ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


«Орта Азияның әкімшілік – аумақтарға бөлінуінің тарихи сипаты»



бет14/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

«Орта Азияның әкімшілік – аумақтарға бөлінуінің тарихи сипаты» атты бірінші бөлімнің бірінші тараушасында Ресей патшалығының Орта Азияны әкімшілік аумақтарға бөлу саясатынан соңғы кезеңдерге дейінгі аудандастырылу сипаты көрсетіледі. Әкімшілік жағынан бес облысқа: Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқанд (Самарқанд облысы 1887 ж. Зеравшан округінен құрылды) және Закаспий облысына бөлінген губернаторлықтың бақылауында Хиуа және Бұхара хандығы болды. Орыс патшалығы әкімшіліктердегі облыс, уездер аумақтарын қосу не алу сияқты өзгерістерге ұшыратып отырды. Мәселен, 1871 ж. Тоқмақ уезінің қазақтар тұратын бес болыстығынан 23 мың кв.км. жер Верный уезіне енсе, 1896 ж. осы территория Пішпекке қайта алынды 21, 27-28бб.. 1873 ж. Хиуа хандығының жерінен құрылған Әмудария бөлімі 1887 ж. Сырдария облысына енді. 1871-1881 жж. дейін генерал- губернаторлықтың құрамында болған Құлжа ауданы Қытайға беріледі. 1882 ж. Жетісу облысы жаңадан құрылған Дала генерал - губернаторлығына енеді. Закаспий облысы 1882 ж. құрылып, 1891 ж. Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Міне, мұндай өзгерістер халықтың тұрақты этникалық территориясын қалыптастыра алған жоқ. Уездер арасындағы шекара патшалық Ресей кезінде де Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да өлшеніп, сызбаға түсіп толығымен анықталмады. Патшалық Ресейдің халықтарды бір-біріне айдап салу мақсатымен құрылған әкімшілік басқару аудандары қазақтардың ежелден мекендеп отырған қоныстарымен сәйкес келмеді. Сондықтан Ресей патшалығы құрған жергілікті әкімшілік билеу жүйесі Орта Азия халықтарының этникалық-территориясын айқындап бере алған жоқ.

Этникалық территорияны айқындау Кеңес өкіметі кезінде ғана мүмкін болды. Бірақ алғашқы кезде әкімшіліктерде уезд, болыстықтар сақталды. 1920 ж. құрылған жаңа мемлекеттер Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы, Түркістан АКСР, БКХР және ХКХР әкімшілік территориялары Түркістан губернаторлығының әкімшілік аумағында пайда болды. Бұрынғы Ресей патшалығы құрған жерлер өзгеріссіз қалып, тек мұнда бұрынғы әкімшіліктерге қоса 2 уезден тұратын жаңа Әмудария облысы және бірнеше жаңа уездер (Голодностепь (Шөл-дала), Түркістан, Нарын, Ұратөбе, т.б.) қайта құрылды 22, 24б.. 1917–1918 жж. саяси оқиғалар салдарынан халық санының қысқаруы, 1919-1920 жж. кейбір болыстықтардың бірігуі олардың азаюына ал, бұл кейбір әкімшілік аудандарға өзгеріс әкелді. 1923 жылы БХКР ОАК жанынан Бұхара аймағындағы қазақтармен арнайы жұмыс жүргізу мақсатында бөлім ашылды. Керменин және Нұрата уәлаяттарының басым бөлігімен Бұхара және Қаршы уәлаяттарының батысын алып жатқан қазақтар үшін қазақ бөлімінің ашылуы қазақтардың сол аумақта тұрақтап қалуына ықпал етті. 1924 жылға дейін Орта Азия халықтарының нақты этникалық шекарасы айқындалған жоқ. Мәселен, Жетісу облысына Алматы, Пішпек, Сырдария облысына Ташкент yездері қарағандығы белгілі. Болыстықтар арасындағы нақты шекараның болмауы, қоныстардың шашыраңқы орналасуы да әкімшілік қиындық келтірді. Түркістан республикасының басқа аудандарында шекараны межелеу барысында бір болыстағы ауылдарды басқа болыстыққа жазып шатастыру жиі болды. Осы кезеңдегі Орта Азияның елдеріндегі болыстықтардың саны – 500-дей болды, жіберілген кемшіліктерден болыстықтар мен селолық қауым саны азайды. Ташкент, Мырзашөл, Жызақ уездерінің кейбір аймақтарынан Қазақстан аумағынан Ташказах уезі құрылды, ол 1926 ж. 12 қыркүйекте Сарыағашқа көшірілді. Ал, 1928 ж. 17 қаңтарда Ташказах уезі жойылып, оның болыстықтарынан Сырдария ауданы, Богарная округі құрылады. 1924–1926 жж. осылайша Орта Азия территориясының аудандастырылуы жергілікті халықтардың этникалық аумағын қалыптастырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет