде тарихшыларға толыққанды мағұлмат жазып қалдырған Байқадам болатын.1926 жылы Қостанай қаласында аптасына екі рет шығып тұрған «Ауыл» атты газеттің 277-279 сандарында 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығына орай, Қаралдиннің «Торғайлық» деген бүркеншік атпен жарияланған «16 жылғы Торғай қазақтарының көтерілісіне 10 жыл толды» деген мақаласы назарға ұсынылды. Өзі басы-қасында олған көтеріліс туралы мақаланы жазуды Байқадам үлкен міндет еткен.

Кешегі кеңес заманының содырлы саясаты тұсында қазақ зиялыларының нақақтан зардап шегіп, қуғын сүргінге ұшырамағандары кемде-кем.Алаштың «елім деп еңіреген, жерім деп тебіренген» ардағының бірі-Байқадам Қаралдин.

Байқадам Қаралдиннің халық үшін жасаған тағы да бір игі ісі кезінде Торғай жеріне қарасты Қабырға ауылына бөгет салу ісін қолдауы. Жауын-шашын аз жауып халық қиындық көре бастайды, шабындық болмаған соң, малының жағдайына қараған ел шүйгін жайылым қуып, қу далаға тарыдай шашылып, бет-бетімен кететін болған. «Қабырға өзені қаңсып жатады» дейді екен сол жерді жайлаған жұрт. Сондықтан Қабырға өзенінің суын ел игілігіне жаратуды ойлаған Айса Нұрманов болса,мақсатын Байқадам Қаралдин қолдап, үкіметтің осы іске қаржы бөлуне ықпал жасайды.

Бүгін Байқадам Қаралдин кім және тәуелсіз Қазақстандағы алатын орны қандай деген сұрақтар төңірегіне жауап іздедік.

Күнімжан Байқадамованың «Байқадамовтар әулеті» атты кітабы 2009 жылы басылып шықты. Бұл кітапта автор әкесі туралы тәуелсіздік тұсында жазылған дүниелердің басын құрап, жадында қалған естеліктерді жаңғыртып, арманда кеткен аяулы әкенің өмір жолы мен апасы Данабике, ағасы Бақытжан, сіңілісі Айсұлу туралы баяндаған.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Байқадамовтар әулеті» 2009ж «Білім баспасы»Алматы

Авторы:Байқадамова К.Б

2. «Қазіргі заман тарихы» 2009ж «Атамұра» Алматы

3. Қостанай таңы басылымы -2007 ж

Ел мен жер және тұлғалар тарихы
Ембергенова Аружан Сәрсенқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2курс студенті

ғылыми жетекшісі: Жакупова Гүлім Маликовна
Азамат сыны – ерлік,

Ерлік сыны - елдік



М.Әуезов

Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды. ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады. Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады. Халықты тілінен, ділінен, дінінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: «...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды... Енді бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде...Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде...». Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы еді. Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек. Бұрын азды-көп мәліметтерге, сондай-ақ зерттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі. Дегенмен де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн. Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың материалдарды пайдалана отырып бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалын, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және көтерілістің негізгі ошағы Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Наурызбай мен Кенесары Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылы 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Торғай өңіріндегі бас сардар Амангелді Иманов халық көтерілісіне алғаш рет әскери тәртіп орнатты. Ол отрядтарын 10, 5, 100, 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елу басы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Аменгелді бастаған көтерілісті басу үшін, патша өкіметі генерал А.Д.Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқаның естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге шегініп, Бетпаққараға жиналып, А. Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. Торғай облысында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған Әліби Жангелдин болды. Патша жазалаушылары мен А.Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері: - бытыраңқылығы; - көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы; - патша өкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір арқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. 1916 ж. көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана - сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери - феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған, тәуелсіздік үшін жан аямай күрескен біздің ата-бабаларымыздың тарихымен танысып, олар туралы білгеніміз де жөн. Сол тарих парақтарында есімін алтын әріппен қалдырған Амангелді Үдербайұлы Иманов 1873-73-919 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі болып қызмет атқарды. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызfды. Амангелді Имановтың ерлігі ел есінде қалып, ол кісіге халық көп құрмет көрсетті. Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Ж.Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Аманкелді" портреті, "Аманкелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қ.Телжанов ("Аманкелді", "Аманкелді қызыл атты әскері") Аманкелді образын тартымды бейнеледі.

1916 жылы Торғай даласындағы ұлт –азаттық көтерілісінің батырларының бірі, Амангелді Имановтың жан жолдасы Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы Патшалық Ресейдің қазақ халқына жасаған қиянаты мен жауыздығына қарс шыққан хас батырдың бірі. Кейкі батыр қыпшақтың Құлан руынан шыққан.Кеңес үкіметін құруға белсене араласқан, сол үшін талай қанды шайқасқа басын тіккен азамат революция орнағаннан кейін де кеңестер тарапынан жіберілген қатыгездік пен айуандыққа, қарапайым халыққа жасаған әділетсіздікке шыдамай қолына қару алды. Кейкінің батырлығы мен қатар теңсіз мергендігі халықтың жадында мәнгі сақталған. Халық арасында «Кейкінің қолы мерген, Амангелдінің сөзі мерген» деген сөз бар. Қазақ елінде халықты бір серпілткен қуанышты жағдай орын алды. Нұрмағанбет Көкембайұлының бас сүйегі Ресей елінен Қазақстанға қайтарылды.

Осы кісілердің ұлтжандылығының, ерлігінің арқасында біз тәуелсіз мемлекетте азат, еркін күн кешіп жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Тарих бәрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы... » ,-деп жазған еді.

Біз жас ұрпақ болашақ өмірдің тірегіміз деп есептеймін. Дала мен қаланы, ел мен жерді гүлдендіру де біздің басты міндетіміз деп есептеймін. Әр заманның ағымына қарай өсіп келе жатқан жас ұрпақ, өзінің еліне өзінің Отанына қолдан келгенше, бар жан – тәнімен қызмет ету керек. Болашақ президент те, ұстаз да, ғалым да, ұшқыш та, дәрігер де мына біздерміз. Сондықтанда біздің жақсы білім алып, елімізді әлемге танытуға күш жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біздің жүрегіміз тек «елім» - деп, «Қазақстаным» деп соғады. Өз елімді, жерімді ешқандай елге, жерге теңгермеймін. Біз – елдің тірегіміз, Елбасының тілегін орындаймыз.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Нүрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда». Алматы, 1995

2. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991 3.

3.Назарбаев Н. Ә. «Тарих толқынында.» «Атамұра», 1999 4.

4.Мырзағалиұлы М. «Торғай көтерілісі»

5.Егемен Қазақстан. 2006,29 тамыз, №204.

Желтоқсан желі ызғарлы
Ерғалиева Жансая Фазылжанқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру мамандығының» 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Каппасова Шамшырак Еркиновна
Өсер ұлттың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!..

М. Шаханов.
ХХ ғасыр – қазақ елінің басына қайғы мен қасірет, зобалаң әкелген жыл болды. Патша үкіметінің отаршылдығы, Кеңестік биліктің орнауы, өз жеріміздің, яғни, қазақ халқының азаюына әкеп соқты. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында ата – бабаларымыз мақсат еткен – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін де үлкен қиын – қыстау жолдардан өттік.

Сол ауыр белесіміз, осы ХХ ғасырда болған отаршылдық, жаппай репрессиялау, қазақ зиялыларын ату, шет елге қоныс аудару, басқыншылыққа ұшырау секілді қасіреттермен өтті. Кеңесті террор осынау азамат соғысы жылдарында қазақ шаруаларын азық – түлік, ат – көлік бермегені үшін әскер мылтығының атылуымен басталған болатын. Кеңестік биліктің орнығуы да осы зорлық – зомбылықтың күшеюімен байланысты болды.

Кейіннен, кеңестік империяның құлауына бірден – бір себеп болған, Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы болды. Желтоқсаннан бастау алған Прибалтика, Грузия, Әзірбайжан, Ресейдегі саяси оқиғалар ішкі саяси мәселелердің шиеленісуінен КСРО – ның мемлекет ретінде құлауына алып келді.

Желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндірген саяси маңызды оқиға болды. Көтеріліс аяусыз басып – жаншылды. Бұл жерде де патшалық отарлау кезінде қолданылған «Жазалау» отрядтары дамылсыз жұмыс істеп, халықты қудалау басталды. Сталиндік репрессия – «37 – жыл» қайта орнады. Бүкіл халыққа «Ұлтшыл» деген айып тағылып, сенімсіздік көрсетілді. Бірақ, желтоқсанда алаңға бірге шыққан, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген ұлт – азаттық идея рухы жығылмады. Желтоқсан оқиғасы – бабаларымыз бастаған «Ұлт – азаттық» көтерілістің заңды жалғасы, Абылай, Кенесары хан, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай сынды қайраткерлеріміз армандаған ұлттық мемлекетіміздің, тәуелсіздігіміздің ақ жолы болды.

Тарихта желтоқсан оқиғасы деп алынған жастардың бұл шеруі мемлекеттік құрылысты құлатуға емес, саяси бағыт алған бейбіт демонстрация еді. Шеру еш ұлтқа, халыққа, ұлысқа, соның ішінде, орыс ұлтына қарсы бағытталмаған еді. Өкінішке орай, Колбин басқарған республикалық Коммунистік ұйым мұны жете түсінбеді, мүмкін түсінгісі келмегенде шығар.

Жастармен етене болып әңгімелесіп, мәселені дұрыс шешудің орнына, республиканың жаңа басшысы және оның айналасындағылар, тәртіп қорғау күштері өздерінің дәрменсіздігін көрсетіп, шеруге шыққандарды «Ұлтшыл элементтер, маскүнемдер мен нашақорлардың жаппай тәртіпсіздігі» деп есептеді. Бұл сол кездегі Кеңес халқын демократияға жетелемекші болған тоталитарлық жүйенің саяси қатесі еді.

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспаған Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1 – хатшысы Г.В Колбинді ҚКОК – нің 1 – хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Студенттер мен жас жұмысшылар «Әр елге – өзінің көшбасшысы керек!» деген ұрандармен Тәуелсіздік алаңына алқалық мәжілістің шешімін өзгертсін деген талаптармен шыққан еді. Бейбіт шерумен басталып, соңы милициялар мен студенттер арасындағы қатаң қақтығысқа ұласқан тартыс екі күн жалғасқан болатын. Зауыттарда, кәсіпорындарда арнайы ұйымдастырылған жиналыстар өтіп, таңертең (18 желтоқсанда) көшелерде таяқ, темір шынжыр кесінділерімен қаруланған «Халық жасақшылары» пайда болды. «Ресми түрде» сол желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шықты деген жастардың санынан, халық жасақшыларының саны 3 – 5 есе асып кеткен екен. Ресейден лезде жеткізілген жедел спецназбен қоса, өзіміздің қазақ погондылары, арматура, темір таяқпен қаруланған орыс жасақшылары жасөспірім қазақ ұл – қыздарын аяусыз соққыға жықты. Көтерілісшілердің қойған талап – тілектері аяқ – асты етіліп, «Бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы күштер тобы жеткізілді. КСРО IIМ – нің бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын – 86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

Алаңда ұрғанын ұрып, соққанын соғып, жап – жас қыздарды сүйреп, жабық мәшиненің ішіне қамап, түн ішінде қала сыртына апарып тастаған. Сол кездерде күн де, түн де айрықша суытқан екен. Алаңда басынан бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы топ, ал екіншісінің қолында ештеңе жоқ. Арнаулы әскерлердің сарбаздары еш сөзге келмейтін, өңшең шаш ал десе, бас алатындар еді.

17 – 19 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы жазалау науқаны әрі қарай жалғаса берді. Бұл оқиға республикадағы ұлттардың көңіліне мазасыздық орнатқан бұлғақты кезең болды. 8,5 мыңға тарта адам ұсталды. Оның 99 – ы сотталып, 46 – кейіннен босатылған екен. 787 жас комсомол мүшесінен шығарылып, 1138 жасқа комсомол тарапынан шара қолданылды, 271 студент жоғарғы оқу орнынан шығарылды.

Желтоқсанның 19 – 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілері Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан т.б қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасқан.

Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында: Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ер жүрек қазақ жастары болған.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп – интернатта оқыған. Мектепте сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша тәуір оқитындарды қоғамдық жұмысқа жиі тартатын. Қайрат та бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретінде қабырға газеттерін шығарысып, өлең жазып, әр түрлі кештерді ұйымдастырудың бел ортасында жүрген. 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. Содан кейін, 1986 жылы № 33635 әскери бөлімшесінің кепілдігімен Алматы сәулет – құрылыс институтына оқуға түседі. Бірақ, 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, жазықсыз жазаланып, ату жазасына кесіледі. Ату жазасына кесіліп, артынан үкімі 20 жыл бойы түрмеде отыруға өзгертілген, бірақ Семей түрмесінде бар болғаны 21 жасында қаза болған. Не себепті қаза болғаны белгісіз. Қайрат Рысқұлбековтың өлімі Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпиялардың бірі болып қалды. Қайрат Рысқұлбековтың есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана. Тек Семейде, оның атында мектеп пен мұражай бар.

Ал, Асанова Ләззат Алтынайқызы Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда П. Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 1986 жылы 17 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ереуілшілер қатарында «Қазақтар! кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алғанда ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен алға шыққан. Алматы қаласында болған бұл оқиғаға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесетте таралған. Бірақ, Ләззатты жерлеудің алдында денесін жуып, ақ матаға ораған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталған. Бұл оның жазалаушылардың қолынан қаза тапқанының айғағы бола алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Л. Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған «Қаһарман қыз – Ләззат қыз» деген ән де жарық көрді. Сонымен қатар, Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан құрбандарына арналып Ләззат Асановаға ескерткіш ашылды. Әрине, Қаһармандылыққа атақ – даңқтың берілу, берілмеуі шарт емес. Қарапайым халық Ләззатты батырым деп бағалады. Менің ойымша, бұдан артық баға жоқ, – деп ойлаймын.

Желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбанына айналғандардың тағы бірі – Мырзағұл Әбдіқұлов. Ол 1951 жылы 27 маусымда Қазалы қаласында туып, 18 жасына дейін Аралда өскен. Ал 1969 жылы отбасы жағдайына байланысты Алматыға көшіп келеді. Сол жылы әскер қатарына алынып, 2 жыл әскери борышын өтеп қайтады. 1986 жылы 18 желтоқсанда өзін – өзі қорғау мақсатында өктемдік көрсеткен озбырды өлтіріп, ату жазасына кесілген. Алайда, жоғарғы соттың ату үкімінен кейінгі оның түрмедегі азапты күндері мен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада екі айдай бірге болған кездері ашылмаған кітаптай бар сырын әлі де ішіне бүгіп қалды. Түрмеде бірге отырған Мырзағұл Әбдіқұлов мен Қайрат Рысқұлбековтын жолы екіге айырылады. Себебі, Жоғарғы соттың Әбдіқұловты ату жазасынан босатып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарғаны туралы жарлық келеді. Сөйтіп, Мырзағұл Әбдіқұлов Свердловскіге Иделак деген қатаң тәртіптегі түрмеге жөнелтіледі. Артымнан Қайратта келіп қалар деген үмітпен алаңдап жүрген Әбдіқұловқа, Қайраттың ату жазасын алып, кейіннен Семей түрмесіне жабылып, өкінішке орай сол түрменің № 21 камерасында қайтыс болғаныны туралы хабар келеді. Асылын жоғалтып, өзегі кеуіп, іші удай ашыған Әбдіқұловтың төбесінен жай түскендей күй кешеді. Өмірден «Күнәдан таза басы бар, жиырма бірде жасы бар, қасқалдақтай қаны бар, бозторғайдай жаны бар, Қайрат деген аты бар, қазақ деген заты бар» деп қазақ жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбековты кейінгі ұрпақтың естен шығармағаны абзал. «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деп Қайрат аңсаған тәуелсіздікті көру, Мырзағұл Әбдіқұловтың маңдайына жазылыпты.

Иә, сонымен Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толды. Осы мерзім ішінде Желтоқсан оқиғасын тану да екі ұшты болмақ. Алаңға шыққан жастар ескіше өмір сүруге болмайтынын анық сезінді, олар жаңаша өмірді қажет етті. Оны жастар да, оларға жанашырлық білдіргендер де түсінбеген шығар. Бірақ бір мәселенің басы ашық еді, ол – Еркіндік. Демократияның басты қағидасы еркіндік, жастар ұлттық еркіндікті аңсады. Ол тілек орындалды. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Бұл, әрине, осы жолда құрбан болғандардың ерен еңбегі. Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздіктің хабаршысы, жаршысы бола білді. 30 жыл бойы қазақтың намысын алаңға айшықтап, сол үшін қайғы – қасірет көрген ұл – қыздарымыз туралы жиі еске алып, келешек ұрпақтың санасына ұғындырып отыру біздің басты міндетіміз!

Осы оқиғаға байланысты талай азаматтар қудаланды, қамалды, денсаулықтарына зақым келді, қаза тапты. Туысқандары түрме есігінен сығалап, боздақтарын бір көруге зар болып қайғы жұтты. Бірақ озбырлықпен күрес жолында бостандық үшін азапқа түсіп күреспесең, өмірде не мән болмақ?! Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «Желтоқсан оқиғасының құрбаны» деп айтуға да болмас. Себебі, олар құрбан емес – күрескерлер болды. Халқы үшін, жер үшін опат болған күрескерлеріміз еді.Біз олармен мәңгі мақтанып өтеміз. Әрине, егер Желтоқсан оқиғасында ту еткен ұлттық намысымызды әрқашан да жоғары ұстай білсек, өз жерімізге, елімізге өзіміз ие болып, халқымызға жақсы өмір орнату жолында ешнәрседен тайынбай күресе білсек, қол жеткізгенімізді баянды етсек – мақтаныш деген осы. Ал осы Желтоқсан оқиғасы жол ашып берген шынайы тәуелсіз, ұлттық мемлекетімізді қалпына келтіруге, отаршылдық зардаптарынан арылуға туып тұрған қазіргі тарихи жағдайды пайдалана алмай жалтақтық, сатқындық, саяси көрсоқырлық жасап, уақыттан ұтылар болсақ – үлкен зардаптарға ұрындырар зор қасірет, міне, сол болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жас алаш» газеті, 16 желтоқсан, 1999 жыл.

2. «Ақиқат», № 10, 1996 жыл.

3.«Ақтөбе», 21 желтоқсан, 1996 жыл.

4. «Қазақ тарихы», № 6, 1996 жыл.

5. «Қайсар рухты қазақ», 1994 жыл.

6. «Түркістан» газеті, 2001, 15 желтоқсан.

7. «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», 1992 жыл.

8. «Жас Алаш» газеті, 14 желтоқсан, 1993 жыл.


Торғайдан шыққан қолбасшы
Қалиева Ақерке Наурызбайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекші: Каппасова Шамшырак Еркиновна
Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақтап, ұлықтала бермек. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің қайраткер қолбасшысы, батыр – сардар Амангелді Иманов.

Амангелді Үдербайұлы Иманов – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Бегімбет руынан шыққан ұлы қолбасшы. Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Ол 1873 жылы 3 сәуірде бұрынғы Торғай уезі, Қайдауыл болысының 3 – ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түскен. Амангелді медреседе төрт жыл білім алады. Түрікше, парсыша, арабша кітаптарды оқып, оларға өзінще мағына берерлік дәрежеге жетеді. Амангелді тумысында зерек, жүйрік адам болғандықтан, оқыған кітабына мән беріп, тыңдаған жұртқа түсінік беріп отыруды қалайтын. 7 жасында әкесі, одан 5 жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Сондықтанда жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы – қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады.

Ел ішіндегі дау – шарға ерте араласқан, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдар арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды. 1905-1907 жылдары орыстың 1 – революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал – демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт – азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1910 жылдан бастап Амангелді орыс тілін үйренуге бет бұрады. Қарсақбайда орыс жұмысшыларымен етене дос бола жүріп, орыс тілінде газет – журналдар оқуға бой бұра бастайды.

А.Имановқа саяси сауаттылықтың алғашқы сабақтарын сол кездегі тарихи жағдай, қоғам өмірінің дамуы берді деуге болады. 1905 – 1907 жылдары Ресейде болған буржуазиялық – демократиялық бірінші орыс революциясы, сол кездегі қазақ еңбекшілері арасында күшейе түскен толқулар, қазақ кедейлерінің орыс жұмысшы табының революциялық күресімен мүдделес болуы да аз әсер еткен жоқ. Торғай даласына кеңінен тараған ел ішіндегі революция оқиғалары туралы хабарлардың ықпалымен Амангелдінің жергілікті, сонымен бірге патша чиновниктеріне қарсы қимылдары күн санап саналы және белгілі бір мақсатты көздейтін күрес сипатын ала берді. Амангелдінің кеңесімен Қайдауыл болысындағы қазақ кедейлері 1906 жылы патша қазынасына салық төлеуден бас тартты. Амангелді қазақ еңбекшілерінің Қараторғай және Қайдауыл болыстарында байлардың шабындық жерлерді заңсыз басып алуларына қарсы наразылықтарын ұйымдастырып, өзі басқарды.

Амангелдінің таптық саяси көзқарасының қалыптасуына оның балалық шақтан бергі досы, алғашқы қазақ большевигі, кейіннен республиканың аса ірі саяси және мемлекет қайраткері болған Әліби Жангелдин үлкен ықпал жасады. 1913 жылы Қазан және Москва студенттерінің революциялық қимылдарына қатысу тәжірибесін жинақтаған, полиция «сенімсіз» ретінде қуғындаған, Европа, Азия және Таяу Шығыс елдерін үш жылға жуық аралаған Әлібидің өмірден түйгені, әрине, мол болатын. Амангелді Иманов осы жолы туып – өскен Торғай даласына қайтып оралған, кейіннен «Дала комиссары» атанған Әлібимен кездесті. Бұл әңгімелесу Амангелінің ой өрісін кеңейте түсті, патша өкіметіне қарсы күресте Ресей империясындағы орыс және басқа да езілген халықтардың бірлесе жүргізген күресінің нәтижесінде ғана азаттыққа жетуге болады деген ой түйді.

Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласындағы бұрқ еткен ұлт – азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2 – 3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Аменгелдіні көтеріліс қолбасшысы етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери – ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеновтің қару – жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21 – 23–індегі Құмкешу – Доғал – Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт – азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1918 жылдың күзінде Шығыс майданда Қызыл Армия Поволжьедегі ақтарға қарсы шабуылға шықты. 1919 жылы сәуірдің 20- сында Торғайда Кеңес өкіметі құлады. Торғайда А.Иманов пен оның он сегіз жолдасы тұтқындалып, түрмеге жабылады да, ату жазасына кесіледі. Бұл қанды оқиғадан кейін, Амангелдінің өліміне алаштықтарды, Әбдіғапарды кінәлаған өсек сөздер көп болды. Мәйіті бір жылдан кейін Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын – жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Амангелді Иманов туралы Жамбыл «Амангелді тойында», Сүлеймен Сәдуақасұлы «Амангелді туралы», Омар Шипин «Амангелді айбаты», «Торғай соғысы», Нұрпейіс Байғанин «Амангелді туралы жыр», Есенби Омарұлы «Ел батыры», Бақыт Иманов «Амангелді анасымен қоштасқаны» т.б. ақын жазушылардың өлеңдерін атап өтуге болады.

А. Имановтан Рамазан, Шәріп атты екі бала қалған. Шәріп Иманов өмірінің соңына дейін Алматыда тұрды. Амангелдінің ұлдары Рамазан мен Шәріп соғысқа қатысқан, үлкені Рамазан Тула-Алексин маңында ерлікпен қаза тапты. Ол соғысқа дейін «Пионер» журналының редакторы болған. Шәріп 1970-1990 жылдары жас ғалымдармен кездесіп, әкесі туралы, оның қайғылы қазасы туралы көп естеліктер айтып кетті. Алаш көсемдерінің бірі Міржақып Дулатовтан да екі бала қалған. Ұлы Міржақып қайтыс болған жылы ол да өмірден ауырып, Алматыда көз жұмды. Қызы Гүлнар Дулатова әкесі М.Дулатовпен Алаш қайраткерлері туралы «Алаштың сөнбес жұлдыздары», «Шындық шырағы» атты кітаптар жазып қалдырған. Гүлнар Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабында Амангелдінің ұлы Шәріп Имановтың 1979 – жылы өзін үйіне іздеп келгенін айтады.Гүлнар Дулатова Шәріптен «Әкеннің құнын кімнен алдың?» деп сұрағанда, Шәріп Иманов «Әкемнің құнын Әбдіғапардан алдым» деген екен. «Ендеше бұдан былай көңілімізде кір қалмасын» деп Гүлнар Дулатова Шәріп Имановпен қоштасыпты. Бүгінде екеуі де өмірде жоқ болса да, қазақтың алып тұлғаларының асыл тұяқтары екенін мұңайып еске аламыз.

Амангелді Иманов – ел деп туған халық перзенті, әділетті аңсаған қара халықты күреске жұмылдырған ердің ері. Халық батыры Амангелді Имановтың он сан сарбаздары ел есінде өздерінің ерлік тұлғасымен сақталған. Жалпақ еліміздің даңқын шығарған сол батырлар рухына бүгінгі ұрпақ бас иеді. Батырдың көздеген мақсаты - еркіндік, туған жерін жауға таптатпау қасиетті парыз еді.

Қорытындылап айтсақ, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске биыл 100 жыл толды. Бұл көтеріліске А. Иманов атамыздан басқа басқа да батырлар қол бастап отаршылдық саясатқа қарсы шықты. Бұл жерде Париж баррикадасында көтерілген Қызыл ту, «Аврора крейсерінде» көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Амангелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта ұмытпайды. «Қазақ Ленинграды» атанған Торғай даласындағы халық батыры Амангелді Имановтың есімі келер ұрпақ есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді, жерімізді қорғаған батыр бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел болғанымызға да 25 жыл толып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өмірбаяндық энциклопедия.

2. Әділбек Ж., "Торғай тарландары" (бірінші том).

3. Аңыз адам

4. Қазақ ұлт - азаттық қозғалысы, Алматы: "Ел шежіреcі" 2007 ж.

5. Б.Әлмағанбет, "Торғайдағы азаттық көтерілісі. Тарихи очерк - зерттеулер.", Астана, "Әлем" 2000 ж.

6. "Торғай таңы" газеті, 1973 ж.

Ықылас Дүкенұлының музыкалық мұралары
Сембіғұл Назира

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының "Музыкалық білім" мамандығының 4 курс студенті

жетекшісі: аға оқытушы Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна
Ықылас тұлғасының қазақ халқы үшін оның мәдени - рухани тарихында алар орны ерекше.Ол Қорқыттан кейін аттай мың жыл бойы тілін тістеген қасиетті қара қобызға тіл бітірді.Ықыласқа дейін қазақ қобызшылары көбіне бақсы ретінде айтылған.Ықыластың ұлылығы сонда,ол қобыз аспабын бақсылық дәстүрден бөліп шығарып, адамның көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін толғайтын аспап ете алды, қобызды халықтың рухани жан серігіне айналдырды.

Ықылас Дүкенұлы 1843жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа облысында жарық дүние есігін ашқан.Осы аудан жерінде, қазіргі Қаражал қаласының іргесінде күні бүгінге дейін ата-бабаларының сүйегі қойылған қорым бар.Оны «Қылышекең басы» деп атайды.Қылыш өз заманында алыс-жақынға аты белгілі болған адам.

Ықыластың елі Кіші жүздің ішіндегі Тама руынан,оның ішінде Жөгі деген бұтағынан, Октябрь революциясына дейін Жаңаарқа жеріндегі Тама, Алшын, Жағалбайлы рулары бес болыс болып, олар күзге қарай үдере көшіп Шу бойын қыстайтын болғандықтан «Төменгі ел» деп атанған.Міне, сондықтан да Ықылас бір шеті Арқа елінің, екінші шеті Шу бойы елінің өнерпаздық дәстүрін тел еміп, өз кезінде осы өңірлерге өз мектебін де орнықтыра білген.

Қарағанды облысының жерінде, Қызыларай мен Ұлытау арасына созыла біткен Қызылтау деп аталатын жақпар-жақпар қызыл тасты тау сілемі бар.Қызылтаудың сілемі қазіргі Ақтоғай, Шет, Ағадыр, Жаңаарқа аудандарының жерін көктей өтеді.Қолтық-қойнауынан айналы астаудай бұлақтары бұрқырап аққан, тал, терек,қайың, мойыл сияқты ағаштары шоқ-шоқ болып күлтелене өскен, тау арасының сарымсағы мен қымыздағы, қарақаты мен бүлдіргені ұйыса біткен, шаруа баққан елдің берекелі мекені.

Осы Қызылтаудың шығыс шалғайы Тәттімбет күйшінің ата мекеніне ұласып жатыр.Қызылтаудың сілемін батысқа қарай қуалап жүрер болсақ, бір кездері «Тоқырауынның тарландары» атанған Баубек, Қыздарбек, Әбди, Мақаш, Ақмолда, Итаяқ сияқты бірінен бірі өткен күй тарландарының ата қонысына ат басын тірер едік.Сосын олардың көз көрген төл шәкірттері Аққыз,Әбікен Хасенов, Әбенова Әпике, Орынбеков Бегімсал, Манарбек Ержанов, Мағауия Хамзин сияқты дәулескер домбырашылар еске түсер еді.Қызылтаудан одан әрі жалдап тағы бір қоналқалық жер жүрсе әйгілі Сайдалы Сары Тоқаның қыстауы алдыңыздан шығады. Есен, Нұра бойындағы Тоқаның жазғы жайлауы мен Дайрабайдың ата мекені жапсар жатыр.Қызылтауды тағы да құлдай жүріп отырып батыс шалғайына шықсақ, Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы көрінеді. Ықыластың ата-бабасы тұрақ еткен қөңнің орны әлі күнге дейін сайрап жатыр. Мұнан әрі оңтүстіктен көрінген Мұңлы, Қулы таулары Бетпақдалаға ұласса, батыстан мұнартып Ұлытау көрінеді.

Міне, Ықыластың туып-өскен мекені осы. Көкірегіне аруақты сарын ұялатып, қазақ өнерінің рухани көшбасшыларының бірі еткен ортасы осындай. Жаңағы көктей шолған күй тарландарының көбісімен Ықылас сыйлас, қалірлес болған. Егер ХІХ ғасырда қазақ халқының рухани мәдениеті өзінің төл тума тұлғасын біржолата айқындап, орнықтырып, ренесансстық сілкініс жасады десек, Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының қосқан үлесі айрықша көзге түседі. Қазақ халқының ең қанатты өнерлерінің бірі күйшілік өнер осы өңірде арнасын толтыра ағындап, өрісін ұзатты деуге негіз мол. Әрине, тақыр жерге шөп шықпайды, құнарлы топырыққа түскен дәннің де өнімі берекелі болмақ. Бұл өңірдің күйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден тартатын сияқты. Мәселен, бүгінгі күнге жеткен күй мұрасының ұзын саны мыңдап саналса, сол мыңдаған күйлердің бәрі дерлік оң бұраумен тартылса, санаулы ғана күй теріс бұраумен тартылады.Осы теріс бұрау күйлерін сақтаушы да, ұштап дамытушы да Тәттімбет, Тоқа, Ықылас бастаған күйшілердің ортасы еді.Теріс бұрау күйлері өзінің байырғы саз-сарынымен де, тарту тәсілімен де, әсіресе қобыз күйлеріне үндестігімен де күйшілік өнердің көнеден жеткен текті мектептердің бірі екендігін аңғартады. Бұл дәстүрдегі күйлер негізінен жалқы ішекпен тартылып, бос бұралған үстіңгі ішектің қоңыр үні қолтықтан демеп отырғандай жағымды әсер беріп отырады. Үстіңгі ішек зәуеде бір күй сазына араласар болса, оның өзі дана қарттың әрі қысқа, әрі нұсқа сөзіндей естіліп, күйдің концепциясын айқындауға көмектеседі. Ықылас күйші ретінде осынау ғажайып дәстүрді қобыз тілінде дамытқан. Ол қобызшылар айтатын тік күйдің де, қоңыр күйдің де, бойлауық күйдің де майталман шебері болған.

Ықыластың әкесі Дүкен, оның әкелері және балалары Түсіпбек, Ақынбайлар қазаққа белгілі қобызшылар болған. Сондықтан Ықылас әулетін жеті атасынан қобызшылар ұрпағы деп атайды. Әкесі Дүкеннің тартқан қобызының үні табиғатынан талантты болып туған Ықыластың құлағына жастайынан сіңе береді. Ес біле бастаған күннен-ақ Ықылас әкесінен көргенін, естігенін қайталамақ болып қобызды қолына алып, одан үн шығаруға ынталанады. Кішкентай Ықыластың қобызға деген сүйіспеншілігін байқаған әкесі оны ата дәстүрінен келе жатқан қобыз өнеріне кәсіби түрде үйретеді.Туған өңірінің сұлу табиғаты, қобыз үні, әкесінен естіген ертегілер, Қорқыт туралы аңыздар кішкентай Ықыластың көңіл сезіміне ұялап, қобызда күйлер орындайды. Жасы 15-терге келгенде Ықылас қобызды толық меңгереді. Әкесінен үйренген халық күйлерін нақышына келтіріп орындайды. Жас Ықылас сыры мол Қорқыт қобызының жұмбағын қалай болса да біліп игеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.Ол әкесінен Қорқыт күйіне үйретуді өтінеді, қобызға байланысты талай қызық әңгімелерді айтып беруді талап етеді. Ықыластың қобызға деген сүйіспеншілігін көрген әкесі өзінің білгенін баласына айтып беруден аянбайды. Ол өзінің ұлын ерінбей үйретеді, қолы жеткен табысына мәз болады. Аз уақыттың ішінде-ақ Ықылас Дүкеннің онша бай емес репертуарын меңгеріп алады, ол күйлердің көпшілігі өткен күндердің аңыз күйлері болатын. Қорқыт туралы аңыз күйді жанымен жақсы көрген Ықылас алғашқы кезде ең алдымен «сиқырлы» аспап қобыз үшін бақсы-балгерлермен күресуі жастықтың қызуы болар. Бақсылар халық күйлерінің таңдаулыларының үзіндісін де пайдалана білген.Олардың орындауында оған олар мистикалық пішін берді, тек төменгі регистрінде ғана орындап қияқ арқылы жалбарыну, арбау сияқты өзінің жұмбақ, сиқырлы үнін шығаратын. Қобыздың ұнамды да жағымды дыбыс көлемін тегіс пайдаланып, Ықылас күйге мистикалық емес, өмірлік шын мінез беруге тырысты, Ықылас әкесінен естіп үйренген және жаны сүйген «Кертолғау» күйін тіпті басқаша орындаған. «Кертолғау» - өзінше текстсіз ән, өткен кезеңді баяндайтын эпостық күй, бір регистрдің, бір шектің жартысында орындалады. Әрине, күйдің бұл ерекшелігі оны бір сарында, бір сазды етуіне әкеліп соғады.

Ұшқан құс, жүгірген аң, аққан су, соққан жел - осының бәрі Ықыластың сезімін оятып, енді ол қобызға арнап күйлер шығара бастайды.

«Алғашқыда күй шығару Ықыласқа оңай түскен жоқ,-дейді А.Жұбанов, - көрушілердің айтуларына қарағанда, ол әуелі қобызға жаттыққан болып әлде бірдемелерді жиі ойнайтын болған.Ауылдастары оның қобызға табиғаттың, жан-жануар, құстардың дауыстарына еліктеп салған әртүрлі дыбыс әуендерін таңдана тыңдайтын. Бір күні Ықылас қобызда қасқырдың ұлығанын орындайды.Қобызда ішекті бойлай орындауға болатынын білген Ықылас қасқырдың ұлығанын айнытпай салады. Әуелі жалғыз ішекте бір қасқырдың, одан кейін екі қасқырдың, ақыр соңында ұлыған көп қасқырдың үнін естиді тыңдаушылар. Мұншама ол жасаған шеберлікке таңданбасқа болмайды. Ықыластың ойынын естіген ауыл иттері қобызда орындалған сазды ұлыған қасқырлар үніне санап, ауылды айнала шауып мазасызданып үре беріпті дейді. Бұл Ықыластың қобызда шығара білген тырнақ алды шынайы дыбыстары еді, мұның ол үшін болашақта үлкен пайдасы тиді, өйткені Ықылас шығарған күйлер ішінде нағыз бейнелеу сипаттас күйлер де кездеседі.» Ықылас қобыз бейнелеу мүмкіншілігінің домбыраға қарағанда сан қилы және жан-жақты бай екенін іштей сезді. Ол теориялық білім негізіне емес, өзінің музыкалық қабілетіне, дарынына байланысты белгілі бағдарламалық мазмұнға құрылған музыка шығаруға тырысты. Көптеген өзінің замандастары сияқты Ықылас та әліпті таяқ деп білген жоқ, демек оның музыка ғылымынан хабардар болуы мүмкін де емес еді. Алайда, аспабын мейлінше игерген ол, жасында естіген аңыз бен ертегілер кейіпкерлерін, халықтың өмірін, ой-арманын бейнелейтін ертегі-аңыздар негізінде қобыз ішегін сөйлетуге талпынды [1. 15б].

Осы тұрғыдан оның «Қазан күйі» атты шығармасын мысал етіп келтіруге болады. Күйдің негізгі мазмұны талай рет еліне маза бермей, берекесін алған Қазан заласына Нарықтың ұлы Шора батырдың сол қалаға аттанған жорығы туралы эпикалық халық поэмасы негізінде шығарылған. Кішкене кіріспе күйдің мінезін, ырғақтық пішінін бірден алдындағы жас батырдың толқыған көңілін суреттейді. Поэмада жұрт «Қазанда қазір қарлы қыс болуы мүмкін» деп Шораға ескертеді, бірақ Шора оларға «Мен Қазанға барғанша қар жаумасын, нұр жаусын, мен Қазанға жеткен соң қар жаумасын, қан жаусын» деп жауап береді.

Бірде квинтаға, бірде секталға секіретін ширақы мелодия сазы батырдың айбынды күшін, оның жеңіске ие болатын сенімін көрсетеді.Бұдан кейін салтанаттының әнімен ұштасқан ат шабасының жүрісін бейнелейтін мелодия әуені құлаққа естіледі. Күй ақыр соңында шаттық әнімен аттың жүрісін суреттейтін осы екі тақырыпты қайталап барып аяқталады. «Қазан күйін» тыңдап отырғанда Ықыластың қобызға қысқаша баяндаған поэма «үзіндісін» тыңдағандай боласың.

Ықыластың келесі күйі халықтың эпостық жыры «Қамбар мен Назым» мазмұнына құрылған.Қамбар жарлыдан шыққан батыр. Құстай ұшқан қарақасқа атынан басқа Қамбарда тұғырдан тұлық болмаған. Аң аулап тобырдың тоқсан үйін асыраған...Қамбар ханның қызы Назымды сүйеді, бірақ байлардан зәбір көрген ол туған елінен кетуге мәжбүр болады.Осы кеткеннен ол туған еліне тек жаудың қаупі туған кезде ғана оралады. Қамбар жауын жеңіп, өзінің сүйгенімен қосылады. Бұл аңызды Ықылас өз қобызында «баяндайды». Күй туған елінен кетуге мәжбүр болған Қамбардың қоштасу әнімен басталады. Өзінің құрылысына қарағанда бұл ән қобыз үшін емес, басқа дауысқа лайықты. Ән аттың шабуына, одан кейін жеңіс салтанаты мен қуаныш тойына айналады. Күй алғашқы тақырыбымен аяқталады. Басқа күйлеріндегідей бұл күйде де Ықылас үшін Қамбардың ой-арманы, оның сүйгеніне деген сүйіспеншілігі ерекше маңызды болады.

Шыныменен де, қазақтың қасиетті қара қобызы кейбір аспаптар сияқты тез үйреніп, меңгеруге көнбейді. Бір қарағанда қарапайым болып көрінгенмен одан үн шығарып, меңгеру орындаушыдан жоғары музыкалық қабілетпен қоса аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ықылас ерекше дарынының арқасында қобыздың табиғи сырын, орындаушылықта кездесетін құпияларын, бейнелеу мүмкіндіктерін толығымен пайдаланып, аспапты аса шеберлікпен игеріп, қазақ аспапты өнерінің мәңгілік алтын қорына қосылған күйлерін шығарды [2. 33б].

Ықыластың тырнақалды күй туындыларының ішінде жоғарыда айтылып кеткен «Қасқыр» және «Ықылас» күйлерін ерекше атап өтуге болады. Бұл күйлер жастық әсершілігімен, қоршаған орта құбылыстарын күй тіліне түсірсем деген құштарлығымен назар аударады. Сонымен бірге жас кезінің өзінде-ақ Ықылас қобыздағы бақсы сарындарынан мүлде бөлек әуен-ырғаққа, үн-бояуға ден қойғанын байқаймыз.Ықылас мұнан кейінгі күйлерін программалық мазмұнда құрып, белгілі бір оқиғаны қобыз үнімен айтуға, адам сезімінің алуан қырын күй тілімен беруге мән беріп отырады. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғыз аяқ», Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-әлеуметтік көрінісі суреттелсе, «Қамбар-Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған. Осы күйлердің қай-қайсысынан да Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасы, адамгершілік үні айқын аңғарылады.

Ықыластың күйшілік өнерін сөз еткенде төл топырағынан тыс ортаның әсер-ықпалы жайлы айтып кеткен дұрыс. Бұл- көршілес қырғыз ағайынның күйшілік өнерінің әсер-ықпалы. Арқадан өліп-өшіп жеткен шаруақор ел Шу бойына тұяқ іліктірген соң бір демалыс алғандай күй кешетін болған. Нар қамыспен ұйыса біткен жыңғыл ығына бір кірген мал қыс бойы қуырған бидайдай бөртіп, қалың қорықтан табан аудармай қарық болатын. Мұндайда ауыл-үйдің еңсе көтерер азаматтары бой жазып, ағайын елмен арқа-жарқа араласып кеткен. Ықылас та Шу бойына жетісімен бір шеті Қаратау мен Созақ еліне, екінші шеті Талас бойы мен Ыстықкөлдегі қырғыз ағайындарға ат басын бұрып, өзі сияқты өнерпаздармен армансыз қауышқан. «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» дегендей, ел ішінің кәрі құлақ қарттардың айтуынша Ықыластың «Кертолғау», «Қаншайым» сияқты күйлері қырғыз күйлерінің әсерімен туған дейді. Осы орайда Ықыластың «Кертолғау» күйінің жай ғана еліктеуден тумағанын, бұл күйдің тақырыбында да, сарын-сазында да сол заманның тарихи тауқыметі айқын аңғарылатынын айта кеткен жөн. Халық біртұтас болған соң оның рухани әлеміндегі ірі сілкіністер де жалпылық сипатта көрініс таппақ. 1867 жылғы белгілі заңнан кейін қазақ даласындағы рулық пәтуа-бірліктің күл-талқаны шығып, көшпелі өмір салтының әлеуметтік үндестігі бұзылды. Рулы ел ғана емес, ағайындар арасында алауыздық туып, өмір сүрудің кепілі ұлыққа қалай жағынуға байланысты болып қалды. Ел ара-дара болып, шағын-шағын билік үшін таласта ұлттың ұлы тағдыры құрбандыққа шалынып жатты. Жасанды әділдікті алаулатып-жалаулатқан қоғамда елдің Шоқан, Абай, Мәди, Жаяу Мұса сияқты тұлғалары хат танымайтын сасық байлардың табасына түсіп, ет жақын адамдарының зорлық-зомбылығына ұшырады. Отаршылдықтың аққаптал саясаты ездерді неше түрлі зұлымдықтың тұзағына түсірді. Нәтижесінде ұлттың этникалық тетігі әбден жансызданып бітті. Ел басындағы мұндай нәубат, әсіресе қашаннан болжампаздық міндет атқаратын өнер адамдарын қасірет сезіміне бөледі. Мәселен, поэзияда Мұрат, Дулат, Албан Асан бастаған зарлы ақындар келешектен түңіліп зар төкті. Тіптен, Абайдың да көзі жастан құрғамай дүниеден өтті. Бұл үрдіс әсіресе күй жанрында айқын көрініс тапты. Оның жарқын айғағы зарлы «Қосбасарлар» мен «Кертолғаулар» циклы еді. Міне, Ықыластың «Кертолғауында» жалпы ұлт басындағы үміті аз, үрейі көп заман болмысы басым деуіміздің қисыны осында.

Ықылас қобыздың табиғи сырын терең түсінген. Өзі жеткен жетістіктеріне ол қанағаттанбай, қобыз мүмкіншілігі мұнымын шектелмейтіндігін түсінген. Қырықтың қырқына шыққанда Ықыластың күйі, оның музыкасы өмір күйіне айналады. Бұл кезде оның қобызда ойнау өнері болсын, шығарған күйлері болсын бақсы музыкасынан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның бұған дейін сияқты халық аңыздары ең сүйкімді де таңдаулы күй тақырыбы болды, бірақ ол енді оған өз дәуірі тұрғысынан өмірлік мағынасы зор жаңа мазмұн беруге машықтанады. Осы кезде оның «Жез киік», «Аққу», «Шыңдау күйі» сияқты төл тума тұлғасын біржола айқындайтын туындылары өмірге келеді.

Ықылас күйлерінің тамаша аңыз күйге жататын шығармаларының бірі - «Аққу» күйі. Бұл күй өмірге деген сүйіспеншілік идеясына толы жарқын күй. «Аққу» - Қазақстанның түкпір-түкпіріне кең тараған, домбыра мен сыбызғыда бірнеше варианттарымен орындалатын байырғы күйлерге жатады. Ежелгі халық аңызының негізінде құралған бұл оқиғаның өзіндік бейнелеу мүмкіндігіне Ықылас ерекше назар аударады.Ықыластың «Аққуын» ойнап отырып қобызшы Ж.Қаламбаев күйдің оқиғасын, оның поэтикалық мазмұнын бізге былайша баяндап берген еді.

«Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. Оның бар байлығы - жетім сәбилер - немере ұлы мен немере қызы болыпты. Оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған.Кемпір көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын пісіріп, болмашы ғана еңбек ақысын алып отырады екен. Немерелері де байдың жұмысын істейді: бала қозы бағады, қыз шай қайнатып, анау-мынауын істейді. Осылайша олар үйтіп-бүйтіп өмір сүре береді, тағдырға тағар кінәсі де болмайды.Бір күні ойламаған, күтпеген жерден оларға пәле тап болады. Бай ауылына жау шауып, ел бір түн ішінде сапырылысып басқа жаққа көшіп кетеді, аласапыран кезінде жұртта абайсызда бала-шағасымен кемпір қалып қояды.Оның үстіне көзге түртсе көргісіз дауыл, ала құйын соғады. Таң ата дауыл басылады, жұртта қалған сорлы бейшаралар аң-таң қалады. Олардың ішейін десе асы, баспанасы тағы жоқ. Жұртта жетім болып қалған сорлылар егіліп тек жылай береді. Баланың әкесінен қалған аң ататын мылтығынан және оның ашасынан басқа олардың дымы болмайды. Ақыр алдында балаларын ертіп кемпір басы ауған жаққа жүре береді. Күні бойы жүріп-жүріп, күн батуға таянғанда әбден діңкелері құрып шаршаған олар бір-біріне жантая жатып, үлкен көлдің жағасында ұйықтап кеиеді. Таң сәріде ұйқылы-ояу жатқан бала бір әдемі дауыс естиді. Ояна келсе, төбесінде айнала ұшып, қонғалы жүрген аққуларды көреді. Бала әлден кейін аққулардың көлге қонғанын сезеді.Ол қуанғаннан әндетеді. Бар деген үйінің қымбат мүлкі – мылтығын алып, көздеп атып жібереді, бірақ кербез құсқа оның оғы тимей кетеді. Аққулар ұшып кетеді де, жолы болмай қамыққан бала көл жағасында қала береді. Үшеуіміз де енді аштан өлеміз ғой деп ойлайды ол. Біраз уақыттын кейін осы арадан қашық емес тау мен орман арасындағы көлде аққулар паналайды деген аңшылардың сөзі баланың есіне түседі. Әжесіне осыны айтып, оны қарындасына қалдырып, қолына мылтық алып, аққулар ұшып кеткен жаққа қарай жүріп кетеді. Жүгіріп келе жатып бала әндетеді:

Барар жерің Балқан тау,

О да біздің көрген тау!

Әбден шаршап-шалдыққан бала қараңғы түсе, Балқан тауының басына шығып, тұңғиықта жалтыраған көлді көреді. Қалың шөпті қақ жарып, жоғары қарай тырмысып, бала көлдің жағасына келіп, тәтті ұйқыға сүңгіп кетеді. Ертеңгісін бала тағы да көл үстінде айналып ұшып жүрген аққуларды көреді. Міне, аққу суға қонды. Ешбір қауіпсіз тұмсығын қанатының астына тығып аққудың ұйықтап кеткенін бала бақылайды. Бала аққуды атып тигізеді. Осы кезде баланы күте-күте зарығып оның әжесі менқарындасы жылайды. Бұл кезде атып алған аққуын арқалап бала да келеді. Оны көріп қуанғандығынан көңілді ән шырқайды. Олар аққудың етін жеп, тәтті ұйқыға шомылып кетеді. Ертеңгісін үшеуі көңілденіп, тынығып, жолға шығады. Кешке қарай олар қатерлі, қауіпті түнде бұларды далаға тастап, көшіп кеткен ауылға келіп қосылып, бұрынғысындай өмір сүре береді. Бала тек мерген болмаған, әкесінен қонған дарынды, жақсы күйші де болған көрінеді дейді. Еліне келіп «Аққу» атты күйін ол қобызда ойнап береді.

Өзінің оқиға желісінің дамуы және суреттеу тәсілінің нақтылығы, күштілігі мен нәзіктілігі тұрғысынан бұл күй есте қаларлықтай әсерлі. Күйдің әңгімесі домбырада орындалатын белгілі «Ақсақ құлан» күйіне жақын. Бұл күйде ойнағанда да «Аққу» күйі сияқты, домбырашы әрбір күй бөлімінен кейін әңгімесін айтып отырады. Тыңдаушылар мұндай күйшілерді әнші-жыршылардан кем көрмей аса қадірлеп, ерінбей-жалықпай оны тәулік бойы тыңдайды.

Ықылас күйлерінің көбі осындай оқиға желісінде құрылған. Дегенмен, оның сондай-ақ аңдар мен құстар өмірін суреттейтін күйлері де аз емес, және Ықылас оларға аса зор қоғамдық мән береді [3.89б.].

Ықылас 1916 жылы жетпіс үш жасында қайтыс болған. Ықыластың күйшілік дәстүрінің жығысын қисатпай өмірін жалғастырған төл шәкірттері – Бекмағамбетұлы Ашай, Тоқтамысұлы Әбікей, өз ағайыны Әлиев Сүгір және бел баласы Түсіпбек. Бұлардың ішінде Ықыластың жанына көп еріп, күйлеріне беріле ден қойған қобызшы Ашай.Ал, Тоқтамысұлы Әбікей болса Ықыластың ең дарынды шәкірттерінің бірі. Ықылас күйінің бүгінгі күнге әрі мен нәрі жоғалмай жеткені үшін осы Әбікейге қарыздармыз. Ықыластың көптеген күйлерін әкеліп, оның өмірі мен шығармашылығы жайлы бізге мағлұмат берген Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаевтар.

1993 жылы қазан айында Сарысу жерінде Ықыластың 150 жылдық мерейтойын бүкіл ел болып тойлады. Осы құрметтің бәрі – біріншіден, халқымыздың ірі тұлғасы алдынды бас тіп, бабаға жасалған ұрпақ парызы десек, екіншіден, егемен ел болып өшкеніміз тұтанып жатқандағы халқымыздың еңсесі көтеріліп, болашаққа деген үміттің артқандағы халқымыздың қуанышы. М.Мағауин сөзімен айтсақ: «Қобыз пірі-Ықылас Түркі әлемінде теңдесі жоқ музыкант, ұлы тұлға». Ықылас сияқты қазақ өнерінің жарық жұлдыздары, халқымыздың біртуарлары ұрпақ жадында мәңгілік сақталмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»

2. Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

3. Тараз Энциклопедиясы Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым.

4. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған

Азат елім-ғажап сенің ғұмырың
Дәулет Ұлжан

Арқалық политехникалық колледжінің

«Тігінші» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Төлеген Л.Т.
Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік.

У.Годвин.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Тәубе еткен тәуелсіз елім: егеменді еліміздің өркендеуі, өсуі тәуелсіздіктің тұрақтылығының арқасында бейбіт ғұмыр кешкен қазақ елінің ғажап өмірімен бәсекелестікке қабілетті ықпалының арқасы. Міне, тәуелсіздіктің тұрақтылығының арқасында бүгінгі күні әлемге танылған қазақстандықтарға айналдық




    1. КІРІСПЕ БӨЛІМ: Егеменді елдің ертеңіміз!

Азаттықтың ақ таңы атқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының толуына орай, азат елдің азаттығын айтқым келіп отыр.

Қайран елім, қазақ қанымен келген бостандық бүгінгі тəуелсіздіктің 25-жылдығының толығымен еліміздің көркейіп өсуінің бір белгісі.

Гүлденген Қазақстан мәңгілік ел – Қазақстан осы стратиялық бағыттар ғажап ғұмыр сүруімізге елу елдің қатарына кіруге көп мүмкіндік. Тәуелсіздігіміздің жаңашыры жарлығысы болған әз Жәнібек пен Керей бастаған қазақ хандығын құру ұлы дала елі болуы сол заманның басты бағыты, сұрапыл жолмен кейбір көрген қиыншылықтармен қан төгіскен қолмен жан беріп, жан аямай күрескен азаматтың асқақ рухы. Кемелді Лаззат, Қайрат, Ербол, Сабиралардың, қаншама көз жасымен келген бостандық. Бұл бостандық біреуге арман, біреуге ертегі, ал ендігі біреуге қара термен келген азапты күндермен өткен. Қазақтың мұң қайғысымен келген Алладан көз жасымен, тілек тілеп сұраған бостандығы. Міне, шүкір сол алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа жеткен Тәуелсіздігімізді құрметпен, аялап мәңгілік елдің ертеңін Міржақыптардың қара қаламды серік қылып, бостандығымыз үшін күрескен азаттық жолы. Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

1.2. Негізгі бөлім: Тәуелсіздік шежіресі

Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.

Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.

Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.

Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.

Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді. «Ел болам десең , бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәмел сенімдіміз. Сол бостандыққа бүгін жеттік. Бірі-алла, екіншісі-ата-баба рухы, үшіншісі елге берген сыйы. Нұр ағамдай әділетті, саясатты, парасатты, басшының сара жолы.Әкенің күшімен, анамның сүтімен, келген тәрбие өнеге, салт- дәстүр, бастысы тіл үшін күрескен, ел үшін күрескен ұлт жаңашырларының зар салуымен келген Тәуелсіздік! Міне біздің Тәуелсіздік – тарихқа қашалып жазылған тарихымен, ата-бабаларымыздың әділді төрелігімен, тепе- тең бағыттағы саясатымен стратегиялық жоспары. Бос кемелмен көрмеген қиындығы жоқ сорлы қазақ бостандық үшін күресіп ғажап елге айналды. Мәңгілік елдің ең басты қағидасы ұстанымы ал тілмен татулық. Бұл да ғажап елдің, азат елдің біртұтқасы. Сол себепті қазақ елі бүгін тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі өмірдің күресі үшін, азаттық татулықтың белгісі болып, тірегі болып өзге елдерге жас болсақта асар асуымызды көрсетуіміз керек. Алар асудың бағыты зор, қарқыны анық болуы керек.

Азат елім, ғажап елім, алда қойған мақсаты, мүддесі, болашағы бар жастарына сенетін, жас өрені үшін күресетін жас тәуелсіз Қазақстан ұлтпен достықты тіл мен татулықты сақтаған арғы аталардың тілегі орындалып, боз торғай жұмыртқалаған заман. Бейбіт елдің ертеңі күресі болашақтың сенер үміті.

Ғажап елдің күреске толы тарихы. Тарихтың 550жылдық жарты ғасырлық сыры бар мұңы бар, тұңғиығы терең азат елім, бүгінгі күнге жетіп, әлем таныған, әлемге үлгі болған, дарынды мемлекет. Қазақстанның әсемде сұлу Астанасы бар тарихқа толы, ғасырлар бойлаған мол байлығы бар. Ата-ұрпақ алып берген кең территориялық мекені бар. Ұлы дала елі сенен айналмаған ақын, халық жоқ шығар сірә: сенің шүйгің шөбін, Сарыарқа сары далам, кең байтақ таулы өлкем, осы емеспе сенің ғажабың. Салт-дәстүрін, ата заңың, көк туын, елтаңба мен әнұраның сенің байлығың, сенің мүдден емеспе? Әрбір қазақ бағалауға сыйлауға, құрметтеуге тиісті. Сенің тарихын, сенің өткенің Ұлы дала көші, Ұлы даланың ары қарай көтерілуі өсуі деп білемін. Біз келер ұрпақ өз елімізді көкке көтеруіміз біздің парызымыз.

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Сыр елінен келіп,Торғай еліне келіп қасиетті Арқа елінде, үлкен шаңырақ оқу орынында Арқалық политехникалық коледжінде білім алып ,біліммен суысындап жүрмін. Арқалықтың байлығы, қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Есігі бір жабылмайтын, табалдырығы қонақтан арылмайтын. Қазақ елі шежіре тұрған қастерлі мекен.

Қазақстандай елде туған сіз бен менде арман жоқ қой сірə. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Қонақ келсе құшағын айқара ашып қарсы алатын елімізде бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдері мекендеуде.

Иə, қаны басқа болса да жүрегі қазақ деп соққан осындай азаматтар мен азаматшаларды көргенде бір марқайып қалатынымыз қақ. Біз тəуелсіз бейбітшілігі жарасқан елміз. Əрине бұл тыныштық пен жарасымдылық бізге оңай келген жоқ. АТА-бабаларымыздың күші мен көк найзаның ұшымен келген тəуелсіздік бүгін де қазақ еліне қуаныш сыйлап отыр. Көп ұлт өкілдері мекендейтін қонақ жəй еліміздің "бір ел" болып құрылуына талай, талай тер төгіліп. Талай адам өмірден өтті, бірақ бізге осы бақытты өмірді сыйлап кетті.

Тəуелсіздік алу, тəуелсіз ел атану оңай болмады. Тəуелсіздікті алған соң біздің бейбіт екенімізді сезіндіретін адамды табу оңайға түспеді. Бірақ қаншама адамдар арасында жалғыз ғана үміткер болатын. Оны 75%-адам қолдап, дауыс беріп ел басы етіп тағайындады. Ол кісі ел тізгіннің қолына алған күннен бастап барлық адам өзінің тəуелсіз екенін сезіне бастады. Қыран бүркіт биікке самғап ұшып, көршілес елдер қызығушылық пен де қызғаныш пен де қарай бастады. Сол күннен бастап біздің Қазақ елі жəй ғана Қазақ елі емес Қазақстан болды. Жəне де "БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕНІ" қолдады. Кәсіп көздері ашылып дами бастады. Шекаралас елдер Қазақстанды қолдап, демеу берді. Сол күннен осы күнге дейін тəуелсіздіктің іргесін бір құлатпай, тамырын терең жəйіп осы бейбіт өмірді сүргізе білген ол ел басы, ел ағамыз Н. Ə. НАЗАРБАЕВ.



Қорытынды бөлім: Ғасырға белгісіз 25-жыл

Қонақ жəй еліміздің тəуелсіздік алған күні мен бүгінгі тəуелсіз ел атанған уақытында е, дəуір айырмашылық бар.

Қазақ елі кəзіргі таңда дүние жүзіне көркем мәдениеті мен, жоғарғы білімі мен, ғажап өнері мен, қонақ жəйлылығымен танылған. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2050 жылғы стратегиясында “Қазақстан - мәнгілік ел’’ деген болатын .

Ірі-ірі қалалары мен үлкен -үлкен ғимараттары мен көзге түскен қазақ елі. Мәңгілік ел екенін қазірден бастап дәлелдеуде. Оған мысал 2017 жылы өткелі жатқан ең үлкен көрме, ең үлкен жоба ЭКСПО жобасы. Кәзіргі таңда елімізде ЭКСПО-ға қарқынды түрде дайындық жүріп жатыр. ЭКСПО -2017 жылғы жоба елімізді дүние жүзіне таныту үшін қолайлы мүмкіндік, сонымен қатар Қазақстанның гүлденуіне және жұмыссыздықтың азаюына зор үлесін қосып отыр.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отанның-алтын бесігің», «Отаның жоқтық-нағыз жоқтық», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау –әр бір азаматтың бірінші міндеті .

Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын , еліміздің басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген .Өз елі үшін жанын да,барында аямаған.Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен,ана тілі мен дарып ,бекуі тиіс . Отан біз үшін-оттан ыстық.

Еліміздің болашағы жастардың яғни біздің қолымызда, келешегінен зор үміт күттіретін қазақ елінің ,жалауын биікке желбіретіп,абыройын асқақтату.

Ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшы мен қорғап , мұрмға қалдырған ата мекенімізді ендігі ұрпақ біздер терең білім мен, ақыл парасатпен салмақты мақсат пен сақтап, ұлтымыздың ұлы арманы тәуелсіз ел болуымыз керек. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап , қазақ атымызды көкке көтеріп намысты ұл,инабатты қыз, айбынды ел болуға ұмтылайық.



«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық. Жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. 2010ж

3. Тәрбие сағаты республикалық журнал №5 2001ж

4. Қазақстан тарихы 11 сынып 2015ж

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
Алматова С.О. Құттықтау сөз

Қолдасбаева З.Ш. к.п.н., доцент «Методическое наследие И.Алтынсарина»



Ахметова П.Ә. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық Институтының «Ы.Алтынсарин мұражайы» директоры «Кәсіптік білім – Мәңгілік ел тірегі»





Аты-жөні

Ғылыми жетекшісі

Мақала атауы

Беті


1 СЕКЦИЯ

«Ыбырай ізбасары - Н.Құлжанова»

1.

Әбдір Айнур Ерболқызы

Турманова Б. А

Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлар




2.

Қапсалықова Саяжан Қасқырбекқызы

Нургазиева Б. А.


Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы





3.

Ықылас Гүлсұлтан Исабекқызы

Ақылбекова Л. Б.

Қазақ халқындағы Ыбырай Алтынсарин бейнесі




4.

Әшім Алтынбек Жеңісұлы

Нугманов С. М.


Қазақ қызы. Әйгілі ұстаз, еңбегі таудай қайраткер




5.

Бақытжан Қымбат Алматқызы

Нургазина Г.С.

Ыбырай Алтынсарин – ұстазға салған сара жол




6

Мұхамедуали Айым Жаңабайқызы

Издибаева Д. М.

Бастауыш сынып оқушыларын Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы еңбекке тәрбиелеу жолдары




7

Жағалбайлина Перизат Шамқалқызы

Назарова Г. К.

Ыбырай ізбасары - ұлағатты ұстаз Нәзипа Құлжанова





8

Танатқан Қырмызы Фазылханқызы

Насрединова А.Е.

Нәзипа Құлжанованың мұрасы - колледж игілігінде




9

Махмет Қызғалдақ Қанатқызы

Нургалиева Г. А.

Торғай топырағының мақтанышы, қайраткер қазақ – қызы Нәзипа Құлжанова




10

Темірбай Нұрайым Боранбайқызы

Уахитова А.А.


Нәзипа Құлжанова – Ыбырайдың жолын жалғастырушы педагог





2 СЕКЦИЯ

«Бәсекеге қабілетті маман дайындау – заман талабы»

11

Нұрсұлтанов Жасұлан Нұрлыбекұлы

Байдилдина Ж.Р.

Менің мамандығым – болашағымның бағыты




12


Қасымхан Ажар Қайыржанқызы

Бегалова М.С.

Мектеп әндерін дирижерлеудің талаптары мен әдістері




13

Рябчинская Мария Александровна

Шаяхметова А.А.

Использование инновационных технологий при изучении дисциплины допалнительный музыкальный инструмент - фортепиано




14

Дәуітбек Жансәуле Шәріпбекқызы.

Алимгазина К.Ш.

Бәсекеге қабілетті маман дайындау




15

Ауезхан Ақбидай


Издибаева Д. М.

Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығаршалық қабілеттерін дамыту




16

Асан Гүлсара


Мейрамова Б. М.

Бастауыш сыныптарға ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдісінің тиімділігі




17

Омаш Анар


Сайболова А.А.


«Слова- паразиты в современном обществе»




18

Сабыр Ақбота


Турганова Ж. С.


«Бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің талабы»




19

Бауыржанова Ақмарал Бауыржанқызы

Ақылбекова Л.Б.



Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыру.




20

Байғазина Жұмагүл Фазылбекқызы

Халыкова Г. А.


Студенттердің компьютерлік білімін арттыру - заман талабы




21

Нүркей Гүлдана Айтмұханбетқызы

Сапарова А.А.


Болашақ маман – бәсекеге қабілетті болуы керек




22

Кәдірбек Ақбота


Аубакирова Т.У.

Интерактивті технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану




23

Кәмпит Елдана Сәнімқызы

Издибаева Д.М.

Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту




24

Сәрсен Гүлзинат Ерланқызы

Назарова Гулмира Куандыковна

Білімді ұрпақ - заман талабы





25

Омельченко С.С

Альжанов Н.Ж.


Строительство макета двухэтажного коттеджа





3 СЕКЦИЯ

«Туған жердің - тарихи негіздері»

26.

Қалижан Айтжан Нұрланқызы

Оташев Б. С.

«Арқалығым- аңызым, мақтанышым»




27.

Кошкимбаева Арайлым Мураткызы

Каппасова Ш. Е.


Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы




28.

Балтабай Гүлдерай Бақытжанқызы

Молдагулова Ш.И.


Туған жерім-Ұлы Даланың тарихи бір бөлшегі




29.

Жүсіпова Бақыт Сәрсенбайқызы

Хасенова З. Р.

Арайлы Арқалығым сүйікті елім!





30.

Әлімгерей Гүлдерайым Ерханқызы

Оташова С.Қ



Туған жердің – тарихи негіздері




31.

Қабден Жансая

Аубакирова Т.У.

Туған елім – тірегім!




32.

Нағымжанова Жансая Қайратқызы

Кауметова Д.Р.

Менің туған жерім –егеменді Қазақстан




33.

Айтжанова Гүлжанат Ғалымқызы

Халыкова Г.А.



Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ педагогикасының ұлы тұлғасы




34.

Кәмпит Нарқыз Сәнімқызы

Ерназарова А.С.


Туған жерім – мақтанышым!




35

Көшкінбаева Әдемі Берікқызы

Бейсенғалиева Ә. Ғ.

Торғай даласының тарихи атаулары




36

А.М.Сейтов, Б.М.Махамбетали


Қаражигитова Д.Т.


Арал теңізінің тарихы




4 СЕКЦИЯ

«Тарихқа тағзым

37.

Құлташева Ақтоты Балташқызы


Бегалова М. С.

Ұлттық үнділігімен қазақ музыкасын әрлеген компазитор М.Төлебаев




38.

Бақытжан Таңшолпан Балташқызы

Жармағанбетова Ж.Р.

Дәулеткерей шығармашылығының маңызы және ықпалы




39.

Аюпова Құралай Сағатбайқызы

Оташев Б.С.

«Ұлттық рухты оятқан»





40.

Ахметова Ақбота Дулатқызы

Бейсекеева Р.Ф.

Қазақ құқығының тарихы




41.

Жайлаубай Гүлдана Жайлаубайқызы

Нургазина Г. С.


Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт - азаттық қозғалысы




42.

Шөптібай Ақбота Егінбайқызы

Молдагулова Ш.И.


Ұлы Даладан - Мәңгілік Елге!





43.

Әбікен Перизат Нұрланқызы

Алимгазина К.Ш.


Алаштың бір ұлы – Байқадам Қаралдин




44.

Ембергенова Аружан Сәрсенқызы

Жакупова Г.М.



Ел мен жер және тұлғалар тарихы





45.

Ерғалиева Жансая Фазылжанқызы

Каппасова Ш.Е.

Желтоқсан желі ызғарлы




46.

Қалиева Ақерке Наурызбайқызы

Каппасова Ш.Е.


Торғайдан шыққан қолбасшы




47.

Сембіғұл Назира


Бультрикова Ж.И.

Ықылас Дүкенұлының музыкалық мұралары




48.

Дәулет Ұлжан

Төлеген Л.Т.

Азат елім-ғажап сенің ғұмырың




Каталог: images-new -> 000
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по учебно-методической работе г. Уральск, 2016 г
images-new -> Общее среднее образование
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по методической работе Орал қаласы, 2017 Тақырыбы
images-new -> Тема урока: «Чарующий голос Гарифуллы Курмангалиева и тема Родины в творчестве Акуштап Бахтыгереевой». Урок музыки и литературного чтения
images-new -> №10 “Балапан” МдҰ-ң әдіскері: Г. С. Кадемова істер номенклатурасы 36
images-new -> Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Қазақстан тарихы 5 сынып
images-new -> Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов "Өгіз бен бақа" Мақсаты
images-new -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
images-new -> Сабақ жоспарлары 5-сынып Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С. С. Есқожинаның тәжірибесінен
000 -> Әож 37. 0 Кбж 74. 00 Н32 Баспаға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет