ӘӨЖ 61: 811. 124 Ізгілік адамның басты қҰндылығЫ



Дата18.02.2017
өлшемі77,91 Kb.
#9947
ӘӨЖ 61:811.124

ІЗГІЛІК – АДАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Абдуллаева Ж.Д.

ОҚМПИ магистр аға-оқытушысы, Шымкент қаласы, Қазақстан


Резюме

В данной статье рассматриваются основы самопознания.

Summary

This article rassmotrivayutsya self on stage.
«Ішкі жан әлемімдегі сен жақсы көретін адамың, мен сол сияқты болмасам да, бірақ сен мені жақсы көруден тайынба, мен сондай адам болуға тырысамын»

М. Пришвин.


Ізгілік, ізгілік педагогикасы, ізгілік бастауы деген сөздердің мағынасын біздер, студенттер, болашақ педагогтар қалай түсінеді екенбіз? Қазіргі жаһандану жағдайында өмір сүріп келе жатқан жастардың санасына бірқатар өз ойларымызбен бөлісу үшін осы эссені назарларыңызға беріп отырмыз.

Бір стандартқа, бір сарынға бүкіл әлем мен сүйіспеншілікті салуға бола ма? Адам баласы ешқандай стандарттарға енбейді, «Өзін-өзі тану» сабақтарында тек ол сабақты өтіп кету емес, ол сабақта «өмір сүру» керек. Балалар өзін-өзі тану үшін ой елегінен, ой сырынан, санасынан өткізу керек. өзін-өзі танудың шынайы ақиқаты – бұл тек білім байлықтарын меңгеру емес, бұл адамзат пен қоғам үшін риясыз қызмет етушілікке тәрбиелеу. Ал құндылықтарды қайдан алуға болады? Өз-өзіне үңілу керек, өйткені адам баласы бұл дүниеге келген кезде ішкі жанының адами құндылықтарымен бірге дүниеге келеді, бірақ сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен көбінесе оның өмірге деген көзқарасы дұрыс бағытта қалыптаспайды, сөйтіп адам баласы өзінің рухани-адамгершілік құндылықтарын ұмыта бастайды. Руханилығы жоқтық ішкі араздасулықтар мен діни шайқастарға, жақын адамдармен қарым-қатынасында түсініспеушілікке алып келетіні сөзсіз түсінікті.

Білім берудегі ізгілік бастауы тарихқа үңілсек осы төмендегі гуманист-педагогтардың еңбектерінде көрініс табады. Барлығымызға белгілі Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманист-педагогтардың (Витторино де Фельтре, Франсуа Рабле, Эразм Роттердамский) көзқарастары ұлы чех педагог Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бейнеленді. Ұстаздар еңбекқор, өз ісіне деген шексіз сүйіспеншілікпен қарайтын, әділетті адамдар болуы тиіс деген еді. Ол ұстазды бақтағы қсімдіктерді бағатын бақшашымен, тасты қашайтын мүсіншімен теңестіреді.

Кейіннен И. Г. Пестолоцци, А. Дистервег сынды ойшылдар Я.А. Коменскийдің идеяларын жақтады, оларды жалғастырды, Олрадың ойынша шынайы ұстаз – бұл өзінің ішкі күш жігеріне сүйене отырып, ақиқат пен жақсылық, мейрімділік үшін күресетін адам болуы керек деп айтты: «Әр адамның тұлғалығында, әр ұлтта ой-санасында ізгілік бейнеленуі керек: бұл жалпыадамзаттық құндылықтарға итермелейтін күш»

К.Д. Ушинский Ресейдің ұлы педагогы ұстаздың негізгі жұмысы бұл адамды өмірмен байланыстырып тәрбиелеу керек екендігі жайлы айтты және өзіндік, тәуелсіз іс-әрекет жасай отырып, өмірге бейімделген адамды өалыптастыру деп түсіндірді.

Л.Н. Толстой педагогиканың кәсібінде алдымен ізгілік бастауы, балаларға деген махаббаттан айқындалады деп түсіндірді. «Егер де ұстаз тек кәсіби іс-әрекетіне деген сүйіспеншілігі болса – ол, жақсы ұстаз. Егер де ол кәсби іс-әрекеті тек ата-ананың сияқты балаға деген махаббаты ретінде кқрінсе онда ол одан да жақсы ұсаз болғагы, бірақ гере де ол кәсібін де, баланы да шексіз сүйетін болса, онда ол – Кемел Ұстаз» деп айтты.

Ал белгілі дәрігер және педагог Н.И. Пирогов ұстаздың бейнесін былай бейнелеген: ұстаз рухани-адамгершілік ойының еркіндігі, шындыққа сенімі, шындық үшін өзі жанын аямауы. Сонымен қатар балаларды оқытуда білімнің хабарланында емес, берілетін білімнің қалай хабарлануында екені негіздерік деген еді.

Я. Корчактың ізгілік педагогикасындағы негізгі идеялары болып: балада жалпы және адами құндылықтарды дамыттыру керек деді, күш-жігер белсенділігін молайту, өзін-өзі жігерлендіру, өз іс-әрекеттерін тәуелсіздендіру

Ізгілік педагогикасын дәріптейтін оқытушылардың бойында мына төмендегі алғышарттарға қарасақ:


  • Әрбір баланы ешқандай күмәнсіз, риясыз, шексіз сүю;

  • Әрбір баланы сол табиғи қалпында қабылдау, оның жан дүниесін түсінісушілікпен қарау ақымақ бола ма, жоқ әлде дарынды бола ма бұл оның бейнесін айнытпай қабылдауға үйрену;

  • Әрбір балаға деген сенімділік күшін жоғарылату, балаға сенгенде оны тексермейді, оны бағаламайды, оны тек қолдайды.

  • Әрбір баланың шексіздігіне сену, баланың күш-жігеріне деген сенімділікті арттыру, олардың мүмкіншіліктерінің шегі жоқтығына күмән келтірмеу;

  • Өзіңдегі бар білімді, телегей теңіз нұрды жинау арқылы ғана, нұрлы балаларды тәрбиелей алатыныңа сенімділік болсын, өйткені сен – Нұр Ұстазы болуға тырысу керексің;

  • Ізгілік педагогикасын дәріптейтін күшіне деген сенімділікке күлімсіреу арқылы жете аласың

Ізгілік педагогикасының негізгі ұстанымы – бұл баланың өзінің өмірлік жолын өзін таңдауына мүмкіншілік беру, баланың тұлғасын қадірлеу.

Ұстаз рухани өссе – мектепте соғұрлым өседі.



Ш.А. Амонашвилидің өсиеттеріне келсек:

-Қандай жағдай болмаса да, баланың шексіздігіне сену! Бұл рухани еңбек, сену – бұл ауыр жүк.

Баланың бойында қазір кім екенін көруде емес, ол болашақта жаратушыдан кім болып табылатындығын көру болып табылады. (Я.А. Коменский)



-Мен болмасам, онда Кім? Кейде өз кемшілігіңді көре алу керек, ұтылғаныңды қабылдай алу керек, табиғатынан баланың ақыл-есі кемдігін қабылдау керек. Қиын баланың ортасын жақсарта алу керек, кейде барлық нәрсе кешеуілдеп келетініне көну керек, кейде үшінші сыныпқа өтіп қана бала оқып, санай бастайды, бірақ сенімді жоғалтпаңыз. Ізгілік педагогикасы ұстаздарға қатігез екенін мойындаймын.

-Жаратушыдан жаратылған өзіңіздегі телегей теңіз Нұрға сеніңіз! Шынайы Ұстаздар қайдан пайда болады? Педагогика бұл – тума сезім. Математика, өнер барлығына бірдей беріле бермейді. Әр адамның тума қабілетінде бар құбылыс – бұл баланы тәрбиелей алу. Педагогика парасатты, күнделікті, тұрмыстық болуы мүмкін.

Таңертең айнаға қарағандай, өзіңіздің жан дүниеңізге қараңыз, бүгін сіз сабаққа келген кезде ішкі жаныңыздың Ұстазы бола аласыз ба? – Жаратушыдан жаратылған Ұстаз бола аласыз ба?



-Ізгілік педагогикасына сену күші. Тәрбие мәселесі ізгілік тұрғысынан шешілуі қажет. Жолды көрсету, рханилық бағытта ұстану. Алла мен ата-анадан кейінгі сөз бұл – Ұстаз! Мешіттен кейінгі үй – бұл мектеп. Мектеп сенің мешітіңе айналса, онда сен Нағыз Ұстаз болғаның.

Ш.А. Амонашвилидің педагогикалық ар-ұждан заңдылықтарын белгілеген:

-Сүйіспеншілік заңдылығы. Балаларды сүймесеңіз, онда мектепте жұмыс жасаудың қажеттілігі қаншалықты. Егер де балаларды риясыз сүйсеңіздер, онда бүкіл әлемдегі ең дені сау адам болғаныңыз. Балалар өз сүйіспеншілігімен сізді рухани сауықтырады, қолдайды, сыйға тартады.

-Төзімділік, төзімділікке шақыру заңдылығы. Төзімділік танытыңыз, төзімділік арқылы сабырлылық мен ішкі үйлесімділік келеді. Төзімді болыңыз сыртқы, бөтен сөздерге, әріптестеріңізге, жақын адамдарыңызға. Өз жолыңызбен жүруге үйреніңіз, артқа бұрылмаңыз.

-Асқақтату заңдылығы. Кіммен қарым-қатынасқа түспесеңізде оларды асқақтауға тырысыңыз, адамдарды сол қалпында қабылдаңыз, біреуді төмендетпе, өзің төмендерсің. Басқа адамдарды аса құрметпен қабылдаңыз. Кішірейіңіз, кішіпейілділікке ұмтылыңыз. Балаларды қадірлеңіз. Қарым-қатынасқа түскен кезде

-Үйрете отырып, өзімізді үйрету, тәрбиелей отыра, өзімізді тәрбиелеу, білімдендіру арқылы, өзіміздің білімімізді меңгерту заңдылығы. Қателіктерді түзетуге асықпаңыз, оларға төзімділік танытыңыз, сүйіспеншілікті көрсетіңіз. Құлақ асыңыз баланың әрбір сөзіне, сонда ести аласыз. Бірінші рет бастағандай, балаға қайта түсіндіруден жалықпаңыз.

Осы заңдылықтарды Амонашвили барлық ұстаздарға арнап жазған болатын. Олар арқылы ұстаздардың бойында ізгі қасиеттердің бастауын дамытқысы келді.

В.Н. Сухомлинский айтқандай: «Ұстаз, менің қателіктерімнен бұрын, алдымен менің жетістіктерімді жазшы». Балалар ізгі ұстаздарды жүрегіммен қалайды, балаларды үйретуден бұрын, оларды сүйспеншілікке бөлеп, қолдауды қажет ететін жандар екенін аса назар аударды.

Ізгілік педагогикасын дәріптейтін ұстаздың шеберлігі ұшы қиыры жоқ бір шексіздікте болуы тиіс. Егер де сабақ – бұл оқу процесін ұйымдастыратын процесс болып саналса. Бірақ сабақ онымен шектелмеу керек. Сабақ – бұл Сүйіспеншіліктің бастауы болып табылатын процеске айналуы керек. Сабақ тек оқыту формасы емес, білім беру формасы, тәрбиені ұйымдастыру формасы, балалардың ерекше бір кезеңдегі өмірін мектепте өткізу формасы. Шебер ұстаз балалардың өмірін сабақ кезінде құрастыратын, өмірге керек қабілеттерін аша алатын ғажайып құбылысқа айналдырады.

Адамгершілік бұл ішкі тәртіптілік, материалды қажеттіліктерімен өлшенбейді, ол жоғары оқу орнына түсушілер санымен емес, ол көшеге шығып темекі шекпеушілік, нашақорлыққа, балағат сөзге салынбаған балалар санымен өлшенеді. Ересек адам баланы қабылдамады, бірақ көше қабылдап алды, темекі шеккізді, нашақорлыққа салынды т.б. Кім жеңді? Сондықтан балаларға өзіңіз рухани, күш-жігері мол, ашық баспанасы болыңыз, сіз бола алмасаңыз, оға, баспана көшеден табылады. Сухомлинскийдің айтуы бойынша Ұстаз бен тәрбиеленушінің арасында рухани тұтастық қажет.

Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Ізгілік педагогикасының алтын ережесі: мектеп табалдырығында өткізген қателіктеріңізді баланың басынан өткізбеу керек.

Жоғарыда айтылған гуманист-педагогтардың ізгілікті басты құндылық ретінде дәріптейтіні біз көптеген олардың шығармаларынан көріп жүрміз. Бастысы бұл біз сияқты болашақ ұстаздардың ұстанымы болса екен деп армандаймыз.

Біз өз сөзімізді қорыта келе, «Ізгілік - адамның басты құндылығы» ретінде оған мыналарды: жанның сұлулығы, адамгершіліктің биіктігі, кішіпейілділіктің кеңдігі, қарапайымдылықтың асқақтығы, еңбексүйгіштік пен білімділіктің жоғарылығын жатқызамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.А.Назарбаева Этика жизни . А., 2001 ж

  2. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттары. А., 1973

  3. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Егемен

қазақстан.- 2007. – 15 тамыз.

  1. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. - Алматы. 2001, - 238

б.

  1. Назарбаева С.А. Путь к себе. Алматы, 2000

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет