Әож 612 шорнақ ауылдық округінде мақтаның Өнімділігіне агрофакторлардың Әсері



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі35,69 Kb.
#80454
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Мақала Исаев Нурбану

Кілт сөздер: техногенді аймақ, экологиялық қауіпті аймақ, мақта өнімі, биологизация, агрофактор, ылғалдылық, фотосинтетикалық қызмет, тыңайтқыштар

Түркістан облысының агроөнеркәсіп саласында меншік қатынасын, саланы кешенді өзгертулер, өңірдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, дамытуда және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруда бірқатар проблемалар бар екендігін ғылыми сараптаулар көрсетті. Әсіресе суармалы жерлерде орналасқан мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін агроқұрылымдарды қайта құру ұйымдық-экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеулерді қажет етеді: жерді қалпына келтіру, шаруашылықтарды ірілендіру, озық агротехнологияларды ендіруді, өндірісті интенсивті-индустриалды тәсілмен ұйымдастыру, өңдеу тиімділігін арттыру проблемалары туындауда[1,8б].


Мақта кешенін әлемдегі рыноктық қатынастардың ықпалына бейімдеу, дағдарыс жағдайында саланың өміршеңдігіне жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға берілуі, экономикалық ой-пікірлердің, сараптаудың жаңа әдістерін қолданып, мақта саласын ұйымдастыру үшін өңірдің табиғи, экономикалық, өндірістік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп тұжырымдау қажет.
Қазақстанның оңтүстік аймағы тарихи-жағрапиялық жағдайына, жер, су және еңбек ресурстарына сәйкес мақта өсіруге мамандандырылған. Осы орайда рыноктық қатынас жағдайында тиімді агробизнесті ұйымдастырудың теориялық негіздерін тереңдету, кешеннің экономикадағы орнын, мақта шикізатын бастапқы және тереңдетілген өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер мен өнеркәсіп тауарларының ішкі рыногын қалыптастыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың экономикалық механизмдерін негіздеу обьективтік қажеттілік.
Сонымен қатар рыноктық қатынастарды жетілдіру жолымен осы аумақтағы халықтың әлеуметтік деңгейін жаңа сапаға көтеру проблемалары мен перспективаларының маңыздылығын арттыру үшін мақта кешенін жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазірге дейінгі мақта кешенінің экономикасы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер бірсыпыра сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Себебі кеңестік дәуірдегі калыптасқан экономикалық категориялар ашық, еркін экономиканың түжырымдалған жағдайын толық бағалай алмайды. Нәтижеде қорытындылар, ұсыныстар жасауға жарамсыз.
Мақта кешенінің экономикалық проблемаларын зерттеудің екінші бір қажеттілігі сол, Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсіру және өңдеу саласында құрылымдық өзгерістерді әрі қарай дамытудың қажеттілігі бар. Осы жолмен тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық табысын арттыруда саланың үлесін көбейту, ауылшаруашылық дақылдарының арасында табиғи және материалдық өндірістік ресурстарды тиімді етіп қайта бөлу және орналастыру міндеттері тұр.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әлем рыногына бейімділігін, бәсекелестікке төтеп беру мен қабілеттілігін қамтамасыз ету, жоғарыдағы аталған проблемаларды шешуде алыс, жақын шет елдерде мақта өсіру мен өңдеуді дамыту бағыттарын анықтау, олардағы экономикалық, өндірістік қатынастар мен озық тәжірибелерді сараптау арқылы пайдалану мүмкіндігін артыру қажеттілігі туындайды [2,36б].
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Мақта өңдейтін құрылғының қоршаған ортаның әсерінен істен шығуы мақта өсіру шаруашылығының басты қиыншылығы болып табылады. Түркістан облысының құбылмалы климаты жағдайында мақта құрылғысының генеративті фазасы үлкен экстремалды температураның әсеріне және атмосфера құрғақшылығының күрт өсуіне сай келеді, ол өз кезегінде өнімнің кері дамуына әкеліп соқтырады[3,77б].
Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Түркістан-Кентау аумағыда орналасқан шаруа қожалықтарының жерлері техногенді, яғни тау-кен комбинатының қалдықтарынан ұшқан ауыр металл тұздарымен ластанған. Арыс-Түркстан климат - топырақтық аймақ бөлігі Арыс-Түркстан каналының бойында орналасқан және Қаратаудан ағатын ұсақ өзендер бойындағы шаруашылықтарды қамтиды. Мұнда бозғылт сұр топырақ басым. Суармалы егіншілік аймағында ауа райы шөлді аймаққа қарағанда қолайлы. Аязсыз күннің ұзақтығы 175—215 күн, жылылық 10 градустан асатын температураның қосындысы 4300—4500 градус. Арыс-Түркстан аймақ бөлігінде жылына орта есеппен 180—200 миллиметр, жауын-шашын түседі.
Мақтаның өнімділігіне агрофакторлардың әсерін зерттеу мақсатында 2018-2019 жылдары Шорнақ ауылдық округіне қарасты «Аша» жеке шаруа қожалығының егістік алқабында эксперименттік жұмыс жүргіздік
Жалпы, мемлекетіміздің «алтын қоры» суармалы жер. Егіншілікте әлі шешілмеген мәселелер өте көп. Үкімет соңғы жылдары ауылшаруашылығына, оның ішінде суармалы егіншілікке табысты жұмыс жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Сондықтан жаңа технологияларды өндіріске батыл ендіру бүгінгі күннің талабы[3,12-17б.].
Жалпы, мемлекетіміздің суармалы егіншілік саласында әлі шешілмеген мәселелер өте көп. Үкімет соңғы жылдары ауыл шаруашылығына, оның ішінде суармалы егіншілікке табысты жұмыс жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда[3, 25-67б.].. Сондықтан жаңа технологияларды өндіріске батыл ендіру - бүгінгі күннің басты талабы. Ғылыми негізделген жаңалықтарды, жаңа технологияларды жалтақтамай өндіріске енгізу мол және бәсекелестікке қабілетті өнім өндірудің кепілі екенін өмірдің өзі айқындап отыр (1-кесте, ).
Мақтаны суарудың мына технологиясын зерттеді ұйғардық.

  1. Қалыпты технология – бақылау; 2-Жүйек аралық пленкамен жабылған;

3-Жүйек аралыққа сабан төселген- 2т/га

1-кесте. Мақтаның фотосинтетикалық қызметіне суару жүйесінің әсері





Нұсқа


Өсімдіктің биіктігі, см

Өнімді сабақтың саны, дана

Мақта қауашағының саны, дана

Шитті мақта өнімі, ц/га

2018

2019

2018

2019

2018

2019

2018

2019

Қалыпты технология - бақылау

47,2

46,8

7,3

6,9

4,5

3,8

17,1

16,5

Жүйек аралық пленкамен жабылған

58,5

56,1

11,4

10,5

6,2

4,9

21,5

20,8

Жүйек аралыққа сабан төселген- 2т/га

64,4

63,1

18,7

14,7

7,7

7,3

24,7

23,8

Жүйек аралыққа гектарына 2 тонна сабан төселген нұсқада шитті мақтанын өнімі бақылауға қарағанда 43,7 пайыз жоғары болып, екі жылда орта есеппен 24,3 ц/га құрады (1-кесте).


Сонымен қатар, құрғақшылдыққа төзімді сорттарды анықтау үшін келесі тәжірибені жүргіздік. Тәжірибеге қалыпты технология (бақылау) мен жүйек аралыққа гектарына 2 тонна сабан төселген нұсқаларды алдық(1-кесте).
Отандық мақта сорттарының өнімділігі ылғалдылықты сақтаудың қалыпты технологиясында да жоғары болып, ылғалдың тапшылығында да өнім беретіндігін көрсетті (2-кесте)
Суармалы жерлерде ағын суды пайдалану және оның мелиоративтік жағдайы, жер асты минералды суларын бірқалыпты режимде ұстап тұру бір- біріне байланысты. Осы агромелиоративтік іс-шараның мақта саласын интенсивті жолмен дамытып, өнімділігін арттыруға ықпалы бар. Сызат сулардың деңгейін реттеу, су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жоғарылату, ағын суды үнемді пайдалану жаңа агротехнологияның тиімділігін арттырады.

2-кесте. Мақта сорттарының ылғалдылыққа төзімділігі



Мақта сорттары



Өнімді сабақтың саны, дана

Шитті мақта өнімі, ц/га

Қалыпты технология (бақылау)

Жүйек аралыққа сабан төселген- 2т/га

Қалыпты технология (бақылау)

Жүйек аралыққа сабан төселген- 2т/га

С-4727

6,9

7,3

15,7

16,9

М-4007

11,5

14,5

22,7

23,6

ПА-3034

11,7

13,2

19,9

20,1

М-4005

10,4

12,9

19,5

19,7

Бұл зерттеулердің ерекшелігі және құндылығы сол ауыл және су шаруашылықтары экономикасының тиімділігін бірлесіп арттырады.


Зерттеу барысында Түркістан аумағында кең көлемде жүргізілген жерді мелиоративтік қалпына келтіру мысалында жобаларды таңдау,
Соңғы жылдары Қазақстан Республиксының көптеген аймақтарындағы топырақтарда техногенді ластану себептерінен жаңа геохимиялық өзгерістер пайда бола бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау-Түркістан аймақтарында топырақтың басты ластаіушы элементтері - мырыш және қорғасын .
Біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты - топырақтың техногенді ластауының әсерінен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерінінің өзгеруін зерттеу.
Тәжірибе алаңының топырақ жабындысы боз топырақты жеңіл саздақ. Жер асты суының тереңдігі 6-7 м. Тәжірибе алаңының жырту қабатында қа-рашірінді мөлшері - 1,15 %, калий тотығының мөлшері (К2О)- 272 мг/кг; жыл-жымалы фосфор (Р2О5) - 38,5 мг/кг және нитраттар 12,1 мг/кг топырақта. рНКСІ - 7,1. Зерттеу аймағының тиімді температура жиынтығы - 3300-40000С. Суық түсуге дейінгі ұзақтығы 165-180 күн. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 178 мм.
Тәжірибе 4 қайтарымда төмендегі жүйе бойынша, ауыр металдардың топырақтағы және ауыл шарукашылық өнімдеріндегі транслокациясын зерттеудің әдістемелік нұсқауы негізінде жасалды.
1.Фон(техногенді ластанған топырақ)-бақылау.
2.Фон + N30
3.Фон + көң
4.Фон + N30 + көң
5.Фон + Р60N60 + көң

Тәжірибе алаңының ауданы - 12 м2. есептеу бөлігінің ауданы - 9,15 м2. Зерттеуге мақтаның жергілікті сорты С-4727 алынды.


2018 жылы тәжірибе алаңындағы топыраққа алдымен көң және минералды тыңайтқыштарды зерттеу жұмысының схемасының (жүйесінде) негізінде енгізілді. Келесі күні, топырақты қайта тегістеп, топырақ жабындысына ауыр металл тұздарының ерітіндісі (1:10) себілді. Таза қорғасын - 100 мг/кг және мырыш - 600 мг/кг, көң - 20 т/га топыраққа енгізілді.
Мақта шиті көктемде, мамыр айының 6-8 жұлдыздарында себілді. Зерттеу Түркістан-Кентау аумағында қолданылатын жалпы агротехникалық тәсілмен жүргізілді (3-кесте).
Түркістан облысы Шорнақ ауылында жүрізілген тәжіибенің нәтижесінен, органикалық-минералдық тыңайтқаштыр ауыр металдардың залалды әсерін тежеп, топырақтың биологиялық белсенділігін жоғарылатып, мақтаның өнімділігін арттыратынын байқадық(3-кесте).
Осы зерттеулердің негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Топыраққа, тұздардың ерітіндісі ретінде қолданған ауыр металдар, мақтаның өнімділігін бақылауға қарағанда төмендетпейді. Органикалық-минералдық тыңайтқыштар дақылдың өнімділігін 35-38 %-ға бақылауға қарағанда жоғарылатады. Зерттеу жұмыстарының келесі жылдарында ауыр металдардың ерітіндісі мен органикалық-минералдық тыңайтқыштар қосылған нұсқада шитті мақтаның өнімділігі төмендемегені байқалды, яғни, мақта бірінші жылы өзінің өнімімен бірге топырақтан ауыр металдарды егістік алқаптан тазартып алғанын байқауға болады.
Сонымен, жүйек аралығын қысқарту технологиясының есебінен мақта өндірісінің көлемін азайтпай, 18-20 пайыз көлеміндегі суармалы жерді босатып алуға болады және мақта өнімін арттыруға болады;

3-кесте. Мақтаның өсудинамикасы мен өніміне тыңайтқыштардың әсері





Нұсқа


Өсімдіктің биіктігі, см

Өнімді сабақтың саны, дана

Мақта қауашағының саны, дана

Шитті мақта өнімі, ц/га

2018

2019

2018

2019

2018

2019

2018

2019

Фон-бақылау.



49,2

48,8

8,3

8,2

4,2

4,1

17,3

16,8

Фон + N30

53,1

50,9

9,7

8,9

4,8

4,5

19,9

18,7

Фон + көң



56,7

54,3

9,9

9,0

5,3

4,8

20,1

19,3

Фон + N30 + көң

59,5

56,1

10,4

9,7

5,9

5,0

20,4

19,3

Фон + Р60N60 + көң

63,4

64,1

17,7

12,3

6,4

6,8

22,5

22,9

-жүйекаралыққа жабылған полиэтилен пленкасы топырақ қабатындағы ылғалдылықты буланудан сақтайды. Топырақтың қызуын қамтамасыз етіп, мақта қозасының өсіп-дамуында тиімділік танытады;


-органикалық-минералдық тыңайтқаштыр ауыр металдардың залалды әсерін тежеп, топырақтың биологиялық белсенділігін жоғарылатып, мақтаның өнімділігін арттырады;
-топыраққа, тұздардың ерітіндіс ретінде қолданған ауыр металдар, мақтаның өнімділігін бақылауға қарағанда төмендетпейді. Органикалық-минералдық тыңайтқыштар дақылдың өнімділігін 35-38 %-ға бақылауға қарағанда жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет